Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


CLIL ӘДІСІН ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ТОПТЫҚ



Pdf көрінісі
бет52/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70

CLIL ӘДІСІН ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ТОПТЫҚ

ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ

Масалимова Б.Қ., Құлжанов Е.С, Сұлтан М.Е.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан, massalimova15@mail.ru

Еліміздің тәуелсіздігі  нығайып, қоғамдағы  демократияның  өрісі

кеңейген  шақта

адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани

құндылықтар  жаңарып,  адамның зияткерлік

әлеуетін қалыптастырудағы  білімнің

маңыздылығы  туралы қағидалар  түбегейлі өзгерді.  Жалпы  білім  беретін  мектепте

оқытылатын әрбір  пән  оқушы  тұлғасын  жетілдірумен

қатар  оның шығармашылық

қабілеттерін  дамытуды  көздейді.  Оқушының жан -жақты  білім  алуына  бағыт -бағдар

беруші  мұғалім  мәдениеттілік,  шығармашылық, инновациялық тұрғыдан  ойлай  алатын

және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт [**].

Пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту әдісін  (CLIL)  Еуропалық комиссия  2004 -2006

жылдарға арналған Еуропада көптілді білімді дамыту іс -қимылдары шеңберінде ұсынған.

Аталмыш әдіс үздіксіз өзгepic үстіндегіжаһандану  заманында  мектеп  түлектерінің

бәсекеге қабілеттіліктерін  бip  белгісі  болып  табылатын  тілдерді  және  басқа  тілдерде

пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзірленген.

CLIL әдісін  көптілді  білім  беру  саласындағы ғалым  Дэвид  Марш  1994  жылы

Еуропадағы  тілдік  білім  берудің жағдайы  туралы  зерттеу лерді үйлестіру  жұмысының

барысында қолданысқа енгізген .

Халықаралық сарапшылар CLIL әдісіне төмендегідей анықтама береді:

-«тілді мәдениетаралық түсінісуге, халықаралық көзқарасты қалыптастыруға және жалпы

білім сапасын жақсартуға дайындық құралы ретінде қарастыратын әдіс»;

-«пәнді оқуға және пән арқылы тілді үйренуге бағытталған әдіс»



-«екінші  немесе үшінші  тіл  арқылы  пәндерді  оқу  және  пәндік  салаларды  оқу  барысында

тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізу».

Назарбаев Зияткерлік  мектептерінде үш  тілде  білім  беру  тек қана үш  тілді  оқыту

емес,  сондай-ақ пәндерді  де үш  тілде  оқытуды  көздейтін  білім  беру  моделі  негізінде

жүзеге  асырылады.  Осыған  байланысты,  пәндерді  екінші  және үшінші  тілдерде  оқытуда

мұғалімдер CLIL әдісі н  кеңінен қолдануда.

Сабақты жоспарлау кезінде «барлық мұғалімдер тіл мұғалімдері» болып саналады»

деген  жаһандық  ұстаным  сақталуы қажет.  Пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту  сабағында

уақыттың көп  бөлігі  мәтінмен  жұмыс  iстeyгe  берілсе  де,  мүмкіндігінше  тілдік

дағдылардың барлық түрі қамтылуы керек. Оқу материалын таңдау кезінде оқушылардың

жас  ерекшеліктері  мен  тілдік  дайындық деңгейлеріне  сай,  стилдері әр  түрлі  түпнұсқаға

барабар  мәтіндерді  іріктеу қажет.  Мәтіндер  шағын  бөлшектерге  бөлініп,  суреттермен,

схемалармен,  карталармен қоса  берілсе,  оқушылар  тез қабылдайды.  Мәтіндер  мәтінге

дейінгі  оқу  (prereading)  және  мәтіннен  кейінгі  оқу  (afterreading)  тапсырмаларынан  тұруы

тиіс.  Ол  тапсырмалар  тілдік  дағдыларды ғана  емес,  сонымен қатар  танымдық

(когнитивтік)  дағдыл арды  да

қалыптастырады.  Танымдық

дағдыларды  ойлаудың

қарапайым 

(танып-білу, 

сәйкестеніру, 

түсіну) 


деңгейінен 

жоғары 


(талдау,

жинақтау,зерттеу,  бағалау)  деңгейіне қарай қалыптастыру қажет  екенін  мұғалім  есте

сақтауы  керек.  Диаграммалар  мен  кестелері  бар  мәт індер  оқушылардың танып -білу

кезеңіне  сай  келеді.  Материалды  мәтіннен  кестеге  енгізе  отырып,  оқушы  мәліметтерді

іріктеуді үйренеді және негізгі мәліметті қосалқы мәліметтерден бөліп қарастыру түсінігі

қалыптасады. Сондай -ақ сабақ барысында аудио және бейне материалдарды да қолдануға

болады. Мұғалім сабақты жоспарлау кезінде материалдың бір бөлігін аудиомәтін түрінде

бере  алады,  ал  оқытудың зерттеу әдістерін қолдана  отырып,  материалды  диолог  пен

әңгімелесу  арқылы  игеруге  мүмкіндік  бар.  Сабақ барысында  тыңдал ымды  жазылыммен

байланыстыруға болады, мысалы, кестелер толтыру, схемалар сызу, көп нүктенің орнына

сөздер  жазу,  т.б.  пән  мұғалімі  сабақты  жоспарлау  кезінде  пәндік әрі  тілдік  мақсаттарды

анықтайды.  Тілдік  мақсаттарды  анықтау  кезінде  пән  мұғалімі  тіл  мұғалі мінің көмегіне

сүйене алады.

1 Кесте.


Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім іздеуі тиіс сұрақтар

Пәндік мазмұн

Сабақтың мақсаты мен міндеті қандай?

Оқушыларға не үйрете аламын?

Сабақтан қандай нәтиже күтемін?

Коммуникация

Пән мазмұнын игеру үшін қандай тіркестер мен арнайы терминдерді

қолдануым керек?

Мұндай терминдер оқушылардың тілдік деңгейіне сай ма?

Пікірталастар мен талқылауды қалай ұйымдастырған жөн?

Таным

Балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қандай



сұрақтар қоюым керек?

Сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамыту

үшін

қандай


тапсырмалар дайындауым керек?

Тіл  мен  пәндік  мазмұнды  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын

дамытумен қалай кіріктіруге болады?

Мәдениет


Осы  тақырыпты  оқып -

үйрену  барысында

қандай  мәдени

құндылықтар қалыптасады?

Осы тақырып арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалай

тәрбиелеуге болады?

Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлу арқылы:

-баяу сөйлеу, сөздерді анық айту;



-сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақты айтып кету;

-тілдерді үйрену үшін қолайлы білім ортасын құру;

-тілдің төрт дағдысын дамыту (оқылым, тыңдалым, жазылым айтылым);

-қажет болған жағдайда, оқушыларға түсініксіз сөйлемдер мен сөз тіркестерін бірнеше peт

қайталау;

-оқушылардың қабылдауына жеңіл лексиканы қолдану;

-тірек сөздермен жұмыс істеу;

-пәннің екінші  немесе үшінші  тілде  оқудың бастапқы  кезеңінде  оқушыға  бірінші  тілде

сөйлеуге мүмкіндік беріледі, бірақ мұғалім екінші/үшінші тілде жауап бepyi тиіс;

-оқушыны сабақ барысында екінші/үшінші тілді пайдалануға ынталан дыру;

-оқушылардың ынтасын арттыру үшін түрлі тәсілдерін пайдалану қажет.

CLIL әдісін қолдану  барысында  мұғалімдер  мен  оқушылар үшін қажетті

жағдайлар:

1) Білім ортасы - үш тілді үйренуге және тілді білуін жетілдіруге көмектесу;

2)  Ынтымақтастық - nіл  мұға лімдері  мен  пән  мұғалімдері  арасындағы  ынтымақтастықты

ұйымдастыру уақытын анықтау;

3) Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы - әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлау

барысында  тілдік  және  тілдік  емес  пәндер  мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестіктерінің

бірлескен жұмыс жоспарын ұйымдастыру;

4) Өзара  сабаққа қатысу - тілдік  және  тілдік  емес  пән  мұғалімдерінің  өзара  сабаққа

қатысуы мен талдауларын ұйымдастыру;

5) Қосымша  тілдік  курстар - nілдік  дайындық деңгейі  жеткіліксіз  оқушыларға  көмектесу

үшін қосымша курстар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру;

6)  Тәрбие  жұмыстары - тілдік  орта құру үшін  мектептің тәрбие  жұмысының жоспарына

екінші және үшінші тілде өткізілетін сабақтан тыс шараларды енгізу.

Мысалы,  «Химиялық  қосылыстар»  тақырыбында  жер қыртысында  кездесе тін

пайдалы  химиялық  қосылыстар,  бұл қосылыстар  руда  болып  табылатынын  түсіндіру

арқылы үш тілділікті дамытуға болады және оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарын

дамытуға мүмкіндік болады.

Тілдік  мақсат  ретінде  оқушының химиялық  қосылыстарды  атау  кезінде  ар найы

лексиканы дұрыс қолданып айту мен жазудағдыларын жетілдіруге мүмкіндік туындайды.

Сонымен қатар,  оқушылар  минералдардың  құрамын  практикалык  ic әрекет  арқылы

зерттеп,  байқалған құбылыс  арқылы қорытынды  жасауға үйренеді.  Сабақ барысында

белсенді  оқыту ә дісі,  проблемалық оқыту,  топпен  жұмыс,  практикалық жұмыстарды

қолдану өте  тиімді  болып  табылады.  Сабақта  тау  жыныстарының  үлгілері,  кілт  сөздер

жазылған  карточкалар,  презентация,  видеокөріністерді қолдануға  болады.  Диалог құру

үшін  «Қазақстанның    қазба  бай лықтары»  тақырыбында  сұхбат  дайындау  жұмысын үйге

тапсырма ретінде орындату қолайлы болып табылады (Қосымша 1).

Сондай-ақ,  «Ерітінділер  мен  ерігіштер»  тақырыбында  да үш  тілде  сабақ  өткізу

оқушының белсенділігін  арттырып,  оқу үлгеріміне  оң  әсерін  тигізетіні

анық. Ал,

сыныптан  тыс  жұмыстарда үш  тілділікті қоладнудың тиімділігі өте  жоғары.  Себебі,

оқушылар  диалог құрып,  бір -біріне  сұрақ  қойып,  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға

бейімделеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан  Республикасының  2016 -2019  жылдарға  арналған

білім  мен

ғылымды  дамытудың

мемлекеттік  бағдарламасында  көрсетілгендей,

үштілділікті жетілдіру өзекті мәселе және оны шешуде мектеп мұғалімдерінің атқаратын

рөлі өте зор демекпіз.

Әдебиет

1.  Mercer  N.,  Littleto  K.  Dialogue  and  the  development  of  thinking.  A sociocultural  approach.



NY: Routledge. 2007.

2. Mercer N. Words and Minds: how we use language to think together. London: Routledge.



3. Кұлжанов  Е.,  Сұлтан  М., Құлжанова  Г.,  Масалимова  Б.Қ.  «Алкандар»  тақырыбында

топтық


жұмыс 

арқылы


үш 

тілді 


кіріктіре

оқытудың


тиімділігі//Халық.ғыл.прак.конф.материалдары. –Қарағанды. -2016. Б. 254-257.

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН

ЖЕТІЛДІРУ

Масалимова Б.Қ., Рәш А.Т., Сейітхан Г.А.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан, massalimova15@mail.ru

Қазіргі таңда  білім  беру  парадигмасы өзгерді,  білім  берудің мазмұны  жаңарып,

білім  беруге  деген  жаңа  көзқарас,  жаңаша қарым -қатынас  пайда  болуда.  Білім беру

саласында  болып  жатқан  ауқымды

өзгерістер  түрлі  ынталы  бастамалар  мен

түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.

Ғылым мен  техниканың жедел  дамыған,  ақпараттық мәліметтер  ағыны  күшейген

заманда  ақыл -ой  мүмкіндігін қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  да мыту

оқытушылардың басты  міндеті  болып  отыр.  Ол  бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі  ауадай

қажет  жаңару  оқытушының  қажымас  ізденімпаздығы  мен  шығармашылық жемісімен

келмек.  Сондықтан  да әрбір  оқушының  қабілетіне қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,

ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа 

тәрбиелеуді 

жүзеге 

асыратын 



жаңартылған

инновациялық педагогикалық технологияны  меңгеруге үлкен  бетбұрыс  жасалуы қажет

[1].

Қазіргі білім  беру  саласындағы  оқытудың жаңа  инновациялық педагогикалық



технологияларын  меңгермейінше  сауатты ,  жан-жақты  білгір  маман  болу  мүмкін  емес.

Жаңа  педагогикалық технологияны  меңгеру  оқытушының зейін -зерделік,  кәсіптік,

адамгершілік,  рухани,  азаматтық

және  басқа  да  көптеген

ұстаздық

келбетінің

қалыптасуына  игі

әсерін  тигізеді,

өзін -өзі  дамытып,  оқу-тәрбие үрдісін  жүйелі

ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі

іздену, ұтымды әдістерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты [2].

5В011200 – Химия мамандығының студенттері Рәш Ақтолқын, Сейітхан Гүлзағира

педагогикалық тәжірибе  кезінде  күнделікті  сабаққа  бақылау -тесттік  бағдарламаларын

құру арқылы үй тапсырмасын орындау, білімді бекіту кезеңдерінде, қорытынды бақылау

жұмысын  орындауда қолданды.  Тест  тапсырмаларын  MyTestXPro  ортасында,  Word -та,

Excel-де,  PowerPoint-та  тесттілеу  бағдарламаларымен  жұмыс  жасады.

Үздіксіз

жүргізілетін бақылау мен бағалау оқу үдерісінде кеткен қателіктерді дер кезінде анықтап,

түзетуге мүмкіндік беретіндігі анықталды. Оқыту үрдісінің міндетті компонентерінің бірі

оқыту нәтижелерін тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесін тексерудің

мәні  оқу  пәні  бойынша  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  оқушылардың білімін  меңгеру

деңгейін  анықтау  болып  табылады.  Тест  сұрақтары  түсінікті,  анық, бір  дұрыс  жауабы

негізінде құры лды.  8,9,10  сыныптарда  тест  түрінде  алынған  бақылау  жұмыстарының

қорытындысы 1,2,3-кестелерде көрсетілген.

Кесте 1.

8-сыныптардағы тестпен алынған бақылау жұмысының қорытындысы

Бақылау

жұмысының реттілігі



және алу түрі

Қатысқан


оқушы

саны


«5» деген

баға алған

оқушы саны

«4» деген

баға алған

оқушы саны

«3» алған деген

баға алған оқушы

саны

№2 бақылау жұмысы,



жазбаша

26

7



9

10

№3 бақылау жұмысы



26

10

9



7

Компьютерлік тест

№4 бақылау жұмысы,

компьютерлік тест

26

7



14

5

№5 бақылау жұмысы,



компьютерлік тест

26

9



12

5

1-кестеде  көрсетілгендей,  №2  бақылау  жұмысын  жазбаша  алғанда  «3»  деген  баға



алған оқушы саны – 10 болса, №4-5 бақылау жұмысында «3» деген баға алған оқушы саны

– 5,  яғни  орташа  баға  алған  оқушы  саны  50%  азайғанын  көрсетеді.  Компьютерлік  тест

арқылы алған  сынып  оқушыларының білім  сапасы  81%  жоғарылағаны  байқалды.  Тест

кезінде  аз  уақыт  ішінде  бірнеше  оқушының білім  деңгейі  тексеріліп,  жылдам әрі  тез

сенімді нәтиже алынды.

Кесте 2.


9-сыныптардағы тестпен алынған бақылау жұмысының қорытындысы.

Бақылау жұмысының

реттілігі және алу түрі

Қатысқан


оқушы

саны


«5» деген

баға алған

оқушы саны

«4» деген баға

алған оқушы

саны


«3» алған деген

баға алған

оқушы саны

№2 бақылау жұмысы,

жазбаша

18

5



9

4

№3 бақылау жұмысы



Компьютерлік тест

18

7



11

2

2-кестеде  көрсетілгендей,  №2  бақылау  жұмысын  жазбаша  алғанда  «3»  деген  баға  алған



оқушы саны – 4 болса, №3 бақылау жұмысында «3» деген баға алған оқушы саны – 2, яғни

орташа баға алған оқушы саны 50% азайғанын көрсетеді.

Сонымен қатар,  №2  бақылау  жұмысын жазбаша  алғанда  «5»  деген  баға  алған

оқушы саны – 5 болса, №3 бақылау жұмысында «5» деген баға алған оқушы саны – 7, яғни

өте жақсы баға алған оқушы саны 71% артқаны байқалды.

Кесте 3.


10-сыныптардағы тестпен алынған бақылау жұмысының қорытындысы.

Бақылау жұмысының реттілігі

және алу түрі

Қатысқан


оқушы

саны


«5» деген

баға алған

оқушы саны

«4» деген баға

алған оқушы

саны


«3» алған

деген баға

алған

оқушы саны



№2 бақылау жұмысы,

жазбаша


8

3

3



3

№3 бақылау жұмысы

Компьютерлік тест

8

3



4

1

3-кестеде көрсетілгендей,  №2  бақылау  жұмысын  жазбаша  алғанда  «3»  деген  баға



алған оқушы саны – 3 болса, №3 бақылау жұмысында «3» деген баға алған оқушы саны –

1,  яғни  орташа  баға  алған  оқушы  саны  67%  азайғанын  көрсетеді.  Сонымен қатар,

компьютерлік тест арқылы бақыл ау жұмысын алғанда білім сапасы 86% көтерілді.

Компьютерлік  тест  арқылы  алынған  бақылау  жұмысында  оқушының  қорытынды

бағасы  бірден  есептелініп  көрсетіледі  және  мұғалім  мен  оқушы  уақытты ұтқыр

пайдаланады.  Білімді  тестілеу  арқылы  тексеру - біріншіден,  оқушы үшін  материалды

жүйелеу,  ой қорыту,  бекіту  және  нақтылау  болып  табылады.  Екіншіден,  ол - оқушының

жұмысын  сыныпта  және  сыныптан  тыс  (өзіндік)  жерде  де  тексеруге  мүмкіндік  береді.

Үшіншіден,  тест - оқушының  өз  білім  мен  іскерлігін  іс  жүзінде  дұрыс қолдана

білуге


үйрететін құрал. Төртіншіден, оқушы тест арқылы өз білімінің олқылықтарын дер кезінде

байқап,  толықтыра  алады.  Сонымен қатар  тестің артықшылығы

- оқушы  жүйелі  түрде

оқуға, қорытынды бақылау жұмыстарына сапалы дайындық жүргізуге жетелейді [3].

Cоңғы 10  жылғы ғылыми әдебиеттерге  шолу  жүргізу  және  жалпы  білім  беретін

орта  мектептерде  педагогикалық тәжірибеден өту  кезінде 8,9,10-сыныптарға  химия

пәнінен сабақ өткізу арқылы келесі міндеттер орындалып [3], қорытынды жасалды:

1) Химия пәнін оқытуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы

оқушылар әртүрлі  бағдарламалық  қосымшаларды  пайдаланып, өз  ойларын  іске  асырды;

бір-бірімен  сөйлесу,  ақпаратпен  алмасу  және өзара  жұмыс  істеу  мақсатында  АКТ

құралдарын пайдалануды үйренді;

2) Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды  химия  пәнінде қолдану  арқылы

ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктер қалыптасты;

3)

8,9,10-сыныптарға 



химия 

пәнін 


оқытуда 

ақпараттық -коммуникациялық

технологияларды

қолдану 


арқылы 

оқушыларда

ақпараттық -коммуникативтік

құзыреттіліктердің дамуына қажетті әдістер жетілдірілді;

4)  8,9,10-сынып  оқушыларында  ақпараттық -комуникациялық технологиялар құралдарын

пайдалана  отырып,  ақпаратты әртүрлі  формаларда  іздеу,  жинақтау, өндеу,  сақтау  және

жіберу дағдылары қалыптасты.

Әрбір сабақта х.ғ.к.  Б.Қ.Масалимовамен  біріккен  жеке  тапсырмалар  жүзеге

асырылды.  Тәжірибе  барысында Қазақстан  Республикасы  педагог қызметкерлерінің

біліктілігін  арттырудың  Үшінші  базалық деңгей  бағдарламасына  негізделген  және

«Қазақст ан  Республикасының педагог  кадрларды  даярлайтын  ЖОО  бітіруші  курс

студенттеріне қосымша  білім  беру  бағдарламасының»  7 модуль  бойынша  енгізілген

«Білім  берудегі  жаңа  технологиялар»  таңдау  пәнінде  меңгерілген әдістер қолданылды.

Тәжірибе  аралығында  топтық жә не  жұптық жұмыс,  диалогтық оқыту,  сыни  тұрғыдан

ойлау әдістері, әртүрлі идеялар мен стратегиялар тиімді, ұтқыр түрде қолданылды.

Әдебиет


1. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011 -2020  жылдарға  арналған

Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. -2010.

2. Қазақстан  Республикасының бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандыру  2002 -2004  жылдарға

арналған тұжырымдамасы. – 2001.

3.  Рәш  А.,  Сейітхан  Г.,  Искак  Г.,  Масалимова  Б.Қ.

Химиядан  ақпараттық -

коммуникациялық

технологияларды

қолдану 

арқылы 


оқушы

құзыреттілігін

жетілдіру/Халық.ғыл.прак.конф.материалдары. –Қарағанды. -2016. Б. 234-237.

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ

Ақбанова Гүлсара Бақбергенқызы

№18 орта мектебі, биология-химия пәні мұғалімі

Бүгінгі  күні  білім  беру жүйесі  жыл  сайын әр  түрлі өзгерістерге ұшырап  отыр.  Бұл

өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан -жақты дамыған, құзыретті

азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.



ЮНЕСКО-ның анықтамасына  сүйен сек  сауаттылық деген  сөз

тұлғаның оқу,

түсіну  және  күнделікті өмірге қатысы  бар

қарапайым қысқа  мәтіндер құрастыра  алуы.

Сондай-ақ сауаттылық деп әлеуметтік қатынастар  жүйесінде қалыпты өмір  сүруін

қамтамасыз  ететін  минималдық дағдылар  жиынтығы.  Белгілі

бір  жағдайларда  бұл

дағдылар  жиынтығы әр  түрті  деңгейде  болатындығына  байланысты қазіргі  білім  беру

тәжірибесінде «функционалдық сауаттылық» термині қолданылады.  Бұл  терминнің


анықтамасы - адамның сыртқы қоршаған  ортамен  карым -қатынас  орната  алуы  және ол

ортаға жылдам бейімделуі[6].

Елбасының тапсырмасы  бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамыту  жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған ұлттық іс -қимыл  жоспары қабылданды.

Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы

маңызды


тетіктердің бірі.  Аталған  тетіктер  Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында,  жаңа

Мемлекеттік  бағдарламада  айрықша  мән  беріліп  айтылған.  Осы  мақсатқа қол  жеткізу

арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады[2].

Адам табиғаттың туындысы,  ол  туындының жеке  тұлға  ретінде қалыптасуы

санасына, қоршаған  ортадағы  тіршілікпен қатынаста  бола    отырып,  оны  тани  білуіне,

дүниетанымының дамуына  байланысты өрбиді.  Баланың психологиялық    қасиеттерінің

қалыптасуында оқу -тәрбие үрді сі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып

қалыптасуы  кезінде қоршаған  ортамен қарым -қатынас  жасап,  орта  тәрбиесі  арқылы

белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі» деген аталы сөз

бар,  сондай-ақ теориялық мәселелерге  сүйенсек  ,  баланың жалпы  дамуы  негізгі үш

факторға сай жүзеге асады, біріншісі - биологиялық фактор, екіншісі - әлеуметтік орта және

үшіншісі- тәрбие.

Бала  тәрбиесі қай  кезде  де  назардан  тыс қалып  көрген  жоқ. Осы  тұрғыдан  алып

қарағанда

мектепте  де ұрпақ тәрбиесі,  келешек қоғам  мұрагерлерін  тәрбиелеу  ісі өте

маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Сол жауапкершіліктердің бірі- оқушылардың функцияналлдық сауаттылығын арттыру.

Ұлттық жоспардағы

функционалдық сауаттылықты  дамытудың

негізгі  бағыттарын

жүзеге асырудағы:



бірінші бағыт – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ескірген немесе

сұраныс  жоқ  ғылыми  және  білім  пәндерінен  арылу,  сонымен  бірге  сұраныс  көп  және

болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

екінші  бағыт

оқу  нәтижелерін  бағалау  жүйесін  жаңа рту.  Яғни,  функционалдық

сауаттылықты  дамыту  білім – түсіну – қолдану – жүйелеу  және  жинақтау  сияқты

өлшемдер  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалаудың жаңа  тәсілдерін  біртіндеп  мектеп

өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отыр­ған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағал арды не үшін

қоюға  бо­ла­тыны  нақты  анықталмаған.    Білім  саласындағы  ең  өзекті  мә­селенің бірі –

функциональдық сауаттылықты  дамытуда  оқушылардың жетістіктерін  мониторингтеу

мен  кешенді  бағалау.  Оларда ұлттық және  халықаралық бағалау  жүйелері  арқылы

жүргізіледі. Ұлттық жүйеден – жыл  сайын өтетін  оқу  жетістіктерін  ішкі  бағалау  мен

Ұлттық бірыңғай  тестілеу  мәселесі.    2012 - 2015  жылдада  PISA,    TIMSS  және  PIRLS

сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.

Функциональдық сауаттылықты  дамытудың үшінші




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет