Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
 
Ақтасты 
Ел аузында «Ақтасты» немесе «Ақтасты әулие» аталатын 
бұл тарихи жер қазіргі Рысбек батыр ауылының шығысында 2,5 – 
3 шақырымдай жердегі қыратта орналасқан. Ақтасты әулие деп 
аталатын осы жерде ӛте кӛнеден келе жатқан ескі қорым бар. 
Бейіттердің бастарына арабша жазулары бар тақталар 
орнатылған. 
Ақтастыдағы атақты тарихи оқиға туралы Қазыбек бек 
Тауасарұлы «Түп – тұқияннан ӛзіме шейін» атты тарихи шежіре 
кітабында мол мәлімет береді.
«1107 – тауық жылы наурызда ойраттар мен торғауыттарға 
қытайлар шабуыл жасап енді қалмақтардың күші екіге бӛлінді. 
Біз қалайда еліміздің қалың ортасында бүлік салғандарды 
құртуды ойластырдық. 
Жолбарыс хан да Тӛле де ордаға кетті. Орда ол кезде 
Қаратаудың ығында еді. Ол жер бүгінде Жолбарыс қамалы 
аталады. Сондықтан хан кеткен соң, 13 мың ұлы жүз қолына 
басшылық ету маған жүктелді. Біз Қаратауға – Екітұраның батыс 
жағына орналастық. Бұдан әрі Ақтасты тӛңірегінде қалмақтар 
жатыр» - делінген. (Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп – тұқияннан 
ӛзме шейін. Алматы: Жалын, 1993, 236 бет). 
Ақтасты жері атақты Рысбек батырдың балалық шағы ӛткен 
жер. Ол туралы «Сиқым Рысбек батыр» және «Тӛле би мен 
Қойгелді» кітапшаларында да жазылған. 


58 
1757 жылдың жазында Рысбек батырдың қолы қалмақтарға 
тұтқиылдан шабуыл жасап ордаларын талқандап Ақтастыда 
жауды шығынға ұшыратқаны туралы бізген ӛткен тарихымыздан 
белгілі. Сол соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлері сол 
Ақтастыға жерленген. Бұл жердің «Ақтасты» аталатын себебі, 
ӛзінің тіке мағынасында ақ және тас компонентерінен құралған 
атау. 
Ол жерде үйдің орнындай үйілген ақ тастар бар, атау сол 
үйілген ақ тастарға байланысты қойылған.
 
Алмалы 
Алмалы - Қошқарата аймағының солтүстік батысындағы 
Боралдай тауындағы шатқалдың аты. Тау шатқалының ішінде 
қалың жыныс, жабайы алма, жабайы жүзім т.б. табиғи ӛсімдіктер 
кӛп ӛседі. 
Республикада Алмалы аталатын атау таулы ӛңірлерде кӛп 
кездеседі. Қазақ тілінің үндестік нормасына сай: Арқарлы, 
Аршалы, Бұғылы, Қарағайлы, Тобылғылы сынды атауларда «лы» 
қосымшасы арқылы пайда болған атаулар тобына Алмалы да 
жатады. 
Шатқалдың Алмалы аталуына ондағы ӛсетін қалың жабайы 
алма негіз болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет