Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет33/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
 
Ащыбұлақ 
Жуалы ауданының шығыс жағындағы Күйік асуының 
күнгей жағынан басталып Теріске құятын шағын бұлақ. 
Теріс ӛзені мен Ащыбұлақтың қосылған жерінен 1963 жылы 
бӛгет салынған. Ол Теріс – Ащыбұлақ бӛгені аталады. 
Бӛген суының ұзындығы 13 шақырым, сиымдылығы 158,0 
млн м

болады, ал бӛгеннің ӛзінің биік жері 32 метр, ұзындығы 
1800 метрді құрайды. Бӛгеттің суы аудан шаруашылығының 
алқаптарын суғаруға пайдаланылады. 
Ащыбұлақтың аталуына тоқталатын болсақ аты айтып 
тұрғандай бұлақ суы мал ішпейтін ащы (тұзды) болып келеді. 
Осы бұлақтың суын ертеректе тері және іш ауруларын емдеуге 
пайдаланған.
«Ащыбұлақ» атауы – бұлақ суының ащылығын сипаттайтын 
атау. Бұл компоненттес атаулар Республикамыздың барлық 
ӛңірлерінде кездеседі. 
Бақай және Бӛкей таулары 
Жуалы ауданының батыс жағындағы Құлан тауымен 
жалғасып Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шаянға дейін 
созылып жатқан Боралдай тауының биік шоқылары «Бақай» 
және «Бӛкей тауы» – деп аталады. 
Бақай тауы Қоңыртӛбе елдімекенінің (бұрынғы Успеновка) 
батысында орналасқан, Бӛкей тауы Жуалы ӛлкесіндегі ең биік 
шоқы аталады. Бақай одан солтүстікке қарай біршама жер, 
Кӛлтоған ауылының батысында. Жуалы жұртында, «Бӛкейдің 
басына бұлт ілінсе Жуалыға жауын жауады» - деген ұғым бар. 
Боралдай тауының ӛңірлерін 1864 – 1866 жылдар 
аралығында генерал Черняев әскерімен Ресейден келген орыс 
ғалымы Н.А.Северцев мұқият зерттеу жұмысын жүргізген. 
Боралдай тауының осы екі шоқысының Бақай және Бӛкей аталуы 
кісі есімдеріне байланысты. Дәлірек айтқанда Рысбек батырдың 


65 
немерелері Бақай мен Бӛкейдің есімдерімен қойылған 
антротопонимге жатады. 
Бақалы 
Бақалы – Жуалы ауданының орталығы Б.Момышұлы 
ауылының шығыс жағында он шақырым жерде. Теріс ӛзенінің оң 
жағасына орналасқан шағын елдімекен. Ауыл ортағасырлық 
Баркуаб қалашығының шығысында орналасқан. 
Бақалы ауылының тұрғындары негізінен диқаншылықпен 
және мал шаруашылығымен айналысады. 1960 – 1975 жылдар 
аралығында ауыл диқандары республика кӛлемінде картоп 
ӛсіруден ӛте жоғары кӛрсеткіштерге қол жеткізген. Әр гектар 
алқаптан 330 – 350 центнерден ӛсірген Социалистік Еңбек Ері 
Мүсірепбек Бектаев осы ауылдың азаматы. 
Бұл жерде негізінен Қаңлы руының Бақа қаңлы (кейбір 
шежіреде Теңіз қаңлы деп те атайды) аталатын тармағы 
мекендегендіктен ауыл «Бақалы» - деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет