7
І Жуалы өңіріндегі тарихи – мәдени мұралар
8
1.
Жуалы ӛңірінің геологиялық – тектоникалық
ерекшелігі
Қазақ Даласы Алтайдан Атырауға дейін созылған ұлан ғайыр
кең жазықтарды, биік таулар мен жоталарды, кӛлдер мен
ӛзендерді, шӛлдерді орман тоғайларды құрайды. Бұл біздің
жеріміздің қазіргі кӛрінісі.
1930 – 1940 жылдары жүргізілген аумақтық онан кейін 1950
– 1960 жылдары жүргізілген ірі ауқымды геологиялық
археологиялық экспедициясы Қазақ Даласының ежелгі тарихы
туралы жаңа деректер қосты. Сол деректерде антропоген
геологияның 4 – 5 миллион жылдық даму мерзіміне сәйкес
келетіні мәлім болды.
Бұл неоген кезеңіндегі тектоникалық процестердің күшеюі
нәтижесінде болған ӛзгерістерді Ә. Байбатша былай жазады:
«Неоген кезеңінің бас кезінде – ақ шамамен 20 миллион жыл
бұрын, қазіргі биік Тянь – Шань тауларының орнындағы тегіс
жазықта, биіктігі 500 – 700 метрге жететін таулы түйін пайда
болған. Содан бергі кезеңде таулар мен жоталардың ӛсуі ұдайы
жалғасуда» дей келе,
Алғашқы тӛрттік кезеңде онан соң орта тӛрттік кезеңде
тектоникалық қозғалыстар, таулардың, жалпы жер бетінің
кӛтерілуін жалғастырған. Таулар қазіргі кейіпке келе бастады,
олардың жоғарғы бӛліктерін қар, ал одан биіктегі шыңдарын мұз
құрсаған.
Қазіргі кездегі тау ӛзендерінің аңғары мен тораптары осы
кезеңде қалыптасқан. Тау жоталарының кӛтерілуі негізінен
осыдан 400 – 350 мың жылдар шамасындағы тектоникалық
фазада басталғаны анықталды.
Үлкен Қаратау мен Кіші Қаратау аралығындағы қазіргі
Жуалы ойысындағы болған тектоникалық құбылысты біз тағы да
сол Ә.Байбатшаның еңбегінен алып кӛрсетіп отырмыз.
Алатаудың таулы аудандарының, оның батыс сілемдерінің
және Қаратау жоталарының ӛсу динамикасы туралы кесте
келтірген. Біз осы кестенің Жуалы аймағына қатысты жерін алып
пайдаланып отырмыз.
|