Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79

Əдебиеттер

1. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырдарьинской области. – Ташкент, 1889. –Т.1. – С. 398.  

2. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Л., 1971. – С. 401. 

3. Молдобаев И.Б. Этнокультурные связи кыргызов в средневековье. – Бишкек, 2003. – С. 11–24. 

4. Аттокуров С. Кыргыз этнографиясы. – Бишкек, 1998. – 200 с. 

5. Жұмағұлов А. Қазан төңкерісіне дейінгі қырғыз отбасының кейбір ғұрыптары мен дəстүрлері. – Фрунзе, 1962.  

6.  Загряжский  Г.С.  Юридические  обычаи  киргиз  и  о  народном  суде  у  кочевого  населения  Туркестанского  края  по 

обычному праву. – СПб., 1876. 

7. Дыренкова Н.Т. Брак, термин родства и психические запреты у киргизов // Сборник этнографических материалов. 

–Л., 1927.  

8. Рерих Ю.Н. Свен Гедин // Ариаварта. – 1997. – № 1. – С.11–17. 

9. Косвен М.О. Очерки истории первобытной ку

льтуры. – М., 1953. – С.187. 

10. Бромлей Ю.М., Кашуба М.С. Опыт историко-этнографического исследования. – М., 1982. – 239 с. 

11. Қалшабаева Б.К., Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу): тарих ғыл. докт. дисс. ... авторефераты. 

– Алматы, 2010. – 54 б. 

12.  Төлеубаева  Г.М.  Қазақ  жəне  Орталық  Азия  халықтарының  отбасы,  отбасылық  əдет-ғұрып,  салт-са

налары 


(салыстырмалы-этнографиялық зерттеу): тарих ғыл. докт. дисс. ... авторефераты. – Алматы, 2010. – 56 б. 

13.  Алтынсарин  И.  Очерк  обычаев  при  сватовстве  и  свадьбе  у  киргизов  Оренбургского  ведомства // Записки 

Оренб.отд. РГО. – 1870. – Вып. І. – С. 112–113. 

14. Бизақов С. Түбі бір түркілер // Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 2000. -318 15.Загряжский Г.С. Юридический 

обычай  киргиз  о  различных  родах  состояний  и  о  правах  им  присвоенных.  О  народном  суде  у  кочевого  населения 

Туркестанского края по обычному праву // Ежегодник. МСТК. Под ред. Н.А.Маева. – Вып ІV. – СПб., 1876. – С. 151–

203.  

І. Мамыров Руслан, туған жылы – 06.05.1977 ж, руы-солто, мекен жайы-Алматы қаласы. 



 

 

Ж.Сален  

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Археология жəне этнология» мамандығының  

2-курс магистранты (Алматы қ.) 

 

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҮЙЛЕНУГЕ ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДƏСТҮР, ƏДЕТ-

ҒҰРЫПТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ 

 

Қытайдағы  қазақтардың  қыз  ұзату,  келін  түсіруге  қатысты  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлері  туралы 



деректер  Нығымет  Мыңжанидың,  Су  Бихайдың,  Жақып  Мызаханның,  т,б,  еңбектерінде  кездеседі. 

Бірақ  олар  біз  сөз  еткен  тақырыпқа  жалпылама  сипат  береді.  Ал  осы  мақалада  жекелеген  өңірлік, 

рулық ерекшеліктерге салыстырмалы түрде талдау жасалады.  

Алтай өңірінде екі жастың шешімін қыздың ата-анасына жігіт жақтың жеткізуін «жаушы жіберу» 

деп  атайды.  Халел  Арғынбаевтің  еңбегінде  де  қалыңдық  айттырудың  «жаушы»  жіберуден 

басталатындығы  айтылады.  Ал  Іле  өңіріндегі  қазақтар  «жаушы»  сөзін  қолдана  бермейді,  есесіне 



371 

 

«елші жіберу» деп атау қалыптасқан. Өйткені, олар «жаушы сөзін» жаугершілік кезінде қолданылған 



ұғым деп түсінеді. Қыз жақ құдаласуға келісім бергеннен кейін жігіт жақ қыз жаққа «үкі» апарады. 

Онда  үкіленген  ат,  күміс  сөлкебай,  мата,  азынаулақ  ақша,  бауырсақ,  кəмит  апарылады,  оған  жігіт 

жақтың  етбауыр  туыстарнан  құралған  санаулы  адам  барады.  Үкі  тағылған  соң  қыздың  «қайны  бар, 

басы  бос  емес»  деп  саналады.  Одан  кейін  жігіт  жақ  қыз  жақтағы  құдаларды  «есік  төр  көруге» 

шақырады. Алтай қазақтары оны «от жаққан орнын көру» деп атайды. Қыз жақтан «есік төр көруге» 

бірнеше адам ғана келеді. Келген құдалар ат мініп, сиыр жетектеп, шапан киеді, мата алып қайтады. 

Одан кейін жігіт жақ қыз жақты өз ауылында өтетін құдалыққа шақырады. Іле өңірінде құдалық жігіт 

жақта  өтеді.  Ал  Алтай  аймағында  қыз  жақта  жасалады,  онда  берілетін  азынаулақ  мал  мен 

матаны«құдалық жолы» деп атайды. Екі жақта да құйрық-бауыр асатылады, соған қарап құдалық екі 

жақта да өтеді деп санайтындар бар. Дегенмен Іле өңірінің тұрғындары құдалықтың ресми атаумен 

тек қана жігіт жақта думанды түрде өткізілетінін айтады. Ə.Диваевтің еңбегіне негізделсек, «ұлдың 

атасы құдасын үйіне шақырып, қалыңмалын береді». Осы жазба құдаға қалыңмал берудің дені жігіт 

жақта болатынын көрсетеді. Іле өңірінде қалыңмалдың негізгі бөлегі жігіт ауылында өткен құдалық 

кезінде беріледі. Демек, бұл ертеден бері жалғасып келе жатқан дəстүр деген сөз. Ал Алтай өңірінде 

қалыңмалдың негізгі бөлігі қатар жасалатын қоржын апару мен ұрын бару кезінде жүзеге асады.  

Құдалық – қызықты ойын-тамашаға толы, көңілді жағдайда өтеді.  



Құда сүйреу. Жігіт жақтың əлекедей жаланған, сайдың тасындай іріктелген қарулы жігіттері қыз 

жақтан келген құдаларды (көбіне жастарды, орташа жастағы ерлерді) күштеп сүйрей бастайды, егер 

сүйрелуші  жақ  жолын  берсе  құда  тарту  тоқтайды.  Ал  егер  ол  да  өз  күшінің  мығымдылғына  сеніп 

қарсылық танытса күшпен сүйреу жалғасады, тіптен аяғын төбедегі арқалыққа іліп тастайтындары да 

болады. Бұл екі жақтың күші мен əдіс-айласын сынаудың жолы. Əйелдер жағы білдірмей құдалардың 

етегін текемет, киізге тігіт кетеді, жолын беру арқылы босанады.  



Тəтті жегізу. Тəттідей тату болайық деген ырыммен жолын ала отырып құдаларға тəтті жегізеді. 

Бұл кейбір өңірлерде жоқ салт. 



Төс  қақтау.  Жігіт  жақтағы  азаматтар  қыз  жақтан  келген  құдаларға  шикі  төсті  алып  келеді  де 

өздерінің қақтап  жеулерін сұрайды,  олар «бөтен  жердің  қазан  ошағында  неміз  бар»  деп  бас  тартып 

жолын  береді.  Осыдан  кейін  төсті  қазанға  салып  қуырып  құдаларға  қайта  əкеледі,  құдалар  жолын 

беріп  қақталған  төсті  жейді.  Этнограф  Халел  Арғынбаев  осыған  ұқсас  «төстік  тарту»  əдетінің  бар 

екенін  жазады.  Онда  «құдаларға  арнап  сойылған  қойдың  төстігін  алдын-ала  сыпырып  алып  темір 

істікпен отқа қарсалап пісіреді де, табаққа турап құдаларға шаймен береді». Бұл Жетісу мен Оңтүстік 

Қазақстанда ғана кездеседі» дейді. Ал Іле өңірінде төс қақтау құдалардан жолын алып жасалатын əлі 

күнге дейін сақталған дəстүр. 



Теңге ілу. Шыныға күміс тиын, кішкене түймелерді салады, қатысушы екі қолын артына ұстап су 

құйылған шыныдағы тиын не түймені тілмен іледі, іліп кетсе жігіт жақтағылар жол береді, іле алмаса 

жеңілген жақ жолын береді, бұл да қазірге дейін сақталған салт.  

Жұлдыз көрсету ойыны. Қатысушы (құдалар жағы) алдын-ала дайындалған ішік жеңінің тесігінен 

аспандағы  жұлдызды  көру  керек.  Ол  жұлдызға  қарай  бастағанда  ойынды  ұйымдастырушы  жеңнің 

тесігінен су құйып жібереді. Қатысқысы келмесе жолын беріп құтылуына болады.  

Шам өлеңі. Бұл 90-жылдардан кейін Іле өңірінде пайда болып қазірге дейін жалғасып келе жатқан 

салт. Қоралана отырған құдаларға сөзі өткір, əзілқой құдағилар шам алып амандаса келеді. Жағалата 

əрқайсының  көзіне  шамды  жақындата  жағып,  бір-екі  шумақ  өлеңге  қосып  жауабын  күтеді.  Егер 

қарсы  жақ  өлеңмен  жауап  қата  алмаса  жеңіледі,  жол  береді  не  басқа  өнерін  көрсетеді.  Бұл 

халқымыздың ақындық, əншілік, өнерпаздық қабілетін көп алдында паш ететін өнер жарысы, қазір де 

Іле өңірінде сақталған салт. Бұл салт А.Алектровтың «қазақтардың неке тұруы мен үйлену салттары» 

деген  мақаласындағы  бір  ойынға  ұқсаңқырайды.  Онда: «кешкі  астан  кейін  əйелдер  құдалармен 

əзілдесе бастайды, əрқайсысы оны «қинап», əр нəрсені сұрайды, ал ол барлық сұрақтарға жауап беруі 

керек, «өлең  айт»  деп  қинаса  айтуы  керек,  айта  алмаса  əйелдер  ойына  келгенше  күлкіге 

айналдырады».  Ал  қытайдағы  қазақтар  «шам  өлең»  жəне  басқа  ойындарда  жеңілсе  жолын  беріп 

немесе өнер көрсетіп айыбын өтеген.  

Теріге  сүйреу.  Жаңа  сойылған  малдың  екі  терісіне  айран  жағып  бір-біріне  беттестіріп  кіре 

берістегі табалдырыққа жайып қояды. Сосын құданы үйге кіргізеді. Есіктен кіре берген құдалардың 

бетіне ұн шашылады, осы кезде ол терінің үстінде тайғанақтап жығылады, кейде маңдайшаға суы бар 

шелек  байлап  қояды,  оқыс  қозғалыс  кезінде  шелектегі  су  төгіледі.  Жиналғандар  сол  тамашы  көріп 

мəз-майрам болады, қатысушылар оған бола ренжімеуі керек. Аталған ойындардың дені Іле өңірінде 

бүгінге дейін сирек те болса өткізіліп тұрады. 

Халел  Арғынбаевтің  зерттеуінде  кездесетін  «қос  табақ»  тарту  дəстүрі  Іле  өңіріндегі  қазақтар 

арасында  əлі  күнге  дейін  сақталған,  оған  арнайы  жол  алынбағанымен,  аса  құрметті  қонақтарға  сый 

ретінде тартылады. Құдалық, жыртыс той, қыз ұзату, келін түсіру тойы кезінде қос табақ тартылады. 

Құдалықты бекітудің негізгі шарты құйрық-бауыр асату міндетті түрде жасалады.  



372 

 

Жүзік тастау ойыны. Алтай жақта сақталған ойын түрі. Жұрт айнала, қоралана отырады, біреуі 

жүзігін алып бəрінің қолына салғандай сыңай танытады, бір адамның қолына салып болғасын белгі 

береді,  жүзік  кімнің  қолында  тұрса,  сол  адам  орнынан  атып  тұруы  керек,  ондайда  екі  жағында 

отырған  адам  əлгі  адамды  тұрғызбай  ұстай  алуы  шарт,  егер  ұстай  аламаса  екі  жағындағы  адам 

жеңіледі, ұстай алса, ұсталған жігіт жеңіледі. Жеңілген адам өнер көрсетеді немесе жолын береді, бұл 

ойын қыз жақтың тойында болады.  

Құдалар  қайтар  кезде  төсті  пісіріп  табаққа  салып,  қасына 2–3 шыны  қосып,  бетін  ақ  бұлмен 

жауып  құдаларға  апарады.  Құдалар  бірер  жапырақ  турап  айналдыра  ауыз  тиіп  шығады,  қалғанын 

қоржынға салып алып кетеді. 



«Келін  ас»  апару  ырымы.  Бір  қойдың  етін  пісіріп  не  шикідей  бірнеше  киімдік  бұл  жəне  тəтті-

тəмелек қосып апарады. Бұны «келін сұрау» деп атайды. Жігіт жақ «осы жолы келінді сұрап келдік, 

пəлен уақытта беріңіздер» деп қолқа салады. 

Құдалықтан  кейін  жігіт  жақ  келін  түсіруге  қауырт  дайындала  бастайды.  Ең  жақын-

жамағайындарын  жиып  жыртыс  іледі,  осылайша  жыртыс  тойы  басталып  кетеді.  Су  Бихай  «Қазақ 

мəдениетінің  тарихы»  атты  еңбегінде  «жыртыс  салу  тойы – есік  көру,  ұрын  көру  тойы  деп  те 

аталады»,-  деп  жазады.  Бірақ,  ол  дұрыс  емес.  Себебі,  есік  көру  Іле  өңірінде  жыртыс  тойға  дейін 

өткізілетін арнайы салт. Жыртыс той атауының өзі Іле өңірінде ғана қолданылады. Алтай жақта бұл 

той қоржын той деп аталады. Іле өңірінде жыртыс той осы ғасырдың басына дейін жеке той ретінде 

жасалып келді, соңғы жылдары сирек жағдайда болмаса жыртыс тойы келін кіргізу тойымен қосып 

жасалатын  болды.  Оның  атауы, «келін  кіргізу  жəне  жыртыс  тойы».  Алтай  жақта  жыртыс  апаруды 

«қоржын  апару»  деп  атайды.  Жыртыс  ілу  кезінде  жігіті  жақтың  басты  дайындығы  пысықталады, 

əсіресе  түскиіз-шымылдығының  дайын  болуы,  көрпе,  жастық,  сырмақ  сынды  қолдан  жасалатын, 

кергішпен тігілген ұлттық қолөнер туындыларының жинақталуы қадағаланады, ағайын-туыс, жеңге-

келіндер кем қалған бұйымдарды толықтайды. Оны жеке-жеке теңдерге буып, ішіне жолдық ретінде 

түрлі  мата,  бауырсақ,  кəмит  салады,  жыртысты  ашқандар  салынған  тағамдарды  жейді,  киімдік 

маталарды бөліп алады. Сонымен бірге қызға алынған киім-кешектер де жыртыспен бірге апарылады. 

Демек,  бұл  жігіт  жақтың  екі  жастың  отауын,  қажетті  бұйымдары  мен  киімдерін  қай  деңгейде 

даярлағанын  тексерудің  ашық  үлгісі.  Көңілі  толмағандар  ренжіп,  риза  болғандар  мақтап  жатады. 

Бірнеше тоғыздан тұратын киім, рақ, маталар да беріледі. Өлі-тіріге тірі мал немесе сойылған қойдың 

еті апарылады. Шай мен тұз да  салынады, оны барғаннан  кейін екі жасқа қайнатып  береді. Келінге 

төс жəне басқа да сый-сияапаттар жеткізіледі. Жыртыс немесе қоржын келгенде əйелдер жағы таласа-

тармаса  жолына  қарай  ашып  мəз  болысады,  жыртыс  пен  қоржынға  баға  береді,  той  қызықтарының 

бірі – жыртыс ашу. Осы кезде жігіт жақ қыз  жақтан  баланы(болашақ келіндерін) сұрайды, қыз жақ 

ақылдаса келіп той уақытын белгілейді. Бұрын жыртыс апарғаннан кейін араға уақыт салып қыз ұзату 

той жасалатын, соңғы кездері жыртыс бара салып той басталып кететін дағды қалыптасты.  

Қазақтың  қысқаша  тарихында  «күйеу  жақ  қалыңмалдан  тыс  қыздың  əке-шешелеріне  «ілу», 

«сүтақы», «тоймал» береді», – деп жазылған. Осындағы сүтақы, тоймал беру қазірде бар. 

Осы  жолы  күйеу  жігіт  қайын  жұртына  ұрын  барады.  Жігіт  жолдасын  ертіп  алады.  Қыз 

жеңгелерінің  ұйымдастыруымен  «шаш  сипатар», «аяқ  жүгіртер», «төс  беру»  секілді  ырымдарға 

қатысып қалыңдығын көреді, тиісті жолын береді. Іле-шала қыз ұзату тойының уақыты белгіленеді. 

Сол  күннен  бастап  қыз  жеңгесі,  қайын  не  қайынсіңілісін  ертіп  жақын  туыстарын  аралап  тойға 

шақырады,  оны  «қыз  танысу»  деп  атайды.  Танысқан  қыздың  сəн-салтанаты  өзгеше  болады. 

Күмістелген ер-тұрман, өрнекті, шашақты ат көрпемен əдемі киінеді, туыстары танысып келген қызға 

шамасының  келгенінше  сыйлық  жасайды, ат  мінгізіп, камзол  жабады,  жүзік, сақина,  көрпе-жастық, 

сырмақ,  ұлттық  қолөнер  бұйымдарын  береді.  Қыз  танысу  Іле  өңірінде  жақынғы  жылдарға  дейін 

жалғасты, қазір де тым сиректеу болса да сақталған салт.  

Ы.  Алтынсаринның  Орынбор  қазақтарының  құда  түсу,  қыз  ұзату  жəне  той  жасау  дəстүрлерін 

жазған еңбегінде қыз танысудың той өткен соң болатынын жазады, онда, «əрбір туысқан жəне жақын 

жоралары  таныса  келген  қызға  сыйлық  беруі  тиіс,  біреулері  кілем,  біреулері  шапан  береді,  ал 

кейбіреулері  бірнеше  кілем,  шапан,  ішік  береді,  сол  күні  кешкісін  төңірегіндегі  ауылдың  барлық 

жастары ұзатылатын қыздың үйіне жиналып ойын-сауық жасайды»,-делінеді. Сонда ұзатылатын қыз 

туыстарын  той  күні  ғана  шақыра  ма  əлде  сыйлық  алудың  жолы  ма  деген  заңды  сауал  туындайды. 

Демек сол кезде де қыз танысу тойдан бірнеше күн орын алуы əбден мүмкін, қазақ ауылдарының бір-

бірінен  алыс  отыратынын,  олардың  қыз  ұзату  тойына  ертерек  жəне  барынша  жоғары  деңгейде 

дайындалатынын  ескерсек  аталған  жазбаның сəл  бұрыстау  тұстарының  бар  екенін  байқаймыз, олай 

болмағанда  қыз  тек  жастарды  ғана  түнгі  тойға  шақырған  болып  шығады.  Ал  қытайдағы  қазақтар 

арасындағы  «қыз  танысу»  өзінің  тойына  туыстарын  тікелей  шақыру,  екінші  жағынан  туыстарының 

үйінен дəм татып, бата алып қоштасуы болып табылады. 

Көп өтпей қыз ұзату тойы басталады. Бұл той барынша сəн-салтанатпен думанға толы болады, əн 

айтылады, айтыс жасалады, балуан салу, көкпар ұйымдастырылады.  


373 

 

Іле  өңірінің  тумасы,  информатор  Тұрсынбай  Дəуітұлы  қыз  ұзату  тойы  кезіндегі  салттық 



жоралардың біразын көзімен көріп ат салысқан. Оның айтуынша, «ел аузында: бүгін өлең, ертең той, 

келсең  кел,  келмесең  қой»  деген  сөз  бар,  өнерпаз  жастар  түнгі  өлең  тойға  тегіс  жиналады,  əн 

айтылады,  күй  тартылады,  екі-екіден  жұптасып  айтысады.  Өлең  тойдың  соңы  ұзатылатын  қыздың 

жезделері айтатын «арыз өлеңмен» аяқталады. Арыз өлеңнің есте қалған бір шумағы төмендегіде:  

Ендеше қаралаяқ, қаралаяқ,  

Жас кезде ойнаушы едің жалаңаяқ.  

Шəйнекке шай сал десе салмаушы едің,  

Ұстайсың  енді  қайтып  қазанаяқ.  Бір  жағы  балдызға  арналған  əзіл,  екінші  жағы,  шынайы  өмірге 

қызды дайындау еді. 

Өз  басым 2000-жылдардың  кезінде  түнгі  тойда  екі-екіден  жұптасып  қара  өлең  айтысын 

жасағандарды көрдім. Бірнеше жұптың ішінен ең таңдаулылары таңға дейін көпшіліктің қошаметіне 

бөленіп айтысушы еді. Жеңілгені жол беріп, жеңгені сый-сияпатқа ие болатын. 

Алтай қазақтары арасында «шеге шапан» деген салт бар. Күйеу жігіт пен оның жолдасына төс пен 

асық  жілікті  бергеннен  кейін  құлағалы  тұрған  кішкене  үйдің  ішіне  отырғызып  қояды.  Алдын-ала 

дайындалған  ұйымдастырушылар  əлгі  үйді  құлатады,  күйеу  жігіт  қашып  шықса  жеңеді,  ал  шыға 

алмай  астында  қалса  жеңіледі,  айыбы  ретінде  шапанын  шешіп  тастап  кетеді.  Бұл  күйеу  жігіттің 

жылдам, қағылездігін, қайраты мен сергектігін сынаудың тəсілі. 

Той  тарқар  кезде  аужар  айтылады.  Оны  көбіне  киіз  үйдің  ішінде  қыздың  жеңгелері  айтады.  Ал 

сыртта  жігіттер  атпен  домбырамен  жабықты  түріп  қойып  өлеңдете,  əндете  жалғастырады. 

Информатор,  айтыскер  ақын  Қайрат  Құлмұхаметұлы  аужар  кезінде  Алтай  өңіріндегі  қазақтар 

арасында  орын  алатын  қызықты  бір  оқиғаны  айтып  берді: «аужар  айтып  тұрған  жігіттердің  ішінен 

біреуі  жабықтан  жылдам  секіріп  түсіп  іштегі  қыз-келіншектерге  ұстатпай  есіктен  шығып  кетуге 

əрекет  жасайды.  Егер  іштегі  қыздар  ұстай  алса  жігіт  жеңіліп  жол  береді,  ал  жігіт  ұстатпай  кетсе 

қыздар жеңіліп жол береді». 

Аужар  айтқан  жігіттерге  орамал,  шыт  тарту  етіледі.  Сонымен  бірге  табақпен  жілік  салынған  ет 

беріледі, табақтың беті ақ бұлмен жабылады, жігіттер сол арада жейді. Қызды шығаратын кезде «қыз 

көрісі» басталады. Босаға, шаңырақ, ата-ана, аға-іні, сіңілілерімен бір-бірлеп өлеңмен қоштасады. 

Есіктің алды ошаған, 

Ұстатпайды қашаған. 

Қайта айналып келгенше, 

Аман болсын босағам... 

Бүкіл  елдің  сай  сүйегін  сырқыратқан  қыз  қоштасуы  кейде  тіпті  көш  жерге  дейін  созылған.  Бұл 

салт та XX-ғасырға дейін жетті.  

Күйеу жігіт жолдасымен бірге қыз ұзатылғанда үйде қалады, олар шай ішіп ұзап кеткеннен кейін 

аттанарда киіп келген шапанын қайын жұртының босағасына іліп кетеді. 

Қыз  ұзатылып  келе  жатқанда  жол-жөнекей  отырған  ауылдар  арқан  керіп  шашу  шашады,  келе 

жатқан  топ  жолын  берісімен  арқанды  жинап  алады.  Сосын  жігіттің  туыстары  келіннің  алдынан 

шығып  қарсы  алады.  Кішкене  бала  келіннің  атына  мініп,  ат  көрпенің  астына,  ердің  қасына  немесе 

қанжығаға байланған жолдықты алады, бұл «келіннің алдынан шығу» немесе «келіннің атына міну» 

деп  аталды.  Мұндай  кезде  ақ(айран,  қымыз)  алып  шығып  дəм  таттырады,  шашу  шашылады,  келін 

баса көктеп атпен ауылға кірмейді, алыстан түсіп жаяу келеді, оны екі қолтығынан жеңгелері сүйеп 

басына бөртпе салып үйге əкеледі, отқа май құйғызып беташар жасалады. беташар кезінде көп жерде 

кездесе бермейтін бір салт – Алтай қазақтарында сақталған. Информатор Қайрат Құлмұхаметұлы бұл 

салттың өзіндік мəн-маңызын айтып берді: 

Беташар жасалатын үйдің кіре берісіне тойға  сойылған  екі қойдың терісін беттестіріп  тастайды. 

Келінді сол терінің үстіне шығарады. Екі жағынан екі жеңгесі сүйеп тұрады. Беташар мəтініне ілесіп 

келін басы жерге тие жаздап иіле сəлем салады. Егер келін тайғақ терінің үстінде оқыс əрекет жасаса 

жығылуы мүмкін, сондықтан қызға тəн биязылықпен, байыппен əрекет ету керек, бұл келіннің жүріс-

тұрыс, əдеп-ибасын сынайтын дəстүрдің ерекше түрі болса керек. 

Демек,  қытайдағы  қазақтар  арасында  əлі  де  болса  бояуы  бұзылмай,  қалпы  өзгермей  сақталған 

салт-дəстүрдің  өзгеше  түрлері  бар.  Бұл  алдағы  уақытта  салыстырмалы  түрде  ғылыми  негіздеуді, 

зерттеуді талап етеді. 

 

Əдебиеттер мен деректер: 

1. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996. 

2. Қазақтың қысқаша тарихы/құр: қазақтың қысқаша тарихын жазу группасы. – Үрімжі, 1987. 

3. Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары/жау ред: Əжіғали С.– Алматы, 2006. 

4. Су Бихай. Қазақ мəдениетінің тарихы. – Үрімжі, 2005. 

 

 



374 

 

Информаторлар 

1. Зияш Қосанқызы, ҚХР, Іле облысы, Текес ауданында туған, Құлжа қаласында тұрады, жасы 71 де, руы – Найман, 

Қызай, мамандығы – оқытушы, көп балалы ана. 

2.  Болат  Бопайұлы,  этнограф,  ҚХР,  Алтай  аймағы,  Көктоғай  ауданының  тумасы, 55 жаста,  руы – Керей,  Молқы, 

1993-жылы атажұртқа келген. 

3.  Тұрсынбай  Дəуітұлы,  ҚХР,  Іле  облысы,  Күнес  ауданында  туған, 50 жаста,  руы – Найман,  Қызай, 1994-жыллы 

Қазақстанға келген, мамандығы – оқытушы. 

4.  Қайрат  Құлмұхаметұлы,  ҚХР,  Алтай  аймағы,  Жеменей  ауданында  туған, 48 жаста,  руы – Керей,  Меркіт, 2001-

жылы Қазақ еліне қоныс аударған, айтыскер ақын. 

5.  Əбдінұр  Əбдіраманханұлы,  ҚХР,  Іле  облысы,  Текес  ауданында  туған,  сонда  тұрады, 40 жаста,  руы – Найман, 

Қызай, мамандығы – оқытушы. 

 

 

К.Д. Джуманова 



Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің магистранты;  

А.М. Маликова 

Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің  

шетел тілдері кафедрасының оқытушысы (Атырау қ.) 

 

ЕЛ МЕРЕЙІ – ТƏЛІМДІ ҰРПАҚ 

 

Қай халықта да тəрбие мəселесі дəстүрінің пайда болып қалыптасуы, өсіп жетілуі сол қоғамдағы 



əлеуметтік – тарихи өзгерістермен, ғылым мен мəдениеттің өркендеуімен тығыз байланысты екендігі 

белгілі. Əрбір жеке тұлға өзі өмір сүрген дəуірдің өзгерістерін көріп содан өмірлік сабақ алып өмірге 

бейімделуі заңды. 

Терең  білім,  тəлімді  тəрбие  адам  өмірінің  өзекті  қызметі  екендігі  белгілі.  Білім  беру  адам 

табиғатының жақсаруына, əр адам бойында адамгершілік қасиеттің қалыптасуына негізделетін, білім 

беру арқылы ғана болашақты алдыға қарай ұмтылуға қалыптастыруға болатынын терең түсіну қажет. 

Қай заманды алып қарасақ та, қашанда қоғамның қозғаушы күші қисапсыз байлық емес, ғылым-білім 

болғаны  белгілі.  Ұлттық  болашағы  толғандыратын  ұрпақ  тəрбиелеу  əрбір  отбасының  міндеті.  Жас 

ұрпақтың бойында қазақ баласына тəн ананың əлдиімен, батырлар жырының құдіретті тілімен сіңетін 

ұлттық  намыс  отының  қуатын  арттыру,  адамгершілік  ар,  инабат,  мейірім  деген  ұғымдарды  санаға 

құйып жеткізу əрбір ата-ананың борышы деуге əбден болады [1, 51-б.]. 

Қазіргі таңдағы өмірлік мақсат-мұраттың басты сипаты- туған халқының тұғыры болу. 

Ұрпаққа  дұрыс  тəрбие  беріп,  жеке  тұлға  қалыптастыру-  бүгінгі  қоғамның  да  ең  өзекті  мəселесі 

болып  отыр.  Ұлттық  құндылықтарымыздың  не  бір  ғажайып  үлгілерін  бойына  сіңірген  ұрпақ  өсіру 

заманның болашағы десек оны тəрбиелеп бойына адалдықты  сіңіріп, арлы азамат қатарына жеткізу 

ата-  ана  міндеті.  Ар  дегеніміз  ақылдың  ісі.  Арлы  жерде  арамдық  жүрмейді.  Сондықтан  да  Алаш 

баласының  аманының

 

атасы  да,  анасы  да – ар.  Оның  адамгершілік  пен  кісілік  төл  тумасы  болуы 



керек.  Қас – қағым  сəттердің  жиынтығы  адам  өмірінің  тарихы  болып  қалады.  Қазақ  халқының 

тарихында көңілі дарқан, көкірегі ояу, санасы серек, шежірелі қариялар көп болған. 

Баланың  жастайынан  зерделі  зерек  өсуіне  осындай  қарашаңырақ  иелерінің  ақыл – парасаты 

ұрпаққа жұққан қасиетті елдің ықпалы жас сəбидің ойын ұштап, қанатын қолдап қияға қанат қағуына 

ықал  етеді.  Отбасындағы шуақты  күндер  бойына  қуат, ойына  сарқымас  ақыл-парасат  бағыштаса  ол 

сəбиден өскелең елдің ұрпағы шығары сөзсіз. 

Ұлылық – жүректегі  ұлы  сезіммен,  өз  қамынан  халық  қамын  жоғары  қоюмен  өлшенетін  болса 

керек.  Онда  ұрпақтың  еліне  сіңірген  еңбегі  ұлылықтың  белгісіндей  болары  сөзсіз.  Көпті  көріп,  көп 

қадірлеп,  білімінен  нəр  алып,  ел-жер  қазынасы,  көкірегі  қазынаға  толы  қариялар  тағлымы  өскелең 

елдің ұрпағын тəлімді ұлан етіп өсірері сөзсіз. Ұрпақтарға ұлағат, аманат қалдырған мəңгілік мұрасы 

ұрпақ тəрбиесінде алар орнын айқындатып көрсетеді. 

Жас  ұрпақтың  сапар  жолында  туындайтын  сан  қилы  көріністер  мен  өткен – кеткеннің  көз 

көңілден өшпейтін алуан суреттерін ерінбей теретін жастық шақтың қайта келмес бақытты сəтін əр 

ұрпақ  елесіз  қалдырмаса  керек.  Бұл  үлкен  өмірге,  болашаққа  деген  сенімді  арттыра  түседі. 

Өркениетті  елдердің  барлығында  балалардың  рухани  азығы  басты  назарда  болады.  Ел  дамуы  үшін 

ұрпақтың  саналы,  зейінді,  зерек,  ынталы  болып,  білімі  мен  қабілетін  көрсетіп  болашақтың  кілтін 

ұстауы  керек.  Туған  топырағына  адал  еңбек  етуді  ту  етіп  көтеру  ұрпақ  парызы  мен  қарызы  деуге 

болады. Білімнің орнын еш нəрсе толтыра алмайтыны белгілі. Өнеге-үлгінің əр жүрекке жету жолы, 

əрине əрқилы болады. Жалын жастық шақтан бастау алатын тəрбие үлкен жауапкершілікті жүктейді. 

Атадан  балаға  жалғасар  үлгі-өнеге,  ұлттық  дəстүр,  намыс  туын  бойтұмар  етіп  кейінгі  жасөрім 

ұрпақты қашанда ар-иман тазалығына құлшындыртып қайрайтын қуат көзі де тəрбие. 

Қазіргі  жастарды  тəуелсіз  елімізбен  құрдас,  өмірге  деген  көзқарастары  орнықты  деуге  болады. 

Жастыққа  тəн  мінездермен,  жастыққа  ғана  жарасымды  қылықтармен  қуантатын  ұрпақ 


375 

 

мақтанышымыз.  Отбасы  тарапынан  берілетін  тəрбие  жастардың  санасына  бала  кезден  сіңіріледі. 



Ұрпақтар  арасында  патриотизмді  дамыту  қажет,  яғни,  отансүйгіштік  рухты  қалыптастыру  басты 

міндет. Ең бастысы демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан ел болашағы жастардың білім алып, өз 

деңгейінде  өмір  сүруге  еркіндігі  бар.  Еліміздің  болашағы  сенімді  қолда  екендігіне  кəміл  сенеміз. 

Əркім бұл өмірде өз жолын өзі өтіп шығуы тиіс. 

Ұрпаққа заманына сай білім мен білік керек. Бұл даму заңдылығы. Өзінің қабілетін асыра бағалау 

–  білімсіздіктің  бірінші  белгісі.  Адамның  тұтыну  мəдениеті  оның  өмір  сүру  салтын  құрайды.  Өмір 

салты  оның  өмір  сүру  сапасына  əсер  етеді.  Бұл  бағытта  ең  бірінші  ойға  оралатыны  қазақ  тілінің 

болашағы.  Бұл  ұлтымыздың  ең  басты  белгісі  ғана  емес,  рухани  күші  де,  патриоттық  қуаты  да.  Ана 

тілі – елдің, халықтың төлқұжаты жəне тəрбие басталуы да. Тіл жоғалса ұлт та жоғалады. Білім мен 

тəрбие де жоғалары сөзсіз. Бұл аксиома. Сондықтан, Елбасының мемлекеттік тілдің жағдайын ерекше 

назарда  ұстап,  тұрақты  көңіл  бөліп  келуі  тегіннен – тегін  емес.  Мəселен,  алдымен  «Қазақстанның 

болашағы – қазақ  тілінде»  деді.  Сонымен  қатар  Елбасы  ана  тілімізге  қамқорлығын  аяп  қалған  жоқ. 

Бұл ұрпақ тəрбиесіндегі ең маңызды мəселе [2, 31-б.]. 

Тіл – тəрбиенің  бастау  бұлағы.  Сондай-ақ  əлемдік  көштен  қалмай,  дамыған  елдің  ұрпағына 

айналу үшін көп тіл білу де ауадай қажет. Бүгінгідей жаһандану жағдайында тек бір тіл мен ұрпаққа 

бара  алмайтынымызды  өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр.  Бұл – ұрпақтың  қазіргі  жаһандану  заманында 

бəсекеге  қабілетті  ұлт  болып  қалыптасуының  əлеуметтік  амалдарының  бірі,  шешуші  жолы.  Егер 

тарихқа көз жіберсек, əйгілі энциклопедист ғалым əл-Фараби бабамыз жетпіс шақты тіл білген деген 

мəлімет бар. Ұлы ойшылдың əлем ұстазы болуы тегіннен – тегін емес. Тіл білу сол тілдің қасиетін, 

тəрбиелік  мəнін  түсіну  заман  талабынан  туындап  отыр.  Əрбір  ұрпақтың  заман  талабының  көшінен 

калмай, ғылым əлеуетінің артыуын, дамуын, білім алуының жан-жақтылығын арттыру басты парыз. 

Адамзаттың  басты  құндылықтарының  бірі  отбасы  екендігі  даусыз.  Отбасы – адам  баласының 

ұрпақ  өсіріп,  сол  ұрпағы  арқылы  өз  өмірі  мəңгілікке  ұластыратын  ұясы.  Өзі  дүниеге  əкелген 

ұрпағына ұлағатты тəрбие беру ең басты міндет екенін ата- ана жақсы түсіне білуі керек [3, 28-б.]. 

Елбасының  сөзімен  айтқанда: «Отбасы  береке  бірліктің  қайнар  көзі.  Отбасының  бірлігі – 

Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы» – деп өнегелі де елдік тəрбие беру 

ниеті  бар  елміз.  Ең  бастысы – ел  өзгерді,  дүниеге  деген  көзқарастары  мен  болашаққа  деген 

ұмтылыстары мүлдем жаңаша еркін ойлы, өр мақсатты жас буын қалыптасып өсіп келеді. Əр отбасы, 

ондағы тəрбие мəйегі Отанымыздың қасиетті шаңырағын ұстап тұрар əлеуетті үлкен күш деп білеміз 

[4, 11-б.]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет