Əдебиеттер:
1.
Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. – Алматы: «Қайнар», 1996. – 196 б.
2.
Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы, Төлеубаев А.Т.Реликты доисламских веровании в семейной обрядности казахов.
– Алматы: «Ғылым» 1991. – 214 б., Артықбаев Ж.О.Этнос жəне қоғам (ғылыми еңбектер жинағы).Қарағанды 2003. -170
б., Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – Алматы.1992.–176-бет.,Шаханова М.Ж. Мир
традиционной культуры казахов. Алматы.1996.-207 б., Кульсариева С.П. Социализация и воспитания детей у кахахов. –
Алматы, 2011.–205-бет., Ибраев М., Қудайбергенова А., Бекбалақ Қ. Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары. –
Алматы: «Арыс» 2005. –325-б.
3.
Əуезов М. Абай жолы роман-эпопеясы 1–4 кітаптар, – Алматы: «Жазушы», 2008.1 – кітап – 374-бет., 2-кітап –
430 бет., 3-кітап – 382 бет., 4-кітап – 400-бет.
Б.С. Аймбетов
əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың,
тарих, археология жəне этнология факультетінің
2-курс магистранты (Алматы қ.)
ЖАПОНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Жапон халқы əлемдік жаһандану үдерісіне мойынсынбай, өзіндік дəстүршілдік пен
заманауишілдікті қатар алып келеді. Бірақ соңғы жылдары экономиканың өсіуіне байланысты жапон
халқының отбасы құру үдерісі айтарлықтай тоқырауға ұшырап, мемлекеттік деңгейдегі мəселеге
айналды. Осыған байланысты жапон халқы əлемде қартаюшы халықтар қатарына қосылды. Осы
мəселелерді шешудің əр түрлі жолдары қарастырылуда. Отбасы құру мəселесі жалғыз жапон халқына
ғана емес, сонғы уақыттары қазақ халқының өзекті мəселесіне айналып келеді. Бұл жапон халқының
қазіргі заманда дəстүрлі отбасылық жəне некелік қатынастарын сақтап, оны ұрпаққа жеткізудегі
ұстанымдарымен ерекшеліктерін көресетуде.
Жапон қоғамында отбасылық құндылықтарын білу өте маңызды. Себебі бұл елде қоғамның тірегі
отбасы болып табылады. Отбасылық міндеттер жеке адамның мүддесінен жоғары қойылады.
366
Отбасылық қатынастар қоғамның барлық деңгейіндегі əлеуметтік қатынастардың негізін құрайды.
Тұрақты отбасылық жүйе жапондық «экономикалық таңғажайыптың» негізін салды. Бүгінгі күні
де жапон қоғамында отбасы маңызды рөл атқаруда. Дегенмен қазіргі отбасының дəстүрлі отбасынан
айырмашылығы бар.
Жапондардың негізгі отбасы төрт адамнан тұрады. Отбасының отағасы əкесі немесе сюдзин деп
аталады. Əйелі үй шаруасымен айналысып «канай» деп атайды, бұл «үйдің ішінде» деген мағынаны
білдіреді. Тұңғыш бала мұрагер болып есептеліп, оған көп міндет жүктеледі.
Неке мəселесінде ата-аналар балаларына өмір серіктерін өздері іздеп тауып, той жайлы келісім
жасайды. Алайда бұл тəртіп қазір азайып келеді.Ажырасуды жапон қоғамы қолдамайды.
Жапон дəстүрі бойынша отбасында бала тəрбиесімен анасы айналысады. Жапондар бала
тəрбиесінде бала бағушылардың қызметіне жүгінуді қолдамайды. Сондықтан жапондық əйелдер үй
шаруасымен жəне бала тəрбиесімен өздері айналысуға тырысады. Жапонияда бөбектерге шексіз
еркіндік берілгендіктен анасы үнемі оның соңынан еріп, бақылап отыруға міндетті. Бөбектің
денсаулығы мен амандығына түгелдей анасы жауап береді.
Перзетханаларда балалардың кесілген кіндіктерін кептіріп, оған анасы мен нəрестенің аты
жазылып сақталып қойылады. Бұл дəстүр екеуінің арасындағы байланысты жақсы көрсетеді.
Нəрестенің өмірінің алғашқы күндері ана мен баланың арасындағы тығыз байланыстың болуы –
нəрестеге деген қарым-қатынастың негізгі тəртібі. Жапон əйелдері дүниеге нəресте əкелемін деп
шешкенде нəрестеге көп уақытын арнауға даярланады. Ұлдар мен қыздарға əр түрлі тəрбие беріледі.
Жапондардың мəтелдерінің бірінде ер адам ас үйге кірмеуі керек деп айтылады. Ұл балаға
отбасының болашақ тірегі деп қарайды. Ұлттық мейрамның бірі – ұлдар күні.
Жапондардың ұлттық санасының ерекшелігі ұжымдық ой-өрістің басым болуы. Олар бала
күнінен «жалғыздың аты шықпас» деген санамен белгілі бір топтың бөлігі бодуға даярланады.
Сондықтан жапондықтар үшін берік отбасылық үрдіс өте маңызды [1].
Баласын арқалаған жапон əйел шашын қидыруға келедi. Шаштараздың бiр бұрышына
жайғастырылған бала бiразға дейiн анасын күтiп, ақыры тағаты таусылған сəтте қолына жақын
маңдағы заттарды ала бастайды. Бояулардың қақпағын ашып, айнаға түсiнiксiз суреттер салып
отырған жапон баласына шаштараз iшiндегi ешбiр жан лəм демейдi. Себебi, кiшкентай сəбиге бəрiн
жасауға рұқсат. Бұл жапондардың бала тəрбиесiндегi басты ұстанымы десе де болады. Салыстырып
қарасақ, “балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен
кейiн досыңдай сырлас” деген бiздердiң тəрбие негiздерiмiздi жапондар берiк ұстанады екен.
Қатаң қағидалар негiзiнде өскен жапон баласы он бес жастан кейiн тəртiптi, оң-солын таныған,
жақсы мен жаманды айыра алатын толыққанды азамат саналады. “Патша” болып еркiн өскен бала 5–
6 жасынан бастап, тастай темiр тəртiпке бағынатын “қиын” күндерге тап болады. Егер бұл тəртiпке
бағынбаса, қатаң жазаланады. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен
бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сəби күнiнен санасына сiңiрген бала сол
жазаға ұшырап қалмауға күш салады. Көпшiлiктен, қоғамнан тыс өмiр сүру түсiнiгi жапондардың
ортасында кешiрiлмес күнəмен тең. Содан болса керек, мысалы, табиғи апат жағдайында да жалғыз
жапонның жанталаса қашып бара жатқанын көрмейсiз. Өз өмiрiне қауiп төнiп тұрса да, жанындағы
адамға қол ұшын созып, бiрлесе құтылуға тырысады [2].
Ұлттық тəрбиенің негізі рухани дүниеде десек, жапон отбасында бала жастайынан шямисэн, бива,
кото сияқты ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді. Ежелгі жапонның ұлттық тəрбиесі рухани
құндылықтарды бала жүрегіне құйып, Бабалар жолымен жүруге бейімдеп, даналықтың бастауынан
нəр беруге негізделген. Жапон ұлтының ер бала тəрбиесіндегі басты арқауы заманда ата-бабалар
қалдырған философиялық еңбектерде. «Шицзи», «Ханьшу», «Хоуханьшу», «Ицзин», «Шуцзин»,
«Идзин», «Шюньцю», «Лицзи» секілді байырғы əдебиеттерді оқыту арқылы ер баланы жоғары
саналы парасат иесі болуына ықпал еткен. Ал қазіргі жапон баласы бұндай еңбектерді аталары
сияқты бүге-шігесіне дейін оқымаса да, фольклорлық өлең-жырларды жаттап өседі. Ер балаларды
самурайлық ерлік жолымен тəрбиелеуге арналған мектептер ХХ ғасырға дейін Жапонияда көп
болған. Ол мектептерде ер баланы батырлықтың қыр-сырына үйретіп, ел қорғайтын батыр болуға
тəрбиелеп қана қоймай, жаратылыстану ғылымдарымен қатар əдебиет, музыка, риторика тəрізді
пəндер оқытылған.
Баланың дүниетанымын ерте жастан дамыту қағидасын берiк ұстанатын жапон халқы бала iште
жатқан сəттен бастап он бiр жасқа дейiн оған өз ұлтының салт-дəстүрi, наным-сенiмi, тарихы туралы
жалықпай айтып, елiне, жерiне деген сүйiспен-шiлiктiң iргетасын мықтап қалайды. Ұл мен қыздың
тəрбиесiндегi ерекшелiктермен қатар, қатаң бақылауда ұстанатын қағидалары да жетерлiк. Мəселен,
дүниеге шыр етiп келген сəттен бастап жапондар қыздарын нəзiктiкке, сұлулыққа баулып, əйелге тəн
биязылықты сiңiруге арналған тəрбие сабақтарына көптеп қатыстырады. Соның бiр үлгiсi – “гүл”
сабағы. Гүл сабағында қыздар тек биологиялық тұрғыдан емес, тəрбиелiк жағынан көптеп бiлiм
алады. Гүлдей нəзiктiк, сұлулықты меңгеру үшiн жапон қыздары мектеп бағдарламасынан бөлек
367
арнайы үйiрмелерге барып, қолөнер iсiмен шұғылданады. Ал ұл бала тəрбиесiндегi талап бұдан гөрi
қатаңдау болады. Болашақ жапон азаматы отбасының тiрегi, мемлекетiне аса пайдалы маман ретiнде
сəби шағынан бастап жан-жақты тəрбие алады. Соның бiрi жапон баласының саяси жүйе құрастыру
деп аталатын ойыншығы. Бұл ойыншықты бала ойнай отырып, мемлекеттiк саяси жүйенiң қыр-
сырын меңгередi, əрi өзiнiң осы саладағы бiлiмiн жетiлдiредi. Осы ойын арқылы əрбiр жапон баласы
елiнiң бүгiнi мен ертеңiне өзi жауапты екенiн түсiнiп өседi. Бастауыш сыныпты бiтiргенше жапон
оқушысы ата-бабасынан қалған шежiрелi бай мұраны оқып-бiлiп өседi. Сондай-ақ барлық сабақ пен
берiлетiн бiлiм тек қана жапон тiлiнде жүредi. Бесiншi сыныптан кейiн шет тiлi мен өзге елдердiң
тарихы туралы пəндер сабақ кестесiне енгiзiлген. Сонымен қатар жапон баласы баратын балабақша
мен мектептiң iшкi безендiрiлу үлгiсi мiндеттi түрде ұлттық нақышпен бейнеле-недi. Əрбiр батыры
мен танымал тұлғасын дəрiптеп, оның асқан ерлiгi арқылы жапон халқының кереметтiгiн үйретуде
ата-ана мен мұғалiм, тəрбиешiлердiң сiңiретiн еңбегi шексiз. Содан болса керек, жапондар ұлттық
мүдденi бəрiнен биiк қояды, сол үшiн қызмет етедi [3].
Ер бала беске, қыз бала жетіге толғанда ата-анасы оған арнайы кимоно кигізіп, храмға апарып,
баланың амандық-саулығы үшін рəсімдер жасалады. Осы шараға арнайы ұлттық тағамдар пісіріледі.
Бала ержетіп, жиырма бірге келгенде арнайы кимоно киіп, храмға барады. Үлкен өмірге қадам басу
кезеңі осы уақытта басталады. Бұл ең алдымен ата-баба дінін бала жүрегіне ұялатып, бойына сіңіру
принципімен байланысты.
Ер баланың да, қыз баланың да ойнайтын ойыншығына дейін ұлттық нақышта жасалған. Ойын
арқылы жапон баласы ер бабасының ерлігін түйсініп, дана əжесінің шеберлігін ұғынады. Мысалы,
«Карута тори» деген ойынды кішкене баладан бастап, ересек адамдар да ойнайды. Əр ойын əншейін
уақыт өткізу үшін емес, елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. «Карута ториді» ойнау үшін
байырғы əдебиеттен жүз жыр білу керек. Бұл жүз ақынның өлеңін жатқа айту деген сөз. Феноменді
ми қабілеті осылай дамиды. Жапондар бала тəрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Күншығыс елінде
үлкенді сыйлау деген ұғым іс жүзінде жоғары деңгейде. Одан соң көрініс беретіні – ер адамды
қадірлеу. Бұны бір жақты түсінуден аулақ болу керек. Ежелгі жапон салт-дəстүріне үңілсек, ер балаға
самурай ерлік дəстүрін өнеге етіп, тəлім бергенін жапонның ұлттық əдебиетінен байқаймыз.
Патрихалды отбасындағы жəне жалпы қоғамдағы жапон əйелінің рөлі қазір өзгеріске ұшырауда.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапон мемлекеті жаңа конституциясын қабылдады. Жаңа
конституция бойынша жапон əйелдері сайлауға қатысуға, сайлануға құқылы болды. Бұл конституция
əйел адам жəне ер адамды саяси, экономикалық, əлеуметтік, сонымен қатар отбасы қатынасында тең
құқықпен қамтамасыз етті. Соғыстан кейін Жапон мемлекетінің дамуына жапон əйелдері де бар күш
жігерлерін салды. Қабылданған жаңа заңдар, жапон əйелдерінің қоғамдағы орнын біршама
айқындады [3].
Басқа Азия жəне шығыс елдерімен салыстыратын болсақ, шын мəнісінде жапон əйелдерінің
құқығы басым болып келген. Жапон əйелдеріне баланың тəрбиесі, білімі, жалпы мойнына жүктелген.
Сонымен қатар күйеуінің табысын басқару, қандай шығынды қай кезде жасау əйел адамға
табысталған. Қазіргі таңда жапон əйелдері нық өз аяғымен тұрып, қоғамдық істерге белсене
қатысуда. Жапон қоғамында жаһанданудың терең тамыр жайғанына қарамастан, қоғамның тез
қарқынмен дамуы əйел адамдарды тəуелсіз, білімді, тəкəппар жандарға айналдырғанымен, жапон
əйелдері əлі күнге дейін иіліп күйеуін шығарып салу, қарсалу дəстүрін жалғастырып келуде.
Əрбір заман өтпелі кезеңдерден тұратындықтан, жапон əйелдері де əрбір заманның даму
талабына сай өзгеруде. Қазіргі таңда жапон əйелдері өз тұрмысын қалай өткізуін өздері шешеді,
нақты айтатын болсақ өз тұрмыс тіршілігіне өздері жауапты. Жауапкершілік білім жүйесінде қатты
байқалады. Білім жүйесі бойынша əрбір жапон азаматы 15 жасқа дейін бастауыш жəне орта мектепті
бітіруі міндетті. 15 жастан кейін əрбір жапон азаматы өз таңдауы бойынша өмір сүреді. Жоғары
мектептен кейін жоғары оқу орынға түсетін, немесе жұмыс істеп, содан соң жоғары оқу орынға
түсетін əйелдер де бар. Сонымен қатар жоғарғы оқу орынды бітіргеннен кейін, білімін магистратура
жəне доктарантурада жалғастырып жатқан əйелдер де көп. Өткен заман əйелдері уақытының
барлығын үй шаруасына, күйеуіне ақыл, кеңес берумен, жалпы отбасы мəселесімен ғана айналысса,
қазіргі таңда жапон əйелдері белсенді түрде қоғамдық істерге қатысуда. Мансабын құруды мақсат
ететін, əрі жұмыс істейтін əйелдердің саны жылдан жылға өсуде. Қазіргі таңда əйелдердің 50%
астамы еңбек етуде. Жапонияда міндетті білім алу жүйесі орта мектеппен аяқталады. Жаңа көрсеткіш
бойынша жоғары мектепті бітіргендердің 97% ерлер, ал 96% əйелдер құрайды. Екі жылдық жоғарғы
оқу орынды бітіретіндердің 14% əйелдер, ал 2% ерлер құрайды. Кредиттік технология бойынша 4
жылдық бакалавр бағдарламасын бітіргендердің 48% ерлер құраса, 34% əйелдер құрайды.
Магистратураға түскендердің 13% ерлер құраса, 6% əйелдер құрайды. Жоғарғы оқу орында
əйелдердің көбісі гуматнитарлық ғылым саласы бойынша бітірсе, ал ер адамдар көбінесе нақты
ғылымдарды меңгеруде
Енбек ақы мəселесін қарастыратын болсақ, еңбек ақының 100% тек ерлер ғана алады. Бұл жапон
368
қоғамында əйелдердің наразылығын тудыруда. Бұдан неге деген сүрақ туындайды? Жапон үкіметінің
осы мəселеге байланысты жауаптарының бірі. Ер адам отбасы шығынына жауапты болғандықтан, ал
əйел адам өзінің психологиялық жəне экономикалық мүддесін қамтамасыз ету болғанддықтан,
жалақы жүйесінде осындай өзгешеліктер бар деп жауап қайтарды. Жапон əйелдері қазіргі таңда
қоғамда, саясатта жəне тағы басқа салаларда алға ұмтылуда. Қазіргі заманның негізгі ерекшелігі,
жапон əйелдері үшін көптеген мүмкіндіктер ашылды. Осы мүмкіндіктерін алға қойған жəне іске
асырып жатқан жапон əйелдер саны жылдан жылға көбеюде.
Жапон қоғамында отбасын басқару жүйесі əртүрлі. Бұл жүйе отбасында қаржы табу мəселесімен
тығыз байланысты дейді. Егерде, күйеуі жəне əйелі отбасы қаржысын бірдей дəрежеде тапса, онда
отбасын бірдей дəрежеде басқарады. Ал егерде үйге қаржыны ер адам ғана əкелсе, онда үй сатып алу
сияқты маңызды шешімдерді ер адам қабылдайды. Егерде белгілі бір жағдаймен үй қаржысын тек
əйел адам тапса, онда басқару тізгіні əйелдің қолына өтеді.
Жапон қоғамында жəне отбасында патриархалдық қатынастың терең тамыр жайғанына
қарамастан XXІ ғасырда қоғамдықэкономикалық қатынастың тез қарқынмен дамуы, əйелдердің
ерлерден қалыспай тең дəрежеде жоғары білім алуы, əйелдер мен ерлер арасындағы тең құқықтық
заң жүйесінің орнатылуы, əйелдердің мемлекеттің қоғамдық-экономикалық саясатына белсене
қатысуы, жаһандық кезеңде білім мен біліктілігін көрсете білген əйелдерге жаңа кезеңде жаңа
мүмкіншіліктер ашылуда. Мұның өзі жапондық отбасының ұстанымдарына өзгерістер енгізуде [4].
Əдебиеттер:
1. Anne E. Imamura. The Japanese Family // Asia Society. – 1990. –Vol. – P. 17.
2. Жылқыбаева Ш. Жапондар ер баланы қалай тəрбиелейді? // Адырна ұлттық этнографиялық порталы. – 2010. – 20-
қыркүйек.
3. Əлем елдері тəрбиесіндегі ерекшеліктер // Жас алаш. – 2013. – 2-шілде.
4. Нурсеитова Л.Д. Қазіргі таңдағы жапон əйелдерінің саяси-əлеуметтік жағдайы // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Хабаршысы. – 2012. – № 3 (88).
М.Т. Раймбекова
əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың,
тарих, археология жəне этнология факультетінің
2-курс магистранты (Алматы қ.)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАРЫ
Қырғыз отбасының ерте заманнан бергі даму тарихы жалпы адамзат қоғамының даму
сатыларымен ортақтаса əрі сабақтаса байланысып жатыр. Қырғыз халқының қалыптасып,
өркендеуіндегі бастан кешкен түрлі тарихи жағдайларға сəйкес өзінше ерекше болмыс бар.
Қырғыз отбасы жөніндегі жинақталған этнографиялық материалдар мен зерттеулерді Н.
Гродековтың [1], С.М. Абрамзонның [2], И. Молдабаевтың [3], С. Аттокуровтың [4], А.
Жұмағұловтың [5], Г.С. Загряжскийдің [6], Н.Т. Дыренкованың [7], швед ғалымы, географ Свен
Гединнің [8] еңбектерінен де көреміз.
Отбасылық тіршілік – адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп, қоғамның белді мүшесіне
айналу, өмірмен қоштасар сəттегі соңғы сапарына дейінгі аралықтағы əдет-ғұрыптардың жиынтығы.
Үлкен отбасы жер шарындағы барлық халықтардың өткен көне тарихынан ерекше орын алғандығы
жөнінде М.О. Косвеннің [9], Ю.В. Бромлей мен М.С. Кошубаның [10] еңбектерінде қарастырылған.
С.М. Абрамзон мен А.Жұмағұлов еңбектерінде қырғыз халқында көптеген бөлінбеген үлкен
патриархалды отбасыларының кездесіп, олардың құрамы бірнеше ұрпақтан жəне əр отбасы он бес,
отыз-қырық адамнан тұратындығын дəлелдейді. Б.К. Қалшабаева өз еңбегінде «Қырғыздарда
бөлінбеген үлкен отбасы өмір сүрді. Отбасындағы адам саны 15 адамға дейін жетсе, кейін келе 5–6
адамнан ғана тұратын кіші отбасы саны көбейді» – деп баяндайды [11]. Г.М. Төлеубаева
«Қырғыздарда үлкен патриархалды отбасы қауымдары əлеуметтік-экономикалық жағдайға
байланысты біртіндеп өзгеріп, шағын аталас топтардың пайда болуына əкеліп соққандығын» –
айтады [12]. Ал, С.М. Абрамзон еңбектерінде ХХ ғасырдың басына дейін қырғыздарда үлкен отбасы
ыдырап, оның орнына дара отбасы пайда болады, кейбір аймақтарда үлкен отбасылар ХХ ғасырдың
70-жылдарына дейін сақталғандығы жөнінде қарастырған [2].
Қырғыздарда үлкен отбасының ыдырау кезеңі əр өңірдің экономикалық даму дəрежесіне
байланысты екендігімен сипатталады. Қырғыздардағы туыстық топтар – бир аталық балдары деп
аталған. С.М. Абрамзонның пікірінше туысқандық топтар бірлесіп мал баққан, қыста қыстауға, жазда
369
жайлауға бірге көшіп қоныстанған, əрбір отбасының ішінен малшы тағайындаған, дəстүрлі
отбасылық мерекелік кештерді бірлесіп өткізген, тумалар арасында бір-біріне малдай, қаражаттай,
заттай көмектесіп отырған [2].
Қырғыздарда туысқандық қарым-қатынастар отбасындағы салт-дəстүрлерде, əдет-ғұрыптарда
туыс адамдардың бір-біріне көмек беру іс-əрекеті арқылы көрініс тапқан. Олар: қыз ұзату, келін
түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде жəне адам қайтыс болған кезеңде үйге аза салу, оның
жетісін, қырқын, жүзін жəне жылын беру, кездейсоқ апаттарға ұшырау жəне дүние, қаражаттан
қысылған кезде берілетін туысқандық көмек əдеттері. Мұндай көмек «йылу» делінген. Бұл көмек
қазақтарда «жылу» деп аталады. Қазақ пен қырғыздарда туыстық көмектің атауы басқа болғанымен,
мағынасы жағынан бірдей. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты өзара туысқандық көмек «йылудың»
мəні өзгере бастады. Қазіргі таңда Қазақстандағы этнос өкілі - қырғыздарда туысқан адамдардың бір-
біріне көмек беру іс-əрекеттері «йылудың» маңызы зор екендігін Алматы қаласындағы «Мурас»
Қырғыз этномəдени бірлестігінің жетекшісі Руслан Мамыров мойындайды [І].
Информатордың баяндауынша, қырғыздарда туысқан болған отбасының мүшелері бір-біріне
мерекелерде, жерлеуде материалдық көмек көрсетіп, үй шаруашылығында да көмек бергендігі
байқалады. Туысқандық көмек «йылу» қаншалықты мəні өзгеріске ұшырағанымен, осы күнге дейін
өз жалғасын табуда.
Швед ғалымы, географ Свен Гедин 1893 жылы Азияға ғылыми-зерттеу жұмыстарымен арнайы
барып «Азия арқылы» деген еңбегін жазды. Осы еңбектің алғашқы бөлімінде Памир тауларында
қоныстанған қырғыз халқының əдет-ғұрыпы мен салт дəстүрін өз көзімен көріп қағаз бетіне түсіреді.
Автор қырғыздар мен қазақ халқының əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрін салыстыра отырып ғылыми
талдау жасайды [8]. Ғалым қырғыздар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан, жазда
жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонып жүргендігін, рулас-туыс адамдар бір ауыл болып көшіп
жүрген жəне əр рудың өзінің жайлауда жəне қыстауда белгіленген жайылымдық жерлері болған – деп
көрсетеді [8].
Жоғарыда келтірілген мəліметтерге сəйкес, қырғыздарда туысқан адамдардың бірігіп, көмек беру
іс-əрекеттері мал шаруашылығында да көрініс тапқан.
Свен Гедин қырғыздардағы өлікті жерлеу ғұрпына байланысты, адам қайтыс болғанда денесін
жуып, таза, ақ киім кигізеді. Содан, ақ матаға жəне киізге орайды. Қайтыс болған адамды жерлеген
соң, моласын таспен қалайтын. Егер қайтыс болған адам бай болса, оның моласына күмбез
орнатылатын. Жерлеген соң қырық күн бойы молаға туған-туыстар барады. Гедин қайтыс болған
адамды жерлеу əдет-ғұрыпын толық баяндамаса да жалпы мəліметтер береді. Өлген адамды жерлеген
соң, оның үшін, жетісін, қырқын, бір жылдан соң асын береді. Əр аста бүкіл ауыл-аймақ, рулас
туыстар түгел қатысады. Автор қырғыздар мен қазақ халқының өлікті жерлеу əдет-ғұрыптарын
салыстырмалы түрде зерттеп, ұқсастығын ғылыми тұрғыда негіздейді [8].
Қазақ халқында жеті атаға толғанға дейін қан алмастырмау ғұрпы халықтың нəсіл тазалығы мен
генетикалық тұқымдық жетілуі үшін өте қажет. Ы.Алтынсарин «Қаны жақын туыс адамдар үйленсе,
біріншіден, олардан ақыл-есі дұрыс бала тумайды, туа қалғанның өзінде өмір жасы қысқа болып,
саны бір-екіден аспайды. Екіншіден, ағайын, туысқан арасында əдепсіз, жағымсыз қылықтар етек
алып, ынтымақ, бірлік бұзылады. Ал туыстық араға жеті ата толған соң ежелден жекжат екі ел сүйек
жаңғыртып, қайтадан құда болысады. Осы салт арқылы ел бірлігі сақталады» – деп жазды [13].
С.Бизақов жеті ата ғұрпы – ағайын адамдардың сыйластығы мен ынтымағын, ар-ұяты мен
адамгершілігін сақтаудың кепілі саналып, аталастардың тұқым бұзушылыққа барып, ерлі-зайыпты
болуы қатаң жазаланды – деп көрсетті [14]. Байырғы қазақ қоғамында жеті атадан аспай қыз алу өлім
жазасына кесілген, егер отбасылары кешірім берсе, бұл үкім жазалаумен, дүре соғумен
ауыстырылған. Г. Загряжский жеті ата аспай үйленгендерге 72 ден 90 дүреге дейін соғылғандығын
баяндайды [15, с. 210].
Н. Гродеков өз еңбегінде қырғыздарда ХІХ ғасырдың аяғында туысқандар арасындағы некесі бес
атаға дейін, кей жағдайда үш атаға дейін ата заңын бұзса да жазаланбағанын келтіреді [1]. Г.М.
Төлеубаева қырғыздардың экзогамиялық нормаларды ұстанғандығы əрі төрт атаға дейін қыз
алыспайтындығы кездесетінін айтады [12]. Бұл өзгерістердің пайда болуы сол аймақтың
экономикасы мен мəдени деңгейінің ара салмағына байланысты болған.
Қырғыз халықтарының салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрпында тамыр болып достасу отбасының əр
түрлі жағдайларына байланысты. Мəселен, əкелері достық қатынаста болғанда, олар балаларын да
достастырады немесе басқа бір жағдайларда мүддесі бір болып, бір-біріне қадірі өткен адамдар тамыр
болып достасады. Тамыр болғысы келгендер бір-біріне ант беріскен. Тамыр болып достасқандар
бірінің-бірі көңілін қалдырып, жүз шайысып ренжіспеген, қуаныштарына ортақтасып, қайғыларын
бөліскен. Əрі қарай туыстық, құдандалық жақындықпенде жалғасын тапқан. Еліміздегі тұрып жатқан
қырғыздардың тамыр достастығы туралы пікірлері туыстық пен ынтымақты одан əрі етене
байланыста болатындығына шүбə келтірмейді.
370
Отбасылық туыстық қарым-қатынастар туыстық жəне жақындық атаулармен тығыз байланысты.
Қырғыз халықтары мен қазақтарда туыстық жəне жақындық атауларының түрі мен мазмұны бір-
біріне өте жақын. Мəселен, «аға» «ага» деген атаумен айтушының бірге туған ағасы «ага», немере
«неберем», шөбере «чөбөрөм» немесе «чүрпөм», аталас жасы үлкен еркектер, əкесінің інілері «ини»
аталған. Ал «жиен» «жээн» деген атаумен айтушының қызынан бірге туған апа-қарындастарынан
немесе немере, шөбере жəне аталас апа-қарындастарынан туған бөлелер «бөлө» аталады. Күйеуге
əкесінің əкесі де, əйеліне күйеуінің əкесі де «қайын ата» «кайын ата» делінеді. Осы сияқты көптеген
туыстық, құдандалық жақындық категорияларына ортақ атаулар өте көп. Бұл арадағы қырғыздардағы
туыстық жəне құдандалық жақындық жүйесінің атаулары айтушыға аталушының жасының үлкен-
кішілігіне, жынысына қарай жіктелетінін еске алғанымыз жөн. Мұнымен бірге атаулар əке жəне
шеше тарапынан туыстық, құдандалық жақындыққа байланысты жіктелетінін де еске сақтауымыз
қажет. Қырғыз халықтарының арасындағы туыстық жəне жақындық қатынастарға байланысты
қалыптасқан жүйе тұрақты жүйе. Қырғыздарда туысқандық терминдері ғасырлар бойы өзгерместен
қолданылып келген.
Туысқандық қатынастар жүйесі негізінен əке бойынша анықталады, бұған аталас деген термин
жəне шешесі бойынша туысқандық (жатындас, кіндіктес жəне т.б.) шарты қолданылуы мүмкін. С.М.
Абрамзон қырғыз халқының туысқандық терминологиясы бойынша ер адам жағынан туысқандығы
көп категориялы болғандығы, ал шешесі жағынан туысқандық буын, ұрпақ бойынша
анықталғандығын қарастырады [2].
Қырғыздарда туысқандықты есептеу баяғыдан бері ер азамат жағынан жүргізіліп, қоғамдық пікір
аясында дəл осындай туысқандық заңды күшке ие болса да, күнделікті тұрмыста шешесі тарапынан
туысқандыққа өте үлкен мəн беріліп, шешесі тарапының туысқандары өте жақын деп есептелген.
Қырғыздың «аталастан алтау болғанша, шешеден екеу бол» деген мақалы бекер айтылған емес.
Достарыңызбен бөлісу: |