36
Үшінші қала
Үшінші қала орны бұрыс бұрышты алаң тәріздес, жалпы
аумағы 300х180 метрдей, ал биіктігі 2 метр. Кезінде қала дуалмен
қоршалып оның әр жерінде мұнаралар болғаны қаланың қазіргі
сұлабасынан байқауға болады. Бұл
қаланың оңтүстігінде сегіз
қырлы қамал болған, қырларының ұзындығы 50 - 68 метр.
Қамалдың оңтүстігінен басқа жағы дуалмен қоршалған,
іргесінің жалпақтығы 6 метр, бұрыштарында мұнаралардың орны
байқалады, олардың биіктіктері 3 - 4 метр, диаметрі 10x12 метр.
Қамалдың солтүстік бӛлігінде ғимараттың орны сақталған,
аумағы 28 - 32метр айналасы дуалмен қоршалған да бұрыштары
мен ортасына мұнара орнатылған. Қалаға кіретін 2 қақпаның
батыстағысын 1 мұнара, шығыстағысын 2 мұнара қорғап тұрғаны
байқалады. Қала X - XII ғасырларда ӛмір сүрген деген болжам бар.
Бұл
ортағасырлық қалалар туралы деректер Қазақ совет
энциклопедиясында
және
Жамбыл
облысының
энциклопедиясының 191 - 192 беттерінде жазылған. Онда бұл
қала жұрттары Бурнооктябрь I, II, III - деп кӛрсетілген, себебі ол
Жуалы ауданындағы ауылдың атымен шартты түрде (осы
ауылдың жанында болғандықтан) осылай жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: