Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной



Pdf көрінісі
бет42/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70

«ЖАҢА БІЛІМГЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС»

Габдрашева Даригуль Тулеугалиевна

№24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының

мұғалімі.

«ХХІ ғасырда білім беру жүйесі қандай болуы керек?» сауалы саналы адамзат баласына

үлкен  ой  тастайды.  Бұл  идея  бүкіл  білім  беру  жүйесіне  реформа  жүргізіп,  оны

модернизациалауды  жүктейді. ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2011  жылғы  «Болашақтың

іргесін  бірге қалаймыз!»  атты  жолдауында:  «Біз  білім  беруді  жаңғыртуды  одан әрі

жаңғыртуға  тиіспіз.  Сапалы  білім  беру Қазақстанның индустриалануының және

инновациялық дамуының негізіне және «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың

жеке кредосына айналуы тиіс», - деп Елбасымыз бекер айтпаған болар.Егеменді еліміздің

алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты

қоғамымыздың барлық саласында  түбегейлі өзгерістер  енгізіп,  жаңа  талаптар қойылып

отыр.  Соның ішінде  болашақ  ұрпақ қа әлемдік  деңгейде  білім  беру  мақсатына  орай  білім

мазмұнына  жаңаша қарау – басты  міндеттердің бірі. Қазіргі  кезде  білім  берудің жаңа

жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс -тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті

мол,  шығармашылық бағытта  еңбектен етін,  ой қабілетімен  ерекшеленетін  азаматты

тәрбиелеуді көздейді.Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып

табылады.  Бүгін  мектеп  партасында  отырған  бүлдіршіндер  ертең ел  тағдырын  шешетін

азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамт амасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін өрістетудегі  негізгі  тұлға – мұғалім  (Strong,

Ward  &  Grant,  2011)  [2,  15-бет].  Стронгтің бұл  тұжырымымен  мен  келісемін,  себебі

мұғалім  оқу

үрдісін


ұй ымдастырушы,  оқушының

дамуына


өз  септігін  тигізіп,

бағыттаушы. Қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең –

есімде  сақтаймын,  ал өзіме  жасатсаң

- үйренемін»  деген  екен.  Сондықтан  білім

саласындағы  түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті  талап  етеді.  Оқыту –

мұғалімдердің оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл құзыреттіліктер  білім  алу үшін

оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді [2, 25 -бет]. Осының

бір  дәлелі  деңгейлеп  оқыту  бағдарламасын  айтуға  болад ы,  яғни  білімге  деген  көзқарас

түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы білім мазмұнының толығымен

жаңаруына  алып  келді  Жаңа  білім  беру – өмір  талабы.  Деңгейлік  бағдарламаны  игеру

барысында  «Қалай  оқу  керектігіне үйрену»  арқылы  оқушылардың

оқуға  деген

қызығушылықтарын  арттыруды  көздедім.  Осы  мақсатта  Бағдарламаның мақсаты  мен

міндеттерін  негізге  ала  отырып,  сабақтарымда  түрлі әдіс -тәсілдерді  пайдаланып  сапалы

оқытуды  көздедім.  Сондықтан  да өз  тәжірбиемде  негізінен  деңгейлік  бағдарламалардан

алған теорияма сүйенемін.  Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну

қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді

пайдалана  білуін қамтамасыз  ету.Сындарлы  оқытуда  оқушылар  сабақта қалай  оқу

керектігін  меңгереді,  яғни  метатаным  пайда  болады.Өздері үдеріс  барысында  ой

қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал

бұрынғы  дәстүрлі  оқыту  процесінде  мұғалім  білімді  беруші  болған  болса,  жаңа  оқыту

үдерісінде  мұғалім  бағыттаушы,  ал  басты  тұлға  оқушы  болып  табылады  және  сындарлы

оқытудың стратегияларын  сабаққа  енгізу,  топтық жұмыс  арқылы  «оқушы  мен  оқушы»,

«оқушы  мен  мұғалім»  арасындағы  диалогті  тиімді ұйымдастыру  арқылы  алға қойған

мақсатқа қол  жеткізіп,  сабақ  өз  нәтижесін  көр сете  алады.Сабақта  мотивациясы  төмен

оқушылардың өзі тым болмаса постермен жұмыс жасау барысында өз үлесін қосатынына

көз  жеткізіп  жүрмін.Сондықтан  сындарлы әдіс -тәсілдердің тиімділігі  сұрақтар  мен

тапсырмаларды шешу барысында өз бетімен оқып, ой елегінен өткізіп қорытынды жасау,

топ ішінде дұрыс шешім қабылдай білу, өз қателіктерін көру,өздерін және достарын әділ

бағалау әрекеттеріне  тез  дағдыланады.  «Үйрену  мен үйрету өзара  белсенді әрекеттерге

негізделген

қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады»,  яғни  бұры нғы  дәстүрлі

сабақтардағы әдіс -тәсілдерден өзгешелеу Өз  елімнің бақытты  болашағын,  кемел

келешегін  ойлап,  жаңашыл әдістерді өз  тәжірибеме қолдану  арқылы  оқыту  тәжірибесін

жетілдіруде  топтық, жұптық, жеке  жұмыс  жасауды  жандандырып  отырамын.  сындарлы

оқытуда оқушы  проблеманы  шеше  отырып, өзінің санасын  ашып қана қоймай, қоғам

талабына  сай  бәсекеге қабілетті,  рухани  бай,  жеке  тұлға  болып қалыптасады. Әр  сабақ

соңынан  рефлексия  жасау  барысында  оқушыларымның  өзіне  сенімді,сыни  тұрғыдан

ойлай  алатын, қалай  оқу  ке ректігін  білетін,  шығармашыл,  табысты  адам  болып өсуіне

ықпал  ету  менің басты  парызым  деп  білемін.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасының

көздейтін мақсаты тек жаңа материалды ұғынуға ғана емес, алған білімді өмірде қолдана

алатын,  танымдық  қабілеті  бар  тұлға қалыптастыру  еді.Сабағыма  елеулі өзгерістер

кіретіндей  етіп қысқа  мерзімді  жоспар  жасадым.  Сабақ басталар  алдында  мен

оқушылардың жас  ерекшелігіне  сәйкес  оқыту  және  оқу  модулінің бихевиористикалық

әдісін  ескердім.  Бихевиористикалық тәсіл  бойынша  мен  балала рды  істеген  іс-әрекеттері

үшін  ынталандыру  мақсатында үнемі  оларды  көтермелеп  отыруым  керек.Баланың оқу

және  проблемаларды  шешу қабілеті  танымдық тәсіл  арқылы  іске  асады.Оқытудағы

гуманистік  тәсіл  деп  адамға  керекті қажеттіліктер  пирамидасынан

құрылса,  оқ ытудағы

әлеуметтік-жағдайаттық тәсіл

адамның мінез -құлқын  бақылау,  психологиялық тұрғыдан

қарау  және  назар  аудару  деп  түсіндім.Сыныпта  оқушының оқуына  жайлы  жағдай  жасап,

өз  ойын  ортаға  салғанда өздерін қысылмай  еркін ұстауға үйренді.Дәстүрлі  сабақта қате

жауапқа  «дұрыс  емес»,  «неге  дайындалмайсың?» деген  сөздерді  жиі  айтатынмын.

Өзгергенім:  «жарайсың!»,  «жақсы,  бірақ толықтыру  керек» деген қолдаулар  айтып,

ынталандырыпотырдым.

Оқытудың  әлеуметтік -мәдени  теориясын  дамыту  барысында  Выготский  оқушының  өз

бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның


көмегімен қамтамасыз  етудегі  рөлі  туралы жазады  [2,  24-бет].  Яғни  оқушы  көп  білетін

адамдармен қарым-қатынас жасайды. Бұл арада  жаңаша оқыту әдіс -тәсілдерін қолдана

отырып  бір-бірін үйретіп,  «бағдаршам»,  «автор  орындығы»,т.б.  тәсілдермен  оқыту қажет

деп  білемін.  Мұғалімге  жеткізе  алмаған  ойын оқушы өз  сыныптасына  айта  алады.  Сол

себепті  топпен,  жұппен қарым -қатынас  жасау  арқылы  сол  ортаға  бейімделе  бастайды.

Оқушылар  толығымен  жаңа  мәліметтерді  бірін -бірі  оқыту,  толықтыру  арқылы  игереді.

Осыған  дейін  барлық ақпаратты  мұғалім өзі  оқушы  санасына жеткізгісі  келсе,  баланың

пікірін  ескермей,  уақыттың жетегіне  кетіп,  «мен»  деген  сөздің аясында  жұмыс  істесе,  ал

қазір қарым -қатынасты  нығайту  арқылы  жаңа өмірге  деген  көзқарасы  күрт өзгереді.

Мұғалім аз сөйлеп, қажетті ақпарларды оқушының өз бетімен қабы лдауына жол ашылды.

Мұғалім – бақылаушы, оқушының қандай бағытта жұмыс жасап жатқанын қадағалап, кей

жағдайда ғана өз  ықпалын  жасайды.Выготский  танымдық  қабілетті  дамытудағы

әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен

Мерсер (2010) бірлескен іс- шаралар ақыл -ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас

жасау  дағдыларын  арттыратынын  көрсетті.  Пиаженің танымдық  өзгерістер  балалар

ересектердің емес, өздерінің  құрбы -құдастарының идеяларымен  және  көзқарастарымен

қарсы  келіп қалған  жағдайда  орын  алады  деген  болжамы  бұл құбылыстың бірнеше

түсініктемесін ұсынады [2, 24-бет]. Жоғарыдағы аталған ғалымдардың ой -пікірлері менің

өткізген  сабақтарымда қолданыс  тапты  және  басшылыққа  ала  отырып,  көптеген

жетістіктерге қолым жетті. Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы»

және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен

мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз.   Деңгейлі бағдарлама

бойынша  сабақ  өту  барысында  оқуш ылардың шаттық шеңберіне  шығуы,  шуылдап  топқа

бөлінуі,  топ  басшысының бағалау  шкаласына  баға қоюы, өз  беттерінше  сабаққа

дайындалып, оқығандарын ортақ ойға салып, бір тұжырымға келуі, тіптен үлгерімі төмен

оқушылардың сабаққа  араласуының  өзі  мені  таң  қалды рды.  Мұғалім  мен  оқушы

арасындығы

қарым -қатынастың

жақсы 

болуы


үшін

әрдайым 


жақсы

атмосфера

қалыптастырамын.  Сабақтарымда

сыныпта  ынтымақтастық пен  сенім

атмосферасын

қалыптастыруда 

мен 

оқушылар 



арасында

ұйымдастыру

ойынындарын жиі пайдаланып  жүрмін. Әр  сабақта  тренингтер өткізу ұжым  алдында

жауапкершілікті  сезінуге, өзін-өзі  дамытуға, өзін -өзі  реттеу  сезімін қалыптастыруға

үйретеді.Ынтымақтастық атмофераны қалыптастыруға  назар  аудардым

Осы  жаттығу

нәтижесінде  оқушылар қажет

ақпаратты өте  жақсы қабылд айды. Яғни  оқушылар  ой

жалғастырады.  «Жақсы  көремін»    тренингінде  кімді,  неліктен  жақсы  көретіндіктерін

айтып, оқушылар белсене ат  салысты.                       Тренингті өткізу  кезінде көңіл -күйінің

көтеріліп қалғандығын  байқадым. Өте қызықты өткен  тернингте  оқ ушылар  ой қозғады,

саралады,  сыни  тұрғыдан  ойлау қабілеттері  дамыды,  бір -біріне  көтеріңкі  көңіл -күй

сыйлады.Сонымен қатар,  оқушылардың қиялдары ұшан - теңіз  екенін  байқадым.  Топқа

біріктіруде « Буындар», «Геометриялық фигуралар»,

«Жыл мезгілдері»,  «Қала аттары»,

т.б.    бойынша топқа  бөлінеді.  Ал  бұрынғы  сабақтарда  көбінесе  бұндай  топпен  отырып

жұмыс  жасау

тек


ашық

сабақтарда,  конференция  сабақтарында

өткізілетін.Үй

тапсырмасын  тексеру  кезінде  оқушылар тапсырмаларын өзара  тексеріп, өзара  бағалап

отырады.  Топпен  жұмыс  кезінде  оқушы  мүмкіндігіне  шектеу қоймау, өзара  пікір

алмастыру,  пікірлерін  дәлеледету  және  бағалау  түрлері  сабақтың сәтті өтуіне  мол әсерін

тигізеді. Әрдайым  топпен  жұмыстан  кейін  сергіту  сәтін ұйымдастырылды.Топтық

жұмыста талантты  және  дарынды  балалардың рөлі  көрінеді.Дарынды  балалардың

мәселені шешу және есте сақтау қабілеттерін ескере отырып, оларға күрделі тапсырмалар

беріп отырамын.. Дарындылығы бар балалар өз ісіне жауапкершілікпен қарап, басқаларға

өзінің білімімен бөлісіп, ой ұшқ ырлығын танытып, шығармашылық әрекет етуде болады.

Тапсырма  орындауда қиналмайды.  Топтық, жұптық, жекелей әдісімен  берілген  жұмыста

өзіндік  пікірін  еркін  жеткізуге ұмтылды.Деңгейлік  тапсырмаларды  орындауда  баланың

шығармашылығы,  ізденісі,  мүмкіндігі  көріне ді.  Дарынды  оқушылар  сабақ барысында



берілген деңгейлік  тапсырмаларды  толығымен  орындауға ұмтылып,уақытты  пайдалы

жұмсауға үйренді.Қиындықты  жеңуге үйреніп,  жаңа  ойлар  айтты.  Бірақ кейбір

балалар тапсырманы  бұлжытпай  орындаса  да, өзінің пікірін  жартылай

және қысылып

айтты,

ұялшақтық



танытады. 

Осыларды 

ескере 

отырып, 


оқушының өзін-өзі

реттеуді дамытуға 

назар 

аудардым.Сабақта 



балаларды

қолдап, 


ынталандырып

жүрдім.Жаңа тақырыпты талқылауда «Джиксо» әдісі балаларға ұнағаны көрінді.Алғашқы

сабақтарда  тақырыпт ы  түсіндіруге әр  топтан  А-деңгейлі  дарынды  балалар  барды, қалған

балалар тек тыңдаушы қызметін атқарып қалды.Джиксо әдісі балаларға бұрыннан таныс

емес әдіс  болғандықтан,  балалар қызығушылық танып,баяндаушыны  мұқият  тыңдап

отырды.Топтағылар сұрақ қойып, ж аңа тақырыпты түсінгенін айтты. Дарынды балалар өз

біліміне сенімді болған жағдайда көшбасшы рөлін де ойдағыдай атқара алатыны сабақта

көрінді.Оқытудағы  басқару  және  көшбасшылыкмодулі топтық жұмыста  орын  алды.

Топтық жұмыста өзінің идеясын  нақты  көрсете  ал ған  баланың көшбасшылығы  сезіліп,

ол

барлық жұмысты  басқарды.  Онымен  келіспеген  балалар  да  болды.  Олар  біраз



бәсекелеске  түсіп,  бірақ ортақ мақсатқа  жету  жолында  тіл  табысып  жұмыстарын  бірге

орындады.Бір  топта  бір  емес,  бірнеше

көшбасшысы  бола  бергені  жа ман  емес  деп

ойлаймын.Себебі  біз өмірге  де әр  баланы  көшбасшылық ете  алатындай  дайындаумыз

қажет  Дәстүрлі  оқытуда  «мұғалім -оқушы»,  яғни  мұғалімнің рөлі  басым  болатын.  Жаңа

білім  беруде

«оқушы-мұғалім»

ұстанымы  негізінде

сабақты

ұйымдастыруға



бағыттады м. Оқу үдерісінде білім алушыға өз бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға

мүмкіндік  жасап,  күтілетін  нәтижеге  жетуге  талаптандырып  отыруымыз  керек.  Іс -

тәжірибе  барысында  балалар  топпен  жұмыс  уақытында  пікір  алмасып,  оны дәлелдеді, өз

ойын жеткізеді, сұрыптады және талқылады, сыни көзбен қарады.Нәтижеге жету жолында

шыңдалған  ойлауға қадам  жасады.Жаңа  білім  жайлы  ақпарат  жинап,  бұрынғы  біліммен

ұштастырды. Әр  жеке  тұлғаның белгілі  бір қорытынды  шығарып,өз  ойын  еркін  жеткізе

алатын  жағдайда  сыни  ойлау  пайда болды.Сыни  тұрғыдан  ойлау модулі  сабақта  түрлі

әдістер арқылы жүзеге асты. Мәселен, постер қорғауда

талдау, зерттеу әдісі арқылы іске

асты. 


Сабақта

қамтылған 

деңгейлік 

тапсырмалар, 

семантикалық

карта,


сәйкестендір,

5жолды


өлең,

Венн 


диаграммасы, 

Инсерт


кестесі 

т.б.


стратегиялар

ойлаумен


ұштастыра 

білім 


алуды 

бағыттайтын 

оқыту

әдістері


арқылы

жұмыстар 

жүріп 

жатты.Осындай 



түрленген 

тапсырмалар 

балалардың

қызығушылығын  арттырса,  мен  осы  тапсырмалар  беруде  олардың

танымдық

қабілеттерінің дамыттым  Диалогті к  оқыту  модулі  бір  жағынан қызықты  болса,  екінші

жағынан  барлық мән -жайын  түсінуді қажет  ететін  модульдердің бірі.  Оқу үрдісіне

оқушылардың барлығы  белсенді  жұмыс  жасауын қамтамасыз  ету үшін  белсенді  оқыту

әдістерін  кеңінен қолдану  керек.  Мысалы: рөлдік  ойындар, қадамды  сұхбат,  постер

т.б. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға

үйретіп,  тілдік қарым -қатынас  орнатуға  септігін  тигізеді..Жалпы  менің сабағымда

диалогтік  оқыту  сабаққа өзгеріс  енгізді.Диалогтік  оқыту  модулі аясында оқушылардың

таным белсенділіктерін әрі қарай арттыру мақсатында

диалог құрудың маңызы зор деген

ойдамын.Диалог  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасында  іске  асады  және

сабақтың әр кезеңінде көрініс табады .Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектер інде диалог

сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен қатар  олардың білім  деңгейінің

өсуіне үлес қосатынын  атап  көрсетеді.  Зерттеулерде  ересектермен  интерактивті қарым -

қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың балалардың оқуына  және

когнитивті дамуына әсер  ететіндігі  айтылған [1,39].Диалогтік  оқыту әдісі  арқылы  мен

оқушының пікірімен  санасып,  оның  өз  ойын  ашық түрде  білдіруіне  мүмкіндік  беріп

отырдым.  Диалогтік  оқыту әдісі  жұптық жұмыста  да,  топтық жұмыста  да  көрінді.Топта

бірлескен жұмыс арқыл ы бір-бірімен сұхбат құрып, бір -бірінен сұрап, білгендерін айтып,

ортақ шешім  шығаруға үйренді.  Дәстүрлі  сабақта  оқушылардың барлық іс -әрекетін өзім

бақылайтынмын. Ал осы сабақтарда оларға бір шешімге келуде, өзін, бір -бірін бағалауға

мүмкіндік  бердім.Сыныптағы  диалогтік әңгімені  дамытудың Мерсердің  (2000) зертттеуі



бойынша 

түрібар:



-Әңгіме-дебат

-Топтықәңгіме

-Зерттеушілікәңгіме

Қазақ тілі сабағында көбінесе топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгіме әдісі жүзеге асты. Ал

диалог сұрақ-жауап әдісі арқылы өтіп жатты. Балаларға қойылатын сұрақтар төмен

және


жоғары дәрежелі болатынын ескеріп, мынадай сұрақтар қойдым. Төмен дәрежелі сұрақтар

зат  есім  деген  не?  Зат  есімнің  қандай  түрлері н  білесің?

т.б.  сұрақтарды

жатқыздым.Осындай  сұрақтар  жаттанды  жауапты  талап  етіп,  оқушы  ойын  дамытпайды

деп  ойлаймын.Жоғары  дәрежелі  сұрақтар,  мысалы:  Туынды  зат  есімдерге қандай

мысалдаркелтіреаласың?



Іс-тәжірибе барысында оқушыларымда мынадай өзгерістер пайда болды.

Оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетті.



Сұрақтарға толық, нақты жауап беруге үйренді.

Өзара бағалауды үйренді.



Өзін-өзі реттеуге дағдыланды.



Жаңаша оқытуда өзімде де төмендегідей өзгеріс пайда болды.

Сабақ барысында оқушыларға еркіндік бердім.



Сабақ жоспарына жаңа әдіс -тәсілдер енгіздім.

Бағалаудың жаңа түрлерін ұстандым.



Бағыт -бағдар берушінің рөлін атқардым.

Оқушылармен демократиялық қарым -қатынас құрдым.



Қорытындылай  келе, білім  беру үрдісі  уақыт өткен  сайын  жаңаруда. Сондықтан

жаңашыл  дәстүрін де өтетін  сабақтар да барлық модульдерді  ықпалдастыра  пайдалану ,

сыни  тұрғыдан  ойлауы,  келешекте  оқушыларды  шығармашылыққа  жетелейд і. Өз

білімімді жетілдіруде әр сабағым оң нәтиже беретініне сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей.Екінші басылым. 2014ж

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Екінші басылым.


4 СЕКЦИЯ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫ

ФИЗИКО-МАТЕМАТИЧЕСКИЕ НАУКИ

ФИЗИКАЛЫҚ КҮШ -ҚУАТ - ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Әбілдаев Ғ.М., Успанова В.Ж., Оналтай С.М.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан

Gabit_abilda@mail.ru

Қазіргі жағдайларда  тамақтану  мәселесі  бірқатар  себептерге  байланысты  бірінші

орынға  шықты,  атап  айтсақ:

экологиялық ортаның бұзылуы,  организмге қажет

компоненттердің жеткіліксіз  түсуі,  дұрыс  та мақтанбау,  сапасы  төмен  азықтар  және  т.б.

Экология  нашарлайды,  ал  соның нәтижесінде  біздің денсаулығымыз  бен  күшіміз  толық

жойылады. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама

беттерінен  түспейтін  ең жаңа  препараттарды  іздей бастайды,  сонымен,  тамақ сияқты

сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген:

«Біздің барлық емдеу құралдарымыз  азық -түлік  заттары  болуы  керек,  ал  азық-түлік

заттары емдік заттар болуы керек».

Дұрыс  тамақтану  денсаулы қтың және ұзақ  өмір  сүрудің басты  факторы  болып

табылады.  Адамның физикалық жағдайы,  оның калай  және қандай  көлемде  тамақ

жейтініне байланысты.

Адам  организмі  термодинамика  заңдарына  бағынады.  Соларға  сәйкес,  дұрыс

тамақтану  принципі қалыптасты:  оның энерг иялық  құндылығы  организмнің энергия

шығындарына сәйкес келуі керек. Өкінішке орай, тәжірибеде бұл принцип жиі бұзылады.

Энергия  сыйымды  азық-түліктерді  (нан, қартоп,  мал  майы, қант  және  т.б)  шығындық

тұтынумен  байланысты  тәуліктік  рациондардың энергетикалы қ құндылығы  энергиялық

шығындары  жиі  артады.  Жас өскен  сайын,  дененің шығындық массасы  жиналады  және

семіру  басталады,  ол  көптеген  созылмалы  дегенеративтік  ауруларға әкеп  соқтырмауы

үшін дұрыс тамақтана білу қажет.

Бүгінгі  ХХІ ғасырда ғылыми -техникалық про греске  байланысты,  ой  еңбегімен

айналысатын, энергияны аз қажет ететін адамдардың (10.25 МДж көп емес (2450 ккал) ер

адамдар үшін  және  8,4  МДж  (2000  ккал) әйел  адамдар үшін)  саны қатты  көбеюде.  Аз

энергия  кезінде  көбінесе  азық-түліктің аз  минорлы құрамды  б өліктері (витаминдер,

микроэлементтер) қолданылады. Мұндай жағдайларда, теңбе -тең энергиямен қамтамасыз

етілуге қарамастан,  гиповитаминді  және  гипомикроэлементтік  күйлердің белгілері  пайда

болуы мүмкін[1].

Энергия  мен  азық-түлік  заттарының  қажеттілігі  физи калық

белсенділікке

байланысты  болады. Қарқынды  дене  еңбегі қосымша  энергия  көлемінің келуін  талап

етеді.  Сонымен,  ер  адамдардың ауыр  еңбек  кезіндегі  тәуліктік  энергия  шығыны  40%

артық  ұлғаяды,  соның ішінде  сүтті  тағамдар  (30%),  май  (63,5%)  және  басқа  да

қоспалардың  қажеттілігі  көбейеді. Әйел  адамдардың тамақ  қажеттілігі  ер  адамдарға

қарағанда 

аз, 

бұл 


олардың

организмдеріндегі 

алмасу 

процестерінің



төмен

қарқындылығымен  байланысты.  Тіршілік әрекетінің төтенше  жағдайлары  (Шеткі

Солтүстік, биік тау және т.б) а дамдардың энергия мен азық -түлік заттарының қажеттілігін

өзгертеді, бұл олардың тамақтануына үлкен өзгерістер енгізеді.

Өсіп келе  жатқан  организмнің тамақтануында,  ең алдымен,  бала  денесінің

қалыптасып  келе  жатқан құрылымдарын құру үшін құнды  белоктар  опти мумы қажет.



Белок  жетіспеген  кезде  балалардың  өсуіне  кедергі  пайда  болады.  Балалардың

витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын

баланың энергия  мен  тамақ заттарының  қажеттілігі  де өседі.  Жасөспірімдік  жас  бала

өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл

кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады.

Азық-түлік  заттарының

химиялық  құрамының

организмнің

физиологиялық

қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принци пі. Күн сайын, белгілі

бір көлемде және ара қатынаста организмге 70 -ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым

бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы

азық-түлік  заттарымен қолайлы  жабдықтау  түрлі  тамақтану  кезінд е ғана  мүмкін.

Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды[2].

Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:

1) ұстамды жеу керек;

2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар,

минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;

3) тамақтану режимін сақтау қажет.

Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:

1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.

2.  Тәулік  барысында  тамақтанудың бөлшектілігі.  Сау  адамға үш  не месе  төрт

фазалық тамақтану ұсынылады,  атап  айтсақ: таңғы  ас,  түскі  ас,  кешкі  ас  және ұйқы

алдында бір стакан айран.

3. Әрбір  тамақтанған  кезде  дұрыс  тамақтануды  барынша  сақтау қажет.  Бұл,

тамақты әрбір қабылдаған кезде азық -түліктер жинағы организмге бело ктарды, майларды,

көмірсуларды,  сонымен қатар  витаминдер  мен  минералды  заттарды қолайлы  ара

қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.

4.  Бір  күнде  тамақ ішу  бойынша  физиологиялық негізделіп  бөлінуі.  Төрт  мезгіл

тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы

калориялылығының  25 -30%),  жұмыс  арасындағы үзілісте  жеңіл  екінші  таңғы  ас  (жалпы

калориялылықтың 10 -15% ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35 -40%), салыстырмалы

жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15 -20%).

Таңғы  ас,  түскі  ас  және  кешкі  ас үшін  тәуліктік  уақыт  еңбек  және  демалыс

режиміне  байланысты  жеткілікті  кең шеңберде өзгеруі  мүмкін.  Алайда,  тамақ ішу

арасындағы  аралық 4 -5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас

пен ұйқының алд ындағы аралықта 2 -3 сағат өтуі керек.

Тамақтану  режимімен қатар,  кейбір  психологиялық ережелерді  сақтау  артық

болмайды.

1. Үстелге  шаршаған  күйде  отырмаңыз. Қалай  аш  болсаңыз  да,  ең болмағанда  10

минут демала тұрыңыз.

2. Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.

3. Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.

4.  Егер  сізге қандай  да  бір  тағам ұнамаған  болса,  пайдалы  болса  да  оны  татып

көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.

5. Қарныңыз ашқ анша үстелге отырмаңыз.

Азық-түлік заттарының 80 % термиялық өңдеуден кейін тұтынылады, бұл олардың

жұмсаруына 

және 

сіңімділігінің



жоғарылауына

әсер 


етеді. 

Сонымен


қатар,

температуралық өңдеу зиянды микроорганизмдердің өлуіне және токсиндердің, әсіресе ең

алдымен  жануарларда  бұзылуына әкеледі.  Жылумен өңдеу өнімдердің микробтарға

төзімділігін  жоғарылатады  және  сонымен  79  оларды  сақтау  мерзімдерін ұзартады.

Жылумен өңдеу  кезінде  улы  заттардың  қатары  бұзылады,  мысалы,  тамақ  қорыту

ферменттерінің ингибиторлары.  Сонымен қатар,  жылумен өңдеу  көптеген өнімдердің

дәмін түрлендіруге мүмкіндік беретіндігі маңызды.


Позитивті әсер  етумен қатар, өңдеу  азық -түлік  заттарына  жағымсыз  да әсер  етеді.

Жылумен өңдеу кезінде витаминдер және кейбір ас қоспалары (белок, майлар, м инералды

заттар)  бұзылады  да  зиянды  заттар  (майларды  полимерлендіру өнімдері,  меланоидиндер

және  т.б)  пайда  болуы  мүмкін,  бұны  дұрыс  тамақтануды ұйымдастыру  кезінде  ескеру

қажет. Азық -түлік заттарын жоғалту деңгейі өңдеу түріне тәуелді. Алғашқы өңдеу жеуге

болмайтын  бөліктері  мен  ластанулардан  шикі  затты  босатуды,  азық -түліктерден

құндылығы  төмен  бөліктердің бөлінуін,  сонымен қатар, қатырылған  азық - түліктердің

дефростациясын  алдын  ала қарастырады.  Азық -түлік  шикізатын  жеуге  келмейтін

бөліктерден  босату,  та ғамдық заттардың жоғалуына әкелетін  болса  да, өнімдердің

биологиялық құндылығын жоғарылатады.

Өнімдер мен  шикізаттың биологиялық  құндылығына  жылумен  кулинарлық  өңдеу

ерекше әсер  етеді. Өнімдерді  жылумен өңдеудің бірнеше  амалдарын  ажыратады:  суға

және  буға пісіру,  булау  (қысқа  мерзімді  (5 —7  мин) өнімді  суда  немесе  буда қыздыру),

стерильдендіру  және қуыру. Қыздыру  кезінде  ерігіш  белоктар  жоғалады  және  күлге

немесе  гельге  айналады.  Сонымен,  жұмыртқаның ағы  жұмыртқаның ішінде  80°  С

температураға  жеткен  кезде  ге льдерді  жасай  отырып,  біріктіріледі  (коагуляция).  Оралу

нәтижесінде  ақ гелі  буын  тіндердің ішінде  ондағы  судың маңызды  бөлігін  шығарумен

тығыздалады.

Азық-түлік  заттарының көп  түрлілігі  және  олардың  әр  түрлі  комбинациялары

кулинарлық  өңдеу  ерекшеліктерін  ескерумен  сау  және  ауру  адамның тамақтануының,

олардың теңгерілуін, емделу бағытын ескерумен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру

Оқушы  жастар  белгілі  бір  жас  категориясына  жататын,  арнайы  еңбек

ерекшеліктерімен  және өмір  жағдайларымен  біріктірілген  халықтың кәсіптік - өндірістік

тобы  ретінде қарастырылуы  керек.  Осы  факторларды  ескере  отырып,  болашақ

студенттерді, яғни бүгінгі жоғары сынып оқушыларын ерекше топқа бөлу мақсатқа лайық.

Студенттер  тамағының сапалы құрамын бағалау  кезінде  бірқатар  негізгі құрамды

бөліктер  бойынша  тамақтанудың теңгерілмегендігі – жануарлар  белоктарының,  өсімдік

майларының, кальцийдің, аскорбин қышқылының және  тиаминнің аз  болуы  жиі

байқалады. Студенттерде тамақтану режимінің келесі бұзылуы ан ықталды: 25 -47% таңғы

асын  ішпейді,  17-30%  күніне  екі  рет қана  тамақтанады,  10%  жуығы  түскі  асын  ішпейді

немесе  уақытында  ішпейді,  22%  кешкі  асын  ішпейді.  Ыстық тағамдарды,  соның ішінде

бірінші асты ішу сирек белгіленген[3].

Физиологиялық  ұсынымдарға  сәйке с,  энергетикалық  құндылық студент  ер

балаларда  10.8  МДж  (2585  ккал),  студент қыз  балаларда  10.2  МДж  (2434,580  ккал)

шеңберінде  бағаланған.  Белоктарға  рационның  12  % жуық тәуліктік  энергетикалық

құндылығы  келеді,  сонымен қатар,  жануарлар  майының  үлесі  олард ың рационындағы

жалпы  көлемнің  60  %  құрауы  керек.  Осы  талаптың орындалуы  ауыстырылмайтын  амин

қышқылдарының жеткілікті  болуымен ғана  емес,  сонымен қатар  рационда  олардың

қолайлы  теңгерілуін  кепілдендіреді.  Майлар  студенттердің жалпы  рационының жалпы

энергетикалық  құндылығының  30  %  құруы  керек.  Сонымен қатар, өсімдік  майларының

үлесіне  жалпы  көлемінен  30  %  келеді.  Студенттердің негізгі  минералды  заттарды

тәуліктік талап ету организмге кальцийдің 800 мг, фосфордың – 1600 мг, магнийдің – 500

мг, калийдің – 2500-5000 мг, темірдің – 10 мг көлемінде түсуімен қамтамасыз етуі керек.

Студенттердің теңгерілген  тамақтану  принциптерін  тәжірибелік  іске  асыру  мақсатында

тамақтану  рационының энергетикалық  құндылығы  мен  сапалы құрамының және  энергия

мен  азық-түлік  заттарын қажет ету  рациондарының арасында  едәуір  толық сәйкестікке

ұмтылу керек.

Іс  жүзінде қарапайым  оқу  процесі  кезінде  энергия  шығындарынан  ерекшеленбей,

емтихан тапсыру кезеңінде энергия шығындары 5,9 кДж (1,4 ккал/мин) құрайды.



Дұрыс  тамақтану  бойынша ұсынымда рды  сақтау  организмнің  әр  түрлі қоршаған

орта  агенттеріне  төзімділігін  жоғарылатудың және  халықтың ішінде  бірқатар  жұқпалы

емес созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.

Халық даналығында «Жануарлар қанығады,  адам  жейді,  ал  ақылды  адам



тамақтана  біледі» деп  айтқандай  адамзат  баласы  заманына  сай  озық ойлы, күш қуатты,

әл  ауқатты  болу үшін  дұрыс  тамақтана  біліп,  физикалық энергиясын  бойында  сақтауы

керек.

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімі:



1.

Қазақбаева Д.М., Әбілдаев Ғ.М.  «Физикa  жәнe  экология» қолданбалы курс.

Алматы, 2015 ж, 48 б.

2.

Тapacoв Л.В. Физикa в пpиpoдe. – Мocквa: Пpocвeщeниe, 1988. – 349 c.



3.

Плaтoнoв  К.К. O cиcтeмe пcиxoлoгии. – М.: Мыcль, 1972, – 216 c.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет