Жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш. Бұл тарихи ескерткіш аудан
орталығы Бауыржан Момышұлы ауылының орталығында,
әкімшілік ғимаратының жанына орнатылған. Ескерткіш
мемориалдың тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі 5 метр.
Алдына мәңгілік алау орнатылған.
Жауынгер Жуалылық жерлестерімізге арналған бұл тарихи
ескерткіш тӛрт бұрышты мрамор тасынан тұрғызылып ең
тӛбесіне жұлдыз орнатылған. Бұл ескерткіш те жеңіс күнінде,
басқа да салтанатты жағдайларда, сол сияқты жаңадан отау
құрған жас жұбайлар гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп жатады.
2. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш. Қарасаз ауылының орталығындағы мәдениет үйінің
алдына орнатылған. Бұл ескерткіштің алдындағы тақтаға соғыста
опат болған Қарасаз елдімекенінің жауынгерлерінің аты – жӛні
жазылған.
3. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш. Жаңаталап ауылындағы мәдениет үйінің алдына
орнатылған. Бұл тарихи ескерткіш соғыстан баласын күткен ана
бейнесінде жасалған, биіктігі тұғырмен есептегенде 3 метр.
Ескетркіштің жанына орнатылған мрамор тақтатасқа сол
елдімекеннің Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
есісмдері қашалып жазылған.
4. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мемориалы. Қошқарата елдімекенінің орталығына орнатылған.
Бұл тарихи ескерткіш 1978 жылы қойылды. Ескерткіштің биіктігі
тұғырмен қоса есептегенде 4,5 метр. Онда соғыстан ұлын күткен
ана образы бейнеленген. Ескерткіштің артқы жанындағы мрамор
қабырғаға Қошқарата аймағынан соғысқа кетіп оралмаған
45
жауынгерлердің аты – жӛні қашалып жазылған.
Бұл тарихи ескерткіш бұрынғы ХХІІ партсъезд колхозының
тӛрағасы, ХХІІІ - съезд делегаты болған Жұрынбай Медетовтың
басшылығымен салынды.