Байдалиев Д. Д


Жуалы ауданындағы жаңа заманның тарихи



Pdf көрінісі
бет19/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
9 Жуалы ауданындағы жаңа заманның тарихи 
ескерткіштері 
Жуалы 
ауданында жоңғар шапқыншылығы кезінде 
қаһармандық пен батырлықтың ерен үлгісін кӛрсеткен 
батырларға арналған екі ескерткіш бар. Оның бірі Есім ханның 
тұсындағы атамекен жерін қорғаған Садыбай және Байтана 
батырларға қойылған ескерткіш кесенесі, екіншісі сиқым руынан 
шыққан Шінетұлы Рысбекке қойылған ескерткіш. 
 
Рысбек батыр ескеркіші 
Жоңғар шапқыншылығынан Атамекен жерін азат ету 
жолында ерен ерлік кӛрсеткен Сиқым руының батыры Рысбек 
Шінетұлыға арналған ескерткіш. Жуалы ауданының орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік – шығысында 
Алматы – Ташкент автомобиль жолынан 220 метр жерде 
орналасқан. 
Рысбек батыр ескерткіші екі баспалдағы бар тұғырға 
орнатылғандай әсер береді. Бетоннан құйылған мүсіннің биіктігі 
2,6 метр. Қаратаудың кӛк мраморымен қапталған. Ескерткіш 
тұғырының биіктігі 2 метр. 
Рысбек батыр ескерткіші батырдың туғанына 250 жыл 
толуына байланысты 1991 жылы қазан айында ұрпақтары 
орнатқан.
Батыр ескерткішінің авторы сәулетші З. Тасбеков. 
Садыбай – Байтана ескерткіш кесенесі
Есім ханның тұсында қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан 
қорғауда шейіт болған Садыбай мен Байтана батырларға 
арналған ескерткіш. 
Садыбай – Байтана ескерткіш кесенесі Жуалы ауданының 
орталығы Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік – 
шығысында, Алматы – Ташкент автомобиль жолынан 250 метр 


43 
жерде орналасқан. 
Ескерткіш кесененің биіктігі 6 метр, ал кӛлемі 8 шаршы 
метр. Ақ селикат кірпіштен ӛрілген, тӛрт бұрышы мұнара 
тәріздес болып келген де тӛбесіне күмбез орнатылған. Кесененің 
алдындағы алаңға қуғын – сүргін, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы 
және тылдағы қайтыс болғандарға арналған мрамор тақталар 
орнатылған. 
Ескерткіш 1993 жылы 24 қазанда ашылды. Бұл кесене 
ескерткішті батыр бабаларының ерлік - ӛнегесін қадір тұтқан 
Садыбай мен Байтананың бүгінгі ұрпақтары тұрғызған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет