Жуалы ауданы. Жамбыл облысының оңтүстік – батысында
орналасқан. Ол алғашында 1928 жылы құрылып, бұрынғы
Шымкент облысының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы)
құрамында болған. 1951 жылы Жамбыл облысының құрамына
52
кірді. Жер кӛлемі 4,2 мың шаршы шақырым. Аудандағы 52 елді
мекен 15 ауылдық әкімшіл округке біріктірілген. Аудан орталығы
Бауыржан Момышұлы ауылы.
Жуалы ауданы Теріс (Асы) ӛзенінің жоғарғы және орта
ағысында, жерінің басым бӛлігін Жуалы таулы үстірті алып
жатыр. Ауданның жері таулы келеді: солтүстігінде Қаратау,
батысында Құлан, Боралдай таулары, оңтүстігі мен оңтүстік –
шығысында Талас Алатауы, шығысында Қырғыз Алатауы
қоршап жатыр. Ауданның солтүстік шығысында Билікӛл
қазаншұңқыры орналасқан. Жуалы жерінен Теріс, Шақпақ,
Ақсай, Кӛксай, Боралдай, Қошқарата, Бахаты ӛзендері ағып ӛтеді.
Теріс ӛзенінің бойында Теріс – Ащыбұлақ су бӛгені салынған.
Жуалы ауданының жер қойнауынан тас кӛмір мен түрлі
құрылыс
материалдары
кездеседі.
Климаты
қоңыржай
континентті, қысы суық, жазы ыстық, қуаң болып келеді.
Ауданның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан, астық
тұқымдас ӛсімдіктер, боз, селеу, қызыл қоңыр топырағында түрлі
шӛптер жуа, кекіре т.б ӛсімдіктер ӛседі. Талас Алатауының
беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын болып келеді. Бұл
ӛңір Ақсу – Жабағылы қорығының солтүстік бӛлігі саналады.
Аудан аймағында қасқыр, түлкі, аю, қоян, арқар, таутеке, борсық,
суыр, кекілік және тағы басқа да аң – құстар мекендейді.
Аудан жерінен Түркістан – Сібір темір жолы және Алматы –
Ташкент, Б.Момышұлы – Қошқарата автомобиль жолдары ӛтеді.
Жуалы ауданының жері Боралдай, Жетітӛбе, Шақпақата,
Күреңбел, Қарасаз, Кӛктӛбе, Б.Момышұлы, Ақсай, Билікӛл,
Ақтӛбе ауылдық округтеріне бӛлінген.
Бұл ӛңір ерте заманнан тау баурайларынан бастау алатын
бұлақтарының кӛптігінен «Мыңбұлақ», кейінірек сай –
салаларында ӛсетін жуаның кӛптігіне байланысты «Жуалы»
атанған. Кӛнекӛз қариялар Жуалы аймағын үш бӛлікке бӛліп
атайды. «Ұлы Жуалы» - ол Талас Алатауынан басталып
Жетітӛбеге дейінгі аймақты алып жатыр. «Бел Жуалы» - деп
Жетітӛбеден басталып Күреңбел жотасының арасын атайды.
«Кіші Жуалы» Күреңбелден басталып Қошқарата аймағымен
аяқталады.
53
Жуалы аймағының осындай географиялық объектілердің
баршасы ӛзіне тән топонимдік атауларға ие. Онда осы мекенді
ежелгі ата – бабаларымыздың қоныстануының тарихи кезеңдері,
шаруашылық іс – қимылдары, қарым – қатынастары, кӛп
ғасырлар бойы орын алған тарихи, саяси және әлеуметтік
ӛзгерістері кӛрініс тапқан. Халықтың рухани байлығы мен
даналығының қоймасы сияқты осы тарихи жер – су атауларын
халқымыздың ауызша шығармашылығы ретінде сақтауды және
қорғауды қажет етеді. Олардың әрқайсысының атауларында
терең тарихи сыр мен шежіре жатыр. Енді осы Жуалы жерінің
тарихи жер – су атауларының шығу тарихына жеке – жеке
тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |