52
олар тез шаршайды. Бір тапсырманы орындау ҥшін, ҧзақ уақытты
қажет етеді, сондай-ақ бҧл балалардың жеке тҧлғалық дамуында
эгоцентризм мен ӛзімшілдік қалыптасада. Олар жҧмыс істеуге
қҧлықсыз, ҥнемі біреудің кӛмектесуі мен қамқорлық жасауына
әдеттенген.
Психогендік ПДТ. Бҧл тип,
тәрбиедегі теріс әсерлердің
салдарынан
болады.
Баланың
жеке
тҧлғасы
дҧрыс
қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің әлеуметтік генезі, оның
патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Баланың қоршаған
ортасындағы психикасына әсер ететін келеңсіз жағдайлар, оның
жҥйке жҥйесінде ауытқулар туғызуы мҥмкін. Алдымен,
вегетативті қызметтер бҧзылады,
одан соң, психикалық және
эмоциональды салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде,
мҧндай жеке тҧлғаның патологиялық дамуын, педагогикалық
қамқорлықтан тыс қалған
қалыпты дамудағы балалармен
шатастырады. Әсіресе, психикалық тҧрақсыз ПДТ тҥрінде анық
кӛрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан тыс қалу, балада
танымдық
қызығушылық
пен
интеллектуалды
қабілет
дамымайды. Эмоционалды –
ерікті саласының жетілмеуі,
импульсивтіліктен байқалады. Жеке тҧлға дамымауының тағы бір
тҥрі, шектен тыс қамқорлық жасалған балаларда кездеседі. Бҧл
балаларда жауапкершілік сезімі, бастама, ӛз бетімен әрекет ету
дағдылары қалыптаспайды.
ПДТ-ң бҧл типінің пайда болуындағы нагізгі фактор –
әлеуметтік фактор, ол тежелудің патологиялық сипатын жоққа
шығармайды. Демек, ПДТ-ң бҧл тҥрінің
пайда болуында,
депривация (ада болу) немесе баланың ӛз қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы жеткіліксіздіктер себеп бола алады. Дәстҥр
бойынша, депривацияның ҥш тҥрін ажыратады:
эмоционалды депривация – бала мен оны қоршаған орта
арасындағы эмоционалды жақындықтың аздығы немесе мҥлдем
болмауы;
әлеуметтік депривация – баланың әлеуметтік қарым-
қатынастарының аздығы немесе мҥлдем болмауы;
сенсорлық депривация –
баланы қоршаған ортада оның
қабылдау, танымдық қабілеттерінің дамуына стимул жасаудың
аздығы немесе мҥлде болмауы;
53
Депривацияның ПДТ-н туғызатыны, арнайы коррекциялық,
кӛмекке зәру жеке тҧлғалық патологиялық
дамуға себеп болуы,
болмауы, педагогикалық кӛмекпен тҥзелетін «педагогикалық
қамқорлықтен шет қалу» жағдайының пайда болуы–мҧның
барлығы, ең алдымен, баланың қай жаста депривацияға
ҧшырағанына, оның ҧзақтығына байланысты мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: