Задачи адресного поиска: 1. Найти письма в электронной почте со статьёй,
отправленного три месяца назад для участия в заочной конференции; 2. Найти сайт
строительной компании «Стройтехсервис» города Оренбурга, если он существует, то
скачать с него строительную декларацию по дому №6 СВЖР.
Задачи фактографического поиска: 1. Определить год основания ДК Газовик; 2.
Определить сколько педагогических колледжей было за всю историю города Оренбурга.
Задачи тематического поиска: 1. Найти заставку на рабочий стол ноутбука с
осенним мотивом; 2. Найти и скачать отечественный фильм мелодраму.
Задачи аналитического поиска: 1. В период кризиса многие предприятия города
производили сокращения среди персонала. Назовите основные причины данных действий
администрации предприятий; 2. Определите продолжительность и причины санкций
против России.
Задачи персонализированного поиска: 1. Кто был сорок третьим президентом
США? 2. Определите с помощью поисковой системы Яндекс свои самые частые
поисковые запросы.
Задачи первичного поиска: 1. Найдите все сайты форумов про строительство
жилых домов в городе Оренбурге; 2. Составьте список сайтов по задачам
информационного поиска.
Задачи новостного поиска: 1. Найдите первое упоминание в сети Интернет о
беспроводной сети Wi-Fi; 2. Какая поисковая система впервые стала использовать
персонализированный поиск?
Задачи справочного поиска: 1. Определите время ближайшего рейса автобуса
Оренбург-Уфа; 2. Где можно летом в Оренбурге покататься на коньках?
Задачи статистического поиска: 1. Найдите информацию по количеству
вводимого жилья в Оренбургской области за 2010-2013 годы; 2. Проследите динамику
инфляции в России.
Задачи отраслевого поиска: 1. Найдите информацию по типам двигателей в
машиностроении; 2. Выделите наиболее важные характеристики марок бетона.
Задачи бизнес-поиска: 1. Выделите наиболее рентабельные фирмы Оренбурга в
сфере защиты информации и аргументируйте свой выбор; 2. Найдите конкурсы по бизнес-
проектам в Оренбургской области.
Задачи архивного поиска: 1. Найдите в архиве города Оренбурга подтверждение
о строительстве пешеходного моста через реку Урал; 2. Составьте список основных
сайтов с военными архивами.
Задачи интегрированного поиска: 1. Составьте список всех высших учебных
заведений Оренбурга, отберите вузы с направлениями связанными с информационными
технологиями и заочной формой обучения, выявите динамику изменения количества
набранных студентов за последние 3 года; 2. Найдите в архивных данных информацию о
возникновении первых двигателей внутреннего сгорания, проследите основные
количественные и качественные изменения с момента изобретения двигателя до
настоящего времени.
Учитывая экспонентный рост информации, становится очевидным, что ключевой
задачей образования становится не передача знаний как статичной системы, а развитие у
учащихся умения их самостоятельно расширять и обновлять. В связи с этим актуальным в
современной
теории
и
практики
образования
является
вопрос
о
развитии
самостоятельности личности на основе эффективного освоения информационного поиска
в Интернет-среде.
Литература
1. Елисеев В.Н. Педагогические реалии информационного общества: Вестник
Оренбургского государственного университета [Текст] / В.Н. Елисеев, Оренбург, 2013.
№2 С. 66-72.
2. Горюнова Л.Н.Стратегии информационного поиска и их взаимосвязь с
личностными особенностями студентов[Текст] /Л.Н. Горюнова, М.А. Круглова,
Я.А. Провоторова, В.Н.Цыган// Петербургский психологический журнал, 2013. – №2
С.15-29.
3. Назаров С.А. Педагогические условия проектирования личностно-развивающей
информационно-образовательной среды технического вуза: автореф. дис. ... канд. пед.
наук.[Текст]/ С.А. Назаров - Ростов-н/Д, 2006. - С. 17.
ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ -ЖАСТАР
Елдесова С.Г., Сейтмаганбетова Ж.А.
Ақтөбе политехникалық колледжі
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі. Бүгінде баршаның міндеті – ұлттық
сана сезімі жоғары, тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және
оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» делінген.
Қазіргі өскелең ұрпаққа өз халқымыздың төл мә дениеті, тілі мен салт дәстүрін әр
бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Егеменді еліміздің жас ұрпағын шыңдай өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын
қамтамасыз ету – бүгінгі таңда басты мақсат болып табылад ы.
Осы мақсатты жүзеге асыруда Ақтөбе политехникалық колледжі техникалық және
кәсіптік сала мамандарын даярлауда жан -
жақты оқу – тәрбие жұмыстарын жүргізіп
келеді. Колледждегі тәрбие жұмыстарының негізгі міндеті студенттерді рухани жағынан
тәрбиелеу отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз құқықтарын білуге
тәрбиелеу, қоғамдағы белсенді, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
Ақтөбе политехникалық колледжінде әлеуметтік жүріс – тұрыс ережелерін, қоғамдық
қарым-қатынас нормаларын сақтау
мен
қоғамда өмір сүруге бейімдеу,
ұлттық
құндылықтарды биік ұстанатын тұлға ретінде қалыптасуына барлық жағдай жасалынып
отыр. Дәлірек айтсақ, колледждің топ студенттерімен келесідей тәрбие жұмыстары негізгі
бағыттар бойынша үздіксіз жүргізіледі. Отан мүд десі үшін қызмет ететін маңызды
қасиеттерді меңгерген тұлға тәрбиелеуде саяси патриоттық тәрбие; имандылыққа,
адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуде рухани – адамгершілік тәрбие; студенттерді зиянды
заттарды пайдаланудың алдын – алуда салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі;
спорт және дене мәдениетінің тәрбиесі; әрбір баланың шығармашылық қабілетін, табиғи
дарындылығын анықтау және дамытуда ақыл –ой тәрбиесі; өскелең ұрпақты қоғамның
заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және жасөспірімдер арасында
тәртіп
бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық тәрбие; ата
– ана мен
колледж арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жеке тұлға тәрбиелеуде ата – ананың
белсенділігін арттыру, ата – аналармен жұмыс және т.б. бағыттары бойынша.
Осы тәрбие бағыттарын негізге ала отырып, жетекшілік ететін топтарда
студенттердің замануи талаптарға сәйкес жан
– жақты дамыған тұлға ретінде
қалыптасуына оң ықпал тигізетін іс – шаралар ұйымдастырылды, атап
өтер болсақ,
«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ж әне жаза түрлері» атты дәріс,
колледж заңгерінің қатысуымен «Жол ережесін бұзбаймыз, жол тәртібін сақтаймыз» атты
ашық тәрбие сағаты, мұз айдынында коньки тебуден «Денсаулық - зор байлық» атты іс –
шарасы, «Әлия Молдағұлова» мұражайына жорық, колледж мед бикесінің қатысуымен
«Салауатты өмір салтын ұстанайық!» атты семинар – тренинг, колледж психологтарының
ұйымдастыруымен психологиялық тренинг –сабақтар, колледжішілік және топта ата –
аналар жиналысы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сондай
–ақ,
колледжішілік және қалалық спорт секцияларымен қатар, шығармашылық, техникалық
үйірмелерге (атап айтсақ, Ақтөбе политехникалық колледжінде Ақтөбе облысының
Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе ашылған «Студентік Бизнес
-
мектебі» және
«Робототехника - мектебі», «Дебат» үйірмесі және т.б.) және ұйымдастырылған барлық
мәдени іс –шараларға топ студенттері тартылып, қатыстырылуда. Аталған шаралар
бойынша студенттер өз өнерлерін көрсетіп, жетістіктерге қол жеткізіп жүр.
«Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқ ымыз бекер айтпаған. Студентке үнемі
тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау – топ жетекшісінің басты міндеті.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сонд ықтан, ата – аналардың
да, қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті – жас ұрпақты мөлдір, шықтай таза, дені сау,
ұлттық сана –сезімі биік, рухани әлемі бай, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да
игі қасиеттерге толы болуы біздің берген тәлім – тәрбиемізге тікелей байланысты екені
сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Астана.2011 жыл.
2.Сабыров Т. Оқытушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А: Мектеп -1978ж.
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Әбілдаев Ғ.М., Успанова В.Ж., Сарсенбаева С.Ш.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,
Арқалық қ., Қазақстан
Gabit_abilda@mail.ru
Физика дегенде білім, ғылым, техника, технология, қарыштап даму ең бірінші көз
алдымызға елестейді. Әлем елдері жаңа техника мен технологиларды пайдалануға көше
бастағанда Қазақ елі де бұл Ұлы көшке ілеспей қалмасы анық. Сондықтан да физика
ұғымымен қатар экология ұғымдарында қатар ала жүруіміз керек. Себебі техни калар мен
технологиялардың зияны экологияға тиіп кетпеуі тиіс. Өміріне, экономикалық жағдайына,
географиялық орналасуына, тарихи дамуына қарасаңыз, біздің қазақ елі табиғат
қойынында бірге өсіп, қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқайсыз. Мұндай жақындық
оларды табиғатқа етене бауыр, жанашыр етіп жіберген сияқты. Өйткені, өндірістің дамуы
барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның
ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат
әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Кейінгі кездерде мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі
міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап,
ядролық жарылыстар, табиғат байлық тарын орынсыз пайдалану, экологияны ауруға
ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар
көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып,
осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық ау рулар саны көбейіп барады. Дүние
жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80 -90% ішетін ас
суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді [1].
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл -ауқатының артуын қамтамасыз
ету мақсатымен, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына
жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты
өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап
айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің
20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да
қиын,
отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға
әкеп соғады; - деген.
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен
ластануы – адамның іс -әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай
күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі
–
экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Вибрация – әртүрлі механизмдер жұмысының нәтижесі. Ол жабық ғибратта жұмыс
істейтін машиналар екені белгілі, онда вибрациядан адамдарды қорғау қажет немесе
вибрациясын ауыр транспорттың
жүрісінің әсерінен пайда болған вибрациядан
архитектура ескерткіштері бүлінуде. Көне архитектура ескерткіштерін бүлінуден сақтау
үшін физиктер темір бетон блоктардың арасына каучук блоктар салынған корзина
жастықты асфальтталған жол салуды ұсынады. Осы материалдарды физика пәнінен
«Еркін және еріксіз тербелістер» тақырыбын ө ткенде қолдануға болады.
Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың алдында тұрған басты проблемалардың бірі.
Табиғатты қорғау тақырыбымен жеке таныстыруда физика сабағының да мүмкіндіктері
көп. Мұның өзі физикалық заңдар мен құбылыстардың мәнін ашып, сабақтың қы зықты
өтуіне себеп болар еді. Оқушыларға табиғатты қорғау қажеттігін техниканың қауырт
дамуы оған елеулі зиян келтіретіндігін ескерту орынды. Ауаның ластануы жөнінде нақты
фактілер келтірген жөн. Мысалы жыл сайын әлемдік мұхитқа он миллион тоннаға жуық
мұнай ағызылады. Қазіргі кезде ауа атмосферасында газ тектес және қатты қоспалардың
үлесі елеулі артуда. Дүние жүзіндегі барлық энергетикалық қондырғылар атмосфераға
жыл сайын 200-250 миллион тонна күл және 60 миллион тоннаға жуық күкіррті ангидрид
шығарады.
Никель зауытының электр балқыту цехтарында пайдаланылған газдың
құрамының ¾ бөлігін металл құрайды. Міне кәсіпорын тек ауаны ластап қана қоймай
бағалы шикізаттан да айрылып отыр.
Ластаудың тағы бір көзі автомобиль транспорты болып табылады. 300милионнан
астам іштен жанатын двигателі бар автомобильдер жыл сайын ауаға миллиондаған тонна
күкірт және азот тотықтарын, сутекті көмір, көміртекті тотығын шығарады. Мұның өзі
адамға қауіпті. Ластанудың физикалық факторларына электромагниттік өріс, шу,
радиоактивті
сәулелену,
вибрация,
гравитациялық
өріс
және
өнеркәсіптік
қондырғылардың жылуы жатады. Осы материалдарды физика пәнінен «Еркін және еріксіз
тербелістер» тақырыбын өткенде қолдануға болады.
Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Қажетті сигналдардан бөтен бізге тр анспорттың,
жұмыс істеп тұрған машиналардың және бар дауысқа қойылған аудио аппаратуралардың
үні әсер етеді. Дегенмен адам толық тыныштықта өмір сүре алмас еді. Адам дыбысты
толық ести алады. Бұл жапырақ сыбдыры ақырын ойналған музыка тағы басқалар.
Қоршаған ортадағы сан алуан дыбыстың ішінде хаостық жағымсыз түрі шу. Шумен адам
баласы ежелден күресіп келеді. Мәселен, Италиядағы Сибарис атты ежелгі грек
колониясының тұрғындары өз қаласында түнде шулауға тиым салып, ұстахана мен
шеберханаларда қала сыртына салғызатын болған. Қатты дыбыс зиянды. Шу адамда қан
айналымын бұзады, зат алмасу өзгереді, асқазан жарасын, гипертонияны т. б. аурулады
тудырады. Шу деңгейінің нормалары бар. Қауіпті деңгей, аса қауіпті табалдырығы, метр
болу деңгейі[2].
Радиоактивтік ластану қаупі уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда
болды. Бұл басқа ластану көздеріне қарағанда ерекше болып табылады. Радиоактивті
нуклидтерді ядросы тұрақсыз химиялық элементтердің зарядталған бөлшектер шығаратын
қысқа толқынды электромагниттік сәулелену деуге болады. Биосферада радиоактивті
сәулеленудің екі түрі белгілі:сырттай және іштей сәулелену. Сырттай сәулеленудің көзі
радиоактивтік нуклид арқасында болады. Ал, іштей сәулелену адам ағзасына су, тамақ
және ауа арқылы түскен радиоактивті эле менттер арқылы жүреді. Радиоактивті
сәулеленудің адам ағзасындағы мөлшерін айқындау үшін рентгеннің биологиялық
эквиваленттігі (бэр) немесе зиверт (Зв) өлшем бірліктері пайдаланылады. Көп жағдайда
радиоактивті ластану биосферада адамның қолынан жасалады де сек болады. Мұндай
ластану атом электростанциялары, ядролы қондырғысы бар су асты қайықтары, уран
өндірі және т. б өндірістерде радиоактивті қалдықтарды тиімсіз қолданудың нәтижесінен
пайда болады. Қорғаныс жолдарын пайдалану заңдылықтарын білсе және орынд аса
мұндай ластанулар адам ағзасына және қоршаған ортаға зияны болмас еді. Осы
мағлұматтарды «Радиоактивті сәулелер, биологиялық әсері» тақырыбында айтса
оқушылар радиация ұғымына қосымша мәліметтер алар еді.
Қазіргі таңда екінің бірінде ұялы телефон. Осы
телефонның адам ағзасына
қаншалықты зиян екенін білеміз бе? Қазір әлем ғалымдары бұл тұрғыда белгілі бір
тұжырымдамаға келе бастады. Мәселен ұялы телефон адамның зердесін зардапқа
ұшыратады. Есте сақтау қабілеті мүлде жойылады. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлеск ен адам
ашушаң мазасыз күйгелек болады. Ұялы телефон электромагниттік толқынның ортасы
екені белгілі. Ал адамның өзі электромагниттік толқындардың жүйесі болып табылады
десек қате айтпаған болар едік. Бәрімізге белгілі біздің қанымыз тұзды оң және теріс
иондар (NaCl). Осыған сәйкес бізде диффузиялық ток туады. Одан әрі қандай процесс
жүретіні белгілі, электр тогы, электромагниттік өріс, одан әрі аура, биополе т. б.
Әлемдегі ғалымдар ұялы телефонның әсерінен адамның денсаулығына зиян
келетініне еш күмәндары жоқ екенін айтады. Мәселен 2010 жылы 500000 адам мидан
зақымданған болса, көз ауруына шалдыққандар саны да осынша болатыны белгілі болып
отыр. Мұның бәрі ұялы телефонның әсері. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш жылына 30 -50 мың
болып отыр. Осы жайттарды біле отырып «Электромагниттік толқындар» тақырыбында
сөз қозғасақ бұндай көрсеткіштер болмас еді. Әрине бұл телефонды қолдануға болмайды
деген емес. Ұялы телефонды қалтада жүрек тұсында белде қосулы күйде ұстамау,
машинада, лифтіде және металлмен қоршалған аумақт арда қолданбау т. б сияқты кейбір
заңдылықтарын сақтау қажет.
Физикалық факторлардың бірі – жылулық ластану. Ауаға кәсіпорындар мен жеке
қондырғыларда пайдаланылған бу мен газдар арқылы жылу бөлініп, оның жылдық үлесі
мыңдаған қалаға жетеді. Энергияны пайд алану қарқынының өсуі жылулық баланстың
яғни климаттың өзгеруіне әкеп соғады. Сонымен бірге қыздыру кезінде ауадағы су
буымен көмірқышқыл газының молекулалары күннің қысқа толқынды сәулелерін өткізеді
де оны жұтып алады, яғни жерден таралатын ұзын толқынды сәулелердің 78 пайызын
ұстап қалады [3]. Міне сол себепті
-нің атмосфераға таралу мен ажырауын білудің
маңызы зор. «Жылу машиналарының жұмыс принципі» тақырыбын қарастырғанда
мұғалім осыны ескерген жөн. Қоршаған ортаның физикалық ластануын түсіндіре келіп
мұғалім мына шарттарға ерекше тоқтағаны дұрыс: ластану көздері, ластанудың тигізетін
зияны және онымен күрес тәсілдері. Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне сабақтан тыс
уақыттарда да оралуға болады. Мысалы, «Физика және қалдықсыз технология» атты
конференция ұйымдастыруға болады.
Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны
құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет негізі саласына
жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне, қазіргі з аманғы
адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру, экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы
жобалар, экология заңын түсінуге көмек көрсету мүмкіндігі, тәжірибелі қызметтер,
табиғатты пайдалану.
Қарастырылған мәселені сараптау бойынша оқушылардың
жаратылыстану білімінде экологиялық мәдениетті оқыту жетіспейтіндігі анықталды.
Экологиялық мәдениет, жалпы адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді,
адам арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы
процесстің пайда болуы және ма териалдық және рухани құндылықты және мінезін
анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және
тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс - әрекетті дәлелдеу және
адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерд е игеріледі, табиғатты қорғау және
танумен байланысты. Нақты фактілермен, қызықты мысалдармен физика сабағында
экологиялық білім беру оның пәндік мәнін жан -жақты ашумен қоса оқушылардың
қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі
ұлттық тамырдан нәр алып, экологиялық ой -тұжырымдар баланың қоршаған табиғат
ортасымен және
өмір сүріп отырған
қоғамындағы
қалыптасқан
ғылыми
ұғым
түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған же рін, елін қорғауға, табиғат
байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімі:
1.
Дүйсембаев Б.М., Тоқбергенова У.Қ. Экологиялық білім беру//ИФМ.-1997. -
N 1.-16-19 б б.
2.
Қазақбаева
Д.М., Әбілдаев Ғ.М. Физикa жәнe acтpoнoмия ғылыми -
әдicтeмeлiк жуpнaлы № 4-5 (68). 2014 ж. 3-5 б б.
3.
Тapacoв Л.В. Физикa в пpиpoдe. – Мocквa: Пpocвeщeниe, 1988. – 349 c.
ЕЛЕК 9 СОРТАРЫНЫҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туралин Бауыржан Алпысбайулы, Жүгінісова Жансая Қайырханқызы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Zhansaya-9494@list.ru
Ақтөбе облысында жаздық арпа негізінен комбинирленген немесе кешенді бағытта
қолданылады: мал азығы (көбінесе сабан),жарма дайындағанда шикізат ретінде,сонымен
қатар кей жағдайда -сыра ашыту үшін де қолданылады.Жан -жақты қолдану,өнімділігі
жоғары және тұрақты болғандықтан,ерте пісуі -бұл оң қасиеттері арпаның ерекшелігін
көрсетеді. Ақтөбе облысында жағдайында жаздық арпа өнімділігіне байланысты жаздық
дәнді дақылдардың арасында бірінші орында т ұр.Агрохимиялық көзқарас тұрғысынан
арпа Ақтөбе облысында құрғақ далалы аймағында да тиімді өнім береді.Арпаның қысқы
вевгетациялық кезеңі басқа дәнді дақылдарға қарағанда күзгі жаңбыр басталғанша ерте
жинауға мүмкіндік береді.Сондықтан арпаның
тұқымдары
басқа дақылдармен
салыстырғанда жақсы шығымдылық береді.
Қазіргі жағдайда арпа өнімділігінің жоғарылауында жоғары сапалы сұрыптарды алу
тәсілі,аудандырылған және перспективті сұрыптардың тұқымдарын көбейтудің маңызы
үлкен. Біз Ақтөбе облысындағ ы Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірбиелік станциясының
базасында облыс территориясында жаздық арпа сұрыптарының ерекшеліктерінің
айқындалуы бойынша зерттеулер жүргіздік.
Ауылшаруашылық ғалымдарының пікірі бойынша,ауыл шаруашылығы жақсы
дамыған және жаңа сұрыптарды көбірек енгізу дақылдар өндірісінің тұрақты даму
мәселесін шеше алады.Жақсы аудандырылған сұрыптарды егуде ескі аудандырылмаған
сұрыптарға қарағанда дақылдың өнімділігі 15 -20% артады.
Соған
байланысты
тұқымның
сұрыптық
және
нау қандық
сапасы
ажыратылады.Сұрыптық
сапасына
таза
сұрыптылығы,яғни
арпа
тұқымының
партиясындағы негізгі сұрыптың проценттік мөлшері жатады.Тұқымның науқандық
сапасы келесі көрсеткіштермен анықталады:тазалығы, шығымы, ылғалдылығы,өсу
энергиясы,өмір сүру қа білеті, 1000 дақылдың массасы,зиянкестерге және ауруларға қарсы
тұру қабілеті.Белгілі бір сызбамен өсірілген жоғары сортты және науқандық сапасы
жоғары тұқымдар элита деп аталады. Сұрып - өнімділіктің биологиялық негізі.Ақтөбе
облысында жаздық бидай мен арпаның жаңа сұрыптарын жасау жұмыстарымен
айналысатын Ақтөбе ауылшаруашылық
тәжірбиелік станциясы болып табылады.
Селекциялық жұмыстың негізгі бағыттары моделдерді жасақтайтын параметрлерді іске
асыру және оның негізінде Ақтөбе облысыжағдайына бейімделетін жаңа сұрыптарды
дайындау болып табылады.
Арпаның
вегетациялық
даму
кезеңіне
сүйене
отырып,біз
Ақтөбенің
ауылшаруашылық тәжірбиелік станциясында жаздық арпаның өнімділігіне 2013 -2015
жж.метереологиялық жағдайлардың әсерін анықтадық (кесте 1). Ақт өбе облысының
құрғақ далалы аймақтық жағдайында, Ақтөбе облысының базасында арпаның оңтайлы
дамуы үшін күзгі,көктемгі және қыс мезгіліндегі жауын -шашынның әсері ерекше.
Кестедегі мәлімет бойынша жауын-шашынның жалпы мөлшері шығарылды: 2013 жылы -
263,8 мм; 2014 жылы- 297,0; 2015 жылы-412,2 мм.
Кесте 1. 2013,2014 және 2015 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Ауылшаруашылық
тәжірбиелік станциясында Елек 9 сортының даму кезеңі бойынша ауа температурасы
о
С
(орташа,максимальды, минималды).
Жылдар
Көрсеткіштер
Кезеңдері
Вегетация
кезеңі бойын-
ша (өну-пісу)
Егу-
көктеу
Түптену -
Масақтану
Масақтану-
пісу
Өну-
түптену
2013 жыл
Ауа темпера-
турасы
о
С :
орташа
18,9
23,0
26,4
25,0
21,0
Максимальды,
о
С
22,4
23,8
32,0
30,0
32,0
Минимальды,
о
С
13,8
17,0
16,5
11,9
13,8
2014 жыл
Ауа темпера-
турасы
о
С :
орташа
19,3
21,5
24,3
27,2
24,8
Максимальды,
о
С
31,6
34,6
38,0
40,5
40,5
Минимальды,
о
С
6.0
6,0
15,5
15,1
6,0
2015 жыл
Ауа темпера-
турасы
о
С :
орташа
16,4
20,7
23,8
22,5
22,5
Максимальды,
о
С
32,0
33,6
39,0
33,6
39,0
Минимальды,
о
С
3,9
5,2
8,1
9,7
3,9
2014 жылы(өну-пісу) вевгетация кезеңі бойынша 62,4 мм жауын-шашын түсті, 2015
жылы-53,9 мм, 2014 жылы- 98,0 мм.
2014 жылы, әсіресе масақтану -пісу кезеңінде 27 -40
о
С топырақтың құрғақшылығы
байқалды. 2014 жылы температураның режимі өте күрделі болды,әсіресе түптеуден
бастап піскенге дейін: күндізгі орташа температурада бұл кезеңде 24 -27
о
С, максимальды
температура, максимальды температура 38-40
о
С құрады. Кестедегі деректер бойынша,біз
2015 жылғы метереологиялық жағдайда қолайлы уақыт деп бағаладық. 2015 жылы шілде -
тамыз айының аяғында жауын -шашын кеш түсті. Ол өз кезегінде арпаның екіншілік
тамыр жүйесінің дамуына қолайлы әсер етті. Кеш түскен жауын -шашын арпа сортының
дақыл өнімділігін 12 -15 ц/га шамасында етті. Тұқымды егуге дайындағанда, тұқым
сапасына көп көңіл бөлу керек. Сортталған ірі тұқымдар,егу мерзімі, егу алдында уланған
тұқымдар түсімді артты рады. Осы белгілеріне сай Елек 9 сортының сапасы анықталды
(Кесте 2).
Кесте 2. 2014,2015 жылдары Ақтөбе облысы Ауылшаруашылық тәжірибелік
станциясында егу мерзіміне байланысты Елек 9 жаздық арпа дәнінің сапасы
Егу
мерзімі
Дән сапасының көрсеткіштері
Ақуыз, %
Крахмал, %
Экстрактілігі ,%
Таза бу
Ерте
14,3
54
70
Орташа
15,4
56
62
Кеш
16,7
57
76
Мономәдени
дақыл
Ерте
12,3
53
78
Орташа
12,6
55
78
Кеш
12,7
52
79
Кестедегі деректер көрсеткендей, Елек 9 арпасы таза бу бойынша кеш еккенде
ақуыздылығы артқан - 16,7%, ерте еккенде дәндегі ақуыз мөлшері 14,3% дейін азайған.
Арпаны ұзақ уақыт еккенде мономәдени дақылдың дәніндегі ақуыз мөлшері 12,0 -12,7%
дейін төмендейтіні байқалды. Дәндег і крахмал мен экстрактілік ерте мерзімнен кеш
мерзіміне қарай артады.
Сонымен бірге арпа түсіміне егу мерзімінің әсері де зерттелді.Ақтөбе облысы үшін
көктем-жазғы құрғақшылық тән. Егу мерзімі кешіктірілсе, онда арпаның да өнімі азаяды.
Зерттелініп отырған сорттың жоғары түсімі 2014,2015 жылдар жағдайында арпаны
ерте мерзімде еккенде: Елек 9-10,5 ц/га;Қарабалықтық - 11,3; Елек 36-12,3 ц/га алынды
(Кесте 3).
Кесте 3. 2014,2015 жылдары Ақтөбе облысы Ауылшаруашылық тәжірибелік
станциясында жаздық арпа дәнінің түсіміне егу мерзімінің орташа әсері
Егу мерзімі
Сорт, ц/га
Елек 9
Қарабалықтық 150
Елек 36
Ерте
10,5
11,3
12,3
Орташа
8,3
9,5
10,4
Кеш
7,4
8,4
9,1
Орташа және кеш еккенде жаздық арпа дәні түсімінің азаюы байқалады: Елек 9
сортында 7,4 ц/га дейін; Қарабалықтық 150 - 8,4 ц/га; Елек 36 сортында 9,1 ц/га дейін.
Ақтөбе облысы жағдайында егу үшін ең қолайлы мерзім мамырдың бірінші онкүндігі
болып табылады. Елек 9 және Елек 36 жаздық арпа сорттарын егу нормасына байланысты
вегетациялық
кезеңнің ұзақтығы бойынша 2014 және 2015 жылдар аралығында
салыстырмалы зерттеу жүргізілді. 2012 жылы арпа дамуының фазасы бойынша жауын -
шашынның қолайлы тарағ ан кезінде Елек 9 сортында барлық дәннің 1млн. құрады:
масақтану -20 тәулік; масақтанып пісуі - 35 тәулік; егу-пісу- 83 тәулік; Елек 36 сортында
сәйкесінше : 22,24,36,94 тәулік, Елек 36 сорты анағұрлым тиімді сорты екендігін білдіреді.
Өндірістік жағдайға жақын нұсқада, Елек 9 сортының 2 млн. данасын 1 га жерге
еккенде метафазалық кезең ұзақтылығы: 17,22,30 және 76 тәулікті құрады. 1 га жерге
Елек 9 сортының 4 млн. данасын екенде вегетация ұзақтығы: 14,17,23,61 тәулік,
сәйкесінше Елек 36 сортында: 16,18,25,67 тәулікті құрады (Кесте 4).
Кесте 4. 2014 жылы Ақтөбе облысы Ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында Елек 9
және Елек 36 жаздық арпаларының егу нормасына байланысты вегетация ұзақтығы
Жауын-шашын,мм. 1га
жерде млн. дәнді
егу нормасы
Фаза аралық кезең ұзақтығы, тәулік
Егу-
көктеу
Көктеу
Масақтану
Масақтанып
Пісу
Егу-пісу
2014 жылы
Елек 9,st
Жауын-шашын, мм
4,5
5,7
26,7
25,7
62,4
1 млн.га
10
18
20
35
83
2 млн.га
10
17
22
30
76
3 млн.га
8
15
19
26
68
4 млн.га
7
14
17
23
61
Елек 36,st
Жауын-шашын, мм
4,5
5,7
26,7
25,7
62,4
1 млн.га
12
22
24
36
94
2 млн.га
12
20
21
32
85
3 млн.га
9
18
19
29
75
4 млн.га
8
16
18
25
67
2014 жылы Елек 9 сортын мол еккен кезде фаза аралық кезеңнің ұзақтығы : 11,17,23,61
тәулікті; Елек 36 сортында: 17,18,31,74 тәулікті құрады. Кестедегі деректер бойынша,
2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылғы кештүскен жауын -шашын өсімдікте қосымша
сабақтардың пайда болуына, арпаның пісу кезеңінің ұзаруына әкеліп соқты.
Сонымен бірге 2014 және 2015 жылы зерттеу мәліметтерін қолдана отырып, дәнді егу
нормасына байланысты Елек 9 және Елек 36 сорттарды Елек 9 сортында: 1 млн.га- 70
өсімдік; 2 млн.га- 135; 3 млн.га-181; 4 млн.га- 205 өсімдік;сәйкесінше Елек 36 сортында -
72,137,173,190; Елек 36 сортында- 81,141,178,200 өсімдік (Кесте 5).
Кесте 5. 2014 және 2015 жылдары егу нормасына байланысты Елек 9 және Елек 36
жаздық арпа сортының өнімінің құрылысы
1га дәнді
егу норма-
сы, млн
1м
2
өсімдік
саны,дана
Өсімдік
биіктігі,
см
Сабақтың
бұтақтануы
Бұтақтағы
дән саны,
дана
1000 дән
массасы
г
Өнімі
ц/га
Жалпы
өнімділігі
2014 жылы
Елек 9,st
1 млн.га
70
55
4,5
2,8
27
31,3
14,5
2 млн.га
135
52
3,6
2,2
26
32,5
15,0
3 млн.га
181
49
2,7
2,1
21
28,3
15,7
4 млн.га
205
44
2,3
1,9
19
26,5
12,4
Елек 36,st
1 млн.га
78
61
5,1
3,2
26
40,1
17,2
2 млн.га
141
55
4,3
2,8
25
38,5
16,5
3 млн.га
185
50
3,8
2,5
24
25,4
16,8
4 млн.га
206
46
3,0
2,2
22
33,7
14,3
2015 жылы
Елек 9,st
1 млн.га
72
50
4,0
3,0
25
29,8
13,5
2 млн.га
140
51
3,2
3,2
22
30,0
14,3
3 млн.га
183
45
2,0
2,0
19
27,3
15,4
4 млн.га
198
42
1,8
1,8
18
25,4
13,0
Елек 36,st
1 млн.га
95
60
4,5
3,5
27
39,5
17,8
2 млн.га
153
57
4,2
3,1
26
37,5
17,5
3 млн.га
198
48
3,5
2,8
23
34,7
17,5
4 млн.га
205
45
3,1
2,6
22
34,3
16,2
Арпаның екі сортында да өсімдік биіктігі (1 мм.га) 60-55 см; ал 4 млн.га 42-46 см
дейін азайды. Жалпы бұтақтануы: 1 млн.га егу нормасында - 4,5-5,1 сабақ, 4 млн.га -2,5-3,5
сабақболды. Бұтақтану өнімділігі сәйкесінше: 2,8 -3,5 және 2,6- 1,9 сабақты құрады.
Егу нормасы төмен болғанда масақтағы дән саны 25 -27 дән; Егу нормасы жоғары
болғанда 18 -22 дән болды.
1000 дәннің массасы тәжірибе нұсқасы бойынша өзгеріп отырды. 2014 жылы Елек 9
сортында 40-39 г құрады. Егу нормасы жоғары егістік ал қапта (1 га 3-4 млн. дана) Елек 9
сортында 27-28 г,Елек 36 сортында 26-34 г болды.
2015 жылы дәннің Үлкендігі сәйкесінше: 30 - 35 г және 39-42 г құрады.2015 жылы
сирек егілген егісте 1000 дәннің массасы Елек 9 сортында 29 -30 г; Елек 36 сортында- 40-
38 г, ал 1 га 3-4 млн данасы егілген жерлерді: Елек 9 сорты 27-25; Елек 36 сортында- 35-34
г құрайды.
Әдебиеттер
1. Қ.К. Әрінов. Тұқымтану негіздері. – Ақмола, 2005.
2. Қ. Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы. – Астана 2010.
3.
Күрішбаев А.К. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай күйі және
проблемалары. Жаршы. – 2003, №11 – Б.3-6
4.
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің
мемлекеттік тізбесі. Алматы КПР МСХ РК, 2007 ж, 76 б.
5. М.Құспанов. Ауыл шаруашылығы дақылдарын тыңайту жүйесі 1979 ж.
6. Қ.Жаңабаев. Т.Саудабаев М.Сейітов. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы.
7. Р.Елешов А.Бекмағанбетов. Агрохимия.
|