Байдалиев Д. Д


Габаевка (Жуалы ауданы) петроглифі



Pdf көрінісі
бет6/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
 
Габаевка (Жуалы ауданы) петроглифі: Жыландар, 
арқарлар, жаяу садақшы, салт атты жауынгер мен жеке адам 
бейнесі (қола дәуірі) 
Қаратау петроглифі: Қос ат жеккен дӛңгелекті және қос 
ӛркешті түйе жеккен тӛрт дӛңгелекті арба (б.з.д ІІ-І 
мыңжылдықтар) 
Ақсу–Жабағылы: Теке ұстаған аңшының иті бейнеленген 
(б.д.д ІІІ-ІІ мыңжылдықтар) 
(Жоғарыдағы 
суреттер 
Ә.Байбатшаның 
«Қазақ 
даласының ежелгі тарихы» кітабынан алынды)


14 
Зерттеушілердің пайымдауынша, бұлар кӛне тайпалардың 
салт - дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық соғыс ісіне 
байланысты салынған туындылар. Алғаш рет 
қола
дәуірі
адамдарының билері бейнеленген сурет Алматы
облысындағы Тамғалы шатқалынан табылған. Бұл сурет 
галереясында ортада басына күн сияқты бас киім киген оның 
тӛңірегін он екі адам қоршаған бишілер тобы билеп жүр.
Ғалымдар оны зерттей келе ортадағы адам күнді, ал 
тӛңірегіндегілер 12 айды келтіріп, аспан тәңіріне құлшылық 
етіп билеп жүрген болар деген болжам жасады. Себебі: 
Жуалы ауданына қарасты Берікқара сайындағы Үйсін - Қаңлы 
обаларының, айналасын үшкір таспен дӛңгеленте бірнеше қатар 
етіп қоршауы олардың Аспан тәңіріне, Айға, Күнге табыну наным 
- сеніміне байланысты екендігі дәлелденді. (С.Байтілен Тараз 
ӛңіріндегі тастағы таңбалар.Қазақ тарихы. 2002ж, №5, 6.7бет) 
Ғалымдар арасында жартаста бейнеленген би ӛнерінің пайда 
болған мерзімі туралы әлі ортақ байлам жоқ, бірақ қазақтарда 
сақ тайпалары заманынан бері келе жатқан, аспан денелерін 
бақылап, жұлдыз жорамалдар жасау білімі болғандығын 
анықтады.
Б.з.д ІІ мыңжылдық – ортағасырына жататын жартастардағы 
суреттер Теріс ӛзенінің сол жағалауында, Қаратау жотасының 
оңтүстік – шығысында, Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік 
– шығысқа қарай 27 шақырым жерде кӛптеген сюжеттерден 
тұратын Габаевка петроглифтері бар. Тағы бір осыған ұқсас 
жартас бетіндегі суреттер Қосбӛлтек ауылы (бұрынғы Большевик 
колхозы), Алматы – Ташкент автомобиль жолынан солға қарай 15 
шақырым жерде, 750 метр биіктікте орналасқан. 
Бұл петроглифтер тік қия жартастар мен ірілі – ұсақты қой 
тастарға шекіліп (қашалып) салынған. Ол суреттер кӛшпелі 
тайпалардың сол кездегі салт – санасын, діни түсініктері мен 
ырымдарын, әдет – ғұрыптарын білдіреді. 
Тастардағы суреттерде аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, 
байлық пен күштің символын білдіретін түйенің бейнесі, таутекеге 
ит қосып және садақпен аңға шығу сияқты аңшылықты 
бейнелейтін сюжеттерге құрылған кӛріністер орын алған. 


15 
Габаевка маңындағы тастағы петроглифте жылан, арқар 
сияқты аңдар мен хайуанаттардан басқа садақ атып тұрған жаяу 
адамның бейнесі, жауынгерлердің жекпе – жегі бейнеленген. 
Қазіргі Ақсу - Жабағылы территорясында кӛп кездесетін 
бейнелер: аң аулап жүрген адам және таутекенің суреттерін 
кездестіруге болады. Ал Алатау тау сілемдеріне жақын 
Сандықтас бетінен басқа территориядан кездеспейтін қашып бара 
жатқан текені ұстаған аңшының иті бейнленген. Ғалымдар бұны 
б.д.д III - II мыңжылдық аралығына жатқызады. Осындай бір 
тастағы суреттер Ақсу – Жабағылы мұражайының кіре беріс 
фоэсінде тау шатқалынан алып келіп орнатылған.
Жуалы ауданындағы бейнелеу ӛнерінде біршама жиі 
кездесетіні - арбалар. Скифтер мұндай арбаларды тек жүк тасу 
немесе үй үшін ғана емес, соғыс мақсатына да пайдаланған, 
Қазақстандағы осындай тасқа салынған арбалар тарихын кӛп 
жылдан бері зерттеп жүрген ғалым М.К.Қадырбаев Қаратаудың 
оңтүстік жағындағы тастардан, Қошқарата ауылы маңынан 
табылған бұл суреттер арбаларды - кең байтақ елімізді кӛне 
заманда мекендеген сақ, үйсін тайпаларының молынан 
пайдаланғанын дәлелдейді.
Қаратау шатқалындағы б.з.д ІІ – І мыңжылдықтарға жататын 
петроглифінде қос ат жеккен екі дӛңгелекті арбалар кӛптеп 
кездеседі. Бұл суреттерге қарап бұрын осы ӛлкеде түйе жануары 
болғандығын болжау қиын емес. Бұл суреттердің барлығы да бір 
мәнерде, арба дӛңгелектері алынып жанына қойылғандай болып 
бейнеленген. Қола дәуір петроглифтерінде соғыс арбаларын 
бейнелеу кеңінен таралған.
Маймақ галлереясынан табылған жаңалықтардың бірі - қола 
дәуірге тән аңдардың алдыңғы аяғымен секірейін деп тұрған 
суреті. Бұл территорияда ӛте сирек кездесетін жай. Мұндай 
бейнелер кӛбінесе сақтардың молаларын қазғанда ӛлікпен бірге 
жерленген бұйымдарда кездесетін. Реті келгенде айта кететін 
жай, осы сурет галереясының терістік жағындағы Аса ӛзенінің 
кесіп ӛтетін Шӛлдала сайында Батыс пен Шығысты 
байланыстырған керуен жолы ӛтеді. Осында бірнеше жыл бұрын 
осы қоныс орнының жанындағы Ақкӛл колхозына баратын 


16 
арықты кеңейткенде, сақ дәуірінің бір қола қазаны мен қыш 
құмырасы табылған еді. Бұл олжалар сӛз жоқ қоныс орнын 
алғашқы мекендеушілер б.д.д қола дәуірінде ӛмір сүрді ме? - екен 
деген ойға әкеледі. Әрине, оны келешектегі қазба жұмысы 
кӛрсетеді. Аралары қол созымдай таңбалар мен қоныс орнының 
тарихы бір - бірімен сабақтас болуы да мүмкін. 
Археологиялық ескерткіштердің ішіндегі - таңбалы тас 
бейнелеу ӛнерінің басқа таңбаларына қарағанда тас бетінде 
мәңгілік қалады. Бірақ, басқа тайпалар осы жерге келіп, ӛмір 
сүрсе, міндетті түрде қолтаңбасын салады. Мәселен: қоныс 
орнында табылған заттарды әртүрлі сауда байланысы бойынша 
келген деп тұжырымдаймыз. Ал тасқа түскен суреттердің орны 
басқа болады. Сол себептен де мұнда адам тіршілігінің тұрмыс - 
салтына, мәдениетіне, шаруашылығына құрылған сюжетті 
бейнелермен бірге халықтың мифологиялық ӛміріне де арналған 
дүниелер мол. Оның ішінде кейде таңбалы жазулар да кездесіп 
қалады. 
Шын мәнінде ғасырлар тереңінен бізге жеткен тарихи 
мұралар - біздің ата - бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына 
қалдырған аманаты. Бір ӛкініштісі осынау ғажайып жәдігерлер 
жыл ӛткен сайын күннің кӛзі, желдің ӛтінде бүлініп, қирап, тас 
бетіндегі суреттер кӛмескілене түсуде. 
Соңында 
айтарымыз тау шатқалдарындағы сандық 
тастардағы, жартастардағы бейнелеу ӛнерінің кӛне туындылары 
адамзаттың ежелгі мәдениетінің кӛріністерін елестетіп, сол 
кездегі адамдардың жан дүниесіне кӛз жіберіп, олардың 
дүниетанымын, 
ӛнерін, 
айналадағы 
ӛмірге 
кӛзқарасын, 
эстетикалық түсінігін тануымызға мүмкіндік береді. Ендеше 
ғалымдарымыз оларды тӛл тарихымыз туралы құнды дерек деп 
түсініп тұтастай зерттесе, тиянақты бір ғылыми тұжырым жасауға 
септігін тигізері сӛзсіз. Бұл таңбалар сонау ықылам заманнан 
ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан кӛненің кӛзі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет