Байдалиев Д. Д


Қырықкүрзі қалашығы мен Кӛлтоған қорғанының



Pdf көрінісі
бет17/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
Қырықкүрзі қалашығы мен Кӛлтоған қорғанының 
орны 
 


39 
Шауғар қалашығы 
Бұл қалашық туралы деректер онша мардымды емес, тіптен 
жоқтың қасы. Ол туралы Қазақ ССР - інің энциклопедиясы және 
Жамбыл облысының энциклопедиясында да ешқандай дерек жоқ. 
Алайда, бұл қалашық туралы біршама деректер Ә.Байбатшаның 
еңбегінде кездеседі. Кітаптың, Ұлы Жібек жолы тарауында 
Кудаманың жазбасынан үзінді келтірген. «Баркуаб бойындағы 
ӛлкеден Шауғарға (Қайрақтас тауына) дейін 3 фарсах. Шауғардан 
Жувикетке елсіз даламен жүргенде 3 фарсах. Жувикеттен Таразға 
дейін жайылым мен елді жермен жүргенде 2 фарсах» - деп 
кӛрсетеді. 
Аль - Макдисидің 985 жылы жазған шығармасында да бұл 
қалашық туралы дерек келтірілген: «Будухкеттен Тамтаджға дейін 
күндік жол, одан Абарджаджға дейін екі пошта бекеті, одан Теріс 
ӛзеніндегі бекетке дейін түстік жол, одан Шауғарға дейін жарты 
күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті» деп баяндайды.
Осы кітаптың 177 бетінде осы ӛлкедегі ежелдегі мал 
шаруашылығы, егіншілікпен қатар әртүрлі кәсіпшілік туралы 
деректер келтіріле келе «Күйік асуындағы Шауғар қаласының 
шеберханасында Қаратаудың тақтатастарынан қайрақ тас 
дайындалған» - деп кӛрсетеді. (Ә.Байбатша Қазақ даласының 
ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002.) 
Біз бұл қалашықтың орны жоғарыдағы келтірілген деректер 
бойынша 
Күйік 
асуына 
жақын 
маңдағы 
Күркіреусу 
елдімекенінің жанында, Жаңа талап ауылының солтүстік 
шығысында 6,5 - 7 шақырымдай жерде орналасқан аумағы 2,5 
гектардай жерді алып жатқан тӛбешік деп есептейміз. Бізге 
қаланың орнын керсетіп осы жорамалымызды бекіте түскен 
Жаңа талап ауылының қариясы Әлімұлы Сапаш деген кісі 
болды. Сол тӛбешіктің тӛңірегінде егінге жер жыртқан кезде 
кӛптеген кӛне ыдыс - аяқтар мен ескі кірпіштердің 
сынықтарының табылуы осы болжамға дәлел бола алады. Себебі 
Ұлы Жібек жолы Тараз қаласына осы маңнан ӛткендігі 
деректерден белгілі. «Шауғар» сӛзі соғды тілінен аударғанда 
«қаратас» дегенді білдереді. Қала орны күні бүгінге дейін 
зерттелмеген. 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет