Интеллектуалды дамыған тұлға - интеллектуалды қабілеттің жоғары
деңгейін меңгерген, түйінді құзыреттіліктері, жалпы мәдениеті, патриотизмі
мен азаматтығы жоғары қалыптасқан адамның тәрбиелік идеалы деп
түсіндіріледі.
Білім алушылар тұлғасының интеллектуалды әлеуеті – тұлғаны
әлеуметтік-белсенді интеллектуалды шығармашылық әрекетке, ӛзін іс-жүзінде
кӛрсетуін және ӛзін-ӛзі дамытуын оятатын «туа біткен» және «жүре пайда
болған» мүмкіндіктерінің ӛзектілігін қамтамасыз ететін жеке-психологиялық
(алдымен ақыл-ой) және тұлғалық ресурстарының (адамның қабілеттері, оның
білімі, білігі, сенімі, бағыттылығы және т.б.) жүйесі.
Білім алушылар тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамыту-бұл
тұлғаның интеллектуалды қабілетінің сандық және сапалық дамуын, оның
бүкіл ӛмірі бойында рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыру және ары
қарай дамыту үдерісі.
Білім алушылар тұлғасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру-
білім берушілер мен білімалушылардың интеллектуалды білім, білік және
қоғамның сұранысына сәйкес құзыреттіліктерін меңгеру бойынша мақсатқа
бағытталған үдерісі [155].
Студенттердiң зияткерлiк әлеуетін жетілдіру мәселесін С.Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің бірқатар ғалымдары
(пс.ғ.к. М.Д. Ауренова, пс.ғ.д., профессор А.Р. Ерментаева, п.ғ.к. С.С. Хасенов,
т.б.) пс.ғ.к, доцент Ж.К. Аубакированың жетекшілігімен тұлғаның зияткерлік
әлеуетін дамыту мақсатындағы университет жағдайындағы психологиялық-
37
педагогикалық даярлық жүйесін теориялық негіздеу және ғылыми-әдіснамалық
қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізген. Ғылыми зерттеу жұмысы
барысында
университет
жағдайында
студенттерді
психологиялық-
педагогикалық даярлау жүйесінің әдіснамалық және теориялық сипаттамасын
және студенттердiң зияткерлiк әлеуеті тиімді қызмет атқару мен жетілдіру
мақсатында оның тиiмдi жұмыс жасауының және дамытуының шарттарын
анықтайды [138].
Зияткерлік әлеует - бұл тұлғаның және қоғамның қажеттіліктері мен
қабілеттеріне сүйенетін мәнді әлеуеті
156].
Зияткерлік әлеует - мемлекеттің, саланың, тұлғаның зияткерлік,
шығармашылық қорының, мүмкіндіктерінің, даму деңгейінің кешенді
сипаттамасы
157
.
Зияткерлік әлеует - бұл тұлғаның қабілеттеріне сәйкес тұрақты
теңгерілген деңгейін қамтамасыз ету мақсатында бойындағы бар
дайындықтың, мүмкіндіктердің, қабілеттерінің жиынтығы
158
].
Зияткерлік әлеует - бұл тұлғаға тұрақты біркелкі ӛміртіршілігін
қамтамасыз ету мақсатында оған әрекет етуге мүмкіндік беретін
дайындығының, мүмкіндігінің және қабілеттерінің жиынтығы
159].
Зияткерлік әлеует ұғымының тӛңірегіндегі барлық зерттеулердегі ортақ
мән-тұлғаның жалпы және жеке ресурсы: жеке-психологиялық және тұлғалық
қор жүйесі.
Ғылыми зерттеулерді теориялық-әдіснамалық талдау негізінде біздің
зерттеу мақсатына байланысты басты зерттеу категорияларын басшылыққа ала
отырып зияткерлік әлеуеттің баламасын ұсынамыз.
Зияткерлік әлеует – тұлғаның іс-әрекетінің табыстылығын қамтамасыз
ететін тапқырлық, қиылыстыру қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация
еркіндігі, мотивация және зияткерлік бағыттылық қорынан құрылатын
ӛзгеріске бейім психологиялық құрылым.
Ұсынылған анықтаманы іске асыруда зияткерлік әлеует адамның білімі,
дәйектеуі, психологиялық және моральдық қабілеттері саласымен ғана
шектеліп қоймайды, сондай-ақ:
-
білім жүйесінің болуын;
-
жиналған ақпараттардың негізінде міндетті шешу қабілетін;
-
дәстүрлі
емес
жағдайларда
мәселені
шешуде
моральді-
психологиялық тӛзімділігін, табандылығын;
-
ақпараттар ағымынан қажетті білімді таңдауын, оқу мен тәрбие
ісіне қатысты тұжырымдарды дәйектеу қабілеттілігін, оларды жүзеге асыру
тәртібін анықтау дағдысын талап етеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде зияткерлік әлеует келесі жайттардың:
1.
зияткерлік әлеуетті тұтынушы субъекттің (білім беру ісінде
оқытушы, студент),
2.
зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал ететін нысандардың (оқулық,
студент, оқушы, т.б.),
38
3.
студент пен оқытушы арасындағы зияткерлік әлеуетті теңестіретін
құралдар, тәсілдер, механизмдердің,
4.
оқу-тәрбие үрдісінде зияткерлік ықпалдастықты жетілдіруге
мүмкіндік жасайтын субъект пен объект арасындағы кері байланысты
қалыптастыратын талаптар мен мүмкіндіктердің болуын талап етеді.
Сонымен, зияткерлік әлеует білім мен іскерліктің, дағды мен дәйектеудің
даму деңгейлері, дәрежелері және оларды адамның практикалық қызметінде
жүзеге асыру қабілеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |