Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Мотивациялық-мақсаттық кезең



Pdf көрінісі
бет35/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

 
Мотивациялық-мақсаттық кезең 
- болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетінің даму деңгейін анықтау; 
- ӛздігінен диагностикалау дағдыларын қалыптастыру;
- зияткерлік әлеуетін дамытуға қажеттілігін сезіну; 
- белсенді іс-әрекетке ынталануы; 
-субъект-субъекттік қарым-қатынас орнату; 
- зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған оқыту әдістері мен ұйымдастыру 
формаларын кешенін жобалау кезеңі. 
 
Мазмҧндық-әрекеттік кезең 
- ЖОО үрдісінде зияткерлік әлеуетті дамыту: «зияткерлік», «әлеует» 
ұғымдары тӛңірегінде теориялық білімдерін арттыру;
- педагогикалық-психологиялық шарттарды жүзеге асыру;
- белсенді зерттеу, ізденіс; 
- кері байланыс орнату, ӛзін-ӛзі тану; 
- рефлексия; 


108 
 
Бақылаушылық-диагностикалық кезең 
- Зияткерлік әлеуеттің және оны дамыту механизмдерінің даму деңгейін 
анықтау;
- даму динамикасын талдау, салыстыру; 
- студенттерді рефлексия, ӛзін басқару, ӛзін-ӛзі бағалауға ынталандыру; 
- іс-әрекет перспективасын анықтау кезеңі.  
Зияткерлік әлеуеті дамыған тҧлға 
Мотивациялық-мақсатты 
кезеңде, 
студенттер 
оқытушының 
басшылығымен айқындаушы эксперимент барысында алынған нәтижелер 
негізінде зияткерлік әлеуеттерінің даму деңгейлерін және оны дамыту 
механизмдерін анықтады. Осы кӛрсеткіштердің даму деңгейлерінің мазмұндық 
сипаттамасы айқындалды, топтық пікірталас барысында әрбір студенттің 
кӛрсеткіштері және болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 
жұмыстар талқыланды. Бұл кезеңде олардың зерттеу мәселесіне деген 
қызығушылықтары байқалды. Зияткерлік әлеуеттерін дамыту мүмкіндіктері 
және оның даму механизмдері жайлы кӛптеген сұрақтар туындады. 
Жоғарыда талданған тәжірибелік-эксперименттік жұмыс (айқындаушы 
эксперимент) нәтижелері тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытуды кӛздейтін 
теориялық, әдіснамалық, әдістемелік, технологиялық негіздер кәсіби дайындық 
үрдісінде болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуеттін дамытудың моделін 
ұсынуға мүмкіндік туғызды. Модель – ағымдық тапсырмаларды шешудің 
негізгі құралдары мен әдістері арқылы сипатталатын білім беру үрдісінің 
кезекті сатыларын бейнелейді, әрбір сатыдағы тиімді білім беру критерийлерін 
қалыптастырады, құрастыру және кешенді тапсырмаларды шешу қағидаларын 
негізгі дидактикалық құрал ретінде қарастырады. 
Осыған орай модельді жүзеге асыру мақсатында кәсіби педагогикалық-
психологиялық іс-әрекеттегі әдіс, тәсілдерді меңгеруге арнайы курс ұсынылды. 
Арнайы курсты оқыту барысында (бакалаврлар үшін – таңдаулы пән) 
студенттің зияткерлік әлеуетін дамытуға мақсатты бағытталу іс-әрекеті 
орындалады. Курстың күрделілігі білім беру сатысы мен студенттің бойында 
зияткерлік әлеуетті дамытудың ӛзекті кезеңдері тоғысқан жағдайда кӛрініс 
табады. 
Арнайы курсты оқыту модульдік негізбен қолданымдық тізбек, онда оқу 
мазмұны мен оны меңгеру технологиясы біріккен. Дидактикалық мақсат 
студент үшін құрылады және мақсаттың құрылымында тек білім кӛлемі ғана 
кӛрсетілу мен қатар, сондай-ақ сол білімді игеру деңгейі де нақтылануы тиіс. 


109 
Модульдің тиімділігі сол оқыту жүйесін субъект-субъекттік негізге ауыстыруға 
мүмкіндік береді, жеке студенттермен дара жұмыс жасауға септігін тигізеді, 
оқытушы мен студенттің қарым-қатынас түрлерін ӛзгертуге мүмкіндік 
туғызады. 
Екінші, 
мазмұндық-әрекеттік 
кезеңінде 
теориялық 
білімдерін 
қалыптастыруға, зияткерлік мүмкіндіктердің кӛрінісін кӛру және оны бағалау 
іскерліктерін дамытуға, мұғалім іс-әрекетіндегі зияткерлік әлеуеттің 
маңыздылығын айқындауға, зияткерлік әлеуеттің дамуына ықпал етуші 
психологиялық механизмдердің мәнін ашуға, бағытталған «Тұлғаның 
зияткерлік әлеуетін дамыту» атты арнайы курс іске асты (Қосымша Д).
Студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту үрдісін эксперименталды 
модельмен сәтті жүзеге асырған эксперименталды топта оқу материалының 
мазмұны педагогикалық әдіс-тәсілдерді кезең-кезеңмен сатылай қолдануға 
негізделді, сондай-ақ білім мазмұнын игертудің мынадай талаптарды қатаң 
сақтау арқылы жүзеге асырылады: 
- аса қажетті теориялық білімдер кӛлемі, 
- ӛз бетінше жұмыс жасау әдістерін меңгеруі, 
- танымдық әрекеттерге деген қызығушылығы, 
- ЭТ пен БТ студенттерінің зияткерлік әлеуеті дамуының бастапқы деңгейі 
(%), 
- арнайы курс пәнінің кәсіби бағытталуы
- зияткерлік әлеуеттің дамуын бақылау, 
- оқытудың индивидуалды- дифференциалды тәсілі, 
- оқу-танымдық қызметтің біртіндеп күрделенуі, 
- проблемалы жағдайлардың болуы, 
- ақиқатты педагогикалық мәселелер мен мұғалімнің міндеттерінің 
имитациясы. 
Студенттердің ӛз бетінше және зияткерлік әрекет ету деңгейін бірте-бірте 
жетілдіру: 
- мотивациялық-мақсатты кезеңде оқытушы жетекші рӛл атқарады, 
- мазмұндық-әрекеттік кезеңде - оқытудың біріккен түрі әріптестік 
тәртібімен орындалады, 
- мазмұндық-әрекеттік кезеңде субъектілердің ӛзара тығыз қарым-
қатынасының ықпалымен оқыту іс-әрекеті зияткерлік түріне ұласады, 
- практикалық тапсырмаларды барлық кезеңде орындау және әрбір 
дәрісте оқыту іс-әрекетін зияткерлік ізденіс алгоритмімен сабақтастыру
- педагогикалық білім берудің когнитивтік мазмұнын эмоционалды 
немесе басқаша мазмұнға кӛшіру қабілеті, 
- кәсіби-зияткерлік мотивацияның ӛзектелуі, кәсіби зияткерлікке 
бейімделу, студенттердің рефлексивтік қабілеттерін шыңдау. 
Дамытушы-диагностикалық, жобалаушы педагогикалық тапсырмаларды 
әзірлеу барысында біз оқытудың барлық мазмұнында мына мәселелерге ерекше 
кӛңіл бӛлдік: 
- кешенді, (даму деңгейіне сәйкестігін кӛрсететін байқалатын әртүрлі 
психологиялық факторлардың айқындалуы), 


110 
- күрделілік деңгейіне қарай сатылай орындалуы, 
- нақты оқу материалына деген қызығушылық, ынта-ниетіне қарай, 
- соңғы нәтижеге жету, соны мақсат етіп белгілеу, соған қол жеткізуді 
қамтамасыз етуіне қарай, 
- түрлі проблемалық материалдарға негізделуіне қарай. 
Бұл тапсырмаларда элективті курсты меңгеруге бағытталған міндеттерді 
типтік 
тәсілдермен 
орындау 
кӛзделген, 
сүйенетін 
барлық 
типтер 
жұмылдырылған. Бірақ олар белгілі бір реттік тәртіппен ұсынылады, яғни 
қарапайымнан күрделіліге қарай және ақыл-ой қабілетіне сәйкес. 
«Отандық және шетелдік ғылымдағы болашақ мұғалімдердің зияткерлік 
әлеуетін дамыту мәселесінің жағдайы», «Зияткерлік әлеует мәселесін 
зерттеудің психологиялық-педагогикалық негіздері», «Зияткерлік әлеуетті 
дамытудың психологиялық механизмдері» атты дәріс сабақтарында «зият», 
«әлеует», «зияткерлік әлеует» ұғымдарына теориялық сипаттамасы берілді. 
Аталмыш мәселе, яғни қарастырылған ұғымдар семинар сабақтарында 
топтық дискуссия түрінде талқыланды 
Тӛмендегі кестеде «Тұлғаның зияткерлік әлеуеті» элективті курсының 
тақырыптық жоспары келтіріледі. 
Кесте 11. «Тұлғаның зияткерлік әлеуеті» элективті курсы бойынша тақырыптық 
жоспар 

р/
с 
р/
с 
Тақырыптар атауы 
Бар 
лығ
ы 
(сағ
.) 
Оның ішінде 
Дәр
іс
(сағ
.) 
Тәжірибе
лік, 
семинар
Бақылау түрі 

Отандық және шетелдік 
ғылымдағы тұлғаның 
зияткерлік әлеуетін дамыту 
мәселесінің жағдайы 



Кесте толтыру, 
салыстырмалы 
талдау, тест 

«Зият», «әлеует», «зияткерлік 
әлеует» ұғымдарының мәні



Глоссарий, 
ұғымдарды 
талдау, Венн 
диаграммасын 
толтыру 

Зият туралы теориялар 



Слайд 
презентация, ми 
шабуылы әдісі 

Зияткерлік әлеуетті 
дамытудың негізгі 
әдіснамалық тұғырлары 



Конспект, сұрақ-
жауап, баяндама 

Зияткерлік әлеуетті 
дамытудың психологиялық 



Жарыс сӛз, 
талдау 


111 
механизмдері 

Тұлғаның зияткерлік әлеуетін 
дамытудың шарттары, тиімді 
жолдары және әдістері 



Пікірталас, жоба 
жұмысының 
презентациясы 

Зият диагностикасы 
(тесттері) 

1

Ӛзіндік 
диагностика 
Барлығы: 
45 


СОӚЖ-15 сағат, СӚЖ 15 сағаттан бӛлініп, тапсырмаларжәне оларды 
орындаудың бақылау түрі жоғары естеде ұсынылған.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
Негізгі әдебиеттер: 
1.Холодная М.А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. М. - Томск: 
Изд-во ТГУ, 1997. 
2.Пралиев С.Ж., Намазбаева Ж.И., Каракулова З.Ш., Садыкова А.Б. 
Психологические основы развития творческой интеллектуальной личности в 
образовательной среде. // Алматы,«Ұлағат, 2012.-232. 
3.Холодная М.А. Когнитивные стили: О природе индивидуального ума. Уч. 
пос. - М.: 2002. 304 с. 
4.Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как проблема творчества. - 
Издательство Ростовского университета, 1983. -176с.
5.Деркач A.A. Акмеология. Учебник / Под общей редакцией доктора 
психологических наук, профессора, академика РАО A.A. Деркача. - М.: РАГС, 
2002. - 650с. 
6.Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық - Алматы: Алла прима, 
2012. - 36 б. 
7.Бодалев A.A. Психология о личности. - М: МГУ, 1998. – 188с. 
8.Штерн В. Умственная одаренность: Психологические методы испытания 
умственной одаренности в их применении к детям школьного возраста / Пер. с 
нем. - СПб.: Союз, 1997. 
9.Дружинин В.Н. Психодиагностика общих способностей. -М: Академия, 1996. 
-224с. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Интеллектуалды әлеуеттен - интеллектуалды ұлтқа» ұжымдық монография. 
Алматы, 2012. - 216 б. 
2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 
халқына жолдауы «Интеллектуалды ұлт - 2020». 17 қаңтар, 2014 ж. – Астана. 
3.Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы. Алматы, 2014. 246 б
4.Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби 
шығармашылық жолында. - Алматы: «Полиграфия-сервис К», 2012.-316 б. 


112 
5.Вассерман Л.И. и др. Потенциал интеллектуального развития: тестовая 
методика психологической диагностики. – СПб.: Речь, 2008. – 112 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет