Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет26/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
 
Адыраспантӛбе  
Жуалы ауданында «Адыраспантӛбе» аталатын үш тӛбе бар. 
Оның біріншісі: Бауыржан Момышұлы ауылының батысында 
Алматы – Ташкент автомобиль жолының 400 метр солтүстігінде 
орналасқан. Ол жерде ХVІІІ – Х ғасырлық қала да шартты түрде 
Адыраспантӛбе қалашығы аталады. 
Екіншісі: Шақпақ ата елдімекенінің оңтүстігінде Алматы – 
Ташкент автомобиль жолының батыс іргесінде орналасқан. 
(Бұрынғы ортағасырлық Шақпақ қалашығының орны). 
Үшіншісі: Б.Момышұлы ауылынан солтүстікке қарай 2 
шақырымындағы 
Ақбастау 
елдімекенінің 
шығысында 
орналасқан.
Бұл жерлердің Адыраспантӛбе аталу себебі онда дәрілік 
қасиеті бар адыраспанның ӛсуіне байланысты қойылған атау. 
Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын кӛп жылдық 
шӛптесін ӛсімдік.
Адыраспанның құрамында алкалоидтер бар, оларды 
медицинада түрлі ауруларды; қан тоқтатуға, безгек ауруына, 
суық тиіп ауырған адамды емдеуге қолданады.
 
 
Айнакӛл 
Ақсу - Жабағылы қорығының солтүстік шығыс жағында, 


54 
Жуалы ауданы мен Түлкібас ауданының шектесер жеріндегі Іле 
Алатауының Кӛксала шатқалында Айнакӛл аталатын кӛл бар. 
Ол кӛлге жан – жағынан келіп екі – үш шағын бұлақтар келіп 
құяды. Бұлақтар тастақты жермен аққандықтан суы таза келеді.
Кӛлдің Айнакӛл аталуына себеп оның суының мӛп - мӛлдір таза 
болуы. Тау үстіне шыққанда алдыңнан айнадай болып жарқырап 
жатады. Бұл жерде революцияға дейін Шақпақ аймағында мекен 
еткен байлардың жазғы жайлауы болған. Кӛлдің атауы 
гидронимдік атау болып саналады. 
 
Ақбастау 
Жуалы жерінде Ақбастау аталатын екі бастау бар: біріншісі 
Құлан тауындағы Құлан асуының жанындағы Үлкен Ақбастау 
екіншісі, Ақбастау (бұрынғы Ясная поляна) ауылының тӛменгі 
жағындағы кіші Ақбастау. (Біз екі Ақбастауды шатыстырмас 
үшін шартты түрде әдейі «үлкен» және «кіші» Ақбастау деп 
алдық). 
Үлкен Ақбастаудың орналасқан жері бұрынғы Шаңышқылы 
руының ескі жұрты Бірлік ауылынан 600 метр жоғары Құлан 
асуының оңтүстігінде. 
Үлкен Ақбастаудың батыс жағы биік жарлауыт, оңтүстігі 
мен солтүстігін үлкен қыраттар қоршаған үлкен қазаншұңқырда 
орналасқан. Жартастардың түбінен екі жерден бұрқырап үлкен 
бір арық су ағып шығады, судың кӛптігі сондай кешіп ӛткен атты 
адамның үзеңгісіне жетерліктей. Ал қазаншұңқырдың ішіндегі 
гүрілдеген дауыстан құлақ тұнады. Суы тіс сындырардай тастай 
суық.
Ақбастауды жергілікті жұрт «Әулие бастау» деп те атайды. 
Бұрын осы бастаудың басына Бірлік ауылының тұрғындары 
жиылып кӛктемде тасаттық (құдайы тамақ) беретін болған. 
Ақбастау кезінде тӛменгі жағындағы егінді бау – бақшаны 
сол сияқты Бірлік ауылын суландырған. Бастау суы Бірлік
Шақпақ ауылдарының ортасынан ағып ӛтіп Шақпақ ӛзеніне 
қосылады. 
Бұлақтың Ақбастау аталуы оның ешқандай сындық сипатқа 
байланысты емес, ӛйткені оның тӛңірегінде ақ сынымен 


55 
ерекшеленетін белгі жоқ, оның этимологиясы «тұнық бастау» 
мәніндегі гидронимдік атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет