Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


 Жоғары оқу орнында болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет17/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

1.2 Жоғары оқу орнында болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту 
мәселесінің әдіснамалық және әдістемелік астарлары 
Мұғалім мектеп жүрегі және ең әуелі мектепке керегі – білімді, 
әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім болғандықтан, оның 
қалыптасуы, жетілуі, біліммен сусындауы жастық шақта ЖОО оқу барысында 
жүреді. Болашақ мұғалім тұлғасының мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, 
оның зияткерлік мүмкіндігінің, ой-ӛрісінінің кеңдігі біртұтас педагогикалық 
үрдістің тиімділігін арттыра түседі.
Әлеуметтік-психологиялық 
жас 
ерекшелік 
категориясы 
ретінде 
студенттік жаста белгілі бір психикалық жаңа туындылардың пайда болуы тән. 
Себебі бұл жаста тұлғаның барлық құрылымының, соның ішінде зияткерлік 
жүйенің де дамуы қарқынды болады. Студенттік жаста адамның 
психологиялық дамуы одан әрі жалғаса береді: интеллектінің бойындағы 
психикалық қызметтер қайта құрылымданады, жаңа ӛзгерістерге, кең әрі сан 
алуан әлеуметтік қауымдастыққа енген сайын тұлға құрылымы тұтастай ӛзгере 
бастайды.
«Студент» (лат. studiosus; scholaris; scholasticus; studens - «ынтамен 
шұғылданатын, жігерлі жұмыс істейтін», яғни білімді меңгерген, іждағаттана 
жұмыс істеуші, шұғылданушы) –жоғары оқу орнында білім алушы адам. 
Студент белгілі бір жасқа лайықты адам ретінде әрі тұлға ретінде үш қырынан 
сипатталады:
1) биологиялық тұрғыдан, ол жоғары жүйке қызметіне ие, анализатор 
құрылымы, рефлекстері, инстинкт, дене күші, дене құрылымы, бойы, бет 
әлпеті, т.б. толық қалыптасқан бар адам. Адамның осы аталған қырлары 
негізінен туабітті қалыптасады және тұқымқуалаушылық нышанына тән 
болады, бірақ белгіленген аралықта ӛмір талаптарының ықпалына қарай 
ӛзгереді.
2) психологиялық тұрғыдан тұлғаның қасиеттері мен психологиялық 
үрдістерінің, күйінің тұтастығын танытады. Психологиялық қырындағы басты 
ұстаным - психикалық қасиеттер, яғни (бағыттылығы, темпераменті, мінезі, 
қабілеттері). Психикалық қасиет психикалық үдерістердің орындалуына, 
психикалық кӛңіл-күйдің туындауына тікелей қатысты болады; 
3) Әлеуметтік тұрғыдан алғанда студент бойында қоғамдық қатынастар 
іске асады, белгілі бір әлеуметтік топтағы, ұлт құрамындағы студентке қажетті 
қатынастар туындайды, т.б.


39 
Осы қырларды игеру студенттің мүмкіндіктері мен тұлғалық сапасын аша 
түседі, оның жас ерекшелік және тұлғалық мүмкіндіктерін анықтауға негіз 
болады.
Мотивацияны қайта жасау, яғни, бір жағынан, құндылық бағыттардың 
барлық жүйесін жаңадан жасау, екінші жағынан кәсібилендіруге байланысты 
әлеуметтік қабілеттерді қарқынды қалыптастыру істері осы студенттік жасты 
интеллект пен нағыз мінезді тудыратын ортақ кезең ретінде айқындап 
кӛрсетеді. Бұл уақыт спорттық рекордтар кезеңі, кӛркемдік, ғылыми 
техникалық жетістіктердің кезеңі.
Жас ерекшелік психологиясы мен педагогикасының тұжырымдары 
бойынша, студенттік жаста ішкі әлем қырлары мен ӛзін-ӛзі тану деңгейі 
ӛзгереді, психикалық үдерістер мен тұлға қасиеттері эволюцияланады әрі 
тұлғаға тән бейімделе бастайды, ӛмірдің эмоционалды-еркін белестері ӛзгереді.
Адам ғұмырының жастық шағында ӛмірлік құндылықтарды таңдау 
мәселелері туындайды. Болашақ мамандар ӛзінің ішкі ұстанымын ӛзіне деген 
қатынасына («мен кіммін?», «мен қандай болуым керек?») қарай, ӛзге 
адамдардың қатынасына қарай, сондай-ақ моральдық құндылықтарға орай 
қалыптастыруға тырысады Осы жастағы адамгершілік дамуына тән қырлар 
қатарына мінез-құлқының саналы түрдегі мотивациясын күшейтіп нығайту 
үдерісі жатады. Бұндай жағдайда табандылық, мақсаткерлік, қажырлылық, 
қайсарлық, дербестік, ынтагерлік, белсенділік, ӛзін басқару іскерлігі сияқты 
қасиеттері елеулі нығая түседі. Бұнымен қоса, мамандар адамның саналы түрде 
ӛзін басқару қабілеті 17-19 жасында толықтай дамып үлгермейді деген пікірді 
айтады [160].
Демек, жастық шақ - бұл ӛзіне-ӛзі есеп беретін, ӛзіне-ӛзі баға беретін 
кезең. Ӛзіне-ӛзі баға беру мінсіз «Мен» және шынайы ақиқатты салыстыру 
жолымен жүзеге асады. Бірақ мінсіз «Мен» толықтай салыстыра тексерілмеген, 
сондықтан кездейсоқ болуы мүмкін, ал шынайы ақиқаттағы «Мен» негізгі 
тұлғаның ӛзімен жан-жақты бағаланған жоқ. Жас адамның тұлғалық 
дамуындағы осындай объективті қарама-қайшылық оның бойында ӛзіне деген 
ішкі сенімділікті қалыптастыруы мүмкін және кейде сыртқы агрессивтілікпен, 
әдепсіздікпен, дӛрекілікпен немесе түсініксіз сезімдермен кӛрінуі мүмкін.
Студенттердің зияткерлік дамуының әр курста ерекшеліктері бар. 
Бірінші курста, кешегі ғана абитуриент ұжымдық ӛмірдің студенттік 
формаларына үйрену міндеттерін шешеді. Олардың мінез-құлқы жоғары 
дәрежелі конформизммен ерекшеленеді. Ӛзінің рӛліне деген дифференциалды 
қатынас ортнатпайды. Оларға пікірді қабылдау және ӛз мінезін топ икеміне 
қарай ӛзгерту тән.
Екінші курс- студенттердің оқу іс-әрекетінің ең қиын, кернеулі кезеңі. 
Екінші курстықтардың ӛміріне оқу іс-әрекетінің зияткерлік формалары 
қарқынды енеді. Бұл кезеңде жалпы дайындық жүреді, кең мәдени сұраныстары 
мен қажеттіліктері қалыптасады. Аталмыш ортаға бейімделу үрдісі негізінен 
аяқталған. 


40 
Үшінші курс – мамандандыруға кіріспе, ғылыми жұмыстарға 
қызығушылықтарының беку кезеңі. Бұл олардың келешекте дамуы мен кәсіби 
қызығушылықтарының тереңдеуінің кӛрінісі болып табылады.
Тӛртінші курс –оқу практикасын ӛту кезеңінде мамандығымен шынайы 
алғашқы танысуы. Бұл кезеңде олардың мінез-құлқына арнайы дайындықтың 
рационалды жолдары мен формаларын қарқынды түрде іздеу тән. Ӛмірдің кӛп 
құндылықтарын қайта бағалап, болашақ іс-әрекетінің нақты практикалық 
ұстанымдарын қалыптастырады. Болашақ мұғалім жоғары оқу орнының 
ұжымдық ӛмір сұру формаларынан біртіндеп алшақтап, меңгерілген зияткерлік 
әлеуеті негізінде кәсіби іс-әрекетке ауысады.
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің жалпы мазмұны атқарып 
отырған міндетіне тән кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Осыған орай 
болашақ мұғалімнің міндеттерін нақтылау маңызды мәселе болып табылады. 
Білім, ғылым саласында, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ісінде сапалы, 
жаңа, жетілдірілген жұмыс міндетін қалыптастырумен педагог мамандары 
айналысып келді, осы дәстүр ӛз жалғасып тауып келеді. 
Педагог мамандығы түрлі қызметтерге жіктелсе де, оларға тән жалпы 
қызметтік мінез ерекшелігін, яғни ӛнегелі қоғамдағы оқу-тәрбие ісінің 
зияткерлігінен, шығармашылығынан туындайтынын ескеруіміз керек. 
Қоғам тарихында кӛптеген әлеуметтік міндеттерді шешу кадрлық 
деңгейімен тікелей байланысты болып жатады. ЖОО-нда болашақ мұғалімнің 
зияткерлік әлеуетін дамыту үрдісінде мәдениетін қалыптастыру – бұл тәрбие 
мен білім берудің ӛзекті міндеті. Демек, тұлғалық ӛмір сүру болмысын 
қамтамасыз ету міндеті кӛзделетіні байқалады. Ондай жағдайда болашақ 
мұғалімнен ең алдымен оның мәдени әлеуеті, тұлғаның әлеуметтік мәні бар, 
зияткерлік әлеуетін, ӛз қабілеттерін адамның ӛмірлік тәжірибесінде оңтайлы 
қолдана алу шеберліктері ескеріледі.
Осы мәселе тӛңірегінде, яғни мұғалімнің кәсіби қасиеттеріне, 
ерешеліктеріне қатысты ғалымдардың ойлары бар. В.П. Беспалько, К.А. 
Абульханова-Славская пікірінше, мұғалім: 
- жақсы кәсіби дайындығының, психология, педагогика салаларынан, 
инновациялық оқыту технологияларын білімі жетік болуы; 
- жоғары дәрежелі мәдениетке ие болуы; 
- қоғамдағы қазіргі инновациялық технологияларды, педагогикалық-
психологиялық үрдістер туралы ақпараттан хабардар болуы; 
- түрлі әлеуметтік топпен жұмыс істеуге қабілетті;
- жоғары дәрежелі зияткерлік әлеуетті болуы;
- қоршаған адамдарға, кӛпшілікке сүйкімді, сеніміне ене алатын кәсіби 
ӛнегелік қасиеттерінің болуы;
- эмоционалды жағдайда ӛзін-ӛзі ұстай алатын, ӛз міндетін әділ орындай 
алатын дағдыға ие болуы; 
- іс-әрекет барысында туындайтын стандартты емес жағдаяттарда дұрыс 
шешім қабылдай алатын, ӛз ойын нақты, сауатты, түсінікті білдіре алатын 
шеберлігі болуы тиіс [161,162]. 


41 
Айтылған тұжырымдарды ескерсек, сондай-ақ тұлғаның зияткерлік 
әлеуетіне тән жалпы болмысты ескерсек, соңғы талап болашақ мұғалімнің 
кәсіби мінезіне тән арнайы зияткерлік қабілеттерге негізделгенін, оның кәсіби 
біліктілігіне, ӛзін басқаруға, зияткерлік-шығармашылық жұмысты жүзеге 
асыруға бағытталған қабілеттерге сүйеніп сипатталғанын аңғарамыз. 
Елбасымыз бұл мәселе жӛнінде «Болашақ» бағдарламасының 
стипендианттарының форумында атап ӛткен болатын. «Жоба үш қағидалы 
жағдайды ескеруі керек. Біріншіден, білім беру жүйесінің инновациялық 
дамуы. Жастарымыз тек білімді алумен шектелмей, сонымен қатар, жаңа 
білімді жасай алатындығына қол жеткізуі керек. Бүгінгі күні ең құнды білім 
креативті ойлау, білімді ӛндеу іскерлігі, жаңа шешімдер, технологиялар, 
инновацияларды жасау болып табылады. Ол үшін оқытудың жаңа әдістемелері, 
жаңа формалары, жаңа мамандар қажет». Жобаны жүзеге асырудың екінші 
маңызды жағдайы, мықты ақпараттық революция. Ал бұл салада біз бірсыпыра 
арттамыз. Еліміздің даму қарқынын қолдау үшін электронды қызмет кӛрсетуде 
алға шығуды қамтамасыз ету керектігі айтылады. Үшінші бағыт ретінде 
жастардың адамгершілік, рухани тәрбиесі деп кӛрсетіледі, яғни жаһандану 
үдерісінің ықпалын ескере отырып, жастардың ұлттық-мәдени құндылықтарын 
және адамгершілігін нығайту. Біздің жастарымыз мына шындықты меңгеруі 
тиіс: нағыз жетістікке қол жеткізу деген - адамдарға, ӛз еліне және жеріне пайда 
әкелу. Мемлекеттілік әрқашан мәдениет пен ұлттық тарихты терең білуден 
құрылады, оны түсініп, сақтаса ғана сол қоғамның күштілігі артады [163]. 
Сонымен, жоғарыда аталған қасиет, сапалар, адамгершілік, рухани тәрбие 
мемлекеттігіміздің басты кӛрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Интеллектуалды 
ұлт 
қалыптастыру 
бағытындағы 
зерттеулердің 
инновациялық және бәсекеге қабілеттілігі елімізде адам капиталы дамуының 
негізі ретінде танылуымен; Қазақстандағы «Интеллектуалды ұлт – 2020» 
Ұлттық жобасының тиімді жүзеге асуының кепілі ретінде бұқараға ақпараттық-
коммуникативтік ықпал етудің инновациялық технологиялардың әзірленуімен; 
еліміздің инновациялық дамуының басты приоритеті ретінде танылған 
интеллектуалды ұлт қалыптасуы басты тренд ретінде айқындалуымен; еліміздің 
әлеуетінің тың арнада, жаңа бағытта жүзеге асуын болжайтын ақпараттық 
саясаттың әзірленуімен; Қазақстандағы интеллектуалды ұлт қалыптасуы 
үрдісінде, тиімді жүзеге асыру кезеңінде олқы тұстары мен приоритетті 
бағыттарын белгілейтін кепілдемелерге негізделген қолданбалы зерттеулермен 
айқындалады. Мемлекет басшысының ізгі мұраты интеллектуалды ұлт 
қалыптастыру. Осындай мақсатпен Елбасы білім берудің 2020 жылға дейінгі 
бағдарламасын бекітті. Ал бағдарлама бірінші кезекте білімнің сапасын 
арттыруды кӛздейді. Бұл бағдарлама білім беру ісінің базалық бағыттарын 
айқындайды, жұмыстың жақсаруына меңзейтін нақты міндеттерді алға тартады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын Ұлттық орталық құрылып, 
Назарбаев Интеллектуалдық мектептердің жанынан педагогикалық шеберлік 
орталықтары қызметтер жасауда[155].


42 
Ең бастысы – мұғалімдердің еңбекақысын арттырып, олардың мәртебесін 
кӛтеру кӛзделіп отыр. Мектепке дейінгі білім саласында мемлекеттік және 
жекеменшік арасындағы әріптестік ӛз жалғасын тауып келеді. Мұндай тетік
ӛзінің нәтижесін беретіндігі мәлім. 
Бүгінгі күнге дейін болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейін 
жаңа талаптарға (жеделдетілген прогресс, ағылып жатқан ақпараттың алмасуы, 
адамзат капиталы құндылығының арта түсуі, мамандардың үздіксіз білім 
жетілдіруге бағытталу және ӛмір тіршілігіндегі барлық саланың бәсекелестігі) 
сәйкестендіру ісі ӛзекті мәселеге айналып келді. Оны шешу үшін еңбек 
нарығының сұранысына лайықты мамандарды дайындайтын педагогикалық 
ЖОО оқытушыларының кӛмегі мен күші тартылуы тиіс. 
Ӛмірдегі ақиқат болмыс пен қоғам дамуы үрдісіндегі ортақ қажеттіліктен 
туындаған маңызды міндетті шешуде жоғары мектеп тек студенттердің бойына 
іргелі және арнайы білім мен іскерлікті сіңіріп қаңа қоймай, олардың 
бойындағы жеке кәсіби тұлғалық қасиеттерін, зияткерлік әлеуетін, креативті 
ойлау қабілеттерін дамытуға атсалысуы тиіс. Себебі бұл қасиеттер келешекте 
жаңа идеяларды тез қабылдауға, стандартты емес шешімдерді қабылдап, 
шешуге септігін тигізеді.
Қазіргі психологтардың зерттеулерінде тұлғалық қасиеттердің ауқымын 
кеңейту арқылы, оның ішінде тұлғаның эмоционалды кеңістігін, тұлғааралық 
қарым-қатынас жасау қабілетін, әсіресе педагогтарда жетілдіру арқылы тұлға 
әлеуетінің толық болмысын айқындауға болатыны жиі айтылады. Осы 
тұрғыдан алғанда білім беру мәдениеттің ажырамас компоненті ретінде 
маңызды рӛлге ие болады, себебі, білім кӛзі зияткерлік әлеуетті дамытудың 
бірден бір құралы.
Қазіргі заманауи талаптарға сай білім беру мен тәрбие ісі маманның 
жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған: яғни білім беру ісін 
гуманизациялауды, тұлға мәдениетін қалыптастыруды, маман қызметін ізгілік 
тәрбиесі аясында ұйымдастыруды кӛздейді.
Мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне философиялық 
тұрғыдан, әдіснамалық ізгілік амалын басшылыққа алу қажеттілігі бар. 
Сӛздіктегі «гуманизм» ұғымына ежелгі рим философы Цицеронның 
пікірі: «Гуманизм - адам қабілеттерінің жоғары мәдени және адамгершілікті 
дамуы, жұмсақтық, мейірімділік пен адамшылдықпен үйлескен эстетикалық 
форма» [164].
Атақты ғалымдар Ш.А. Амонашвили, А.А. Бейсенбаева, т.б. [165, 166]
оқу үрдісінің ізгілендірудің мәнін, субъектті қатынас орнату мүмкіндігінің жаңа 
бағытын ұсынды Ізгілік амал әрбір тұлғaның құндылығы мен бірегейлігін 
мойындауғa, оның мүмкіндіктерінің шексіздігіне, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі 
жетілдіру қабілеттеріне сыйлaсымды қaтынас жасауға назар аудaрады.
Білім беру мен тәрбие міндетін шешудегі қиындық ЖОО түлектерінің 
мәдениетін қалыптастырудың шынайы деңгейі мен мәдениетті маман бейнесі 
туралы түсініктер мен талаптар арасындағы қайшылықты жоюда жиі 
байқалады. Бүгінде, түлектер бойындағы руханилық пен зияттылық 


43 
тапшылығы сезіледі. Осы айтылған білім беру мен тәрбие арасындағы қиындық 
пен қайшылықты тудырады. Қоғамдық санада осы тапшылық пен одан 
туындайтын әлеуметтік жағымсыз, теріс құбылыстар, түрлі кемшіліктерді 
түсіну, оларды шешу қажеттілігінен туындайды.
Е.П. Гоголевтің пайымдауынша, «Бұқара кәсіби зиялы қауымның ішінде 
рухани мұраны шыңдайтын да, сақтайтын да мамандықтың бірі – мұғалім, 
тәрбиеші және оқытушы. Себебі бұл маман иелері ұрпақ пен ұрпақ арасын 
жалғайтын адамгершілік, мәдени байланыстарды қалыптастырады, отбасымен 
қатар баланың тұлға ретінде әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның 
болашақ қызметкерлері мен жұмысшыларын қалыптастырады. Мұғалім 
тұлғасының ықпалында түптеп келгенде барлық адам болады, олар сол ықпалда 
жүріп, зияттылыққа, руханилыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Демек, 
мұғалімнің әлеуеті жоғары болған сайын, оның ықпалында жүргізілетін оқу, 
тәрбие үдерісі де соғұрлым тиімді әрі сапалы, ұтымды болады» [167]. 
Сондықтан, ӛзге мәселелер сияқты болaшақ мұғaлімнің зияткерлік 
әлеуетін дамыту мәселесі оқыту - тәрбие үрдісінде мәдениеттанымдық тұғырды 
мағыналы түсініп қолдaнуды талап етеді. Себебі, біртұтас педaгогикалық 
үрдістің білім беру, оқыту, тәрбие, дaмыту ұғымдары «мәдениет» ұғымымен 
тығыз бaйланысты. Сонымен қатар, білім беру мен тәрбиенің ӛзекті, кезек 
күттірмес мәселелерін шешудің, Елбасымыз жолдауларында кӛрсетілген басты 
приориттерге қол жеткізу, жaстарды тәрбиелеуге қойылған тaлап, міндеттерді 
жүзеге асыру мәдениеттанымдық тұғырдың мaзмұнымен байлaнысты.
Мәдениеттанымдық тұғыр зерттелініп отырған мәселе контекстінде 
тұлғаның мәдениет әлеміне табысты кірігуін қамтамасыз ететін мәдени 
құндылықтарды меңгеруге және тасымалдауға жағдай жасауға бағытталған 
теориялық-әдіснамалық заңдылықтар мен ұйымдастырушылық-педагогикалық 
іс-шаралар жиынтығын ұсынады.
Тұлғаның зияткерлік даму үрдісіне педагогикалық ықпал етуді 
анықтайтын басты ұғымдардың бірі. Мәдениеттілік ұстанымының қазіргі 
заманғы анықтамасы тәрбие мен білім берудің мәдениеттің жалпыадамзаттық 
құндылықтарына негізделуі және этникалық әрі ұлттық мәдениеттің 
ерекшеліктерін ескере отырып, құрылуы тиістігін кӛрсетеді. Бұл тұғыр 
білімалушылардың зиятын қазіргі әлемнің, мемлекеттің, қоғамның жалпы 
құндылық-мәнділік басымдылығында дамытуға, мәдениеттің алуан түрлі 
пластасына адамды қатыстыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді [155]. 
«Мәдениет» ұғымының кең қолданысы бар. С.И. Ожеговтың сӛздігінде 
мәдениет адамдардың ӛндіріс, қоғамдық және рухани жетістіктерінің 
жиынтығы деп түсіндіріледі [168].
Мәдениет - қоғамның қозғаушы күші, соның негізінде қоғамды ілгері 
жылжытады, яғни тұлғаның мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. 
«Мәдениет» - (лат. cultura) латын тілінен алғашқыда «жерді ӛндеу, күту, 
баптау» деген ұғымды білдірді, кейін ӛнделіп, ауыспалы мағынада «мәдениет»-
адамның дене-жан-рухани қабілеттері мен қасиеттерін күту, жақсарту деп 


44 
қолданылады. Осы мағынада ежелгі рим философы Марк Туллий Цицерон 
(«cultura animae») адамның ақыл-ой, рухының мәдениеті деп тұжырымдайды 
[164]. 
Психологиялық-педагогикалық 
еңбектерді 
талдай 
келе, 
кәсіби 
педагогикалық мәдениеттің мәні әртүрлі аспектіде қарастырылған байқадық. 
Я.А. Коменский, А.Дистервег, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, т.б. 
педагогикалық мәдениетті тұлғаның іс-әрекетін жүзеге асыратын, оның 
қоршаған адамдарға ықпалын анықтайтын кәсіп саласындағы жалпы мәдениеті, 
рухани құндылықтар жүйесі, интрегративті сапасы ретінде қарастырады 
[169,170,171,172].
Ғалым Ш.Т. Таубаеваның пікірінше, мұғалімнің мәдениеті – нақты бір іс-
әрекет саласында тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерден, кәсіби еңбекке 
қажет моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығынан құралған күрделі 
жүйелі бірлік [173.]. 
А.А. Молдажанованың пайымдауынша, педагогикалық мәдениеттің 
мазмұны мұғалім іс-әрекетінің объектісі, яғни біртұтас педагогикалық үрдіс 
туралы білімдар болумен байланысты нақты бір кәсіптің мәдениетінің бейнесі 
болып табылады [174]. 
Мәдениеттілік ұғымына тоқталсақ, мәдениеттілік – әдептіліктің, 
имандылықтың, ізеттіліктің кӛрінісі. Ұлттық мәдениетті қастерлеу-
мәдениеттілік белгісі. Әдеп сақтау, әдеппен сӛйлеу, кӛргенділік белгісі, жан 
тазалығы, тән тазалығы-мәдениеттілік болып табылады. Мәдениеттану-адамзат 
қоғамы жасаған материалдық және рухани байлықтарды оқып үйрену. 
Оқушының мәдениеттанушылық танымы ӛзі араласып жүрген жақын орта 
мәдениетінен басталып, ӛз ұлт және туысқан халықтар мәдениетін оқып білу, 
одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысу арқылы ӛз мәдени дамуы да 
біртіндеп кӛтеріле береді [175]. Бұл жерде тұлғаның мәдениеттілігімен қоса, 
мемлекеттіміздің кӛпұлтты, кӛпдінді ерекшелігін ескеріп, мәдениетпен тығыз 
байланысты тұлғаның толеранттылық қасиетінің де болуын аңғарамыз. 
Біздің ойымызша, жалпыадамзаттық мәдениет деп болашақ мұғалімнің 
адамзаттың мұрасын, мәдени құндылықтарды түсіне отырып, меңгеріп, 
жанына, бойына қажеттісін сіңіруі, ішкі жан әлемін байытуы негізінде әртүрлі 
іс-әрекеттер барысында қолданып, осы мүмкіндіктерді жүзеге асырса ғана ол 
нақты мәдениеттің кӛрінісі болады. Сонымен қатар, зияткерлік әлеуеті дамыған 
мәдениеттің үлгісіне айналған мұғалімнің қоршаған адамдарға әсері, ең 
біріншіден оқушыларына үлгі-эталон ретінде болып, нағыз зиялы, мәдениеттік 
кӛзқарастарын қалыптастыратынына еш күмән жоқ. 
Ойымызды түйіндей келе, болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін 
дамытуда мәдениеттанымдық тұғырдың мәні – болашақ мұғалімнің 
педагогикалық іс-әрекеттің, кәсіби ойлаудың, қоршаған адамдармен 
(әріптестері, оқушылар, ата-аналар, т.б.) қарым-қатынастың, жүріс-тұрыс, 
мінез-құлық мәдениетін меңгеру деп түсінеміз.
Зият - бұл адамның ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы. Оны белгілі бір 
дәрежеде тұлғаның рухани әлеуеті ретінде қарастырған жӛн. Себебі, болашақ 


45 
мұғалімнің зияткерлік әлеуеті ӛзінің бойындағы ішкі байлығымен ашылады 
және жоғарыда айтылғандай индивидтің зияткерлік қатынасымен байытылады. 
Тұлға мәдениетінің ішкі тірегі, діңгегі оның руханилылығы болып табылады. 
Тұлға рухани-адамгершілік даму барысында еліне, қоршаған адамдарға қызмет 
етіп, қоғамға пайда келтіру, қолынан келер жақсы, игі іс жасау, ӛзін-ӛзі дамыту, 
ӛзін-ӛзі жүзеге асыру субъект ретінде дамуына негіз болады.
Америка әлеуметтанушылары қоғамды ақпараттандыратын үшінші 
технологиялық толқын кеңістігінде бірінші кезекте адамның сала ішілік тар 
кәсіби қасиеті емес, керісінше, оның жалпы тұлғалық қабілеті тұрады және бұл 
жалпы тұлғалық қабілеттер қатарына ӛзгерістерге жылдам бейімделу, жоғары 
зият, шығармашылық, белсенділік, тіл тапқыштық, жан-жақтылық, байланысқа 
бейімділік сияқты қасиеттерді алға тартады. 
Еңбек нарығына жасалған талдау нәтижесі бойынша, бүгінгі күні күрт 
ӛзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмыс беруші үшін нақты 
біліммен толық қамтылған түлектен гӛрі, біліммен қоса зияткерлік-
шығармашыл ойлай алу қабілеті, маман тұлғасы ретінде ӛзін-ӛзі дамыта 
алатын, болашақта кәсіби қызметтің биік шыңына жете алатын қабілеттері 
құндырақ болып келеді. 
Адам ӛмірінде кәсіби қызмет басты орында тұрады және кәсіби қызмет 
шын мәнінде адамның ӛмір сүру болмысы мен тәсілдерін толық қамти отырып, 
оның әлеуметтік, кәсіби дамуының негізгі құралы болатынын аңғара бермейміз. 
Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыратын заманауи 
педагогикалық білім жаратылыстану ғылымдары мен математикалық ілімдер 
негізінде астарласып жатыр. Педагог кәсібіне қойылатын талаптарды ӛзгертетін 
үрдістердің бірі педагог қызметін мектептегі оқу-тәрбие үрдістерімен етене 
жақындастыру ісі болып табылады. 
Ондағы негізгі міндеттер педагогикалық кешендерді дұрыс пайдалану, 
яғни қызметтің практикалық бағыты, ғылыми жұмыспен айналысатын 
студенттердің жаңа құрылғы жүйесімен, жаңа оқыту технологияларымен дұрыс 
жұмыс істей алу талаптарын кӛздейді. 
Бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша жоғарыда аталған педагог 
мамандығын дамытуға қойылатын талаптар мен үрдістер білім берудің барлық 
жүйесін жаңаша кӛшіруге итермелейді, оның ішінде бірінші кезекте іргелі білім 
беру, кәсіби тұлғаландыру, ӛз бетінше білім алу рӛлін арттыру, тұлғаның 
зияткерлік пен шығармашылық сапасын жетілдіруге бағытталу істері 
қамтылады [176]. 
Педагогикалық-психологиялық білім ӛзінің пайда болған дәуірінен бастап 
бүгінгі күнге дейін білім берудің бар жүйесін түсінуге ғана емес, сондай-ақ 
білім берудің жаңа құндылықтары мен мұраттарын қалыптастырады. Бірқатар 
ғылыми зерттеулерде бүтін оқыту мен тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру 
туралы мәселе қойылады және қарастырылады. Білім беру оқытушы мен 
студенттің зияткерлік ӛзара ықпалдастығы ретінде.
Осыған ұқсас ӛзара әрекеттестіктің бір формасы ретінде білім беру 
үрдісі танылады, яғни білім беру үрдісінде «оқытушы мен студент арасындағы 


46 
түрлі зияткерлік әлеуеттер теңеседі, нәтижесінде үйренуші білім, пайымдау, 
іскерлік жетістігіне, меңгеру әдісіне, қоғамда алған тәжірибесін толықтыруға 
ұмтылады. Соңғы уақытта «тәрбиелейтін оқу» деп аталатын түсінік қарқынды 
кеңеюде. Онда ғылыми ұғым тарихи дәуірмен, ғалым ӛмірімен сәйкес келетін 
қосымша мәліметтермен толығады» [177].
Тәрбиелейтін оқу тұлғаны 
әлеуметтендіруден 
тыс 
педагогикалық 
тәжірибеде 
мақсатты 
түрде 
қалыптасатын дүние. Ол ӛз бойында танымдық, дүниетанымдық, әдіснамалық, 
тәрбиелік іс-әрекеттерді біріктіреді. 
Білім берудің оқыту үрдісі және әлеуметтік институты ретіндегі 
анықтамасына тереңірек тоқталайық. Оқыту үрдісінің ӛзін соңғы тәжірибені 
беру деп, ал тәрбиені шексіз тәжірибені беру деп қарастыруға болады. Соңғы 
тәжірибе ӛз құрамында адамның ақырғы және шексіз білімдерін біріктіретін 
бастапқы тәжірибе компоненттері болады. 
Адам тәжірибесіндегі шексіз, ақырғы білімдердің ӛзара байланысын Я.А. 
Коменский классикалық педагогика аясында қарастырған болатын. Ӛзімізге 
белгілі, ғалым оқытудың ұтымды жүйесін нақты әрі дұрыс жұмыс істеп тұрған 
сағат механизмімен теңеген болатын (олай теңеуіне механикалық 
дүниетанымының педагогикаға ықпалы әсер етті) 

169

. Осы құбылыс әрекеті 
ақырғы білім мәні бойынша сипатталды, ақырғы білім білім беру жүйесінің 
шегінен шығуға жол бермейді. 
Білім беру мен оқыту адамды оқу орны пайда болған кезден бастап 
қызықтырып келеді, яғни онда қоғамдағы білім, іскерлік, дағдымен 
байытылған тәжірибені келешек ұрпаққа жүйелі түрде жеткізу іс-әрекеті 
орындалады. Білім берудің теориясы мен практикасындағы негізгі 
мәселелердің бірі – «нені үйрету?» сұрағына жауап іздеу болып саналады. 
Студенттерге ғылыми білімнің негізін беру керек пе, оларды практикалық 
мәліметтермен қарулардыру қажет пе, осы білім кӛздері кӛмегімен жеткілікті 
ӛмірлік бағыт алуға бола ма? деген сұрақтар туындады. Егер қазіргі ғылымның 
даму қарқынын ескерер болсақ, онда білім беру жүйесі үшін нені алу, нені 
алмау деген сұрақтардың жауабы білім берудің мазмұнын анықтайды.
Білім беру мазмұнынан оқыту үрдісінде болашақ мұғалім білуге тиісті 
іскерлік, дағды, білім, яғни құзыреттіліктер кӛлемі мен сипатын ескеру қажет. 
Жоғары оқу орнындағы білім беру мазмұнын айқындайтын маңызды фактор - 
бұл ғылыми-техникалық және мәдени прогресстер. Оның кейбір 
ерекшеліктерін K.H. Pribram мына түрде ажыратып кӛрсетеді: 

«Әр жыл сайын ғылыми және мәдени ақпараттар кӛлемі кӛбейіп 
отырады. Ақпараттық орта әрбір 7-10 жыл сайын екі еселенеді, ал жеке білім 
салаларында ӛсу қарқыны одан да жоғары. Осындай жағдайларда табиғат, 
адам, қоғам туралы білім негізін құрайтын іргелі теориялар мен ұғымдарды, 
түркіжайттарды ғылыми-негіздеме бойынша іріктеу бірінші мағынаға ие 
болады. 

Ғылымда жалпылану немесе жалпылау үрдісі күшейеді. Түрлі 
ғылым салаларындағы танымның біржақты тәсілі мен әдісін белгілеуге 
мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдар, теориялар мен жүйелер жасалады. 


47 
Соған орай ғылымның қазіргі даму деңгейі біріншіден, ұғымдар мен 
категорияларға байытылған оның теориялық негізін игеруді талап етеді. 

Ғылыми білімді ӛндіріс, басқару, мәдениет салаларында пайдалану 
әлдеқайда кеңеюде. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресстің теориялық негізін 
құрайтын әлеуметтік психология, әлеуметтану, математика, биологияның рӛлі 
жоғарлайды» 

178


Сондықтан, қазіргі жағдайда, яғни ғылым тікелей педагогтік күш ретінде 
танылғанда ғылыми теорияны оқыту тәжірибесімен байланыстыру мәселесі 
ерекше ӛзектілігімен алға шығады.
«Қазіргі таңда біз біртұтас педагогикалық практикамен іс-әрекет 
жасамаймыз, керісінше, бүгінгі күні бір-бірінен ажыратылатын әртүрлі 
педагогикалық практика түрлері қалыптасып келеді (дәстүрлі білім беру, 
дамытушы, жаңа гуманитарлық білім беру, діни, теориялық білім беру, т.б.)» 
[179].
Яғни біртұтас педагогикалық жүйеде тұтастық қағидасына сүйеніп, 
кешенді ұстаным ережеленін ұстану. 
М.Х. Балтабаевтың пайымдауынша, бүгінгі таңда, қоғамда бар 
қатынастардың ауысуы бел алуда, осыған орай білім беру саласында кем 
дегенде мына негізгі үш үрдісті мақсатты түрде зерттеу қажет етіледі. 
Біріншіден, әлемдік үрдісті білім берудің негізгі парадигмасына ауысуына 
қарай ӛзгерту: білім берудің классикалық үлгісі мен жүйесіндегі дағдарыс, 
білім берудің психологиясы мен әлеуметтануындағы жаңа педагогикалық 
іргелі идеяларын әзірлеу, гуманитарлық ғылымда эксперименталды және 
альтернативті бағыттар қалыптастыру. Екіншіден, әлемдік мәдениетке 
бағытталған білім беру мен университет қозғалысы: ЖОО демократиялануы, 
мәдениеттің негізгі жетілген субъектілерімен ӛзара байланыс орнату, үздіксіз 
білім беру жүйесін қалыптастыру, білім берудің гуманитарлануы және 
компьютерленуі, білім беру мен оқыту бағдарламаларын таңдау еркіндігі. 
Үшінші үрдіс ЖОО мен білім беру дәстүрін қалыптастыру және одан әрі 
дамытуды ұмытпау қажет 

180


Бұл оқытушының іс-әрекеті оқыту және студенттің іс-әрекеті– білім 
алуда жүзеге асады. «Дәріс беру» терминін шартты атау деп қабылдау қажет, 
себебі педагог тек дәріс беруші, білім беруші ғана емес, ол студентті
тәрбиелейді әрі дамытады. Оқыту – бұл тек дәріс беруде қабылдағанды игеру 
ғана емес, ол студенттің күрделі танымдық үрдісі, білім түрінде сақталған 
адамзатқа тән тәжірибе жинау әрекеті орын алады. Сондай-ақ оқыту – бұл 
индивидуалды таным тәжірибесін иелену, қажетті танымдық әрекеттер мен 
тәсілдерді игеру болып саналады. 
Оқыту үрдісінің зерттеу орталығы студенттің танымдық іс-әрекеті, оның 
ілімі, тануға деген үздіксіз қозғалысы, заттар мен құбылыстарды тереңінен, 
кеңінен тануға деген құлшынысы мен әрекетін тұрады. 
Бірақ студенттердің танымдық іс-әрекеті оқытушы әрекетімен бірлесе 
жүзеге асады. Оқытушы болашақ мұғалімнің тану әрекетін зияткерлік 
мүмкіндіктеріне сәйкес және олардың қабілеттеріне сай бағыттайды. Ол 
оқытудың
мазмұнын жүйелендіреді, нақтылайды, студент білетін білімнің 


48 
логикалық негіздемесін қалыптастырады. Болашақ мұғалімнің іскерлігін, ӛз 
бетінше тану қабілеттерін, дағдысын дамыту үшін оқыту барысында әлдеқайда 
тиімді жолдарды іздеп табады. Оқыту үрдісі студентпен оқытушының үздіксіз 
қарым-қатынасында жүзеге асады. Осы әрекеттің ӛзі танымдық қызмет 
үрдістеріне, мінез-құлыққа елеулі ықпал етеді. 
Оқыту үрдісінің психологиялық-әдіснамалық негізі – гносеология. 
Гносеология танымды адам санасындағы объективті әлем бейнесін емес 
белсенді-тудырушы үрдіс ретінде қарастырылатын ғылым саласы. Танымда 
болмыс пен құбылыстың объективті әлемі, олардың арасындағы заңды 
байланыс ӛз бейнесін табады. Таным деген түсініктің ӛзі адам санасындағы 
объективті әлемнің бейнесі. Таным үрдісі – бұл ақиқатқа жақындау, ақиқатқа 
шексіз ұмтылу үрдісі [181]. Осылайша, оқыту үрдісін қарама-қайшылықты, 
үнемі болатын қозғалыс пен даму үрдерісі ретінде түсіну қажет. Жоғары оқу 
орнының оқытушы студенттің ғылыми ақиқатты меңгеру үрдісі қалай 
орындалып жатқанын кӛруге міндетті, оның игеру деңгейін қандай, танымдық 
үрдістегі қозғалысына не кедергі, қарама-қайшы тұратынын анықтауы тиіс. 
Сондай-ақ оқытушы студенттің таным үрдісін дайын білімді жаттап 
алудан аулақ ұстауы қажет. Себебі, онда тұрақты тура жол жоқ екенін, 
ақиқатқа жетудегі үздіксіз мехникалық қозғалыстың мәнін түсіндіре алуы тиіс. 
Ақиқатқа жету жолында үлкенді-кішілі жетістіктер мен кемшіліктер қатар 
жүретінін, кейде тіпті ойдың кездейсоқ бұрылуы болатынын ұғындыру қажет. 
Таным қарама-қайшылықтан жаралған, онда тапқырлық пен қиылысыру 
арқылы, ассоциациия құру мен дивергенттік ойлау арқылы, абстракция 
арқылы қатаң логикалық пайымдау орын алады. Индукция мен дедукция, 
мазмұнды және формалдық ойлау қабілеттері қызмет етеді. Осының барлығы 
ЖОО оқыту үрдісінде болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың 
мәнін құрайды. Қоғамның білім беру жүйесіне қойған талабы мен міндеттеріне 
сәйкес, яғни қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін мамандарды дайындау 
(жоғары білімді, жоғары мәдениетті, зияткерлік әлеуетін дамытып, үйлесімді 
дамыған, адамгершілікке тәрбиеленген) міндеттерін оқытудың үш қызметінің 
қажеттілігімен байланыстыра қарастыру қажет: білім беру, дамыту, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет