2.3 Зияткерлік әлеуетті дамыту бойынша жҥргізілген қалыптастырушы
эксперименттің нәтижелері
Мазмұндық-әрекеттік
кезеңде
психологиялық
механизмдердің
(рефлексиялық, ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін басқару) ықпалымен, белсенді оқыту
әдістерін (диспут, пікірталас, зияткерлік, іскерлік ойындар, «ми шабуылы»)
енгізу арқылы болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту бойынша
жұмыс ұйымдастырылды. Осы кезеңде «Тұлғаның зияткерлік әлеуетінің
тренингі» техникасы ӛткізілді
Зияткерлік әлеутті дамыту тренингке эксперименталды топтың студенттері
қатысты. Тренингті ӛткізу ережелеріне сәйкес әр топта 15 адамнан құралды,
топтар қатысушылардың еркімен қалыптасты.
«Тұлғаның зияткерлік әлеуетінің тренингі» техникасы.
Техника мақсаты – психологиялық механизмдерді (рефлексиялық, ӛзін-ӛзі
бағалау, ӛзін басқару) қолдану және белсенді оқыту әдістерін (диспуттар,
пікірталас, іскерлік ойындар, «миға шабуыл») енгізу арқылы студенттердің
тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту.
Бұл техника студенттерді тренингтік топтың мақсаттарымен, топтық
жұмыстың артықшылықтарымен, топтық нормалармен, тренингтік топ
жұмысының қағидаларымен таныстырудан және топтық салт-жораларды
құрастырудан басталады. Әрбір сабаққа бір-екі жаттығудан енгізілген, оларды
орындап болған соң талқылау жүргізіледі. Барлық жаттығулар зияткерлік
сипаттағы тапсырмалардан тұрады.
Жеке тренингтік жаттығулардың тақырыбы мен мазмұны.
1-жаттығу. «Зияткерлікке қозғау салу».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренер әр қатысушыға
ӛзінің есімін және ӛзіне тән қасиеттерін, мінез-құлық ерекшелігін, жалпы
адамдарды зияткерлікке, шығармашылыққа, жаңалыққа, қалыптан тыс мінез-
құлыққа жетелейтін қандай ерекше қасиеті бар екенін атауды ұсынады. Кейін
ойлануға уақыт беріледі де, бәрі дайын болғанда, жаттығуды орындау
басталады. Бұл жаттығу қатысушыларды ӛзі туралы айтуына ниеттендіреді,
топ мүшелерін жақындастыруға септігін тигізеді, сенімділік атмосферасын
туғызады. Одан басқа, кейін зияткерлік ортаның ерекшеліктерін талқылау
барысында пайдасы болуы мүмкін кӛп идеялар туындады.
2-жаттығу. «Зияткерлік іс-әрекетке қажеттілік»
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренер оларға нұсқаулық
береді: «Қазіргі әлемнің ӛзгермелі, тұрақсыз екені мәлім. Әлеуметтік және
технологиялық ӛзгерістер жылдам дамуда. Мұның барлығы әрқайсымызға
үнемі әсер етеді. Ӛзгермелі заманда зияткерлік, шағармашылық таныту
қажеттілігі қаншалықты ӛзекті екендігі туралы ойланып кӛрейік. Ӛзіміздің
ойларымызбен бӛлісе отырып, қазіргі заманда ӛмір сүруге зияткерлік
танытудың қандай түрлері және қалай кӛмектесетіні туралы айтып кӛрейік».
113
Бұл жаттығу топтың әрбір қатысушысының зияткерлікті таныту
қажеттілігін жете түсінуіне бағытталған. Тренингте бұл жаттығуды ӛткізу
зияткерлік әлеуеттің қалай танылатынын және не үшін қажет екендігін
түсінуге кӛмектеседі.
3-жаттығу. «Зияткерліктің белгісі».
Топ
қатысушылары
шеңбер
құрып
отырады.
Тренер
топ
қатысушыларының біреуіне қалауы бойынша топ мүшелері ие бола алатын
зияткерліктің бір белгісін ойлануын ұсынады. Шеңберде отырған
қатысушылардың әрқайсысы жүргізушіге сұрақтар қояды, олардың міндеті –
зиятерліктің қандай белгісі жасырылғанын табу.
Бұл жаттығу проблемалық, еркін жағдай туғызуға кӛмектеседі.
Қатысушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа баулиды. Олардың ойлауын,
талдау, синтездеу және байқағыштығын дамытады.
4-жаттығу. «Зияткерлік мотивация».
Бұл жаттығу ойын түрінде ӛткізіледі. Топ екі командаға бӛлінеді. Әрбір
команда ӛздерін таныстыру үшін кез келген фирма немесе мекемені таңдайды,
қатысушылардың әрқайсысына рӛлдер бӛлініп беріледі. Одан кейін командалар
бір-біріне ӛздерінің фирмасымен таныстырады. Әр команданың мақсаты -
бәсекелес команданың зияткерлік мотивациясын арттыру. Командалар
бәсекелес команданың зияткерлік мотивациясын арттыру сценарийін жасап,
оны кӛрсетеді.
Нәтижелерін талқылау барысында зияткерлік мотивациясын туғызудың
тәсілдері мен жағдайлары бақыланады. Жаттығу тренинг қатысушыларының
зияткерлік мотивациясын арттыруға бағытталған.
5-жаттығу. «Зияткерлік әлеуеті дамыған адам».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп
болады. Ол мынадай нұсқау береді: «Қазір бір-бірімізге допты лақтыра отырып
және бір-бірімізді қайталамай, біздің ойымызша зияткерлік әлеуеті дамыған
адамға тән қасиеттерді, оның мінез-құлық ерекшеліктерін атайтын боламыз.
Аталған ерекшеліктерді және доптың кімде болғанын есімізге сақтап, мұқият
болайық. Жұмысқа бәріміз де қатысуға тырысайық».
Доп әрбір қатысушыда екі-үш рет болғаннан кейін, тренер нұсқаулықты
ӛзгертеді: «Енді біз дәл осылай допты лақтыра отырып, зияткерлік әлеуеті
дамыған адамға антипод адамның (қарама-қарсы) қасиеттерін, мінез-құлық
ерекшеліктерін атаймыз».
Бұл жаттығу жеке тұлғаның зияткерлігінің ерекшелігін танытуын сезінуге
кӛмектеседі. Бұл тренерге әрі қарай топ қатысушыларына осы кӛрсеткіштердің
тізімімен бағдарлық негізін ұсынуға және кейін оларды дамытып,
жаттықтыруға мүмкіндік береді.
6-жаттығу. «Қалыптан тыс тәсіл».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп
болады. Тренер кез келген бір затты атап, қатысушының біреуіне допты
лақтырады. Допты қағып алған адам осы аталған заттың қалыптан тыс үш
қолдану тәсілін айтуы керек. Бұл жерде кӛптеген заттардың әмбебап
қолданылатын тәсілдерін атауға болмайды: кез келген заттың суретін салуға,
114
оны ұстап кӛруге, сыйлауға, иіскеуге болады. Егер де біреу ұзақ уақыт аталған
заттың кезекті қалыптан тыс қолдану тәсілін айта алмаса, онда басқа
қатысушыларға оның нұсқасын кӛрсетуді ұсынуға болады. Жұмыс барысында
доп қатысушылардың әрқайсысында болып шығуы тиіс.
Бұл жаттығу тұлғаның зияткерлігін, тапқырлық ерекшеліктерін
танытудағы кедергілерді түсінуге бағытталған және креативтік ерекшеліктерді
танытуда қандай жағдайлар кӛмектесетін түсінуге мүмкіндік береді.
7-жаттығу. «Зияткерлік кӛрмесі».
Жаттығу пікірталас түрінде ӛтеді, «миға шабуыл» әдісі қолданылады.
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренер оларға ең соңғы зияткерлік
жұмыстар, жетістіктер кӛрсетіліп жатқан кӛрмеде жүргендерін елестетуді
ұсынады. Алдымен
тренингке
қатысушылар
қандай
«экспонаттар»
ұсынылғанын анықтап алуы керек. Одан кейінгі пікірталасты «миға шабуыл»
түрінде ӛткізу ұсынылады. Ол үшін топ екіге бӛлінеді: «идеялар
генераторлары» және «сыншылар». «Идеялар генераторларының» міндеті
ұсынылған «экспонаттардың» қолданылуына байланысты мейлінше кӛп идея
тастау. «Идеялар генераторларының» сӛзінен кейін «сыншылар» іске кіріседі,
олар түскен ұсыныстарды іріктей бастайды, нәтижесінде топ кӛрмедегі
ұсынылған зияткерлік жұмыстарды, жетістіктерді қолдану бойынша әр түрлі
ұсыныстар алады.
Жаттығу топтағы ӛзара зияткерлік сипаттағы әрекеттестікке бағытталған.
8-жаттығу. «Тұлғаның зияткерлік ерекшеліктерін бағалау».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренер бұл тапсырманы
орындау үшін қатысушыларға үш топқа бӛлінуін ұсынады. Әр топқа тапсырма
беріледі: тұлғаның зияткерлік ерекшеліктерін бағалай алатын 2-3 тест-
тапсырмасын дайындау. Бұл тапсырманы орындау үшін уақыт шектелмейді.
Кейін ұсынылған тест-тапсырмалар талқыланады. Әрбір топ дайындалған
тапсырмалары бойынша басқа екі топқа ӛздерінің зияткерлік ерекшеліктерін
тексеріп кӛруді ұсынады.
9-жаттығу. «Мен суреті».
Бұл жаттығуды орындау үшін қарындаштар немесе фломастерлер, А4
форматындағы сызықсыз ақ қағаз керек. Тренер қатысушыларды ыңғайлы
отыруын сұрайды, шеңбер құрып отыру міндетті емес, бӛлменің кез келген
ӛзіне ұнаған жеріне отырады. Олар қағазға ӛздерін қалай елестететіндей
аллегориялық формада ӛз образдарын салуы тиіс. Сонымен бірге қағазда
суреттің «жоғарғы жағы» кӛрсетіледі.
Сурет салып болғаннан кейін жүргізуші жинап алады да, суреттерді
араластырады. Кейін негізгі ойын шартына кірісуге болады. Жүргізуші
суреттердің ішінен біреуін алады да, топқа кӛрсетеді, әрбір қатысушыдан бұл
суретті қандай адам салуы мүмкін екендігі туралы ӛз ойларымен бӛлісуін
сұрайды. Жүргізуші қатысушыларға сұрақ қояды: «Бұл суретті не себепті
ерекше деп ойлайсыз?». Топ ӛзінің ерекшелігі бойынша суреттің бағалау
критерийлерін жасайды.
10-жаттығу. «Зияткерлік хат».
115
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Қатысушылардың
әрқайсысына «зият» ұғымы туралы ӛз түсіндірмесін және зияткерлік әлеует
мағынасын ашуға кӛмек болатын ұғымдардың анықтамаларын жазу
ұсынылады. Содан кейін әрбір қатысушы ӛзінің анықтамасын оқиды, соңынан
анықтамалар талқыланып, берілген ұғымдарға топ ӛзінің түсініктемесін
жазады. Жаттығу тұлғаның зияткерлік әлеуетін және түсінігін дамытуға
бағытталған.
11-жаттығу. «Зияткерлік материал».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Шеңбердің ортасында әр
түрлі материалдар (қалам, ермексаз, түрлі-түсті қағаздар, ақ қағаз, желім,
қайшы, қарындаштар) жатады. Тренер қатысушыларға 10-15 минуттың ішінде
берілген материалдан ерекше, ӛзгеше бір нәрсе жасауды ұсынады. Жұмысты
аяқтағаннан кейін қатысушылар ӛздерінің жасағандарын кӛрсетеді. Талқылау
барысында тренер қатысушыларға сұрақ қояды: « Не істейтіндерің туралы
шешімді қалай қабылдадыңдар? Жұмыстың аяқталғанын қалай анықтадыңдар?
Қалай ойлайсыздар, сіздер шынында зияткерлік нәрсе жасадыңыздар ма, әлде
қарапайым зат па? Неге? Ӛздеріңіз жасаған нәрсеге кӛңілдеріңіз тола ма? Не
себепті? Нақты не жасадыңыздар?
12-жаттығу. «Ассоциативтік алфавит».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп
болады. Нұсқау: «Бұл тапсырманы орындау үшін алфавитті жақсы білу керек.
Мен біреулеріңе допты лақтырып, «а» әрпінен басталатын зат есімді атап
бастаймын. Кімге доп түссе, сол адам аталған сӛзге жауап ретінде ойына келген
ассоциация-сӛз айтуы тиіс, бірақ ол «ә» әрпінен басталуы керек. Бұл да зат есім
болсын. Сӛзді атап, ол допты келесі адамға лақтырады, ол адам ӛз ассоциация-
сӛзін «б» әрпіне айтады, солай жалғаса береді. Осылай бас әріптері алфавиттен
құралған зат есімдер қатары түзіледі». Жаттығу ассоциация еркіндігін
дамытады.
13-жаттығу. «Болашақтың суреті»
Тренер қатысушыларға келесі нұсқаулықты ұсынады: «Болашақтың
суретін құрастыру арқылы зияткерлік мотивацияны реттеп кӛрейік. Ол үшін
алдымен бес жыл алға ӛзіңіздің зияткерлік мақсатыңызды анықтап алуыңыз
қажет». Топ қатысушыларына болашақтың суретін айқын салуға кӛмектесетін
сұрақтар ұсынылады. Сіз бес жылдан кейін кім боласыз? Сол уақытқа дейін
қандай білім қосымша білім аласыз? Ӛзіңізді қалай сезінесіз? Болашаққа қандай
жоспарларыңыз болады? Қандай зияткерлік, шығармашылық жұмыстарыңыз,
жетістіктеріңіз болады? «Енді осы мақсатқа жету үшін бес жылдың әр жылында
не істейтініңізді анықтаңыз. Одан кейін мақсатқа жақындау үшін алдағы үш
айда не істеу керектігін шешесіз».
14-жаттығу. «Жаңа комбинация».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп
болады.
Нұсқау: «Қазір кімнің қолына доп түссе, сол адам екі сӛз атайды да,
допты басқа қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған адам, алдыңғы екі
сӛзді байланыстыратын бір сӛзді атайды. Содан кейін ӛзінің сӛздерін атап,
116
допты келесі қатысушыға лақтырады». Бұл жаттығудың негізінде екі не одан да
кӛп заттың, құбылыстың, оқиғаның әр түрлі жақтарын, қасиеттерін, сапасын
біріктіру арқылы жаңа нәрсе алу қағидасы жатыр.
15- жаттығу. «Зияткерлік мотивация».
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. Жүргізуші тӛрт сӛз атайды:
жүзу, волейбол, бокс, велосипед. Топ қатысушылары бұл сӛздердің
әрқайсысына ассоциация туғызатын белгілі бір ым, қимылмен әрекет жасайды.
Ым-ишара және қимыл әр түрлі болуы керек. Жүргізуші «зияткерлік
мотивация» деген кезде, қатысушылар оларды осы спорт түрлеріне түрткі бола
алатын вербалды емес түрде бірдеңе кӛрсетулері керек.
Ойынның шарты бойынша: жүргізуші жоғарыда аталған сӛздерді айтқан
кезде, мүмкіндігінше жылдам әрекет ету керек.
16-жаттығу. «Ассоциациялар еркіндігі».
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: «Қазір мен сіздерге әр түрлі ұғымдарды атаймын. Сіздер осы
ұғымдарды елесте отырып, қандай ассоциация туындайтынын айтып
бересіздер».
Тренер келесі ұғымдарды ұсынады: тапқырлық, жоба, туынды жасау,
әлеует, зияткерлік кедергі және т.б.
17-жаттығу. «Зияткерлі кӛрші»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: «Ӛзіңіздің оң (сол) жағыңыздағы кӛршіңіз туралы ойланыңыз.
Оның жұмыс барысында барлық зияткерлік қабілеттерін, белсенділік танытқан
кездерін, не айтқанын, не істегенінін есіңізге түсіріңіз. Осы адамға деген
ӛзіңізде пайда болған сезімдер мен қарым-қатынасыңызды есіңізге түсіріп
кӛріңіз.Ол үшін екі минут уақыт беріледі».
Екі минут ӛткеннен кейін тренер нұсқау беруді жалғастырады: «Енді
екеуіңіздің қайсыңыз анағұрлым зияткерлік екендігін шешіңіздер: сіз бе, әлде
кӛршіңіз бе? Бәрі дайын болғанда, кезекпен бір-біріңізбен пікір алмасып, оны
дәлелдеңіздер.
18-жаттығу. «Зияткерлік одақ».
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Тренер қатысушыларға ӛздерін
қандай да бір кәсіби рӛлде елестетіп кӛруді ұсынады. Содан кейін таңдаған
қызмет саласы бойынша екеуі де ӛздерін зияткерлік (қабілеттерін) жағынан
таныта алатындай таңдаған мамандығы бойынша серіктесін таныстырып
сипаттап беруге тапсырма береді. Бұл іс-әрекетке зияткерлік қатынасты
сипаттап, және оған ықпал ететін серіктесінің қасиеттерін сипаттап беру керек .
Бәрі дайын болғаннан кейін талқылау басталады.
Бұл жаттығу зиятккерлік іс-әрекеттің мазмұнын талдауға, ӛзін-ӛзі
дамытуға қажеттілілігін түсінуге бағытталған.
19-жаттығу. «Эмоция».
Топ кішкентай қағаз парақтарына зияткерлік әлеуетін, зияткерлік қабілет
танытумен байланысты кез келген сезім, эмоция атын жазады. Әр қатысушы
мұны кӛршісімен кеңеспей, жеке орындайды. Кейін қағаз парақтары жиналып
алынады, араластырылып, қайта таратылады. Ойынға қатысушылар қағазда
117
жазылған эмоцияға сәйкес, оны оқымай кезекпен сезімдерін білдіреді. Қалған
қатысушылар кӛргені бойынша ӛз жорамалдарын айтады, одан кейін қандай
эмоция кӛрсетілгенін айтып береді.
Ойын тұлғаның зияткерлік ерекшелігіктерін, зияткерлік іс-әрекетте
танытатын сезім, эмоция диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді.
20-жаттығу. «Зияткерлік жинақ сандықшасы»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Тренер қатысушылардың
әрқайсысына 3 минуттың ішінде тренингтік сабақтар барысында оның басынан
бастап болған оқиғаларға тоқталып, ойлануға тапсырма береді. Ӛзінің барлық
зияткерлік тәжірибесіне «ішінен» кӛз жүгіртіп қарап шығып, осы тәжірибесінен
қатысушының пікірінше айрықша таңқаларлық, жаңа, күтпеген және ерекше
фрагментті тауып алуы керек. Әрбір қатысушы ӛз тәжірибесінің таңдаған
фрагментін айтып береді. Жаттығу қатысушылардың ретроспективтік
рефлексиясын дамытуға бағытталған.
Тренинг жаттығуларын орындаудың ерекшелігі орындалған әр
жаттығуды талқылау үрдісінде студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытудың
психологиялық механизмдерін іске қосу. Талқылау үрдісінде сыналушылар ӛз
әрекеттеріне, мінез-құлқына, күйзелістеріне, ӛзін басқаруға ӛзіндік бағалау мен
рефлексия жасады.
Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту үшін зияткерлік
қиындық тудыратын ортаны жасау қажеттілігі туындады. Яғни, тренинг
жағдаяттарының проблемалығын, анық еместігін, бағаламаушылығын және
тұлғаны тұтас қабылдауды меңзеді. Оқыту үрдісінде әрбір қатысушының
зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдістерін (рӛлдік,
іскерлік, зияткерлік ойындар, пікірталас) қолдану арқылы аталмыш шарттар
құрылды.
«Тұлғаның зияткерлік әлеуетінің тренингі» техникасының теориялық-
әдіснамалық негізін бірқатар қағидалар құрады. 1) Белсенділік қағидасы
бойынша тренинг қатысушыларын арнайы құрастырылған әрекеттерге
жұмылдыру кӛзделді; 2) зерттеушілік қағидасының негізі тренинг барысында
қатысушыларының педагогика, психологияда белгілі заңдылықтарды,
идеяларды түсінеді, сонымен қатар зияткерлік әлеуетін, ӛзінің қорын,
мүмкіндіктерін, қабілеттерін байқайды, ӛздері ашады; 3) мінез-құлықты
объективациялау, түсіну қағидасы топта кері байланысты орнату барысында
жүзеге асады; партнерлық (субъект-субъектіктілік) қарым-қатынас қағидасы
ӛзара әрекеттесудің қатысушыларының қызығушылықтарын, сезімдерін,
эмоцияларын, толғаныстарын, ӛзге адамның тұлғасының құндылығын
мойындауды ескеру. Бұл қағида топта қорғаныс, сенімділік, ашықтық
атмосферасын, жағдайын жасайды. Қатысушылар қателік жасаудан қорықпай,
ұялмай мінез-құлқын сынап кӛруге мүмкіндік береді. Тренинг жұмысының
тиімділігі аталған қағидалардың жүйелі іске асуына байланысты.
Тренинг топтарының қағидаларымен қатар, тренер жұмысының
қағидалары да сақталуы қажет. Оның топта болған жайттарға әрқашан
рефлексия жасап отыру қағидасы.
118
Топ жүргізушілерінің кәсіби маңызды тұлғалық бітістеріне қатысты
кӛптеген зерттеулерде (А. Косевска, С. Кратохвил, М. Либерман, К. Роджерс,
И. Ял, т.б.) қарастырылған тренинг жүргізушісіне қойылатын талаптарды
негізге алдық. Олар: зияткерлік-тұлғалық, тренинг қатысушысына тұрақтай алу,
оған кӛмектесуге ынтасы және қабілеттілігі; ӛзге пікірлерге, кӛзқарастарға
ашықтық, шыдамдылық және иілгішік; эмпатиялық, яғни қабылдағыштық,
эмоционалды жайлы орта және сабақтардың барысында мейірімділік жағдай
жасауға қабілеттілігі; мінез-құлықтың аутентикалылығы, яғни топқа шынайы
эмоциялар мен толғаныстарды кӛрсету қабілеттілігі, энтузиазм және оптимизм,
қатысушылардың ӛзгере алу және даму қабілеттіліктеріне сенім арту;
ұстамдылық, фрустацияға және тұрақсыздыққа шыдамды болу, ӛзін
басқарудың жоғары деңгейі; ӛз-ӛзіне сенімділігі, ӛзіне позитивті, оң қатынас,
адекватты ӛзін бағалау, қиялдың бай болуы, интуиция, зияттың жоғары деңгейі.
Сонымен
қатар,
тренинг
тиімділігі
тренердің
диагностикасының
адекваттылығымен қатар, мақсатқа жету үшін қаншалықты кӛп құралдар
арсеналын меңгергендігіне де байланысты.
Соның ішінде негізігі, базалық әдістер ретінде топтық пікірталастар,
жағдаяттық-рӛлдік
ойындар,
психогимнастика
қолданылды.
Топтық
пікірталаста тікелей қарым-қатынас барысында кӛзқарастарын, позицияларын
және беталыстарын, нұсқаларын ӛзгертуге, айқын ету мақсатында кез-келген
қарама-қайшы сұрақтарды бірлесіп талқылап отырдық. Кӛбінесе құрылымдық
пікірталасты
қолдандық,
«ми
шабуылының»
ережесі
бойынша
ұйымдастырылған форма, яғни талқылау тақырыбы ұсынылады. Топтық
пікірталастармен қатар, ойын әдістерін: жағдаяттық-рӛлдік, зияткерлік-
шығармашылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, имитациялық ойындарды
қолдандық. Олар қатысушылардың жасқаншақтығын, кернеулі күйін жеңуге,
сонымен қатар ашылуға, ӛзін еркін сезінулеріне, студенттердің мүмкіндіктерін,
зияткерлік әлеуетін байқауға жағдай жасады.
Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың
келесі
бақылаушылық-
диагностикалық кезеңінде, сыналушылар айқындаушы экспериментте
қолданылған әдістемелер арқылы зерттелді.
Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелерін талдау, эксперименттік
топтағы
сыналушыларында
бақылау
тобындағы
сыналушылармен
салыстырғанда зияткерлік әлеуеттерінің кӛрсеткіштері айтарлықтай ӛзгергенін
байқатады (9-ші кесте).
Эксперименттік топтағы сыналушыларды эксперименттің бастапқы
кезеңіндегіге (кесте 4) қарағанда зияткерлік әлеуеттерінің орташа кӛрсеткіштері
жоғарылағаны, ал бақылау тобындағы сыналушылардың кӛрсеткіштері аса
ӛзгермегені байқалады.
9-ші кестедегі мәліметтер екі топтағы сыналушыларының зияткерлік
әлеуеттерінің дамуын сипаттайтын барлық кӛрсеткіштерінде статистикалық
мәнді айырмашылықтар байқалады.
119
Сонымен, қалыптастырушы эксперимент кезеңінде әр топтың
сыналушыларының зияткерлік әлеуеттерінің даму деңгейі анықталды (кесте
13).
Кесте 13 –Эксперименттік (ЭТ) және бақылау (БТ) топтарындағы
сыналушылардың зияткерлік әлеуеттерінің даму деңгейлері, %
Зияткерлік
әлеуеттің
дамуының
ӛлшемдері
Зияткерлік әлеуеттің
дамуының кӛрсеткіштері
Зияткерлік әлеуеттің даму
деңгейлері
Жоғары
Орташа
Тӛмен
ЭТ БТ
ЭТ
БТ ЭТ
БТ
Зияткерлік Тапқырлығы
7,1
-
47,6 35,9 45,3 64,1
Қиылыстыруға
қабілеттілігі
7,3
7,0
67,0 51,7 25,7 41,3
Дивергенттік ойлау
61,4 43,2 27,1 50,4 11,5
6,4
Ассоциация еркіндігі
12,0 10,1 54,5 40,9 33,5 49,0
Мотивациялық Зияткерлік мотивация
80,2 61,5 18,8 24,6 1,0
13,9
Зияткерлік бағыттылығы 19,5 6,1 75,7 81,5 4,8 12,4
13-кестедегі мәліметтер бойынша бақылау кезеңінде эксперименттік және
бақылау топтарының арасында сыналушылардың зияткерлік әлеуетінің даму
деңгейлерінің ара қатынасында әжептеуір айырмашылықтар байқалады.
Эксперименттік топта зияткерлік әлеуеттің барлық кӛрсеткіштерінде ӛзгерістер
бар.
Мысалы, тұлғаның зияткерлік әлеуетінің жоғары даму деңгейі
«тапқырлық» кӛрсеткіші 7,1 %-ға және «қиылыстыруға қабілеттілігі»
кӛрсеткіші бойынша 7,3 %-ға арту байқалады.
Бұл сыналушылардың іздеу жылдамдығы мен тапсырманы орындау
барысында дұрыс жауапты табу қабілеттерінің жоғарылағанын байқатады және
де әрекеттер жиынтығын вербалды қыйыстыру, модельдеу қабілеттерінің
дамығанын кӛрсетеді.
Кесте 12– Қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері
Зияткерлік әлеуеттің
даму кӛрсеткіштері
ЭТ
БТ
Стьюдент t-
критериінің
мәні
Деңгей
мәнділігі, p
Тапқырлығы
22,7±2,1 18,3±1,б
3,19
<0,05
Қиылыстыруға
қабілеттілігі
27,6±2,2
20,6±1,7
3,92
<0,05
Дивергенттік ойлау
45,3±2,7
32,1±3,1
4,21
<0,05
Ассоциация еркіндігі
29,5±2,5
22,6±2,9
2,97
<0,5
Зияткерлік мотивация
4,6±0,5
3,5±0,5
3,11
<0,05
Зияткерлік бағыттылығы 28,7±1,4 25,1±1,5
3,10
<0,05
120
Сурет 6 – Эксперименттік және бақылау топтарындағы сыналушылардың
зияткерлік әлеуетінің кӛрсеткіштерін салыстыру (эксперименттің соңы).
Достарыңызбен бөлісу: |