Байдалиев Д. Д


ІІІ Жуалы жерінің жер – су атауларының тарихы



Pdf көрінісі
бет24/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
 
ІІІ Жуалы жерінің жер – су атауларының тарихы 
 


49 
 
Атамекен жеріміздегі жер тарихы мен ел тарихы 
атауларының кӛзі ғасырлар бойы тарих кӛшінде алмасқан 


50 
ұрпақтар санасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде 
тұрақтанып қорланған жиынтығының бір кӛрінісі. Қазіргі кезде 
тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат баласының 
тербеліп ӛскен тал бесігі – Жер ананың – атауларына дейін 
жаңаша мән - мағына берілуде. 
Қазақстан Республикасы білім беру саласының алдында ӛз 
ӛлкесінің тарихын, рухани байлығын, табиғатын елін, жерін жас 
ұрпаққа терең таныта білу міндеті қойылып отыр. Бұл мәселе 
Қазақстан Президентінің 2004 жылғы Жолдауында «мәдени 
мұраны сақтауда» баса кӛңіл аудару қажеттілігінен туындайтын 
ұлт мәдениеті мен дүниетанымын зерделеудің біртұтас жүйесін 
жасауды мақсат тұтатын «Мәдени мұра» бағдарламасында да 
кӛрсетілген. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды 
құрметтеу алдымен ӛзің тұрған ӛлкеңнің тарихын, табиғатын 
танудан басталады» - деп баға берген. 
Осы тұрғыдан ізденіс жасап, әлі де болса тереңірек ұғына 
түсетін мәселелердің бірі - халқымыздық кіндік қаны тамған ата 
мекені, ӛлкеміздің жер – су атаулары болмақ. «Жер – судың аты - 
тарихтың хаты» - деп ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, жалғасып келе 
жатқан географиялық жер атауларының қатпарынан халық 
даналығының ізін кӛреміз. Осы халық даналығын терең ұғынған 
Шоқан Уәлиханов: «Кӛне түркі салт – сана, әдет – ғұрпының 
қаймағы бұзылмаған қазақтарда ӛмірдің бір саласын қамтитын 
тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер - су атаулары, 
тағы басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» 
деп баға берген. (Ш.Уәлиханов Таңдамалы. Алматы, 1985, 115 
бет). 
Халқымыз ғасырлар бойы кӛшіп қонып келген ӛзінің 
атамекен 
атауларын 
кӛп 
жағдайда 
жер 
бедері 
мен 
ерекшеліктеріне орай ӛте дәл, кӛркем ұғымдармен ерекше етіп 
бере білген. Олардың кейбіреулерінде кісі атымен (антропоним) 
атау тәжірибесі де кездесіп отырған. К.Г. Паустовский: «Жер 
атаулары дегеніміз – халықтың ӛз елін ақындық тілмен бедерлеуі. 
Бұлар – халықтың мінез – құлқы, тарихы, ой аңсары мен тұрмыс - 
салт ерекшеліктері туралы сыр шертеді» - деп тамаша етіп 


51 
анықтама 
берген.(Мекемтас 
Мырзахметов. 
Қазақ 
қалай 
орыстандырылды? Алматы: Атамұра, 1993, 58 бет). 
Кӛне заманнан бүгінгі күнге дейін ата мекен жер – су 
атауларының қалыптасуы, сан алуан тарихи оқиғалардың 
әсерінен ӛзгерістерге ұшырап жатуы заңды құбылыс. Олардың 
жаңаша 
дүниетанымның 
ықпаламен 
алмасып 
жатуына 
жаугершілік, 
отаршылдық 
сияқты 
саяси 

әлеуметтік 
жағдайлардың әсер етуіне тікелей байланысты болған. 
Жер атауларының ерекшеліктерімен, олардың уақыт 
талабына сай ӛзгеруінде белгілі территорияға қоныс аударған 
адамдардың ішкі және сыртқы миграциясын айқын кӛруге 
болады. Мысалы: Сақ тайпасы, олардың орнын басқан Үйсіндер 
мен Қаңлылар. Оларды алмастырған Түркі қағанаты мен 
түргештер. Араб жаулауы, Тан династиясы, қарлұқтар, оғыздар, 
қыпшақ хандығы. Монғол шапқыншылығы, Ақ орда мемлекеті
Қазақ хандығы, Жоңғар шапқыншылығы мен миграциясы, 
Қырғыз елінің территориялық ұлғаюы, Дулат тайпасының бел 
алуы, Қоқан хандығының ықпалы, Орыс колонизациясы
жергілікті халықтың демографиялық жарылысы. 
Қазақ 
хандығының 
ішкі 
миграциясы: 
ашаршылық 
жылдардағы Сарысудағы тама – табын руларының Жуалыға 
қоныс аударуы, тыңды игерудегі сыртқы миграция, ХХ ғасырдың 
90 – шы жылдарындағы оралмандар миграциясы ауданның жер – 
су атауларына ӛз лебін қосты. 
Жер – су атауларының ӛзіндік танымдық және ағартушылық 
маңызы бар. Бұл географиялық атаулар еліміздегі егемендіктің 
бекігендігі мен ұлттың басымдығы мен қайта жаңғыруының 
айғағы.
Жуалы жерінің жер - су атауларын тарихтың хаты десек, 
олар негізінен әр кезеңдегі тарихи оқиғаларға, жеке тұлғаларға, 
табиғи жағдайларға байланысты қойылғандығын кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет