Тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата07.04.2023
өлшемі259,62 Kb.
#80231
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
 
 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін 
нәтижелер 
 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: 


18 
Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық 
аясын; 
білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, 
құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттылық және 
рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет 
негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру 
мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
бала 
тәрбиесінде 
ата-аналардың 
психологиялық-педагогикалық 
құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға 
дайындауды; 
білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі 
және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау 
әзірлігін дамытуды; 
тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен 
өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; табиғатты сақтауда 
белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің 
жоғары деңгейін;
табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге 
асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы 
институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.  
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы 
үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау 
жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және 
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін 
жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты 
− Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам 
қалыптастыруға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет