МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕРДІ ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАРДАН ҚОРҒАУ
Амиров М.С., Муканова С.Н
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,
Арқалық қ.,Қазақстан
aksaule_9595@mail.ru
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста
сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.),
қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар,
т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс.,
көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай, сұлы,
күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің
дәнімен қор ектенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының зиянкестері
аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі
– Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары
(аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де
қоректенеді.
Өсімдік жемісі мен тұқымының зиянкестері – буынаяқтылардың үлкен бір тобы.
Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа:
жапырақ ширатқы ш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар,
қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп,
шаруашылыққа 25 – 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін[1].
Орман зиянкестері – орман ағаштары мен бұталарын зақымда йтын жануарлар.
Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі
сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы,
бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыа
уыз) жатады.
Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп,
тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды.
Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, кө п аяқтылар және өрмекшітәрізділер.
Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер,
шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б.
Зиянкестер
–
өздерінің
биологиялық
ерекшелігімен,
түрлеріні ң
көптігімен,
өсімталдығының
жоғарылығымен
және
өсіп -өну
процесінің
шапшаңдығымен
ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір
егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне
байланысты[3].
Кенелер– өрмекшітектестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман
төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік
етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар
деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05 –13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене
мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және
малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға
тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.
Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің
паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай
қалады. Дегенмен қ ураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын
арттыратын да кенелер болады. Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су
кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелер –
дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің
дамуы басқа өрмекшітектестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда
болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфаға айналады. Нимфадан ересек кене
шала түрленіп дамиды[2].
Нимфа гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді. Қуыршақ сатысынан өтпей, шала
түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру –
энцефалитті (ми ауруы) жұқтырады. Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың
денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит
қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы
пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы – тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын
қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ер есек түрі белгілі бір аумақта бір
жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы
сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи
қордасы деп
аталады.Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академ ик Евгений
Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салада
академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес
қосты. Адам үшін қышыма кене – өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 –0,5 миллиметрден
аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене
адамның терісіне еніп, денені
қышытады. Бұл
құбылыс оның түлеген кездегі
қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесін
де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр
пайда болады.
Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік
қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге
болатын өте ұсақ кенелер (қ амба, сүтсірне кенесі) азық -түлікті орынсыз ысырапқа
ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданған да өте тез
көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпал ы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени
өсімдіктерді
зиянкестерден,
паразиттерден,
арамшөптерден,
аурулардан
және
микроорганизмдерден
қорғау
үшін
қолданатын барлық
химиялық қосылыстар.
Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі к езде
оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды
пайдаланбай
өнім алуға мүмкіндік жоқ,
себебі зиянкестер
өте көбейіп кетті.
Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына
бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне
қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан,
полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы
бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен
қосылысып, тұрақты органикалы қ қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид,
метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа
ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрд елі эфирлері (севин).
Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны
жоқ.
Мәдени өсімдіктер зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не
мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан
жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар,
ал омыртқалы жануарлардан - құстармен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер)
жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байлан ысты монофагтар,
олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана
түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай
кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген
түрлерімен
(орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары,
дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер,
шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын,
жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған
өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып
қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл
шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен
жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді.
Кенелердің кейбір түрлері індет таратады.
Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде
бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер
Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкө ністер мен жеміс-жидектерді
зақымдайды, қоймада сақталатын азық -түлік қорына шығын келтіреді, сондай -ақ жұқпалы
аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20% -ы зиянкес кеміргіштер
кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің
зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы
биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды,
химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы
жүргізіледі[4].
Бунақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді:
1) ауыз мүшелі кемірушілер;
2) ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар.
Бірінші түрлері –
жапырақтарды, сабақтарды,
өркендерді зақымдап жесе,
кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, діңін кеміріп жейді;
Екіншілері қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлі ніп шығатын
ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды.Өсімдік
зиянкестері мәдени өсімдіктерінің белгілі бір мүшесіне бейімделіп, сонымен қоректенген
болса - тамыр, сабақ, жапырақ, бүршік, гүл, жеміс, т.б. зиянкестері деп ажыратылады.
Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестер дің бірнеше
түрлерінің шоғырланып қалыптасуы – қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер
түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының
үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын -шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары)
көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады.Оның алдын -алу үшін карантин
ережесін
сақтай
отырып,
ұйымдастырушылық, агротехникалық, биологиялық және химиялық шараларды
дер
кезінде қолдану керек. Өсімдік зиянкестерінен арылу үшін агротехникалық (ауыспалы егіс
тәртібін сақтау, тыңайтқыш шашу, арамшөптерді отау, т.б.), биологикалық (Өсімдік
зиянкестерінің
паразиттерін, табиғи жауларын пайдалану), физика -механикалық
(зиянкестердің өсіп -өнуіне тосқауыл қою, олардың жұмыртқаларын құрту), химиялық
(улы химикаттарды пайдалану), биофизикалық және биохимиялық шаралар қолданылады.
Өсімдік зиянкестерінен қорғанудың теориялық және практикалық мәселелерімен
Қазақ
өсімдік
қорғау
ғылыми -зерттеу институты мен республикада тиісті мекемелер
айналысады.
Әдебиет
1.Әбілов.Д. Өсімдіктер түрі мен көктеуі. Оқу құралы, - Алматы,
2.Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақтың білім академиясының Республикалық
баспа
кабинеті, 2000.
3.Рябинина Г,. Ашикбаев Н. Защита растений. – Астана: Фолиант, 2010
4. Ашықбаев Н., Есіркепов У. «Өсімдікті қорғау» оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2010
ТЫНЫС АЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛ АРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Амиров М.С., Насрединова.Ш.Б
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,
Арқалық қ.,Қазақстан
_KUES1@mail.ru
Жер
бетіндегі
барлық
тірі
ағзалар
да,
сонымен
қатар
адамдар
да
тынысалады.Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды
айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті
қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының
жұмыс ы
(бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны
жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.
Энергия органикалық
заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада
оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері
(көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері,
қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді.
Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады
адам оттексіз 1 минут те тіршілік ете алмайды.Тынысалу мүшелерінің құрылысы.
Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек,
бронхылар, өкпелер жатады. өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды.
Тынысалу мүшелері кеуде қуысында орналасады.
Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ата танау тесіктері арқылы кеңсірікке
барады. Кеңсірікті сүйекті -шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады.
Кеңсіріктің қабырғала рын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар
кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан
бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады.
Кілегейлі
қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың
әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын
қуысына енген микробтарды жояды.
Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті
мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп
шеміршектен түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы
жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы ж
атады.
Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір -бірімен
жартылай
қозғалмалы
байланысқан.
Шеміршектерге
бұлшықеттер
бекінеді.
Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, оларда шеміршекке бекінеді.
Дыбыс сіңірлері бір -біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген.
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың
шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерінің тербелтуі не байланысты.
Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер
адамдардың көмекейі үлкен , дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы
жағындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні
– бидайық (кадык) деп
аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс
шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекей бүлкілдеген әнші екен», «күміс
көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм.
Әйелдердің көм екейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке
болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл,
ерін, жақ сүйектері, бөбешік, мұрын және ауыз қуысы қатысады. Әдетте барлық адамның
дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен
мөлшеріне, дыбыс маңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты.
Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі.
Адамның тыныс алуы қоршаған ортаның және ағзаның ішкі ортас ының
өзгерістеріне бейімделеді. Бейімделу жүйкелік және гуморальдық реттелу үрдістері
арқылы қамтамасыз етіледі.
Қалыпты жағдайда адамның тыныс алу айналымы «дем алу» -«дем шығару»
минутына 12 - 16-ға дейін болуы мүмкін. Тыныс алудың бұл түрі эйпноэ деп ата лады.
Сөйлеу және тамақтану кезінде тыныс алу уақытша өзгереді: апноэ - дем алғанда немесе
демді шығарғанда тыныс алудың тоқтауы пайда болады. Физикалық, еңбек жүктемелері
кезінде, оттегіні көп пайдаланудан, гиперпноэні байқауға болады, басқаша айтқанда
тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі арттады. Адам ұйықтағанда да тыныс алу паттерні
өзгереді: баяу (ортодоксалды) ұйқы кезеңінде тыныс алу сирек және тыныс алу
қозғалыстардың амплитудасы төмен боп келеді, ал парадоксалды кезеңінде
- бұл
көрсеткіштері ұлғаяды.
Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттерінің үйлесімді жиырулары,
тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары
арқылы басқарылуы. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді ішке тарту
барысындағы инспиратор лық нейрондар активтілігінің артуы мен тыныс алудың
соңындағы олардың ажырау процестерінен , оку және жаттығу процесстерін іске асыру
жолында қажетті ғылыми -теориялық іс -тәжірибелік дағдылармен қаруланады.
Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын созатын
рецепторларды үдету демді ішке тартуға, дер кезінде тоқтатып, оның сыртқа шығарылуын
қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде шығындай
отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу па ттерні
қалыптасады.
Қорытындылай кетсек, тыныс алу механизмінің дұрыс жұмыс жасауы, ол біздің
өмір сүру салтынын дұрыс пайдаланудан тұрады дегендігіне көз жеткізу қиын емес.
Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір
қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни
газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен:
демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен
экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі
белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге
түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады.
Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:
1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,
өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы
газдардың алмасуы;
3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қа н ағынымен тасымалдануы;
4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;
5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Көмір қышқыл газын шығару процесі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас,
керісінше жүретін төрт процесс арқылы жүзеге асыры лады.
Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал,
үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасымалдануы десе, төртіншісін - тканьдік (ішкі)
тыныс алу деп атайды.
Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар
мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы
гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір
қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады.
Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы,
ал көмір
қышқыл газы
–
гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде
тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен
байланысқа түсуі жеңіл денеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін
беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі
кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.
Өкпе вентиляциясын қамтамасыз ететін тыныс алу еттерінің үйлесім ді жиырулары,
тыныс алудың орталық механизмі – ми бағанасындағы арнаулы нейрондар құрылымдары
арқылы басқарылады. Аталған механизмнің ырғақтылық әрекеті демді ішке тарту
барысындағы инспираторлық нейрондар активтілігінің артуы мен тыныс алудың
соңындағы ол ардың ажырау процестерінен тұрады. Бұл белсенділік мидағы клеткалардан
тыс сұйықтықтағы сутегі иондарының концентрациясы мен көмірқышқыл газының
кернеуіне сезімтал, бульбарлық хеморецепторлардан және осы факторлармен қатар, оттегі
кернеуіне сезімтал артериялық хеморецепторлардан шығатын серпімділікпен анықталады.
Артерия қанында, газ құрамының тұрақтылығыда осындай жолмен белгілі деңгейде
тұрақты болады. Тыныс алу жүйесіндегі механорецепторларды, әсіресе өкпе ұлпаларын
созатын рецепторларды үдету демді ішке тартуға, дер кезінде тоқтатып, оның сыртқа
шығарылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тыныс алу еттері энергияны аз мөлшерде
шығындай отырып, қажетті газ алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған тыныс алу
паттерні қалыптасады.
Әдебиет
1. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б.
Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2011. - 663 с.
2. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б.
Нілдібаева. - 2 бас., - [б. м.] : Эверо, 2010. - 664 с.
3. Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Сәтбаева, Ханиса Қанышқазы,
Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. - Алматы : Дәуір, 2005. – 663с.
4. Судаков К.В., ауд. Миндубаева Ф.А. / Қалыпты физиология/ - М.: ГЭОТАР – Медиа,
2015. – 848 б.
5. Судаков К.В., В.В.Андрианов, Вагин Ю.Е., И.И.Киселев ауд. М.Қ. Қанқожа / Адам
физиологиясы:Атлас динамикалық сызбалар/ - М: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 416 б.
Қалыпты
физиологиядан
тәжірибелік
сабақтарға
жетекшілік
нұсқаулар.
/
А.С.Сайдахметова, С.О.Рахыжанова Семей, 2006. - 174 с.
Достарыңызбен бөлісу: |