Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет75/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79

 

Əдебиеттер

1.

 



Мұхамедханов Қ. Ақын мұрагерлері. – Алматы, 1995.  

2.

 



Сəтпаева Ш. Шəкəрім Құдайбердиев. – Алматы, 1991. 

3.

 



Шəкəрім, энциклопедия. 2008. 

4.

 



Əбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы, 1992.  

 

 

 

 

442 

 

Ү. Жұмабайқызы 

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ғ.қ. (ОҚО) 

 

ӨНЕР ТАУСЫЛМАС ҚАЗЫНА 

 

Ғасырдан  ғасырға  жалғасып,  ұрпақтан – ұрпаққа  баға  жетпес  таусылмас  қазына  болып  келе 

жатқан,  халқымыздың  өз  қолымен  жасайтын,  ұлттық  мəдениет  пен  өнер  туындысы – қолөнер. 

Халқымыздың  ежелден  бастау  алған  ұсталық  кəсібі  қолөнермен  тамаша  туындыларды  дүниеге 

əкеліп,  ұрпағына  асыл  мұра  етіп  қалдырған  құндылықтарды  қайта  жаңғырту  арқылы  да  өз 

мəдениетімізді өркендетеріміз анық. 

Қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тəжірбие 

үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мəдениеттің 

ішіндегі  негізгі  бір  саласы.  Қазақтың  қолөнері – халқымыздың  ертеден  келе  жатқан  асыл  мұрасы, 

өшпес қазынасы. Оны қолдай да, қорғай да білуіміз керекАта - бабамыздың қолынан шыққан ою - 

өрнектің,  ұлттық  қолөнердің  дамуына  қоршаған  табиғат  аясы,  өскен  ұясы,  туған  жерінің  қасиетті 

топырағы  мен  тоғай,  тауларының  құлпырған  рең  түрлері  де  қатты  ықпал  етті.  Бұрынғы  ата-

бабаларымыз  табиғат  мінезі  мен  жемісін,  өнегесі  мен  өрнегін  өте  жақсы  түсіне  білген  жəне  сол 

өздерін  қоршаған  ортаға  бейімделіп,  еңбек  еткен,  өмірін  құрған.  Бұл  ретте  қазақтардың  да,  жер 

бетіндегі  басқа  халықтар  сияқты  табиғаттан  үнемі  үйреніп  отырғандығын,  сонымен  бірге,  оның 

ыңғайына  үнемі  бейімделе  бермей,  өмір  қиындықтарын  жеңіп,  табиғаттың  ыстығы  мен  суығына 

күйіп  те,  тоңа  да  біліп,  осындай  сындардан  парасаттылықпен  өте  білген.  Осылайша,  қоршаған 

ортамен үндесе білу адамдарды өмір сүруге үйретті. Бұл үндесу, жаңаша өмірге бейімделу олардың 

дүние  тануына  бастау  болды.  Сөйтіп,  адам  ілгері  дамыды,  үнемі  өсу  жолында  жүрді.  Қазақы  əлем 

табиғатты өзінше түсінді жəне соған орай өзінше əрекет етті, өзінше пайымдаулар жасады.  

Осы  ретте  атақты  батыр  ағамыз,  қазақ  табиғаты  мен  болмысын  жетік  білген  жазушы  Бауыржан 

Момышұлына бір шетелдік журналист «Қазақ халқының саз өнерінде нота болды ма?» деген сауалға 

тілге  өте  жүйрік,  көңілі  көркем  Бауыржан  атамыз  былай  деп  жауап  берген  екен: «Болды  деп 

есептеймін.  Мынаны  қараңыз:  менің  бала  кезімде  өрмек  тоқып  отыратын  немесе  киізге  түр  салып 

отыратын əжем немесе анам үнемі əн салып отыратын, ал, əлгі жұмысын тоқтатса, əн де тоқтайтын. 

Осыған қарап, мен «олар əнді ою-өрнекке қарап салған» деп ойлаймын» деген екен. Қазақ бабамыз əн 

салуды  да,  ою-өрнекті  де,  қолөнерді  де  табиғаттан  тікелей  еншілеген.  Ал,  осылайша  өмір  сүруін 

пайымдаған  кең  даланың  кең  пейілді  қазағының  тыныс - тіршілігінде  қолөнері  ерекше  орын  алды 

жəне мал шаруашылығынан кейінгі өмірлік негізге, үлкен маңызға ие болды. Себебі, белгілі ғалым - 

этнограф Х.Арғынбаев «Қазақтың қолөнері жалпы халық мəдениетінің ішіндегі негізгі салаларының 

бірі» деп тұжырымдаған [1].  

Шындығында да, табиғат қазақы қолөнерінің бірінші үлгісі болды. Мысалы, көздің жауын алатын 

қазақы ою-өрнекке назар аударсақ, «құс қанаты», «қазтабан», «ботамойын», «бұғы-мүйіз», «толқын», 

«төртгүл»  жəне  т.б.  атауларының  өзі-ақ  табиғатпен  байланысты  екендігін  аңғарамыз.  Бұлардың 

ішіндегі  «қолтықша»  деп  аталатын  түрі  кəдімгі  адам  бейнесінің  сыртқы  тұтас  көшірмесі.  Осы 

пікірімізге белгілі этнограф Садық Қасиманов: «Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, 

- негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-

су,  көшіп-қону  көріністерін,  үшіншіден,  күнделікті  өмірде  кездесетін  əр  түрлі  заттардың  сыртқы 

бейнесін  береді»  деп  жазған [2]. Талай  ғасырлар  бойы  іздене,  үйрене  жүріп,  қолөнерін  дамытқан 

қазақ айналасындағы тіршіліктің суреттерін өзіне үнемі үлгі етті, себебі, адамның өзі де табиғаттың 

бір бөлшегі екендігі белгілі. 

Қазақтар  қолөнерін  бірнеше  бағытта  жүргізіп,  кеңінен  дамытты,  ғасырлар  бойы  ұрпақтарға 

үйретті, ілгері оздырды. Солардың ең негізгілері ағаш ұқсату, темір өңдеу, сүйек пен мүйізді ұқсату, 

теріні  ұқсату  мен  етікшілік  өнері,  тас  өңдеу  болды.  Бұлардың  өздері  бірнеше  салалардан  тұратын. 

Мысалы,  ағаш  ұқсатудың - үйшілік  өнері,  ершілік  өнері,  жиһаздар  мен  ыдыс-аяқтар  жасау  өнері 

болса, ал темір өңдеудің – ұсталық өнер мен зергерлік өнер секілді түрлері болды. 

Тəуелсіздік алған жылдардан бері ұмыт болған тарихымызды, жоғалған мұраларымызды түгендей 

бастағанымыз  рас.  Əсіресе, 2004 жылы  қабылданған  «Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы 

аясында  жүзеге  асырылып  жатқан  іс-шаралар  мəдени-рухани  құндылықтарымызды  түгендеп, 

еліміздің  тəуелсіздік  тұғырын  бекемдемек  жолында  екенін  баса  айтқымыз  келеді.  Осыған  орай, 

ғасырлар  бойы  жинақталған  қазақ  халқының  асыл  мұрасы-қол  өнерін  тəрбие  процесінде  қолдану 

еліміздегі  «Мəдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  өзінің  көкейтестілігің  арттыра  түсті. 

Ə.Марғұланның,  С.  Қасимановтың,  Ə.  Тəжімұратовтың,  М.  Мұхановтың  еңбектерінде  қазақ 

халқының  қолөнерінің  көркемдік  ерекшеліктері  айтылса,  халықтың  көркем  өнерінің  əсемдік 

тұтынушылық,  əлеуметтік  мəні  туралы  тарихшы,  этнограф,  философ  ғалымдар  Ө.  Жəнібеков, 

Б.Қазиханова, Б. Байжігітов жəне т.с.с ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 



443 

 

Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың «Өткеніңнің қадірін білу, олардың арман мүдделерін жалғастыру- 



адамгершілік парыз ғана емес, қоғамның дамуының, ілгері басудың негізгі алғы шарттарының бірі» 

деп атадан балаға мұра болған дүниелерді білу өткенді өктем, болашақты жарық ететінін баса айтқан. 

Қай  халық  болсада  өзінің  өткенін,  қайталанбас  тарихын,  салт  –дəстүрін,  жауынгерлік  жолдарын 

көзінің  қарашығындай  сақтап,  қастерлеп  ұрпақтан-ұрпаққа  өсиет  етеді.  Оны  олардың 

ескерткіштерінен,  мұражайлардан  көруге  болады.  Мұражай  ғылыми-зерттеу,  мəдени  көпшілік 

мекеме.  Мұражай  жəдігерлері  көбіне  көрме  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы 

насихатталуда.  Қорлар  жыл  сайын  теңдесcіз  жəдігерлермен  толыға  түсуде.  Мұражайдың  ғылыми-

іздестіру,  жинау,  сақтау,  ғылыми – экспедиция,  ғылыми-зерттеу,  ғылыми – экспозиция,  ғылыми-

баспа, т.б. жұмыстары аясында жұмыстар атқарылады. 

 Мұражай тек өткеннен ақпарат жеткізуші ғана емес, сол ақпаратты заттық дəйектермен көрнекті 

түрде  түсіндіруші  жəне  тарихи  кезең  дəуірі  жөнінде  белгілі  ұғым  түсінік  қалыптастыратын  ұйым, 

ұлттық тарихты насихаттайтын мəдени білім беретін орталық. 

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. «Шебердің қолы 

ортақ»  деген  мақал  ел  ішінде  бекер  айтылмаса  керек.  Нағыз  шеберлікке  жету  үшін  табандылық, 

іскерлік,  талғампаздық,  білім  қажет.  Шығармашылық  ізденіс  үстіндегі  халық  шеберлері  тұрмысқа 

қажетті  қолөнердің  алуан  түрлерін  ойлап  тапты.  Өз  ұрпағының  “сегіз  қырлы,  бір  сырлы”өнегелі, 

өнерлі  болып  өсуін  мақсат  еткен  ата-анамыз  өз  бойындағы  бар  асыл  қасиеттерін  ұрпақтан  ұрпаққа 

үйретіп келген. Қолөнеріміздің озық үлгілерінің қазірге дейін жеткізіп, өнерін кейінгі ұрпаққа өнеге 

етіп  үйретіп  отырған  ағаштан,  темірден,  жүннен  жасалған  бұйымдарды  жасаушы,  алтын  қолды  ақ 

жаулықты  апаларымыз  бен  ақ  сақалды  аталарымыз  ел  арасында  сиреп  барады.  Бүгіңгі  таңда  ұмыт 

бола  бастаған  ұлттық  қолөнерімізді  кейінгі  жас  ұрпаққа,  яғни  мектеп  оқушылылардың  назарына 

ұсыну,  шеберлеріміздің  жұмысын  насихаттау,  жастарға  үлгі  ету  мақсатында  Отырар  мемлекеттік 

археологиялық қорық - мұражайының этнография бөлімінің қызметкерлері толассыз жұмыс істеуде.  

Қорыта айтқанда, ұлт тарихы мен өзімізді тануда, жас жеткіншіктерге білім беру, отансүйгіштік 

рухта  тəрбиелеуде  музейлеріміздің  атқарылып  отырған  үлесі  зор.  Ал  бүгінде,  яғни  еліміз 

тəуелсіздігін  алғаннан  бері  Елбасымыздың  тікелей  ықпалымен  ұлттық  өнерге  деген  талпыныс  бар. 

Жыл  сайын,  болмаса  мерекелік  іс-шараларға  байланысты  аймақтық,  республикалық  деңгейде 

қолөнер  шеберлерінің  көрмелері,  ұлттық  дəстүрдегі  іс-шаралар  өткізіліп  жүр.  Демек,  келешек 

ұрпақтардың  ұлттық  өнерге  деген  талпыныстары  қалыптасып  келеді.  Десе  де,  сіздер  мен  біздер 

еліміздің  ертеңі  үшін  бүгінгі  ұрпақты  білімді,  өнерлі  болуға  баулу  бағытында  не  тындырып 

жатырмыз,-  деген  ой  ойландырады.  Осы  бір  қағидаға  сүйене  отырып,  бүгінгі  жастардың  кейбір 

істеріне  көңіліміз  толыңқырамайды.  Жасыратыны  жоқ,  жастарымыздың  ұлтық  өнерге  деген 

көзқарасы  мен  бейімділігінің  кемшін  тұстары  жетерлік.  Егер  қолөнерден  нəр  алған  жастар  болса 

өмірден  өз  орындарын  ойып  тұрып  алар  еді. Қазағым: «Кəсібің – нəсібің» деп  бекер  айтпаса  керек. 

– Қолөнер дегеніміз – ол кəсіптің бірі де, бірегейі. Ал, кəсіпкерлік – ол адам баласының тіршілік көзі. 

Неліктен  осы  қолөнерге  деген  халықтың  ынта-ықыласы  төмен? – «Не  себеп?»  деген  сауалыңа 

мынадай  үш  себепті  ұсынар  едік.  Біріншіден,  қол  үзіп  бара  жатқан  ата  кəсіпкерлікке  жанашырлық 

керек. Содан да осы кəсіпкерлікті дамытамыз деп жүрген қолөнер шеберлеріне мейлінше қамқорлық 

жасалса.  Екіншіден,  дүкен,  базарлардағы  полуфабрикаттық  тұрмыс  заттарын  ғана  емес,  қолөнер 

шеберлерінің осы заман талабына сай жасаған ұлттық тұрмыстық бұйымдарын неге пайдаланбасқа? 

Yшіншіден,  отбасынан  бастап,  балабақша,  мектептерде  ұлттық  өнерді  насихаттап,  оларды  жас 

ұрпақтардың бойына сіңіре білуіміз керек-ақ. Осы үш себеп оң шешімін тапса, жастар ұлттық өнерге 

бейімделіп,  еліміздің  əлеуметін  көтеруге  өзіндік  үлестерін  қосар  еді.  Ғылым  мен  өнер  егіз  десек, 

ғылыммен ұштасқан өнер жастарды өнертапқыштық деңгейге жетелер еді. 

«Өнер  таусылмас  қазына,  өнерлінің  қолы  алтын»  деген  дана  халқымыз.  Өткенді  бүгінгі  күнге 

қолөнер  арқылы  жеткізе  аламыз.  Дегенмен,  он  саусағынан  өнер  тамған  қаншама  шеберлеріміздің 

қалтарыста  қалып  келе  жатқаны  да  рас. «Ел  іші  алтын  бесік»  екендігін  көрсететін  көптеген 

қазынамызды жарыққа шығарып, жұртқа насихаттап, таныстыру қажет.  

Қазіргі  кезде  жаңа  өмір  өзінің  жаңа  талаптарын  қойып  отыр.  Оның  міндеті  өнердің  бұрынғы 

келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп  жаңарту. Бүгініміз бен келешегімізді нəрлі қайнарына айналдыру 

əрқайсымыздың  борышымыз.  Алайда,  саусақтарынан  шуақ  шашырайтын  таланттар  мен  дарындар 

ақылмен  іс  қылса,  оларға  қай  тараптан  болса  да  аялы  қамқорлық  болса,  алынбайтын  асу  жоқ. 

Халқымыздың қолданбалы ұлттық өнерінің бағы сонда ғана  ашыла бермек, жарқырай түспек. Олай 

болса, ойымды ұлы кемеңгер Абайдың отыз үшінші қара сөзімен аяқтасам деймін. «Егер мал керек 

болса, қолөнер үйренбек болар. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. ...Адал еңбегін сатқан қолөнерші – 

қазақтың əулиесі сол». 

 

Əдебиеттер: 

1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Ғылыми-зерттеу еңбегі. – Алматы: Өнер, 1987. 

2. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. 


444 

 

Д. Арынова 

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайының ғ.қ. (Түркістан қ.) 

 

 



«ƏЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙ ҚОРЫНДАҒЫ КІЛЕМДЕР 

 

Қазақтың  қолданбалы  өнері  аяққап,  қоржынның  жасалу  түрлері,  зергерлік  бұйымдар  мен  ағаш 

бұйымдары сияқты сан алуан түрлерімен ерекшеленеді. Негізінен қолданбалы өнерінің материалдары 

–  металл,  керамика,  ағаш,  қыш,  шыны,  асыл  тастар,  сүйек,  былғары,  т.б.  болып  табылады.  Негізгі 

техникалық  əдістері  көркем  оймыш,  шекіме,  көркем  жазба,  кесте,  құйма,  сияқтылар.  Ал  қазақ 

халқында кілем, алаша тоқу өнері жақсы дамыған. Кез келген үй төрінде қызылды жасылды кілемдер 

ілініп тұратын. 

Бүгінгі  таңда  жоғары  оқу  орындарында  заман  талабы  туындатқан  жасөспірімдердің  рухани 

тəрбиесін жүргізетін жаңа педагогикалық технологияны меңгерген мұғалімдер дайындау талабы алға 

тартылуда.  Сол  міндеттердің  бірі – кілем  өнерінің  тəрбиелік  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы 

оқушыларды  тəрбиелеуге  студенттерді  дайындау  мəселесі.  Ғасырлар  бойы  жинақталған  қазақ 

халқының  асыл  мұрасы – кілем  өнерін  тəрбие  процесінде  қолдану  еліміздегі  «Мəдени  мұра» 

бағдарламасы  аясында  өзінің  көкейкестілігін  арттыра  түседі.  Қазақ  халқының  кілем  өнерінің 

көркемдік  ерекшеліктері  Ə.Марғұланның,  М.Мұхановтың,  Ə.Тəжімұратовтың,  С.Қасымановтың 

еңбектерінде  айтылады.  Халықтың  көркем  өнерінің  əсемдік  тұтынушылық,  əлеуметтік  мəні  туралы 

тарихшы,  этнограф,  философ  ғалымдар  Б.  Қазиханова,  Ө.  Жəнібеков,  Б.  Байжігітов  жəне  т.б. 

еңбектерінде қарастырылған. [1, 3-б.]  

Осындай  кілемдердің  түпнұсқа  түрлері  «Əзірет  Сұлтан»  мемлекетттік  тарихи-мəдени  қорық-

мұражайының  қорында  сан  ғасырлардан  бергі  сақтаулы  тұрған  мол  мұраларды  насихаттау 

мақсатында соңғы кездері біршама зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, əлі де зерттеп-зерделеуді қажет 

ететін  бай  мұраларымыз  бүгінгі  таңда  жетерлік.  Осындай  жəдігерлеріміздің  бірі  ХVІІІ–ХХ  ғғ. 

жататын қолдан тоқылған түкті жəне тақыр кілемдер. 

Жалпы  қорда  тек  жүннен  жасалған 250-ден  астам  бұйымдар  бар.  Олар  негізінен  киіз  үй 

əшекейлері  кілемдер,  алашалар,  сырмақтар  мен  текеметтер,  бау-басқұрлар,  сондай-ақ  тұрмыстық 

бұйымдар-жайнамаздар, қоржындар жəне тағы басқалар болып табылады.  

Қорда сақтаулы тұрған кілемдердің ең көнесі ХVІІІ ғасырға жатады. Бұл кілемдердің көпшілігінің 

түгі түскен, оңған жəне көп жерлері сөгіліп жыртылған. Олардың ою-өрнектері сан алуан. 

 Ою  салу  өнері  сонау  тас  ғасырынан  бастау  алады.  Қазақ  жерін  мекендеген  тайпалар  мен 

халықтар  ою-өрнекті  кеңінен  пайдаланғандығын  біз  қазба  барысында  табылған  заттардан  біле 

аламыз. Сақ заманынан табылған əшекей бұйымдарда зергерліктің терең дамығаны анық. Сонау ескі 

өмір  дүниесінен  біздің  заманымызға  дейін  ою  өнерінің  тарихын  зерттегендер  Н.Тайманов, 

Л.Ходжикова, Ғ.Илиясов жəне т.б. Қазіргі кездегі ғалымдардың ішінен қазақ ою-өрнектерінің шығу 

тарихын  дамуын,  жасалу  технологиясын  зерттеген  ғалымдардан  Т.Басеновты, [2, 112-б.] 

С.Қасимановты жəне т.б. атауға болады.  

Жалпы кілем тоқу тұрмыс қажеттілігіне байланысты ертеден бізге мəлім. Киіз үйге көрік берген 

кілем  күнделікті  тұрмыста  пайдаланатын  жүннен  жасалынатын,  əлі  күнге  дейін  өз  маңызын 

жоймаған бұйым болып табылады. Кілем бетіндегі сан қилы сəнді өрнектер-көшпелі халықтың өмір 

шежіресін баяндайды. Бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, көшпелі елдің ағаш 

үйі,  мал  қорасы,  ескі  қорғандар,  жүзім  баулары,  бəрі-бəрі  осы  кілем  өрнектерінде  бейнеленіп  тұр. 

Кілемдегі суреттер шартты түрде бейнеленгенімен, онда өмір шындығы айқын аңғарылады. 

 Қорық  мұражай  қорында  сақтаулы  тұрған  кілемдердің  ішінде  қоңырат  кілем,  шұғыла  кілем, 

самаурынгүл  кілем,  пəтінісгүл,  шатыргүл  кілемдердің  бірнеше  түрлері  бар.  Олардың  көпшілігі 

оңтүстік өңірінде, нақтырақ айтсақ, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан жəне Отырар аймақтарында 1950-

80-ші жылдары қолдан тоқылған кілемдер. Кезінде осы аймақтың тұрғындарының тіптен əрбір үйінде 

түкті  жəне  тақыр  кілемдерді  қыз-келіншектер  жарыса  қолдан  тоқитын.  Оларды  бетіне  салынатын 

гүлдеріне қарай төмендегідей үш топқа бөлуге болады.  

1.Самаурынгүл кілем. 1950–1960 жж. көптеп тоқылған. 

2.Шатыргүл кілем. 1960–1970 жж. 

3.Пəтінісгүл кілем. 1970–1980 жж. 

Бұл кілемдерге жеке-жеке тоқталатын болсақ;  

Самаурынгүл  кілем.  Гүл  самаурынның  жалпы  формасына  ұқсас  етіп  салынады.  Ол  кілемнің 

ортасынан, оның көлеміне қарай екі, үш немесе төрт жерінен орын алады. Біріншіден самаурынның 

төрт бұрышты не дөңгелек аяғы-бір иық, төменгі оттық тұсы бір иық, негізгі бөлігі сопақшалау-бір 

иық  жəне  жоғары  оттық  тұсымен  «кемпірауыз»  атты  кіші  шəйнек  қойылатын  бөлігі-бір  иық  етіп 

келтіріледі.  Осылайша  симметриялы  иықтардан  жалпы  самаурынның  пішіні  шығарылады.  Содан 


445 

 

кейін оның іші əртүрлі өрнектермен толтырылады. Самаурынгүл кілемінің белең алған тұсы бұл сыр 



өңірінде Шиелі, Жаңақорған ішінара Түркістанда дамыған.  

 Самаурынгүл  түкті  сол  сияқты  тақыр  кілем  беттеріне  де  салына  береді.  Бүл  гүлдің  жалпы 

сұлбасы  геометриялық  сынық  сызықтардан  құралатындығына  байланысты  тақыр  кілемге  тоқу 

ыңғайлырақ болып келеді. Мұражай қорында мұндай өрнек түскен бірнеше кілемдер бар. Соның бірі 

есептік  номері  ƏСММ  КК  № 2442 түкті  кілем.  Төсегі  біртекті  алқызыл,  жиектері  ақ  отауланған, 

бетіне  толықтай  таза  геометриялық  өрнектер  салыған  да  ортасына  үлкен  төрт  самаурынгүл  түскен. 

Кілемді 1960-шы жылдары қызылордалық шеберлер Түркістан қаласында тоқыған. 

Шатыргүл  кілем  тоқу  технологиясы  жағынан  шигүл,  шешенгүл,  пəтінісгүл,  самаурынгүл 

кілемдеріне ұқсас, салынатын түрлері құрамалы болып келетін кілем түрі. Жалпы кілемдегі өрнек он 

екі  бұрышты  жұлдызша  пішіндес,  ішіне  оюлар,  гүл,  жұлдызша,  қайсыбіреулеріне  құстардың, 

аңдардың да бейнелері салынады. Шатыргүл кілемі Отырар аймағында кеңінен тоқылған. Түркістан 

өңірінде де бұл кілем түрі аз кездеспейді. Шатыргүлді тек қана түкті кілемдерге емес, сонымен қатар 

тақыр кілемдерге де көп пайдаланған. [2, 46-б.] 

Шатыргүлді  кілемдердің  бетіндегі  оюлардың  мағынасына  тоқталар  болсақ,  оның  ішіндегі 

жапырақшаларына  көбіне  қазақтың  ежелгі  оюлары  «тышқаніз»  немесе  «тұмаршалар  тізбегі», 

«Қошқар мүйіз», «Сыңар мүйіз» өрнегі салынатын болған. Сондай ақ, шатыргүлді кілемдердің кейбір 

түрлерінің  ортасына  тек  қана  үлкен  жəне  кіші  ромб  тəрізді  өрнектер  қатарластырыла  түсіріледі. 

Шатыргүлдің жұлдызшаланған сегіз не он екі бұрышты жапырақшаларының түсі бірі жасыл, қызыл 

келесісі қара түсті болып келеді. Яғни бұл өміріміз көктем гүліндей құлпырсын, жеріміз кең болсын 

деген  мағынаны  береді.  Сонымен  бірге  шатыргүлдің  ішінде  «қаңқаға»  ұқсас  өрнектер  де  кездеседі, 

жиектеріне  екі  не  төрт  қатар  «Ирек  су»  оюы  түсіріледі.  Мұражай  қорында  мұндай  шатыргүлді 

кілемдер көптеп кездеседі.  

Ертедегі адамдардың ұғымынша дүниенің жаралауына төрт зат негіз болған: от, су, ауа, тау т.б. 

Су  оюының  негізінде  “ирек”, “тасқын”, “дария”  оюлары  қалыптасты.  Дария – дархандылықтың 

символы.  Су  оюы  көбінесе  кез  келген  бұйымының  жиектеріне  жəне  бұйым  ішіндегі  тармақтарда 

кездеседі.  Шатыргүлдің  төрт  жағында  «Төртгүл»  бейнеленген. «Төртгүл»  жəне  «үш  гүл».  Бұл 

өрнектер тобына үшбұрыш, төртбұрыш болып келетін геометриялық фигуралардан құралатын кілем, 

кесте,  құрақ  өрнектер  жатады.  Дəл  осы  фигуралар  Қ.А.Ясауи  кесенесінің  сыртқы  жағында 

бейнеленген.  Түркістан  өңірінде  кесенеде  кездесетін  ою  өрнектерді  жергілікті  тұрғындар  кілемге, 

кестеге, текеметке, тұскиіздерге түсіріп отырған.  

Пəтінісгүл  кілемдерге 1970–1980 жж.  жаппай  өндірістен  шығарылып  тұрмыста  пайдалана 

бастаған  қарапайым  поднос  бетіндегі  гүл  сияқты  бірнеше  қатар  етіп  тоқылған  гүлі  бар  кілемдер 

жатады.  Гүлдер  кілемнің  көлеміне  қарай  оның  орталық  бөлігіне  екі,  үш,  не  төрт  жеріне  түседі. 

Кілемде гүлдер мен қатар қазақы оюлар, құстардың, ирек сулардың бейнесін көруге болады.  

Пəтінісгүл  кілем  негізінен  алғаш  рет  Түркістан  аумағында  тоқыла  бастаған,  себебі  қала 

тұрғындары  көпұлтты,  олардың  ұлттық  ою-өрнектері  бір-бірімен  араласып,  ұласып,  жаңа  үлгідегі 

қолөнерлік бұйымдар пайда бола бастады. [3, 92-б.] 

Мұражай қорындағы ең көне кілемдер қатарына ХVІІІ ғасырдан сақталған екі кілем жатады. Олар 

«Қоңырат кілем немесе Сыр кілемі» жəне «Шұғыла» деп аталатын түкті кілемдер. Есептік номерлері, 

ƏСММ КК69 жəне ƏСММ КК 70. Көлемдері 480x200. 1940–1950 жж. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 

бірнеше  жəдігерлер  Қазақстанның Орталық  мұражайына  алынған. Олардың ішінде осы кілемдер де 

бар. 1978 жылы  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі  негізінде  республикалық  музей  ашу  ісі  қолға  алынған 

кезде, олардың бірқатарлары ҚазССР Мəдениет министрлігінің 5.ІҮ.1978 ж. №106 бұйрығына сəйкес 

кесенеге  қайтарылған. (Акт  №5 18.08 1978ж).  Кілемдер  мен  өзге  жəдігерлеріміздің  өзінің  құтты 

орнына қайта келуіне Ө.Жəнібековтың атқарған еңбегі ұшан теңіз.  

Кілемнің  біріншісі,  ою  өнектеріне  қарай  қоңырт  кілемге  жатады. «Қоңырат  немесе  сыр  кілемі» 

деп  аталу  себебі  Сырдария  өңіріндегі  халықтардың,  соның  ішінде  Түркістан  аумағындағы 

тұрғындардың  қол  өнерлік  туындылары.  Қоңырат  кілемдегі  өрнектер  көбінесе  Қожа  Ахмет  Ясауи 

кесенесіндегі  өрнектерге  ұқсас  келеді.  Айта  кететін  жəне  бір  жайт,  кезінде,  яғни  ХІV  ғасыр 

соңындағы  кесене  құрылысын  салуға  қатысқан  бүкіл  Шығыс  елдерінің  шеберлері,  оны  оюлап 

əсемдеуде жергілікті халықтың өнеріне, ашық көк аспан мен сары даланың шебер табиғи өрнектеріне 

баса назар аударған деген деректер ғылыми тұрғыдан дəлелденген. Кілем бетіндегі өрнектердің өсімі 

төрт жəне сегіз бұрышты табақшалардан, сегіз «тісті» қосалқы өрнектерден, қоршауы «ала құртпен» 

ажыратылатын жолақтардан тұрады [4, 69-б.]. 

 Қоңырырат  кілемі  бетіндегі  əр  алуан  өрнектер  мен  сегіз  бұрышты  табақшалар  Ахмет  Ясауи 

кесенесінің  сыртқы  жəне  ішкі  қабырғаларындағы  гүлдестелердің,  ортағасырдан  сақталған  тарихи 

мұраларымыздағы  шеберлік  символдардың  өрнектік  бейнесіне  ұқсастырылған.  Осыған  қарағанда 

жергілікті тұрғындар, осынау алып та қасиетті кесене өрнектерін кілем бетіне түсіру арқылы, оның 

кереметтігін  паш  етіп  отырғаны  белгілі.  Реңі  күңгірт  қызыл  түсті,  бетіне  толығымен  сегіз  қырлы 


446 

 

розеткалар  түскен.  Олар  төрт  бөлікке  бөлініп  екеуі  сары,  екеуі  көк  түстермен  толықтырылған. 



Табақшалар  іштеріне  сегізден  қызыл  дөңгелектер,  жұлдызшалармен  төрт  жапырақты  гүлдер 

салынған.  

Кесенеде  сақталған  бұл  кілемдердің  бояулары  біраз  оңған  жəне  түктері  түскен. Жалпы  түстерге 

тоқтала  кететін  болсақ,  қазақ  халқы  қандай  болмасын  түстердің  символына  аса  зор  мəн  берген. 

Мысалы, көк түс-аспан, қызыл түс-оттың, күн көзінің, ақ түс-ақиқаттың, қуаныштың бақыттың, сары 

түс-ақыл парасаттың, қайғы-мұңның, қара түс-жер, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы болып 

табылады [5, 102-б.].  Кілемдегі  жұлдыз  өрнегі  геометриялық  сынық  сызықты  құраса,  жұлдызшалар 

мен  төрт  жапырақты  гүлдер  бұрыш  жасап  гүлмен  өрнектеліп,  бес  тармақтан  тұратын  гүлді 

тұспалдайды. [6, 137-б.].  

ХҮІІІ  ғасырға  жататын  екінші  кілем  де  қой  жүнінен  қолдан  иіріліп  тоқылған.  Бұл  кілем 

«Шұғыла»  кілем  деп  аталады.  Түсі  сарғыш-жасыл,  бетінде  жаппай  толық  сопақшалау  болып 

тұйықтала  біткен  күн  сəулесі  сияқты  шұғыла  өрнегі  түскен.  Кілемдегі  «шұғыла»  бейнесін 

Ө.Жəнібековтың  зерттеуінше  күннің  сəулесі  яғни  шапағы,  шұғыласы  деп  көрсетеді.  Бұл  шұғыла 

бейнесін  түркі  халықтарының  көпшілігі  ою  ретінде  кілемге,  киімдерге,  тұрмыстық  үй  жабдықтары 

мен ыдыс-аяқ беттеріне əшекей ретінде салған. Мұндағы түсінік əрқашан күнімізді бұлт шалмасын, 

аспанымыз ашық болсын дегенге саяды.  

ХVІІІ  ғасырға  жататын  бұл  құнды  жəдігерлердің  болашақта  жоғалып  кетпеуіне  үлкен  мəн  бере 

отырып, қазақ мəдениетінің шын жанашыры, тарихи тұлға Ө. Жəнібеков олардың көшірмесін арнайы 

тапсырыспен  Алматы  қаласындағы  «Тұскиіз»  тоқыма  фабрикасында  жасатып,  мұражай  қорына 

тапсырған.  Қазіргі  кезде  бұл  кілемдер  «Қазақ  хандығы  тарихы», «Түркістан  тағылымы», «Тарихи 

Түркістан», «Түркістан-қазақ хандығының Ақ Ордасы» атты тақырыптық көрмелерді ұйымдастыруда 

жəне ғылыми тұрғыдан негіздеуде құнды жəдігерлер болып табылады. 

Айшығы мол, жасалуы күрделі өте нəзік оюлар ертеректе ханның сарайларын, үйдің ішін, күрделі 

діни  кесенелерді  безендірген.  Оған  мысал  Қ.А.  Ясауи  кесенесіндегі  оюларды  айтуға  болады.  Ою-

өрнектердің  магиялық  күші  бар  деп  сенген  ата-баба  дəстүрінің  əлі  де  ашылмай  жатқан  құпия 

сырлары  көп.  Ою  өрнектердің  өзіндік  бір  ерекшеліктері  бар.  Ерте  кездерде  ата  бабаларымыз 

талғамына сай сəнді киіне білген. Мəселен салтанатты жиындарға барғанда етек-жеңіне алтын, күміс 

зер  салынған  оюлар,  жұлдызшалар,  əшекей  тастармен  безендірілген  шапандарды  кисе,  ұзақ  жолға 

шыққанда  түйетабан  оюлары  бар  шапан,  ал  қазаға  барғанда  өте  қарапайым  тігілген  киімдер  киген. 

Яғни киім кигенде оюларына аса мəн беріп отырған.  

Сонымен  қатар  қазақ  жерінің  əр  өңірінде  кілемдер  түрліше  тоқылады.  Мысалы,  оңтүстік 

өңірлерде көбіне түкті кілем тоқылады, сонымен қатар, ою, жер су, зооморфтық өрнектер, гүлдермен 

қатар  Ахмет  Ясауи  кесенесіндегі  ою  өрнектерді  жергілікті  халық  кілем  тоқуда  көп  пайдаланса, 

Қызылорда  мен  Маңғыстау  өңірлерінде  қазақша  оюлар  көптеп  орын  алады.  Ал  Шығыс  Қазақстан 

өңірінде кілемді кестелеу дамыған. Солтүстікте тақыр кілемдер басымдау тоқылған. 

 Жалпы  қорық  мұражайы  қорындағы  түкті  жəне  тақыр  кілемдердің  тоқылу  технологиясына 

қысқаша  тоқтала  кететін  болсақ,  түкті  кілемге  түк  салуға  арналған  жіп  асқан  ептілікпен  біркелкі, 

өрмек  жібінен  сəл  жуандау,  бірақ  бос  иіріледі.  Бірнеше  қабаттан  тұрады,  оның  негізгі  арқауы 

жекелеген жіптер жəне бір-біріне тығыз орналасқан түйіндер. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылады да 

ол  қалың  түк  құрап,  əлгі  түйіндерді  көрсетпей  жауып  тұрады.  Осы  түктердің  ұзындығы 3–18 мм. 

дейін  жетеді.  Ол  кілемнің  қалыңдығын,  мықтылығын  арттырады,  оны  барқыт  сияқты  жұмсақ  етіп 

көрсетеді.  Ою-өрнектеріне  сапасына  бояу  түріне  тұрмыста  қолданылуына  қарай  əр  алуан  атаулары 

болады. 

Тақыр  кілемнің  жібін  терме  алашаға  иіргендей  иіреді.  Тақыр  кілемге  аты  айтып  тұрғандай  түк 

салынбайды [7, 120-б.].  Түкті  жəне  тақыр  кілемдердегі  салынатын  үлкен  гүлдері – «күмбез», 

жиектеріндегі  текшелі  өрнектері – «қорған»  деп  аталады.  Оны  қуалай  күлгін  түсті  «су»  өрнегі 

жүргізіледі.  Бұлар  зəулім  күмбезді,  тас  қамалды,  қорғанын  қуалай  су  жүргізілген  қаланы  бейнелеп 

тұрғандай. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру кілемдермен бірге текеметте де орын алған. Кейде 

ортаңғы  гүл-күмбездердің  орнына  «түлкі  ілген  бүркіт»,  жан-жануарлар,  табиғат  көріністері 

салынады.  Геометриялық  өрнектер  де  көп  қолданылады,  ішінара  өсімдік  өрнектері  пайдаланылады. 

[8, 47-б.] 

Мұражай  қорында  ХІХ–ХХ  ғғ.  жататын,  ою  өрнектері,  түр-түстері  мен  тоқылу  технологиялары 

алуан түрлі болып келетін кілемдер де сақтаулы. 

Сондай кілемдер қатарына тек геометриялық үлкен төрт ромбыдан тұратын жəне олардың ішіне 

қабаттала  түскен  майда  төрт  ромбыдан  тұратын  кілемдерде  кездеседі,  яғни,  бұл  кілемдер,  тек 

геометриялық  өрнектермен  өрнектеледі  Үлкен  ромбының  түйіскен  жерлерінің  екі  жағында  майда 

ромбылар  түскен.  Жиегіне  үш  қырлы  өрнек  жүргізілген,  өрнектерге  ашық-қызыл,  қара,  жасыл, 

қызғылт,  сары,  ақ  түстер  пайдаланған.  Ромб  тəрізді  ою-өрнектің  сыртқы  тұрпаты  геометриялық 

бейнелерден  жасалынады.  Жалпы  ромбының  өзі  өрнектің  жиегі  болып  саналып,  ал  ішіне  арнайы 


447 

 

сыйымдылығына қарай  майда өрнектер тоқылады [9, 139-б.]. Жалпы алғанда кілем түстері мен ою-



өрнектері  бір-бірімен  үйлесіп  тоқылған.  Ою-өрнек  элементтерінің  керемет  икемділігі  бір-бірімен 

тұтасып, біріккен. 

Сонымен  қатар  мұражай  қорында  жасалынған  мерзімі  белгісіз  кілемдер  де  бар.  Солардың  бірі 

тақыр  кілем.  Есептік  номері  ƏСММ  КК№2439.  Кілемнің  ортасында  шатыргүл  салынып  жұлдызша 

ирек өрнектері айнала түскен. Шет жағында жалпақ болып түскен желектемелердің ішінде ромбылар 

түскен жəне ромбылардың іші өрнектермен толтырылған. Қызыл, қызғылт күрең, жасыл иректермен 

безендірілген,  сондай-ақ,  екі  жағына  ромбылар  түскен.  Жұлдызша  бұл  аспан  əлемімен  байланысты 

білдірсе,  ал  ирек  «ирек  су»  өрнектерін  көрсетеді.  Сонымен  қатар  «ирек»  өрнегі  əр  түрлі 

геометриялық үшбұрыштар бейнесінде де салынатын өрнек [10, 94-б.]. 

Мұражай қорында бетіне қазақы өрнектермен қоса жан-жануарлардың бірнеше түрлері салынған 

кілемдер  де  бар,  яғни  зооморфты  өрнектер  түсірілген  кілемдер.  Мұндай  кілемдердің  бірі,  есептік 

номері  ƏСММ  КК№ 2434. Көлемі 355х205см.  Кілемнің  ортасында  сегіз  санына  ұқсас  оюлар 

тоқылған. Бос жерлеріне көбелектер, қояндар, үй тауықтары жəне құстар түскен де, жиектеріне гүл 

тектес  өрнектер  салынған.  Кілемнің  жоғарғы  жағына 1965 жыл  деп  жазылған.  Осыған  қарағанда 

кілемнің  тоқылған  жылы  болуы  мүмкін.  Көбелектің  жəне  қоянның  бейнеленуі  бір  жағынан  əсемдік 

белгісі болса, екіншіден, ұшқан құс пен жүгірген аң бейнесі шеберлікпен тоқылған, яғни, зооморфты 

өрнектер салынған кілем түріне жатады. Гүл тектес өрнектер барлық гүл түрін меңзейді. Бұл өрнектің 

түрі үш жапырақтан он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі [11, 121-б.]. 

Есептік  номері  ƏСММ  КК№2431.  Төсегі  қоңыр  қызыл  түсті  түкті  кілем.  Көлемі 280х210. 

Кілемнің  ортасына  аспан  жəне  сия  көк  түстерден  теріліп  тоқылған  астау  тəріздес  өрнек  салынған. 

Жиегіне  қошқармүйіз  өрнегі  түсірілген.  Жоғарғы  жағында 1962 жыл  деген  жазуы  бар. 

«Қошқармүйіз»  ою-өрнегі  қойдың  төбесі  мен  екі  жаққа  иіріле  түскен  мүйіз  бейнесіне  келіп,  оның 

қолтық  тұсына  қойдың  құлағын  долбарлайтын  тағы  шолақ  мүйіз  тəрізді  екі  буын  шығып  тұрады. 

Жалпы  айтқанда  мал  шаруашылығымен  айналысқан  ата-бабаларымыздың  тұрмыс-салтын  толық 

бейнелейтін кілем.  

Кесене қорында сақтаулы кілемдердің тағы бірі есептік номері ƏСММ КК№ 2432. Жалпы кілем 

көлемі 370–210. Кілем  түкті,  арқауы  сөгіле  бастаған,  жыртылған,  біразы  тігілген,  бояуы  оңған. 

Өрнектеріне қарай кілемді шатыргүл кілеміне жатқызамыз. Оның жиегінде қазақша ою-өрнектер, кей 

жерлеріне түйе бейнеленген, төменінде «қошқармүйіз» қабатында жарты мүйіздер яғни сыңар мүйіз 

салынған.  Кілемнің  төсегі  қазақтың  кең  сары  даласын  бейнелейтін  сарғыш  қоңыр  түске  боялған, 

зооморфты кілемдер тобына жатады.  

Кілемге  өрнек  салғанда  негізінен  жақсылықты  меңзейтін,  яғни,  аспанымыз  ашық,  өміріміз  ұзақ 

болсын деген символдарды бейнелеп отырған. Қанша жаугершілік, қиын қыстау замандарды бастан 

кешірсе де жақсылықтан үмітін үзбеген. Жалпы қазақ халқы оюмен ой айтқан халықпыз. Ою-өрнек 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дəстүрлі  халықтық  өнер  болып  табылады.  Тұрмысқа  шыққан  қыз 

біршама  уақыт  өткен  соң  төркініне  оюлы  кесте  не  болмаса  текемет  сияқты  сəлемдеме  жіберетін 

болған. Сол жіберілген дүниеге қарап қыздың ата анасы қызының жағдайын білетін болған. Мəселен, 

текеметте  қызыл  гүл,  сəнді  ою-өрнектер  болса,  қызының  жағдайының  жақсы  екенін,  ал,  арық 

адамның не болмаса жапалақ бейнеленсе жағдайдың мəз еместігін біліп отырған. 

Сондай-ақ  мұражайда  түркіменнің  түкті  кілемі  де  сақтаулы.  Есептік  номері  ƏСММ  КК-2730. 

Кілем  жіңішке  жібек  тектес  жіппен  түгін  тықыр  етіп  тоқыған.  Геометирялық  үлгіге  салынған,  ақ, 

қызыл,  қоңыр  түсті  жіптерді  пайдаланған.  Кілемдердің  көпшілігінде  қошқармүйіз,  сынық  мүйіз, 

жұлдызшалар, гүл тектес өрнектер мен қатар, геометриялық символдар яғни ирек, тұмарша төрт, бес, 

алты, сегіз бұрыштар кездеседі. Жиегіндегі өрнектер күн бейнесіне ұқсас. Жоғарғы жағына 1965 деп 

жазылған. Жалпы кілем тоқығанда шамамен 1960 жылдарда кілемге кісі есімімен жылды көрсету кең 

етек жайған. Əсіресе бұл үрдіс оңтүстік өңірлерде кеңінен орын алған.  

Қорыта келгенде, мұржай қорында сақтаулы тұрған кілемдеріміз құнды да тарихи жəдігерлеріміз 

болып табылады. Бұл кілемдердің біршамасы, түркі халықтарының пірі, əулие бабамыз Қожа Ахмет 

Ясауидің қесенесіне, оның ішінде оның Қабырхана жəне Мешіт бөлмелеріне зияратқа келген қауым 

пайдалану үшін арнайы тоқылған.  

Сонымен  қатар,  қорда  жинақталған  кілемдер  негізінен  еліміздің  оңтүстік  өңіріне  (Қызылорда, 

Шымкент, Тараз) тəн қолөнер туындылары. Бұл кілемдер, соңғы жылдары қолдан кілем тоқу үрдісі 

уақыт  талабына  сай  кенжелей  бастаған  кезде,  тарихи  мұра  қолөнерімізді  болашақ  ұрпақ  санасынан 

өшірмей, сақтап қалу мақсатында осы өңір тұрғындарынан жинақталған.  

Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мəдениетіне лайықты кейбір ою элементтері өзінің 

бастапқы  мəнін  жойып,  жаңаша  мағынада  дүниеге  келіп  отыр.  Бұл  ою  өнерінің  өзіндік  құнын 

жойғаны  емес,  керісінше  жаңа  бағыт  алып  жаңаша  өріс  алғанын  көрсетеді.  Қазақы  оюланған 

кілемдерімізді мұражайға келуші туристерге ұлттық мақтаныш, ұлттық мұра ретінде ұсына аламыз. 

Ұлттық  қолөнерімізді  жас  ұрпақ  ұмытпауы  жəне  оны  дамыта  түсуі  үшін,  мұражай  қорларындағы 


448 

 

осындай  көне  туындыларымызды  мектеп  пен  мұражай  арасында  шығармашылық  байланыс  орнату 



арқылы  үйретіп,  насихаттау  қолға  алынып  отыр.  Келешекте  де  құнды  жəдігерлерімізді  көздің 

қарашығындай етіп сақтап, болашақ ұрпаққа бұзбай жеткізу бүгінгі біздің міндетіміз деп түсінеміз. 

  

 

  



Сурет 1. Пəтінісгүл кілем өрнегі 

 

 



 

Сурет 2. Самаурынгүл кілем өрнегі 

 

Сурет 3. Шатыргүл кілем өрнегі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет