Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет28/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
 
 Ақсу-Жабағылы 
Талас Алатауының солтүстік - батыс бӛлігін алып жатқан
Жуалы және Түлкібас аудандарының аумағында орналасқан 
қорық Ақсу - Жабағылы аталады. Ол 1926 жылы құрылған, жер 
аумағы 75,09 мың гектарды құрайды. Ақсу - Жабағылы қорығы 
ЮНЕСКО - ның дүние жүзілік қорықтар тізіміне енген. Жан - 
жануарлар және ӛсімдіктер әлемі ӛте бай. 
Қорық негізінен Ақсу және Жабғылы атты екі ӛзеннің 
аумағында орналасқан. Ӛзеннің Ақсу аталу себебі тереңдігі 500 
метрге дейін жететін аңғарлардағы су ақшыл жыныстарды жарып 
ӛтетіндіктен су ақшыл түске ие болады. Сондықтан ӛзеннің 
орысша атауы «Белые воды» болып аталған.
Ел аузында сақталған аңыздарға құлақ түрсек, Ақсу - 
Жабағылының аталуына байланысты екі түрлі аңыз әңгіме 
айтылады.
Бірінші нұсқасы, ертеде, жаугершілік заманда тау 
аңғарларын паналап жаудан тығылған елден, бір жылдан соң 
хабар білмек болып шыққан іздеушілердің алдынан жабағы 
кездесіпті, содан жердің аты «Жабағылы» аталыпты - десе, екінші 
нұсқасы бұл аймақ «Жабағылы» деген байдың жайлауы екен – 
дейді. Сондықтан жер атауы Жабағылы болып аталған деп 
түсініктеме береді Ақсу – Жабағылы қорығының бұрынғы 
ғылыми қызметкері Бектұр Тӛлеуішұлы. 
Ал шындығына келгенде Ақсу - Жабағылы аталуы Ақсу 


57 
және Жабағылы ӛзендерінің атымен байланысты екендігі даусыз. 
Еркінбек 
Қойшыбаевтың Қазақстанның жер 

су 
атауларының сӛздігі кітабында, Ақсу – Жабағылы туралы 
тӛмендегідей анықтама береді: «Ақсу – Жабағылы бұл қос 
тұлғалы атау: Ақсу және Жабағылы ӛзендерінің қосарланған түрі.
Махмұд Қашғари Жабағы этнонимі жӛнінде оны «йабақұ» 
деп кӛрсеткен. ХІ ғасырда ӛмір сүрген кӛне түркінің йабақұ 
тайпасына – лы қосымшасы жалғану арқылы жасалған – 
«жабағылы» - деп кӛрсетеді. (Қазақстанның жер – су аттары 
сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 100бет.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет