Литература:
1. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. – 317 с.
2. Калыш А.Б. Семья и брак в современном Казахстане. – Алматы: Арыс, 2013. – 464 с.
Ж. Исабеков
ҚР МОМ антропология жəне этнология орталығының к.ғ.қ. (Алматы қ.)
ҮШТАБАН (БАЛАЛАРДЫҢ АСЫҚ ОЙЫНЫ)
Үштабан – қазақ балаларының асық ойынының бір түрі [1, 97-б.]. Бұл ойын атауы кейбір
еңбектерде жəне интернет материалдарында қысқаша ғана анықтамамен жазылғанымен, ойынның
қалай ойналатындығы жайында толыққанды мəлімет кездеспейді. Ал ойынның таралу аймағы
жөнінде Диалектологиялық сөздікте «Жамбыл, Талдықорған, Ақтау, Ырғыз» деп көрсетіледі [2, 675-
360
б.]. Бұдан үштабанның қазақ жерінде кең тараған ойын екенін көруге болады. Сонымен бірге бұл
ойын Алматы облысында да ойналатындығы белгілі. Сол себептен бала кезден таныс үштабан
ойынының ойналу ерекшелігі туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық
категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі» аталатын энциклопедияның 5-томында
алғаш жарияланды. Ал бұл мақала энциклопедияда жарық көрген мақаланы толықтыру болып
табылады.
Асық ойындары көбінесе көктемде қар еріп, жер алақұрғақ бола бастаған кезде ойналады. Бұл
кезде асық ойындарының «шеңбер», «шик-бүк», «сақа атыспақ» сынды түрлерімен қатар үштабан
ойыны да қызады. Ойын барысында балалар арасында «бірінің атқанын, екінші бірі дұрыс атпадың»,
«қарау ойнадың» деген сияқты келіспеулер; бірі асықты шертейін немесе атайын деп тұрған
ойыншыны сүріндіруге тырысу үшін «мүрт-мүрт» деп айтып, бірін-бірі көздеген нысанасына мүлт
кетуіне кедергі келтіру; түптегі ойыншы үш табан салып сырттағы ойыншы сақасын ататындықтан
кішкене болса да қарсылас сақасына жақындау үшін, сонымен бірге атқанда ұшқан асықтың үш
табаннан асқанын, аспағанын анықтауда ойыншы балалар аяғына үлкен аяқкиім киіп келетін кездері;
асықты шерткенде дұрыс шертпей сақасын жантайта ұстап «сүріп» жіберу сияқты жағдайлар орын
алып тұрады.
Үштабан ойынын екі немесе одан да көп бала ойнайтын асық ойыны. Бұл ойынның үштабан
аталуына ойынның басында түптегі ойыншының тігілген асықтар қасынан сырттағы ойыншы
сақасын атарда үш табан салып (өкшені екінші аяқтың басына тигізе үштабан басып) барып атуы,
сонымен бірге сақаны, асықты атқанда немесе шерткенде орнынан үш табаннан асыра ұшыру
қажеттігіне байланысты қалыптасқан.
Ал ойынның ойналуындағы кейбір жағдайлар, мысалы сақасы алшы тұрса атуға болатыны ату,
шерту сияқты жағдайлар асық ойындарына басқа түрлеріне ұқсас болып келгенімен, негізгі ережесі
мүлдем бөлек əрі күрделірек. Сонымен қатар бұл ойында ойыншылардың бірінің түпте, яғни
асықтар тігілген орында қалуы жəне басқа ойыншылардың сыртқа (немесе шет), яғни тігілген асық
айналасының кез-келген жерінде сақасын иіріп ойынға араласуына ерікті болуында. Бұл жерде түпте
қалған ойыншының негізгі міндеті тігілген асықтарды қорғау мен сыртқа шыққан ойыншыларды
түптің айналасына жақындатпау болып табылады. Сонымен бірге үш табан салып барып сырттағы
ойыншы сақасын атқанда немесе түпке жақындап келіп сақасын иірген сырттағы ойыншы сақасын
атқанда да мүлт кетпей, дəл тигізуге тырысады. Ал сырттағы ойыншы сақасын дəл көздей алмаған
жағдайда түп бос қалып сырттағы ойыншы түпті емін-еркін иелік ететін болады. Сол себептен де
түптегі ойыншы түпті, яғни асықтар тігілген жерді барынша тастап кетпеуге тырысады. Сырттағы
ойыншылардың міндеті барынша түпті маңайлай сақаларын иіріп, сақалары алшы түссе тігілген
асықтарды атып ұтып алу. Немесе түп ашық қалған жағдайда түпке сақасын иіріп түпке иелік етіп
алуды көздейді.
Үштабан ойнау үшін балалар асықты немесе қарсылас сақаларын атарда кедергі болмайтындай
тегіс жерді таңдайды. Ойыншы санына байланысты алаң ортасына арасы бір қарыстай алшақ етіліп
бір-бір асықтан (кейде екі-үш асықтан) тігіледі. Ал бұдан соң ойыншының бірі қалған ойыншы
сақаларын алып ойынның ретін анықтайды. Ол үшін жиналып алынған сақалар жерге «шиіріліп»
тасталады. Осы сəтте қайсы ойыншы сақасы алшы түссе – бірінші, бұдан кейін сақалар қайта
шиіріліп тасталып ойыншы реті соңына дейін анықталады. Ал ойыншы екі бала ғана болса сақасы
алшы тұрғаны сыртқа шығып, екіншісі түпте қала береді. Сыртқа шыққан ойыншы тігілген
асықтардан алшақ жерге барып, сақасын иіреді. Бұның себебі, түпте қалған ойыншы оның сақасын
үш табан салып барып атуы мүмкін. Сол үшін сыртқа шыққан ойыншы, түптегі адамның иірген
сақасын ата алмауын ескереді. Егер оның иірген сақасы алшы түссе, сақасы иірілген жерде тұрып,
түпке тізілген асықтың бірін көздеп атады. Егер сақасы бір асыққа тиіп, ол орнынан үш табаннан аса
ұшса, онда ол асықты алып ортадағы екінші асықты атады. Сақасы екінші асыққа тиіп ол да үш
табаннан аса ұшса, ол асықты да алып жеңімпаз болады. Бұдан кейін қайтадан асықтар тігіліп ойын
қайта жалғасын табады. Ал керісінше сырттағы ойыншы түпке тізілген асықтардың біріне сақасы
тиіп, бірақ ол асық үш табаннан аспаса, бірақ ойыншы сақасы алшы түссе асықты орнына қайта тігіп,
ойынды жалғастырып асықты ата беруіне болады. Ойын барысында асықты немесе сақаны атқанда
немесе шерткенде мүдіріп қалып, бірақ ойыншы сақасының алшы түсуі де ойыншылардың кез-
келгенінің ойынды жалғастыру мүмкіншілігі болып табылады. Сонымен бірге сырттағы ойыншы
сақасы алшы түспей шик не бүк түссе, онда сақа сол орында жатады. Бұндайда түптегі ойыншы өз
сақасын не тігілген асық түбіне (түпке) иіреді. Егер иірілген жағдайда сақасы алшы түссе ортадағы
екі асықтарды алып, жеңімпаз аталады. Немесе, тігілген асықтар түбінен үш табан салып барып,
сырттағы ойыншының сақасын атады. Бұндайда сақасы дөп тиіп оны үш табаннан асыра ұшырса,
онда ол жеңімпаз болып, ортадағы екі асықты алады да, екі жақтан бір-бірден асықтар қайта тігіліп,
ойын қайта жалғасады. Керісінше түптегі ойыншы үш табан салып барып сырттағы ойыншы сақасын
атқанда, сақасы оның сақасына тимей сақасы оның сақасына жақын жерге түссе, сырттағы ойыншы
361
оның сақасын атуына болады. Немесе, сырттағы ойыншы оның сақасын атпастан, түпке келіп
сақасын иіруіне болады. Бұндайда оның сақасы алшы тұрса ортадағы асықтарды бір-бірден атып
немесе шертіп алады. Кейде алдын ала келісулері бойынша асық түбіне иіргендіктен асықтарды
бірден алып кетеді. Сондай-ақ сырттағы ойыншы түпке сақасын иіріп сақасы алшы түспеген
жағдайда сақасы сол орнында, яғни түпте жатады. Ал сырттағы ойыншының сақасын атқан түптегі
ойыншы сыртта жатқан сақа орнынан, түпке иірген сырттағы ойыншының сақасын атуына немесе
түпке келіп сақасын иіруіне болады. Осы кезде оның сақасы алшы тұрса, ортадағы екі асықты алып
жеңімпаз болады немесе сақасы бүк не шик түссе сақасы сол орнында жатады. Бұл кезде сырттағы
ойыншы мен түптегі ойыншы сақалары бір жерде, яғни түпте болғандықтан сырттағы ойыншы,
түптегі ойыншының сақасын атып немесе екі асықты жеке-жеке атып, асықтарды ұтып алуына
болады. Ол сақаны атқан жағдайда, ол үш табан жерге ұшса ортадағы екі асықты атпай-ақ ұтып
алады.
Ал ойыншы саны үш немесе одан да көп болған жағдайда үштабан ойынының ойналуы күрделене
түседі. Бұнда да əрбір ойыншы ортаға бір-бір асықтан тігеді, ойыншылардың ретін анықтайды. Бұдан
кейін бірінші ойыншы сыртқа шығып сақасын иіріп алшы түссе, ортадағы асықты атады. Сақасы
алшы түспеген жағдайда, сақасы сол орында жатады. Ойынның басталған кезі болғандықтан түптегі
ойыншының үштабан салып барып сырттағы ойыншының сақасын атқан сияқты, келесі ойыншылар
үштабан салып барып оны атуына немесе сырттың басқа жеріне барып сақасын иіруіне болады.
Түптегі ойыншы түпке тізілген асықтарды қорғап, ортаға иіруіне немесе шетке кеткен ойыншылар
сақасын дəлдеп атады. Сонымен бірге сырттағы ойыншылардың бір-бірінің сақасын немесе түптегі
асықтар мен түпте қалған ойыншы сақасын атады. Осылайша өзіндік ойнау ережесі бар үштабан
ойыны жалғаса береді [3, 618–619-бб.].
Қорыта келгенде қазақ балаларының асық ойыны, соның ішіндегі аталмыш үштабан ойыны асық
ойындарының ең бір қызықты түріне жатады. Бұл ойын балаларды мергендікке, жан-жақты ойлауға,
арлы-берлі жүгіріп, еңкейіп дене қимылын жасауына үлкен ықпал етеді. Сондықтан да ойынның бұл
түрін əлі де зерттеп, насихаттауды қажет етеді.
Əдебиеттер:
1.
Қазақ əдеби тілінің сөздігі. 15-том. – Алматы: Арыс, 2013. – 816-бет.
2.
Диалектологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 675-бет.
3.
Үштабан // Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі. 5-том.
Ғылыми редактор жəне жоба жетекшісі Нұрсан Əлімбай. – Алматы: «Азия Арна», 2014. – 618–619-бб.
А. Алтынбеков
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың PhD докторанты (Алматы қ.)
ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Əлемдегі барлық елдерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тағдыры алаңдатуда. Бүгінгі басты
мəселе, осындай түйіткілдерді шешудің ұтымды жолдарын табу, практикалық шараларды тиімді
ұйымдастыру, соған ұрымтал ықпал ететін барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Шəкəрім
Құдайбердіұлының поэзиясында қоғамдық əлеуметтік мəселелер мен қатар адамдардың бойындағы
мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-қимыл ерекшеліктері, кемшіліктері жайлы ойлар тұнып тұр. Ғалым,
ақын оларды əлеуметтік мəселе ретінде көтерген. Оның басты себебі – кемшіліктер мен мінез-құлық
ауытқулары қоғамдық ортаға жəне жекелеген адамдарға зиянын тигізбеу, адамдық жолмен өмір
сүруді насихаттау, соған халықты, əсіресе жастар мен балаларды бейімдеу, тəрбиелеу болатын.
Сонымен, Шəкəрім шығармаларында адамдардың бойындағы кейбір қисынсыз қылықтар, кері
кеткен əдеттерге тоқталсақ, оларды былайша сипаттайды: надан, еріншек, маскүнемдік, нашақорлық,
ұрлық, ашушаңдық, ұрыс-керіс, араздық, алдау, өтірік, қулық, сұмырайлық, мақтан, ел қыдыру,
сұрамшақ, дарақы, шабан, бəңгі, тантық, жалқау. Ғұлама ақын оларға сипаттама бере отырып түзету
жоладарын да қарастырған.
Əр нəрсенің даму, қалыптасу жолын кезеңдермен зерделеу, оның ішкі үрдістерін пайымдауға, сол
арқылы қажетті тұстарын бөліп алып нақтылап көрсетуге көмектеседі. Сондықтан ғұлама ақын,
философ Шəкəрім Құдайбердіұлының өміріндегі əлеуметтік педагогикалық ойларының
қалыптасуына ықпал еткен ахуалдарды, оның шығармаларымен қабыстыра зерделеуге ұмтылдық.
Ғұлама ақын Шəкəрім Құдайбердіұлының ақындық өмірі мен ғылыми шығармашылық өмірін
кезеңдерімен зерттеуде оның өзінің «Мұтылғанның өмірі» шығармасы дəл сипаттама беруге
көмектеседі. Бұл өлеңін ол 1929–1931 жж. аралығында жазған.
Өмірінің алғашқы жылдарына берген сипаттамасынан оның «Тоймаса да ойынға, тағылық бар
бойымда, ерекшелік ойымда» дегені, өзінің көп нəрсеге қабілетті болғанын сезгендігін білдіреді, ол
362
«он жасыма кірген соң, домбра, гармонь білген соң, мылтық атып жүрген аңшы боп түстім азапқа»
деген екен [1, 146-б.]. Осы кездегі өзінің əр нəрсеге қызығушылығын «сағат пен орган жүргенін,
таңырқап ашып көргемін...телеграм жайын білгемін...» бір үйден екінші бір үйге қазыққа ішекті
тартып (шекті керіп қадаққа) телеграм сымын жасап көргені, ғылымға, инженерлік іліміне
қызығушылығын көрсетеді. Бұл оның өмірінің алғашқы кезеңін суреттейді. Бұл оның өз басының
əлеуметтенуге бейілді болғанын жəне əр нəрсеге бейімділігін көрсетеді. Ғұлама ақын өмырының
бірінші кезеңін, балалықтан есеюуге дейінгі аралығын белгілейді.
Ертеректегі тарихта аты қалған ғұламалар мен кейінгі ғалымдардың көпшілігінің сурет пен
музыка өнеріне еліктегені тарихтан белгілі. Шəкəрім де «сурет жасап, түр ойдым» дегені көркем
суретке еліктегенін жəне қол өнеріне де қызыққаны, оны солардың қатарына қосуға меңзейді. Оның
өзіне киім тіккені де айтылады зерттеушілер тарапынан. Бұл енді, психологиядағы бір нəрсеге
дарынды, қабілетті адамның көп қырлы болады дегенге саяды. Өйткені ол адамның
психофизиологиясы мен өскен ортасы, туа біткен дарыны мен қабілетіне байланысты Ақын өзі
өмірінің осы кезеңін «жиырма жыл өткенше, өткіздім сүйтіп өмірін, қырыққа жасым жеткенше»
дегенінен жиырма жастан кейінгі қырық жасқа дейінгі аралықтағы көрген күні істеген ісінен хабар
береді. Ол туралы отыз жас аралығында төрт нашар іске еліктегенін өзі мінеп «Жуандық тағы, бір
қыл құрт, жетім, ерке болып қырт мансапқа мінген мен бір мас» дегеніндегі «жуан» сөзі бай,
шонжарларға қарай айтылған, ал еркелік те бір кемшілік, «қырт» –дегені орынсыз қылық, сөзге
байланысты айтылатын, мансапқорлық та жақсылық əпермейтін кемшілік. Бұларды өзі сезініп, дер
кезінде бас тартқан.
Сөйтіп ғалым, ақынның өмірінің екінші кезеңіне қырық жасқа дейінгі аралықты жатқызуға
болатынын жəне бұған дəлел, оның өзінің осы «Мұтылғанның өмірі» шығармасындағы лебізінен
көруге болады, «жиырма мен қырық арасы – жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы» –деп өкінеді
ол. Ғалымдықтың бір белгісі «болдым, толдым» демей, тапқанына риза болып тоқтап қалмай, тағы да
іздене түсуге ұмтылу, өзіне риза болмау үнемі жандүниесін байытуға ынталы болуы.
Бұл жастар мен балаларды əлеуметтендірудің басты ұстанымы басқаша айтқанда Шəкəрімнің өз
басы, өзіне риза болмай өткен өмірін бос кетті-ау деуінің өзі үлгі аларлық іс.
Шəкəрім Құдайбердіұлының дүниетанымының қалыптасуына əсер еткен, алғашқы ықпал –
ұстазы Абайдың тəрбиесі, сонымен бірге шетелдерге сапарға шығып, Еуропаның Петербор, Стамбул
сияқты атақты шаһарларын аралауы себепкер болды. Ойшыл ақын сол сапарында аталған қалалардың
кітапханаларына кіріп, көне кезеңнен бастап, ХІХ ғасырға дейінгі ғалымдардың еңбектерімен
танысты, əр мектептің, əр бағыттың көзқарастарын оқып-білді.
Осы жерде «Мұсылмандық шарты» сияқты шариғат талаптарының бүге-шігесіне дейін талдаған
шығарма иесінің «Үш анық» деген туындыны жазудағы көздеген мақсаты не? Шынайы ақиқаттың,
кемелдіктің қағидаларын тек діннен іздесе, түпкілікті ойына бөгде сөз, бөтен пікір араластырмай-ақ
қойса болмай ма? Жəне не үшін атеизмге, материализмге немесе дінге үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын теорияларға ауқымды орын беріп, оларды жеке-жеке талдап, тексеріп, түп негізіне көз
жеткізуге талпынған?» деген сұрақтар туады.
Бұлар болашақ ғұлама(оқымысты) ақынның қалыптасуына ұрымтал ықпал еткен əлеуметтік
жақын орта. Басқаша айтқанда отбасы тəрбиесі жəне ондағы Абай сынды танымал ғұлама ақынның
ықпалы. Бұны ақынның əлеуметтік тəлімдік ойларының қалыптасуына əсері мол өмірінің алғашқы
бірінші кезеңіне жатқызуға болады.
Ақын өмірінің үшінші кезеңінде ол өз өмірі жəне жақын ортадағы тарихи, саяси, əлеуметтік
ахуалдарға назар аударып ой жүгіртіп, биліктен бас тартып ғылымға тереңдете кіріскенін жəне
тапқан ілімін қара сөзбенде, ғылыми тұжырымдармен де, өлең сөзбен де елге жеткізуге ынталы
болғанын байқатады.
Шəкəрім өмірінің кезеңдерін айқындауда оны шартты түрде деуге келмейді. Өйткені ол өзінің əр
бір көтерілген жаңа сатысын атап өтіп ондағы жеңісі мен табысын жіберген кемшілігін айтып, жазып
отырған, мысалы, «қырыққа келіп астым бел, бір ой-көзіңді аш!» деп жаңа кезеңнің бастамасын атап
кетеді де «түрікше ғана білуше ем,...перевод оқып жүруші ем, орысша, араб аралас » дейді де ендігі
өмірін ғылым, білімге арнағанын, осы жолға мықтап қадам басқанын «философ-ойшыл жазғанын
сынауға енді бұрдым бас» дей келе «қырықтан соңғы сөзімді, сынап, таны өзімді...жас қырыққа
келген соң,бір ой түсті жаңадан» дейді.
Осы кезден бастап адамтану, елтану, қоғам тану, ортаны тану секілді əрекеттерге бас қойып,
ізденіске кіріскен. Осы кезден бастап əр түрлі сұрақтарға жауап іздейді. Мысалы, бұны өзі «жаздым
Қазақ айнасын...қазақтың мінін көп қаздым...» дей келе адам, жан, өмірмен өлім туралы ой жүргізіп
іздене келе «Осы оймен Мекке барғамын, əр түрлі кітап алғамын...» деп жазады осы «Мұтылғанның
өмірі» өлеңінде.
Ақын өмірінің төртінші кезеңінде ғылыми тұрғыда жазылған теңдесі жоқ философиялық, тарихи
еңбектеріне дайындық немесе материал жинау, оны ой елегінен өткізу, сараптау жəне талдау, іріктеу
363
жүргізген деуге болады. Өйткені оның керемет туындылары осы өмірінің төртінші кезеңі немесе 60
жастан өткен соң жазылып жарияланған. Бұны ол «алпыстан жасым асқанша, жетпіске аяқ
басқанша...зарладым, жаздым, ұқтырдым...» деген [2, 152-б.]. Ол дін туралы əлем философтарының
пікірлерін талдай келе оларды сараптап, өз пікірін батыл білдірген. Осыған орай психологиялық
əдебиеттерді оқығаны туралы «жан сыры-деп жазылған, психология деген пін» дейді. Талай кітап
оқығанын айтумен «отыз жылдай жиғаным» – деп материал жинаған сəттерін еске алады.
Жасы егде тартқан кездегі төңкеріс, патшаның тақтан кетуінен зор үміт күткен ол «түзелер деп
қазағым, Николай құлап өлген соң» дей келе, орыстан күткен жақсылықтың келмеске кеткенін
ұғынған ақын үмітінің сөнгенін айта келіп, биліктің бірде ақтарға, бірде қызылдарға өткен теке тірес
күрестен кейінгі жарқ етіп жанған арам отының жанған бір сəтін «руссия болса анасы, Қазақ жап-жас
баласы, жетілсін келсе шамасы» деп орыстағы бар жақсы нəрселерді қазақ үйренсе екен деген ниетін
білдіреді [3, 153-б.].
Шəкəрім Құдайбердиевтің шығармашылығын түбегейлі зерттеу мəселесін көтерді. Жазушылар
Одағының, мəдениет, баспасөз орындары мамандарының қатысуымен 1964 жылы Əдебиет жəне өнер
институтының жанындағы Ғылыми Үйлестіру кеңесінде өткен жиында бірнеше ғалымдар сөз сөйлеп,
сөйтіп, 1969 жылдан бастап Қайым Мұқаметханұлы Шəкəрім шығармашылығын зерттеуге кірісті.
Ғалым М. Мырзахметов [4, 3-б.], Шəкəрімнің өлеңдерін зерттей келе, оларда негізінен үш ұғым
үнемі нысана етіп отыратындығын айтады.
Оның біріншісі – адам, яғни оның адамгершілік қасиеті жəне моралы деп көрсетсе, екіншісі,
халық ұғымы, жеке адамдар бойындағы кемшіліктерді əшкерелеп, жақсы қасиеттерді дамыту,
үшіншісі, қоғам өмірі, айналада болып жатқан қоғамдық-əлеуметтік өзгерістер мен жаңғыруларға
сергек көзбен қарай отырып, жүрегінен жарып шыққан əділ пікірін топшылап, уақыт ағымына үн
қосуы деп есептейді. Осының өзі əлеуметтік-тəлімдік ойлардың ақын шығармаларының келіп шығу
тегінде жатқандығын көрсетеді.
Əдебиеттер:
1.
Шəкəрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер.Құраст. М.Жармұхамедов, С. Дəуітов,
[А.Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы, 1988. – 145-бет.
2.
Материалы ІІ Межнародной научно-практической конференции «Актуальные проблемы развития мировой
философии», – Астана. 14–16 ақпан, 2013 в двух томах, том І, 349-бет.
3.
Тəжібаев Ə., Сəтбаева Ш. Шəкəрім Құдайбердиев // Кітапта Құдайбердиев Шəкəрім. Шығармалары Өлеңдер,
дастандар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы. – 1988.
4.
Мырзахметов М. Ақын тойы (Ш Құдайбердиевтің Семей облысындағы күндері) // Қазақ əдебиеті. – 1988. 5-
тамыз 13 бет.
А.Б. Қабышева
Л.Н. Гумилев ат. ЕНУ-дың тарих факультеті,
«Археология жəне этнология» мамандығының
1-курс магистранты (Астана қ.)
МҰХТАР ƏУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖƏНЕ
НЕКЕ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қай заманда да қазақ халқы үшін неке мен отбасы – киелі де қасиетті ұғымдар болып табылған.
Отбасындағы тəрбиелік құндылықтарды сақтау, құрметтеу басты назарда болған жəне ол бола да
бермек. Ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай
отбасынан шыққанын, оның əке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» депті. Философиялық
тұрғыда отбасы қоғамның ажырамас құрамы, өмірде зор мəні бар кішігірім ұйым деп саналады. Ал
педагогикалық-психологиялық тұрғыда «отбасы» дегеніміз – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-
зайыптылардың жəне басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып
табылады. Дана халқымыз «тəрбие басы – тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Дүниеге келген адам
баласының келешекте жақсы адам болып қалыптасуына сыртқы орта факторы – тəрбиенің орны зор.
Халқымызда «тегі мықты» деген сөз тіркесі бар. Яғни, «тегі» – ғылыми тілмен айтсақ – «гені» деген
сөз.
Халел Арғынбаев өзінің «Қазақ отбасы» атты көлемді ғылыми зерттеу еңбегінде этнология
ғылымы жəне жалпы қазақ қоғамы үшін құнды мəліметтер жазды [1]. Қандай қоғамдық құрылыста
болса да отбасы мен неке – адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз
етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторлардың бірі болып
келетіндігі туралы Ф.Энгельс: «...тарихтағы шешуші нəрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру
жəне ұдайы өндіріп отыру болады. Белгілі бір тарихи заман мен белгілі бір елдің адамдары тіршілік
ететін кездегі қоғамдық тəртіптер өндірістің мынадай екі түріне: бір жағынан еңбектің, екінші
364
жағынан, отбасының даму дəрежесіне байланысты», -дейді. Олай болса, отбасы мен неке тағдыры
қандай болмасын қоғамдық құрылыспен мемлекеттің, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз
байланысты болады да, əр қоғамдық формациядағы əлеуметтік өзгерістер отбасы мен неке сипатына
да əсер етіп өзгеріп, жаңарып отырады. Мұның өзі отбасы мен неке мəселесінің үлкен қоғамдық
проблема екендігін айқындай түседі.
Отбасы мен неке туралы бұрын көптеген зерттеулер жүргізіліп, біршама кітаптар жазылды.
Олардың ішінде осы күнге дейін ғылым үшін мəнін жоймай келе жатқан, көне қауымдағы отбасы
мəселесін жалпы теориялық тұрғыдан қарастыратын зерттеулермен (Морган Л., Ковалевский М.,
Кунов Г., Штернберг Л., Марсель М.) т.б. жекелеген халықтардың отбасы жəне неке тарихын
этнографиялық тұрғыда сипаттайтын монографиялар да бар. Олардың əрқайсысы өз кезінде
заманның сан алуан құпия сырларын ашып, адам қоғамының көне тарихын ғылыми тұрғыда жазуға
септігін тигізді.
Қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де,
күнделікті өмір мүддесі үшін де маңызы бар. Өйткені, біріншіден, бұл мəселе туралы жазылған
зерттеулерде қазақ отбасының тарихы толық қамтылмаған; екіншіден, халық өмірінде қалыптасқан
дəстүрлер мен əдет-ғұрыптардың өзі əр түрлі діни сенімдерге байланысты қалыптасып, əлі де болса
өмірден сабағын үзбей сақталып келе жатыр. Сондықтан, кейінгі жылдардағы ғылыми зерттеулер мен
алдағы жаңа зерттеулерден күтетініміз əр түрлі дəстүрлер мен жосын-жоралғылардың құпия сырлары
ғылыми тұрғыда айқындалып, дұрыс мағлұмат жəне бағдар алуға көмектеседі.
Қазақ халқының этнографиясын ғылыми тұрғыда зерттеу Қазақстан Ғылым академиясының
құрылуына байланысты басталды. Отбасы жəне неке мəселелері мен оған қатысты діни наным
сенімдер этнология ғылымының өзекті мəселесі ретінде Отандық этнографтардың, атап айтқанда
Арғынбаев Х., Төлеубаев А.Т., Артықбаев Ж.О., Мустафина Р.М.,Шаханова М.Ж, Кульсариева С.П,
Ибраев М., Қудайбергенова А., Бекбалақ Қ. еңбектерінде қарастырылып, ол еңбектер Қазақстанның
жеке аудандарының тұрмысы мен мəдениетін зерттеу барысына арналды [2].
Осы орайда тақырып ауқымына байланысты М.О. Əуезовтың «Абай жолы» романы тұнып тұрған
тəрбие, дəстүрлі мəдениетіміз бен салтымыздың, қала берді этнопедагогиканың қайнар көзі іспетті.
Сонау бала Абайдың оқудан келе сала, сағынған ана құшағына қарай асыққанда отанасы Ұлжан ана
«Əй, шырағым, балам, əуелі ар жағыңда əкең тұр... сəлем бер» деуінің өзі əкені отбасында ардақтауға
үйрету дəстүрінің көрінісі. Өзі баласының маңдайынан ғана иіскеп: – «əжеңе бар, əнекей» деуі де
үлкенді сыйлауға үйрету дəстүрі. Кəрі əжесі Зереден «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген»
ертегілерін Абайдың тыңдауы, «Қарашор шапқан» жортуын зейін сала ұғып алуы; Байкөкше мен
Барласты анасының үйге көп қондырып, бала зейінін ашу үшін, «Ал, балам, əжеңмен екеумізді қажай
беруші едің, əңгіме-жырдың дүкені міне, жаңа келді», - дегені аналық, даналық тəрбие тəрізді.
Отбасын сыйлау, көп əйелден туған балалардың жауласпауы үшін көп еңбек сіңірген де Абай
анасы –Ұлжан. Абай үйінен Қарқаралыға аттанарда Ұлжан-ана ұлына: - Балам, үлкендер бірде тату,
бірде араз бола беретін. «Күндестің күні күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде
сəлеміңді түзу бер» деп ақыл бергені де ұлық тəрбие[3,1-т. 96-б.].
Абай мен Тоғжан арасындағы сырлы да нəзік махаббатқа қарамастан отбасы дəстүрінен аттай алмай
Абайдың бергісі арғын, арғысы алты алашқа белгілі Қазыбек Тіленші бидің Алшынбайының қызына құда
түсуі де дəлел. Осы алдағы көрініс –неке мəселесі. Құда түсіп келгенде өз қалыңдығын көре алмаған Абай
алғаш рет екі күннен соң кешке ғана көреді. Бір-бірін сүйе қоймаған екі жас қылығы да айқын баяндалған.
Əрі «Сен –Құнанбай баласы болсаң, мен Алшынбай қызы» деген Ділдəнің кеуделі əрекеттері байқалады.
Десе де, дəстүрден аттай алмаған екі жас неке бұзбайды[3,1-т. 241 - б.].
Көп əйел алу оқиғасы сол заман үшін əдеттегі іс. Күңке, Ұлжан қош көрмесе де Құнанбай
балаларынан да жас Нұрғанымды тоқалдыққа алғаны да –неке мəселесі [3, 1-т. 298-б.]. Жасы 24-ке
жаңа шыққан Абайдың үшінші баласы Əбіш дүниеге келген кез, Абай да сол балаға бейіл бере
бастайды, отбасына да сол бала арқылы назар аударады. Мұның бəрі – əкелік мейір, əкенің отбасына
қамқорлығы.
Құнанбай қажылық сапарға шығарда көп жылғы серігі Ұлжанға: «Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің
астында жүрсем де, артымда отырған бір бел – өзің едің. Сенің айтар кінəң болса да, менің саған
айтар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын» дегенде
отбасының татулығын ойлаған абзал ана: «Ерден əйел жамандық та алады, қасиет те алады. Мінім
болсын, өзгем болсын, бір жағы өзіңнен еді. Ұзақ дəурен кешіп келіп, бүгін сен ырзалық айтып
аттансаң болады. Мен енді кеп сенімен кінəласам ба, мырза! – деді», деген сөзі бар. Бұл – отбасы
берекесін алғашқы орынға қойған дана əйелдің парасатты сөзі [3,2-т. 17-б.].
Ал, Мағыш пен Əбіш арасындағы неке –таза да пəк махаббат. Ауруы асқынғанын біліп, оның
жұқпалы екенін білсе де қорықпай Əбішпен бас қосуға бел буған Мағыш бейнесі –махаббаттың таза
туы сияқты.
Ата-ана нұсқауымен үйленген Ділдəдан соң, бала ғашық Тоғжанға ұқсас Шүкіманға үйленген
365
Абайдың бақытты сəттері –тең некенің көрінісі іспетті [3,2-т. 43-б.].
Бірде Абай мен Мəкіш сырласып, сөйлесіп келе жатқан кездегі, əпкесі інісіне: Ұқпадым, бұндағы
жар дегенің кім өзі? дегенде Абай селт етіп: «Ділдə демексің бе? Ойбай, жаратқан, Мəкіш-ай Ділдəң
не? Төрт бала тапқан Ділдəнің жазығы жоқ. Қайта балалары жақсы. Ол – балаларымның анасы. Ата
мен ана қосқан жолдасым. Бар болғаны сол ғана. Ал, жүрек жалын, ынтық достық десең, ондай оттың
бəрі де кеудеде өшкен. Көңілі ертерек бітеу тартып, ерте суынған жан ғой ол» деп отбасындағы өзара
түсініспеушілікті байқатады. Яғни, қай заманда да неке – тең, сүйген жүректі болуы тиіс екенін
айқындайды.
«Абай жолындағы» тағы бір отбасылық берекенің көрінісі – кəрі əже Зере мен келін Ұлжанның
өзара сыйластығы. Қай кезде де ана сыйлаған Ұлжан өз парасатын көрсете біледі. Зере қайтыс
болғанда Ұлжанның Абайға көзіне жас ала отырып: - «Анаң, ана-ақ еді-ау жарықтық! Осы кісінің
өсиеті, тəрбиесі болмаса, мен де бір түйіліп қалған қу түйіндей үндемес қатыбас болар ем. Сен
екеумізде қарызы бар еді. Тым құрыса аруағы риза болсын. Артын жақсы күтейік!», - дегені бар. Бұл
– отбасының ұйытқысын сақтаған биік ойлы үлкен əріпті АНА-ның сөзі ғой.
Кітаптағы тағы ерекше сүйіспеншілік, құқықсыз неке көрінісі –Керімбала мен Оралбайдың
ғашықтығы, Үмітей мен Əмір оқиғалары. Əсіресе, бір-біріне ессіз ғашық соңғы екеуі жайлы оқиға аса
шиеленіспен аяқталады. Үмітейдің барғалы отырған күйеуі Дүтбайдың ақылдылығы да көрініп
қалады. Некені таза ұстау, сүйіспеншілікті қадірлеу де көрінеді [3, 2-т. 68-б.].
Қорыта келе, қай заманда да – қазақ халқы отбасы мен некеге, жарға адалдықты қадірлегендігіне
бас иеміз. Неке бұзу түсінігі ол кітапта көрініс таппаған.
Қазіргі біздің қазақ қоғамы үшін отбасылық құндылықтар мен неке қасиетті ұғым болып
қалыптасуы тиіс. Соған орай ҚР «Неке жəне отбасы» заңдары қарастырылған. Жас ұрпақты ұлттық
құндылықтарды сақтауға, дəстүрді құрметтеуге үйрету – отбасы мен үлкендерге, тəрбие беруші
адамдарға міндет.
Отбасы берекесі үшін күресу –отбасының əр мүшесіне керекті дүние. Еліміздің Презинденті
Н.Ə.Назарбаевтың қолдауымен «Мерейлі отбасы» байқауының өткізіліп, тиісті марапатқа лайықты
отбасылардың ие болуы – қоғамдағы жақсы, дəстүрге сай отбасылардың көбеюіне апарар жол болған
тəрізді.
М.Əуезовтың ғасырдан-ғасырға жетер əдеби, этнографиялық мұрасынан қажетті тəрбиені алу – əр
оқырманның, əр шəкірттің, əр кітапқұмар жанның міндеті. Сондай-ақ дəстүрлі мəдениетіміздің қыр
сырын ұғыну жəне оны бүгінгі жəне болашақ ұрпаққа насихаттауға арналған бұл еңбек баға жетпес
қазына.
Достарыңызбен бөлісу: |