Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет60/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79

Əдебиеттер

1.

 



Колесникова  Г.И.,  И.А.  Кабарухина.,  В.Н.  Мирошниченко.  Социология  и  психология  семьи. – Ростов-на-Дону, 

2007. – С. 387–395. 

2.

 

Касьянов  Н.Р.  Семья  и  социализация  индивида:  Сб.  статей.  Семья  и  социальная  структура  социалистического 



общества. – М., 1980. – С.42. 

3.

 



Гафизова Н.Б. Роль средств массовой информации в формировании и поддержании традиционных ролей мужчин 

и женщин // Практикум по гендерной психологии / Под ред. И.С. Клециной. – СПб, 2003. – С. 115. 

4.

 

Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы, 2003. – 192 с.  



5.

 

Добрыненько В.И. Гендер: мужчина и женщина. – М., С.  



6.

 

Клецина И.С. Гендерная автобиография как метод изучения механизмов гендерной социализации // Практикум по 



гендерной психологии /Под ред. И.С. Клециной. – СПб., 2003. – С. 133. 

7.

 



Кваша Б.Ф. и др. Ценностные основы семьи: монография. – Спб., 1997. – С.31. 

8.

 



См. подр. Шурыгина И.И. Жизненные планы подростков.// Социологические исследования. – 1999. – №5. – С.52–

61. 


9.

 

Американская социологическая мысль: Тексты. – М., 1996, – С. 213–257. 



10.Научно-методический журнал Воспитание школьников. 2003. № 2, – С. 46.  

 

 



Р.С. Жүзбаева, Г.Н. Жүзбаева 

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайының ғ.қ. (Түркістан қ.) 

 

ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДАҒЫ БАЛА ТƏРБИЕСІ 

 

Х.  Арғынбаев  қазақ  этногафия  ғылымының  саңлағы,  көрнекті  зерттеуші  ғалымдардың  бірі. 

Зерттеуші  өзінің  артында 200-ден  астам  ғылыми  зерттеу  еңбектерін,  ондаған  монографиялар 

қалдырды.  Қазақ  отбасы  туралы  зерттеуі  сол  кезеңдегі  қазақ  отбасы  туралы  жарық  көрген  сүбелі 

еңбектің бірі болды. Қазақ отбасының өткенін, халқымыздың оған  байланысты салт-дəстүрлері мен 

əдет-ғұрыптарын терең қамтыған іргелі зерттеу еңбегі бүгінгі таңда да өзінің маңызын жойған жоқ. 

Бұл  мақалада  Х.  Арғынбаевтың  бала  тəрбиесі  туралы  ойларын,  Қожа  Ахмет  Ясауи  ілімі  мен 

байланыстыра, сабақтастыра отырып жазу мақсаты қойылды. 

Зерттеуші Х. Арғынбаев өзінің еңбегінде «балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, бой 

тұмар  жасап  береді.  Оны  былғарыға  тігіп,  бау  тағып  мойнына  салып  жүреді.  Немесе  ылғи  үстінде 

жүретін  киімінің  омырауының  астыңғы  жағынан  қадап  қояды.  Жетісу  төңірегінде  жеті  ұсақ  тасты 

тұмарша  етіп  шүберекке  тігіп  шолақ  жең  камзолының  желкесіне  астыңғы  жағынан  көзге  түспестей 

етіп  жапсыра  тігіп  қояды.  Бұл  да  тіл-көзден  сақтау  шарасы. «Тіл  көзің  тасқа»  деген  қарғыс  осыған 

байланысты»  шыққан  дейді [1, 67-б.].  Зерттеушінің  бұл  пікірі  баланы  өсіруде  тұмардың  маңызын 

көрсетеді.  Тұмардың  халық  арасында  кең  қолданысқа  енуі  Ислам  дінімен  тікелей  байланысты  еді. 

Түркі  халықтары  арасына,  оның  ішінде  қазақ  даласында  Ислам  дінінің  таралуында  Қожа  Ахмет 

Ясауидің рөлі ерекше болды. 

Халықтың рухани дүниесін толықтырған Ясауи бабамыз, оларға ескі əдет-ғұрыптарын жоғалтпай 

ислам  дінінің  шарттарымен  өмір  сүруді  үйретті.  Қазақтың  ұлы  ақыны,  ойшыл  Абай  Құнанбайұлы 

«дүние  есігін  ашады  өлең,  өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең» [2] деген  өлең  жолдарында,  өлеңнің 

адамның рухани жан дүниесін ашар кілті екені халыққа тамаша бейнелеген. Ясауи бабамыз халықтың 

жүрегіне жыр жолдарымен жетіп жан дүниесіне ислам дінінің қағидаларын жазды. Міне сол себептен 

де Ясауидің хикметтері, қазіргі таңға дейін кеңінен пайдалынылып, əсіресе бала тəрбиесіне қолдануға 

қолайлы  əрі  тиімді  тəсіл  болып  келеді.  Себебі,  Ясауи  бабамыздың  өлеңдері  адамды  өмірді  мəнсіз 

мағынасыз,  қызық  қуумен  өткізбей,  хақ  жолына  түсуге,  адал  өмір  сүруге,  шыдамды  болуға, 

қиындыққа  төзімді  болуға,  имандылыққа  шақырады.  Сонымен  қоса  Ясауи  бабамыздың  хикмет 

өлеңдері,  кісі  ақысын  жемеуге,  арамдықпен  мал  жинамауға,  өтірік  айтпауға,  дүние-байлыққа 

қызықпауға үйретеді. 

Адамзат ұрпағының иманды көзі ашық, көкірегі ояу, саналы тұлға болып қалыптасуына оның ата-

анасының  берген  тəрбиесіне  тікелей  байланысты  деп  ұғамыз.  Осы  жерде  қазақ  халқының  бала 

тəрбиесі  жөнінде  амалдарды,  ислам  дінімен  Ясауи  бабамыздың  хикметтері  мен  діни  ұстанымдарын 

қалай пайдаланғанын айта кетсек. 

Қазақы  салт-дəстүрі  бойынша  бала  дүниеге  келгеннен  кейін  бесікке  салынады.  Ескіден  келе 

жатқан əдет-ғұрып бойынша баланы екі жасқа дейін бесікте ұйықтатады. Бесікке арнайы тіл көзден 

сақтау  мақсатында  тұмар,  үкі  т.б.баланың  назары  аударылатындай  ойыншық,  сылдырмақ  түріндегі 

тұмарлар да тағылады. Осындай бесік тұмардың бір үлгісі қорық мұражай қорының кіріс кітабында 

мемлекеттік тіркеу номерімен ƏСММ инв. № 1855Эб/тс-591 сақтаулы тұр [3]. 

Тұмарды  мұражай  қорына  тапсырған  Қалдан  молла  Қанағат  қызы,  Түркістан  қаласындағы 

Ынтымақ  ауылының  тұрғыны, 2002 жылы  ҚСК-ң  № 1 Хаттамасына  сай  № 5 акт  бойынша 300 (үш 

жүз)  теңгеге  сатылып  алынған.  Зат  иесі – Ауғанстан,  Иран  жерінен  келген  қандас  бауырымыз.  Бір 



355 

 

айта  кететін  жағдай,  яғни,  мұражай  қоры 2000–2005 жж.  шет  елдерден  Отанымызға  қайта  оралған 



қандас  бауырларымыздың  қолында  сақталған  құнды  жəдігерлермен  толықтырыла  бастады.  Олар, 

əсіресе  ХІХ–ХХ  ғғ.  тəн  қыз-келіншектердің  күмістен  жасалған  əшекей  бұйымдары.  Осы  əшекейлік 

бұйымдардың кейбіреулері кезінде өз жеріміздегі шеберлердің қолынан шығып, шет елдерге тағдыр 

тауқыметімен кеткен болса, кейбіреулері сол елдердің қол өнерінің элементтерімен синтезделіп қайта 

елге  оралған.  Аталып  отырған  бесік  тұмардың  бұл  түрі  Қазақстанның  ешқандай  мұражайлары 

қорында  кездеспейді.  Бұл  кезінде  осында  жасалып  бауырларымызбен  қайта  оралған  мəдени 

мұрамыздың бірі болып табылады. 

Бұл  тұмар  ХІХ  ғ.  бірінші  жартысындағы  бала  бесігінің  белдемшесіне  тағып  қою  үшін  арнайы 

жасалған. Бір қарағанда тұмардың жасалуы өте қарапайым болғанымен, оның өзіндік бала ұғымына 

берер тағылымы өте зор. Тұмар, қара-сұр түсті мəрмəр тасынан əртүрлі пішінде қашалып, тегістеліп 

төрт дана етіп жасалған. Оның бірінің пішіні «тамшы» түрінде болса, бірі «жұлдызша», енді қалған 

екі данасы əртүрлі пішіндегі төртбұрыштар мен ромб формалы болып келген. Оның  əрқайсысының 

бетінде  араб  жазбалары  бар,  онда  тіл-көзден  сақтайтын  дұғалармен  қоса,  бір  беттеріне  «Алла»  сөзі 

жазылса, екінші беттеріне «Мұхаммед» сөзі жазылған (араб тілінен аударма жасаған – Т.Жолдасов). 

Төртбұрыш пішінде бір  тас-сылдырмақта  жасалған мерзімі  де қоса жазылыпты, онда хиджра  жылы 

бойынша 1361 жыл деп көрсетілген, яғни біздің жыл санау бойынша 1945–1946 жж. сəйкес келеді. 

Осы əртүрлі пішіндегі мəрмəр тастар бесікті тербеткен кезде бірге қозғалып сылдырлап, баланың 

психологиясына  əуен  тəрізді  естіліп,  оның  тыныш  ұйқыға  кетуіне  жақсы  əсер  етеді.  Мəрмəр 

тастардың  бір  бұрыштарында  ілмекке  арналған  ойықтары  бар,  олардан  бесік  белдемшесіне 

байланатын  жіп  өткізіліп,  жіпке  қара-көк,  қызыл-сары  түсті  паста  моншақтары  тізілген.  Тұмардың 

мұндай  көптүсті  моншақтармен  əшекейленіп,  сылдырмақ  тастарының  əртүрлі  пішінде  жасалуының 

өзінде  үлкен  бір  сыр  жатқан  сияқты,  біріншіден,  ол  бала  назарын  бірден  аудару  үшін  болса, 

екіншіден,  онда  олардың  пəлсапалық  мағыналарына  ерте  бастан  көз  үйрету,  таным-тағылымын 

дамыту  мəселесі  тұр.  Мысалы,  тұмардың  «жұлдызша»  пішіні – баланы  аспан  əлеміне  жетелесе, 

«тамшы»  түрі – табиғат  сырына  үңілдіреді,  ал  төртбұрыш,  ромб  пішіндер  де  жаратылыстың  төрт 

сипатына  (ауа,  от,  су,  топырақ),  төрт  түлік  мал  т.б.  сияқты,  яғни  қасиетті  төрт  санын  тануға  деген 

алғашқы талпыныстарды қалыптастырады. 

Осындай тұмардың бірі, ол, сынамы – 950 болатын таза күмістен жасалған бала қолының алақаны 

мен  саусақтарының  пішіні  ойылып  жасалған  өлшемі 5 х 3,5 см.  болатын  кішкене  зат.  Ол  қордағы 

кіріс  кітабының  ƏСММ  инв.  № 2735/Эб-кс-1233  номерімен  тіркеулі  тұр.  Оның  бір  бетіне  араб 

жазбалары түскен де екінші беті тегіс, ешқандай жазба не ою-өрнектер түсірілмеген. Тұмаршаның бір 

бетіне  түсіріліген  араб  жазбалары,  өкінішке  орай  толық  оқылмай  отыр,  дегенмен  ондағы  кейбір 

жекелеген  сөздерге  байланысты  тіл-көзден  сақтайтын  дұға  жазылған  болуы  керек.  Бұл  тұмар  да 

баланы  тіл-көзден  сақтау  үшін  бесікке  тағылған,  себебі,  оның  пішінің  ерекше  болғандығы,  яғни, 

келген  кісінің  назары  бірден  балаға  емес,  оның  бесігінде  ілулі  тұрған  ерекше  зат,  бес  саусақты  қол 

тұмарға түсетіні белгілі. 

Қазақ  зергерлері  негізінен  қандай  да  бір  əшекейлік  бұйымдар  не  тұрмысқа  қажетті  сəндік 

заттарды  немесе  ырымға,  салт-дəстүрге  байланысты  қолданатын  бұйымдарды  көбіне  күмістен 

жасаған.  Зергерлер  арасында  қалыптасқан  мынадай  пікір  бар; «Сомдап  соққан  алтыннан,  сəндеп 

соққан  күміс  артық».  Дегенмен  заттың  сəнделуіне  емес,  оның  қасиетіне  баса  назар  аударғандары 

анық. 

«Тəрбие басы – тал бесік» дегендей дəл осы кезден баланы тəрбиелеудің алғашқы жəне маңызды 



сатылары  басталады.  Бұл  бесіктегі  балаға  айтылатын  əуенді  əн – бесік  жырымен  байланысты.  Осы 

бесік  жырына  көненің  көзін  көрген  əжелеріміз,  Ясауи  бабамыздың  хикметтері  мен  бабаның  айтқан 

зікір сөздерін, əдемі əуенмен айтып, баланың дүниеге келген күнінен бастап санасына құйып өсірген. 

Мысалы: 


 

Лəə илаһа иллала, 

 

Илаллада пайда бар, 



 

Білмеген құлға не айла бар, 

 

Барар жерің қараңғы, 



 

Шам-шырағың  сайлап  ал [4, 22-б.]  деген  əуен,  яғни,  бесік  жыры  ХХ  ғ.  бірінші  жартысына 

дейін əрбір жас нəрестесі бар үйде айтылып келді. 

Бала  өсе  келе  оған  тіл-көз  тимесін  деп  молдаға  дұға  жаздырып,  бой  тұмар  жасап  береді.  Тұмар 

көбіне балалар мен əйелдерге арналып жасалған. Балаларға қызыға қараған көзден, тілден сақтасын 

десе, əйелдерді ұрпақ жалғастырушы ретінде сақтау үшін тағылады. Сондықтан да, қазақ ұғымында 

бойтұмар  ұрпақтың  көбею,  өсу  символын  білдіретін  бұйымдардың  қатарына  жатады [5]. Мұндай 

бойтұмарлар мұражай қорында көптеп кездеседі. Олар заттың дайындалған аймақтарына қарай, түр-

пішіндеріне  қарай  жəне  оны  қолдану  жас-ерекшеліктері  мен  пайдалану  ретіне  қарай  ғылыми 

сараланып  топтарға  бөлінген.  Мұнда  бала  тəрбиесіне  қатысты,  оның  ішінде,  жас  ерекшеліктеріне 



356 

 

орай жасалған тұмарлар өте жақсы сарапталған, яғни, балаға нəресте кезінде бесікке тұмар тағатын 



болса, олар өсе келе бой тұмарлар тағылған, əсіресе, бой жеткен қыздарға əрі сəндік бұйым ретінде, 

əрі тіл-көзден сақтау үшін керемет қол өнер туындыларын – бой жəне қолтық тұмарлар жасаған. 

Қазіргі дамыған заманда француз ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, баланы дүниеге келмей 

тұрып,  анасының  ішіндегі  кезден  тəрбиелеу  керектігін  айтады.  Яғни  бала  дүниеге  келмей  тұрған 

кезде анасының жүрегіндегі сезімдері мен көңіл күйі, балаға тікелей əсерін тигізетін болғандықтан, 

сол кезден бастап анасы баласын, іштей рухани тəрбиелеу керектігін ойға салады. 

Қазақ  халқы  жалпы  мектепке  дейінгі  бала  тəрбиесін,  баланың  ата-əжесінің  үлесіне  тапсырған. 

Үлкендермен  еріп  жүрген  бала  көпшілік  арасында  болуды  үйреніп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 

олардан  діни  уағыз-əңгімелерін  естіп  ой-санасына  сіңіріп  өскен.  Ал  қандай  халық  болмасын  дінді 

белгілі  бір  идеологиялық  сананы  тəрбиелеуші  құрал  ретінде  қабылдап  алған.  Қай  кезде  болмасын 

қазақ халқының тағдыры ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам діні қазақ халқының ұлт болып 

қалыптасуына,  халық  болып,  тəрбиелі  ел  болып  тыныс  тіршілік  жасауға  қызмет  етіп  келеді.  Діннің 

қуат  күші  адам  бойында  сенім  сезімін  тəрбиелеу.  Дінде,  ұлттың  рухани  өмірін  қалыптастыратын 

қасиет  бар.  Ол  мінез-құлық  пен  өмір  сүру  қағидаларын  белгілеп  ғана  қоймай,  сонымен  бірге 

моральдық құндылықтар мен адам психологиясын орнықтыратын тұтас жүйе. 

Ислам  діни  ілімінің  негізі  қасиетті  кітабы  ол – Құран  Кəрім.  Ал  Ясауи  бабамыздың  бүкіл 

хикметтерінің барлық мағынасы осы Құран сөздері:  

 

Менің хикметтерім Алладан пəрмəн 



 

Оқып ұққанға бар мағынасы – Құран [6]. 

Ясауи  бабамыздың  хикметтері  көптеген  ғасырлар  бойы  халқымыздың  рухани  əлемінде  шешуші 

мəнге ие болып келеді. Оның əсіресе қазақ халқының ұлттық менталитетін қалыптастыруға тигізген 

əсері орасан зор. Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың «Нақ осы Ясауи ілімі арқылы ислам қазақтардың 

рухани  өмір  салтына  айналды  да,  кейінгі  сегіз  ғасырдың  өн  бойында  соларды  жебеп  келеді.  Қазақ 

хандығы  мен  қазақ  халқы  құрылғанда  солардың  бастау  бұлағы  болып  осы  ілім  тұрды.  Егер 

қазақтардың  рухани  тарихы  жазыла  қалса  Қожа  Ахмет  Ясауидің  хикметтері  оның  бір  бөлігі  болып 

кіруге тиіс» [7]. 

Осындай құндылықтар мен ерекшеліктерге өте бай, əрі тəрбиелік мəні жоғары Ясауи бабамыздың 

хикметтерін бала тəрбиесіне қай кезден бастаса да ерте болмайтыны анық. 

Енді  мектепке  дейінгі  балаларды  бағып  күтуде  бала-бақша  тəрбиесінің  орны  бөлек.  Осы  кезде 

жүрегі мен көңілі таза күйінде келген əрбір балаға дұрыс бағытта тəрбие берілуі тиіс. Балаға тəрбие 

берудің бұл кезеңі өте маңызды. Себебі дəл осы кезде баланың адам ретінде қалыптасуының алғашқы 

іргетасы  қаланады.  Баланың  болашақта  ақылды,  сабырлы,  қанағатшыл,  мақсаткер  азамат  болып 

өсуіне осы кезеңнің үлесі зор. Бала бақшада баланың ата-анасы, бабаларының ұстанған діні, тарихы 

мен салт дəстүрі туралы мағлұмат беріліп, барынша ұлттық рухты бойына сіңіре тəрбиеленуі тиіс. 

Қазіргі кезде баланы жеті жастан мектепке беруді дұрыс көреді. Себебі осы жаста баланың санасы 

өсіп,  ойлау  жүйесі  қалыптасады.  Ал  Ясауи  бабамыздың  өзі  де  жеті  жасында  Арыстанбаптан  құрма 

алып, сол кезден бастап ілім алғанын айтады: 

 

Жеті жаста Арыстанбапқа қылдым сəлем, 



 

Хақ Мұстафа аманатын бер деп маған. 

 

Сол уақытта мың бір зікірін еттім тамам 



 

Нəпсім тыйып, жаратқанға бердім міне 

 

Құрма беріп, басым сипап назар салды, 



 

Бір сəтте ол дүниеге алып барды.  

 

Қоштасып бұл дүниеден кете берді, 



 

Мектеп барып, қанат толып тастым міне» [8]. 

Мектептегі баланың оқу кезеңі бұл оның өзін өзі қоршаған ортасын, шыққан тегін, дінін, тарихын 

тануға ұмтылатын шағы. Сондықтан, бұл кезеңде баланың діни танымын, ұлттық болмысын, сенімі 

мен нанымын болашаққа деген көзқарасын орнықтыру қажет. Яғни əрбір жас бала өзінің елін жерін, 

тілін,  салт  дəстүрін  сүйуі  тиіс.  Осы  себептен,  бұл  жастағы  балаларға  Ислам  діні  туралы  негізгі 

түсініктер мен Ясауи жайлы маңызды мағлұматтар көптеп берілуі қажет. 

Қазақы  мінезбен  рухани  құндылықтарды  санасына  сіңіріп  өскен  азамат  елдің  болашағы  үшін 

аянбай  еңбек  етері  сөзсіз.  Қорыта  айтқанда,  бұрынғы  өткен  бабалардың  рухани  мұрасындағы 

олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып, ұлттық мəдениет пен рухани мұраны халқымыздың 

қажетіне жаратқанда ғана болашаққа қарай қадам басқан салауатты ел боларымызға күмəн жоқ.  

 

Əдебиеттер: 

1.

 

Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996. – 67-бет 



2.

 

Хайдолла Тілемісов. «Абай əуендері». – Алматы 1995, – 30-бет. 



3.

 

Қорық мұражайдың этнографиялық жəдігерлер тобы, Ғылыми құжат № 65, дайындаған Р.Жүзбаева 



4.

 

Нұржан С. Қырық хикмет. – Алматы, 2013. – 22-бет  



357 

 

5.



 

Арыноава Д. Сыр сақтаған тұмарлар // Түркістан 19.05.2012 ж 

6.

 

Дəуітұлы Сəрсенбі. «Диуани хикмет хақында». – Алматы, 1998. – 164-бет. 



7.

 

Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы 1999. – 279-бет. 



8.

 

Ахмет Иасауи. Хикмет. (қазақшаға аударғандар Жармұхамедұлы М. М. Шафиғи) –Алматы, 2002. – 20-бет. 



9.

 

Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мəселелері. Алматы 2008 104-115, 174-179, 230 бб 



10.

 

Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996. – 248–269-бб.  



11.

 

Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы, 2008. – 299–308-бб.  



 

 

 

Г.М. Смагулова 

заместитель директора по профильному обучению  

Казахско-Турецкого лицея для одаренных юношей (г. Алматы) 

 

ОСОБЕННОСТИ ВОСПИТАНИЯ ДЕТЕЙ И МОЛОДЕЖИ У КАЗАХОВ 



 

Известно,  что  по  устоявшейся  веками  народной  педагогики  казахов  основными  задачами 

воспитания  детей  были  наилучшим  образом  и  в  оптимальные  сроки  подготовить  их  к  взрослой 

жизни,  обеспечить  преемственности  поколений,  привить  им  лучшие  народные  традиции  и  обычаи. 

Основные идеи, формы и средства этнического воспитания учитывали в первую очередь семейную, 

нравственную,  умственную,  духовную,  физическую,  трудовую,  социальную  и  другие  аспекты  их 

социализации. Они в свою очередь были направлены на воспитание патриотизма и любви к родному 

краю,  своему  Отечеству,  осознание  национальной  и  родоплеменной  идентичности,  заботу  о 

нравственном  совершенстве  и  физическом  здоровье,  выработку  навыков  трудолюбия,  привитие 

почтительного  отношения  к  родителям,  родственникам,  престарелым,  уважение  к  их  мудрости  и 

жизненному опыту и т.д. При этом важнейшими отличительными особенностями такого воспитания 

являлись ее самобытность, синкретизм, естественность, непрерывность, завершенность, цикличность 

и преемственность [1, с.172].  

Процесс  социализации  детей  в  семье  зависит  прежде  всего  от  правильных  взаимоотношений 

между  родителями,  их  положительного  примера  и  авторитета.  Семья  наиболее  полно  отвечает 

требованиям  углубления  мировоззрения  и  жизненного  опыта  подрастающего  поколения, 

постепенного приобщения к навыкам взрослой жизни. Эти потребности в каждом возрасте свои, и от 

того, как и в какой мере они удовлетворяются, зависит, будет ли ребенок развиваться нормально или 

же его развитие пойдет по нежелательному пути. По мере развития ребенка эти потребности растут, 

становятся все более многообразными и сложными, и в настоящее время потребности детей намного 

превосходят  реальные  возможности  родителей.  Вот  почему  воспитание  подрастающего  поколения 

становится делом не только родителей конкретных родителей конкретного ребенка, но и делом всего 

общества.  Отсюда  вытекает  следующий  важный  вывод:  удовлетворение  потребностей  ребенка 

соответствует  главному  содержанию  отцовства  и  материнства,  регулирует  отношения  между 

родителями и их детьми. 

Каждый родитель воспроизводит испытанные на самом себе методы воспитания, доставшиеся  в 

наследство  от  старшего  поколения,  при  этом  дополняя  их  вновь  приобретенными  знаниями  и 

умениями. Этому с одной стороны объективно способствует то обстоятельство, что ребенок, начиная 

с  младенчества  больше  подвержен  влиянию  семьи,  чем  воздействию  окружающей  среды  и 

общественности.  С  другой  стороны,  семья,  будучи  не  однородной  в  половозрастном,  социально-

профессиональном  плане,  способствует  большему  раскрытию  и  реализации  эмоциональных  и 

интеллектуальных способностей ребенка.  

Естественно,  что  разграничение  функций  родителей  в  воспитании  детей  обусловлено 

традиционным  распределением  обязанностей  в  семье.  Родительская  связь  отца  и  матери  с  детьми 

определяется  в  первую  очередь  их  социальной  ответственностью  и  любовью.  Первая  связь 

основывается  родительским  долгом  перед  своей  семьей,  родственниками  и  обществом;  вторая – 

наличием кровнородственной связи и осмысленной привязанностью. 

Супруги  не  всегда  могут  выполнять  идентичную  роль  в  социализации  детей,  т.к.  личный 

родительский  пример,  как  главный  фактор  семейного  воспитания,  быстрее  усваивается  и  легче 

передается  в  рамках  одного  пола.  Родители  взаимодействуют  в  воспитании  детей  в  той  степени,  в 

какой  их  взаимная  психика  и  влияние  отличны  друг  от  друга.  Следует  помнить  и  о  том,  что  их 

воздействуют  на  детей  во  многом  зависит  и  то  того,  как  они  относятся  друг  к  другу.  Поэтому, 

необходимо согласованное участие обоих супругов в воспитательном процессе, чтобы эта совместная 

деятельность,  будучи  единой  по  своему  содержанию,  целям  и  задачам,  различалась  по  форме  и  по 

методам воздействия на ребенка. 

 Несмотря на то, что очевидность этого воспитательного требования бесспорна, в реальности оно 



358 

 

происходит далеко не однозначно. Во многих исследованных нами семьях мы наблюдаем различные 



методы  материнского  и  отцовского  воспитания,  а  также  различные  результаты  их  воспитательного 

воздействия.  

Например, мужчины, как это повелось, не всегда могут уделять требуемого внимания воспитанию 

детей  из-за  «нехватки»  времени.  Это  происходит  из-за  того,  что  время  участия  мужчин  в 

общественном  производстве  или  ином  виде  трудового  процесса  гораздо  больше,  чем  у  женщин. 

Многим  мужчинам  в  сельской  местности  в  ходе  сезонно-полевых  работ  нередко  приходится 

выполнять  сверхурочные  работы,  поздно  возвращаться  домой.  Эту  нехватку  времени  в  воспитании 

детей они могут восполнить лишь поздней осенью и в зимний период. Поэтому мужчины в основном 

выполняют только те виды воспитания, которые не требуют постоянного контроля или системы. 

Необходимо также помнить, что если обязанности матери в отношении ребенка определяются как 

правило, материнской любовью, то отца – его авторитетом и личным опытом. Для девочек образцом 

поведения  является  обычно  мать,  для  мальчиков – отец.  Повседневное  поведение,  образ  жизни, 

женственность,  внешний  облик  матери  всегда  является  положительным  примером  для  дочери.  Это 

включает  в  себя  ее  отношения  к  окружающим  людям,  к  домашнему  хозяйству,  к  особенностям 

проявления  эмоции,  настроения,  манеры  говорить  и  пр.  Девочки  во  многом  прилежнее  и 

исполнительнее  мальчиков,  по  сравнению  с  ними  более  аккуратны,  бережливы  и  добросовестны, 

гораздо больше склонны проявлять заботу о близких. 

Отец, олицетворяя  мужское  начало  в  семье, предстает  перед  своими  детьми  в  роли  заботливого 

родителя, наставника и кормильца. В повседневной жизни он меньше говорит о воспитании и больше 

воздействуют  своим  примером.  Его  общение  с  дочерью  дает  ей  наглядное  и  необходимое 

представление о мужском образе в целом, тем самым реально осознать свою женскую природу. 

Особая  ответственность  возлагается  на  отца  за  воспитание  своего  сына.  Прежде  всего  на  примере 

отца  мальчик  усваивает,  каким  должен  быт  настоящий  мужчина.  По  мере  взросления  юноши  мать 

неизбежно утрачивает способность прививать своему возмужавшему сыну навыки поведения, принятого 

в  обществе  мужчин.  Она  не  в  состоянии  на  собственном  примере  научить  его  умению  правильно 

воспринимать распоряжения старших, привить ему стремление довести начатое дело до конца. 

Духовно-нравственные  аспекты  социализации  детей  направлены  на  выработку  у  детей  таких 

качеств  и  черт,  как  честь  и  достоинство,  честность  и  правдивость,  доброту  и  вежливость, 

справедливость  и  правдивость,  внимательность  и  чуткость,  послушание  и  милосердие,  силу  и 

упорство,  уверенность  в  себе  и  мужество,  обязательность  и  дисциплинированность  и  пр.  Так, 

посредством  разъяснения,  убеждения,  стимулирования  воспитывают  у  сыновей  такие  стереотипы 

поведения,  как  правильно  вести  себя  в  семейной  и  общественной  жизни,  как  соблюдать 

ответственность  за  благополучие  семьи,  как  взять  на  себя  самую  основную  нагрузку  и  тяжесть. 

Указанные  положения  реализуются  также  посредством  ссылки  на  собственный  жизненный  опыт  и 

личное поведение. Приведенные нами педагогические методы воздействия нередко сопровождаются 

материальным,  моральным,  физическим  и  другими  видами  поощрения  или  наказания.  Идентичные 

приемы  и  методы  традиционного  воспитания  используются  в  отношении  дочерей,  естественно,  с 

учетом их возрастного положения. 

В настоящее время процесс воспитания детей становится все более длительным и сложным, что 

напрямую связано не только с усложнением социально-экономической и общественной жизни, но и 

удлинением  периода  детства  в  связи  с  введением  всеобщего  обязательного  обучения,  запрещением 

использования  детского  труда.  Изменение  системы  образования  и  «удлинение  детства»  привели  к 

тому,  что  в  нашей  республике  как  и  в  странах  ближнего  зарубежья  дети  в  течение 16-18 лет 

полностью  находятся  на  попечении  родителей.  Их  основной  обязанностью  в  этот  период  является 

только  учеба  в  школе  и  последующее  их  обучение  в  средних  специальных  и  высших  учебных 

заведениях.  Даже  поступив  учиться  в  колледжи,  институты  и  университеты,  они  по-прежнему 

надеятся  на  материальную,  финансовую  и  иную  помощь  родителей  или  других  близких 

родственников.  Поэтому  естественной  реакцией  на  это  со  стороны  семьи  и  общества  становится 

отношение к ним как к индивидам, нуждающимся в постоянном контроле и опеке.  

Если перейти к половозрастным аспектам воспитания детей дошкольного и школьного возрастов, 

то  они  у  супругов,  как  правило,  носят  разный  характер.  Так,  в  реальности,  в  уходе  за  детьми 

дошкольного возраста роль матери намного выше по сравнению с отцовской.  

Следует также отметить, что в социализации детей посильное участие принимают представители 

старшего  поколения,  которые  располагают  необходимым  временем,  которое  можно  посвятить 

внукам. Нередко такие примеры характерны для пожилых, овдовевших женщин, для которых семья 

взрослого  сына  или  дочери  становится  основным  центром  притяжения.  Такая  роль  пенсионеров 

становится  особенно  актуальной  в  условиях  наметившихся  в  последние  годы  трудностей  с 

получением  жилья,  нехваткой  в  селах  дошкольных  учреждений,  материальными  затруднениями, 

испытываемыми  молодыми  семьями.  Для  внуков  бабушки  и  дедушки  являются  самыми  близкими 


359 

 

после родителей, которые нередко любят их больше, чем собственных детей. 



Такая  модель  ухода  за  детьми  в  специфических  сельских  условиях  достаточно  стабильна  и 

эффективна.  Во-первых,  не  прерывается  связь  поколений,  расширяется  процесс  передачи 

этнокультурных особенностей народа, внуки лучше узнают историю, предания, генеалогию и корни 

своей семьи, осознают себя преемниками семейной традиции. Во-вторых, контактируя одновременно 

с  родителями,  с  бабушкой  и  дедушкой,  ребенок  с  раннего  детства  приобретает  обширный  и 

разнообразный опыт межличностного общения.  

Успех воспитательного воздействия родителей на детей, особенно старшего возрастов возможен 

лишь  при  постоянном  общении,  которое  сопровождается  коллективным  трудом,  отдыхом, 

взаимопомощью,  совместным  обсуждением  основных  внутрисемейных  вопросов,  проблем  и 

новостей. Приоритетным здесь является личный пример родителей, других старших членов семьи. 

Конечная  цель,  на  которую  направлены  все  усилия  семьи – это,  во-  первых,  достижение 

социальной  зрелости  детей  и  подростков.  К  ним  можно  отнести  следующие  жизненно  важные 

качества,  которые  они  должны  принимать  самостоятельно: 1) способность  материального 

самообеспечения; 2) уметь  добиваться  разумных  решений  по  насущным  проблемам  и  нести 

ответственность  за  них; 3) рационально  управлять  своими  поступками; 4) правильно  организовать 

свой  повседневный  быт.  Во-вторых,  стремление  к  постепенному  отдалению  взрослых  детей  от 

родительского дома при сохранении достаточно стабильных родственных связей между ними. Такая 

модель  «автономии»  подразумевает: 1) ослабление  и  завершение  воспитания,  включая  опеки  над 

ними; 2) достижение  молодежью  взрослости  и  образование  новой самостоятельной  семьи [2, с.209-

214].  


Выше  мы  рассмотрели  в  основном  благополучные  моменты  в  социализации  подрастающего 

поколения.  Однако,  в  данном  вопросе  имеются  и  нерешенные  проблемы,  трудности.  Воспитание 

детей  становится  преимущественно  женским  делом,  многим  мальчикам  не  хватает  отцовского 

внимания. 

Постепенно  ослабляется  роль  представителей  старшего  поколения  в  социализации 

детей. Не все дети и внуки могут воспользоваться мудростью и опытом старших. В ряде семей вместо 

строгости  и  требовательности  до  сих  пор  используются  силовые  приемы  воспитания  детей  путем 

рукоприкладства и ремня. Есть достаточно детей, которые растут в неполных семьях, в основном без 

отца,  в  семьях  алкоголиков,  нравственно  разложившихся  людей  и  т.д.  В  ряде  семей  дети  рано 

начинают  чувствовать  противоречие  между  необходимым  и  требуемым,  назиданиями  и  реальным 

поведением, а также непоследовательностью своих родителей. В них не контролируемые социально-

нравственными 

идеалами 

эмоции 


супругов 

невольно 

противодействуют 

проявлению 

индивидуальных  особенностей  (самостоятельности  и  независимости)  детей,  что  в  конечном  итоге 

ставит их в положение зависимых, неполноценных членов семьи и общества. А это в свою очередь 

может в будущем привести их к фактору социальной инфантильности. Этому же в немалой степени 

способствует  отсутствие  четко  выработанных  норм  общественного,  юридического  и  религиозного 

контроля над поведением подростков по отношению к родителям. 

В целом уход за младенцами и малолетними детьми по-прежнему находится в ведении матери, а 

также  бабушек.  В  то  же  время  в  воспитании  детей  дошкольного  возраста  мужчины  принимают 

значительно большее участие, чем в уходе за ними. Их роль возрастает по мере взросления детей. В 

современной  сельской  казахской  семье  имеются  все  возможности  для  всестороннего  воспитания  и 

развития  детей,  становления  их  как  всесторонне  сложившихся  личностей.  Этому  способствует 

постоянная  помощь  и  забота  о  детях  со  стороны  государства,  выполняющего  часть  функций  по 

социализации молодого поколения, а также знание и использование родителями основных элементов 

традиционной  народной  педагогики.  Лишь  в  тесном  сотрудничестве  семьи  и  общества  может  быть 

достигнуто всестороннее и гармоничное развитие ребенка, детей и подростков. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет