35
Зияткерлік әлеует - бұл тұлғаның және қоғамның
қажеттіліктері мен қабілеттеріне сүйенетін мәнді
әлеуеті
Краева О.Л. 1999.
Зияткерлік әлеует – мемлекеттің, саланың,
тұлғаның зияткерлік, шығармашылық қорының,
мүмкіндіктерінің даму деңгейінің кешенді
сипаттамасы.
Красноженова Т.Ф.
1998.
Зияткерлік әлеует – бұл тұлғаның қабілеттеріне
сәйкес тұрақты теңгерілген деңгейін қамтамасыз
ету мақсатында бойындағы бар дайындықтың,
мүмкіндіктердің, қабілеттерінің жиынтығы.
Архангельский С.И.
1978.
Зияткерлік әлеует - бұл тұлғаға тұрақты біркелкі
ӛміртіршілігін қамтамасыз ету мақсатында оған
әрекет етуге мүмкіндік беретін дайындығының,
мүмкіндігінің және қабілеттерінің жиынтығы.
Зотов В.В.1996.
Зияткерлік әлеует – тұлғаның іс-әрекетінің табыстылығын қамтамасыз ететін
тапқырлық, қиылыстыру қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация
еркіндігі, мотивация және зияткерлік бағыттылық
қорынан құрылатын
ӛзгеріске бейім психологиялық құрылым.
Зияткерлік даму біліммен толықтырылып, дүниетанымы кеңейтіліп,
зиятты іскерлігі қалыптасып әлеуеттің толықтырылатын құрамын іске асырып,
жаңа зияткерлік қажеттіліктерді, мақсаттар мен мотивтерді қалыптастыруға
ықпал етеді, сонымен даму үрдісі қарқынды сипатта болады. Зияткерлік әлеует
тұлғаның танымдық саласымен тығыз байланысты.
Әлеуетті қалыптастыруда
және ашуда реттеу компонентінің рӛлі басым. Зияткерлік әлеует адамның мәнді
күштерінің бір формасы болып табылады және организмнің энергетикалық
және танымдық сипаттамасымен, тұлғаның жеке қорын құраушы
мүмкіндіктерді ӛзектендіру деңгейімен негізделген зияткерлік белсенділік
формасындағы зияткерлік қабілеттердің динамикалық кӛрсеткіші
ретінде
кӛрінеді [129].
Зерттеуші А.С. Седунованың пікірінше, зияткерлік әлеует іс-әрекетте
саналы жүзеге асатын тұлғаның зияткерлік қорының біртұтас интегративті
жүйесі ретінде нейрофизиологиялық, әлеуметтік-мәдени, тұлғалық, кәсіби-іс-
әрекеттік факторлар ықпалымен жүре пайда болған және туа біткен
мидың
және жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері негізінде
пайда болып қалыптасады [154].
36
Елімізде креативті қоғамымыздың
зияткерлік әлеуетін дамыту,
қалыптастыру мәселелерінің ғылыми түұрғыдан құрылуы бастапқы кезеңде
деуге болады.
Ж.Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен білім беру субъекттерінің даму
мәселелері кешенді тұрғыдан жан-жақты зерттелуде. Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми зерттеу институтының
қызметкерлері А.Б.
Садыкова, З.Ш. Каракулова Ж.Ы. Намазбаеваның
басшылығымен Ұлттық жүйе модернизациясының басты проблемасы
зияткерлік пен шығармашылықты дамытудың теориялық-әдіснамалық
тұғырларын зерттеп, тұлғаның зияткерлік-шығармашылық әлеуеттерін дамыту
бағдарламаларын, әдістерін, инновациялық психотехнологияларды
ұсынады
[129].
«Шығармашыл зияткер тұлғаны дамытуды психологиялық тұрғыдан
қамтамасыз ету» жобасы академик С.Ж. Пралиевтің жетекшілігімен табысты
жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім
беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту Тұжырымдамасы
ұсынылды. Аталмыш Тұжырымдамада негізгі ұғымдар мен интеллектуалды
дамыған тұлғаның сипаттамасы беріледі. Интеллектуалды
дамыған тұлғаның
негізгі сипаттамасы тӛрт тұлғалық сала (мотивациялық, танымдық, мінез-
құлықтық, эмоционалдық) бойынша интеллекттің барлық түрлерін (жалпы,
әлеуметтік, эмоционалдық және тәжірибелік) енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: