Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет18/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91
 Шақпақ қалашығы 
Жуалы ауданының Шақпақ - ата елдімекенінен оңтүстікке 
қарай 50 метрдей жерде Алматы - Ташкент автомобиль жолының 
сәл ғана тӛмен жағында орналасқан. VIII - X ғасырларда болған 
қалашық, Шақпақ қалашығы - деп аталады.
Шақпақ қалашығының орналасу жобасы 
Қалашықтың Шақпақ қалашығы деп аталу себебі бұл жерде 
Үйсіннің 12 - ші ұрпағы Шақпақ әулие мекен еткен. Осы 
қалашықтың шығыс жағында Шақпақ ӛзенінің арғы бетіндегі 
тауда ӛткен - кеткендер зиярат ететін Шақпақ әулиенің үңгірі бар. 
Ол туралы Ә.Байбатшаның еңбегінде былай деп жазады: 
«Құлантаудың шығыс етегінде б.д.д I ғасырда ӛмір сүрген 
Шакпақ Әулиенің қорған тӛбесі жатыр. Ұлы Жібек жолының 
бойындағы бұл жерге ислам дініне дейін де, мұсылмандық 
қалыптасқаннан кейін де, бүгінгі күні де, ӛткен кеткендер мен 
арнайы келгендер Тәңірге, Аллаға құлшылық етеді. 
Бұл қалашықты алғаш 1903 жылы Каллаур ашып зерттеген. 
1940 жылы Жамбыл археологиялық пункітінің экспедициясы, 
(жетекшісі Г.И.Пацевич) 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи - 
ӛлкетану музейінің экспедициясы, 2000 жылы Қазақстан Ғылым 


41 
Академиясына қатысты Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық 
институт экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зерттеулер 
жүргізген. 
Қалашық Құлантаудың шығыс еңісінен орын тепкен, 
құрылысы тіктӛртбұрышты, бұрыштарында мұнаралы екі 
тӛбешіктен тұрады. Бірінші тӛбешіктің аумағының ені 55 метрдей 
ал ұзындығы 80 метрдей жерді алып жатыр, екінші тӛбешіктің 
аумағы 34x46 метрді құрайды. Тӛбешіктің шығыс жағының 
биіктігі 8 - 9 метрдей, ал батысының биіктігі 4 метрдей болатын 
топырақ дуалмен қоршалған, бұрыштарында мұнаралардың орны 
білінеді.
Қалашықтың солтүстік іргесінде 1946 жылдан - 1986 жылға 
дейін кірпіш заводы жұмыс істеген. Топырақты қазу кезінде 
кӛптеген керамикалық және түрлі металл бұйымдар кӛптеп 
табылған. Жұрт бұл жерді «Керуен сарай» деп атайды. Сол 
жердегі бейітке адам жерлегенде әлі де қыштан жасалған заттар, 
кӛлемі 18x18 см, ал қалыңдығы 5 см болатын қыпшақ кірпіштері 
кездеседі. 
1962 - 1963 жылдары Шақпақ қалашығының батыс іргесінен 
Алматы - Ташкент автомобиль жолының жаңа торабы салынды. 
Бұл жол қалашықтың жоғары бӛлігінен небәрі 10 метрдей ғана 
жанынан ӛтеді. Жер қазғыш техникалармен жұмыс істеу кезінде 
қалашыққа Құлантаудың батыс жағындағы Амансай бұлағынан 
су әкелінген керамикалық құбырлар табылған. Құбырлардың 
ұзындықтары 1метр 20 сантиметр, ал диаметрі 25 сантиметрдей 
болатын, бір - біріне жалғастыруға ыңғайлап, қыштан 
жасалынған. 
Шақпақ қалашығының тӛменгі бӛлігіндегі жырадан да 1976 
жылы 
сол 
ауылдың 
тұрғыны 
Байділдахан 
Қадырбаев 
керамикалық сынған су құбырын кӛргендігін айтады. Бұл 
қалашықты сол маңдағылар «Қалмақтӛбе» деп те айтады, ӛйткені 
бұл жердегі қаланың орнына сол сияқты етегінде қалмақтар 
жерленген. 
Қалашықтың 100 метрдей оңтүстігіндегі Амансай атты шағын 
ауылдың тұрғындары кірпіш құю кезінде қылыш, жебе сияқты 
қару - жарақ түрлерін тауып алғандығына қарап және 


42 
қалмақтардың қорым бейітінің орын алуына қарап біз осы жерде 
ірі шайқас болған деп жорамалдаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет