Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет7/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
3. Обалар мен қорымдар 
 
Қазақстанның барлық жерлерінде кездесетін обалар мен 


17 
қорымдар Жуалы ауданының аймағында да кӛп. Бұлар бізге 
Сақ, Үйсін, Қаңлы, Түрік тайпаларынан қалған тарихи 
ескерткіштер. 
«Оба» сӛзіне Қазақ Совет энциклопедиясында: «Оба» - 
археологияда ӛлген адамдарды жерлеген орын. Ӛліктерді 
жерлеу ғұрпы алғаш палелоит дәуірінде пайда болған. Ӛмір 
сүрген дәуіріне қарай әр тайпаның ӛлікті жерлеу ғұрпы әр түрлі 
болды. Обалар тас, топырақ немесе тас пен топырақ үйіндісінен 
тұрады» 

деген 
анықтама 
берілген. 
(Қазақ 
Совет 
энциклопедиясы. Алматы 8 том 429 бет.) 
Обалар мен қорымдарда жүргізілген археологиялық 
зерттеулердің нәтижесінде ежелгі ӛмір сүрген халықтардың діни 
сенімін, мәдениеті мен тұрмысын сол сияқты шаруашылық 
түрлерін, ӛнерін, әлеуметтік қатынастарын орнықтыруға 
мүмкіндік туған. 
«Оба» сӛзінің шығуының арғы түбіріне кӛз жіберсек, ол 
тунгас – манчжур тілдерінің «обо» сӛзінен туындаған «үйінді 
тас, жалғыз тӛбешік» ұғымын білдіретін сӛз. Оба оғыз – 
қыпшақтарда да «нысана» мәнін, ал қырғыз тілінде «обоо», 
«оңаша тӛбе» мағынасын береді. Бұл жӛнінде «История тувы» 
атты кітапта: «Обалар кӛбіне буддистер табынатын тас 
үйінділер немесе шекара белгісі үшін үйілген үйметас белгілер» 
- деп кӛрсетілген. (История тувы, 1Т, Издательство «Советская 
энциклопедия» 124 стр.) 
Жуалы аймағында бізге белгілі 40 тан астам обалар, 17 – 
обалы қорымдар және 20 – ға жуық қорымдар бар. Олардың 
кӛбісі әсіресе Билікӛл аймағындағы Жосалы, Саясу жерлерінде 
шоғырланған. Ал жекелеген обалар мен қорымдар Шыңбұлақ, 
Кәріқорған, 
Кеңес, 
Шақпақата, 
Октябрьск, 
Бауыржан 
Момышұлы ауылдарының маңдарында кездеседі. 
Қорым – ертедегі ғұрыпты жерлеу орны. Қорым негізінен, 
тастан қаланып, кейде топырақтан тұрғызылған немесе 
қиыршық тастан үйіп жасалған бірнеше обалардан, қорған 
қоршаулардан тұрады. Мұндай жерлеу орындары кӛбіне 
шығыстан батысқа қарай қатар орналасады. Жуалы ӛңірінде 
қола, темір дәуіріне жататын қорымдар аз зерттелген. 


18 
Қорымдардағы ескерткіштер мен табылған әшекей заттар, 
бұйымдар байырғы тұрғындардың әлеуметтік даму деңгейін, 
дүниетанымын, қоғамдық қатынастарын анықтауға мүмкіндік 
береді. Мысалы: «Бесшатыр қорымы үлкенді – кішілі 31 обадан, 
Бесоба қорымы 12 обадан, Жуантӛбе қорымы 300 обадан, 
Берікқара қорымы 500 тӛмпешіктен тұрады. Кейде обалардың 
диаметрі 100 метрден, биіктігі 20 метрден асады. Үйінді 
астында тас жәшік, циста, ағаштан жасалған тӛртбұрышты 
немесе дӛңгелек саркофагтар да кездеседі.» (Қазақстан ұлттық 
энциклопедиясы Алматы, 2004, 6 том, 60 бет)
Жосалы обалары Билікӛл аймағындағы Жосалы ӛзенінің 
маңында Қарабастау ауылының оңтүстік – батысында ерте темір 
дәуіріне жататын археологиялық нысандар болып табылады. 
Қарабастау ауылынан обалар тізбегінің қашықтықтары 9 – 10 
шақырымдардың шамаларында ұзын саны тӛртеу. Ал 
Қарабастау ауылының аймағында, Тасӛткелге апаратын жолға 
жақын 0,5 шақырым жерде орналасқан Қарабастау обалар 
шоғырында алты оба бар. Олар б.з.д ІV – І ғасырларға жататын 
археологиялық нысандар болып табылады. Ал Қарабастау 
ауылынан оңтүстік – батысқа қарай 6,5 шақырым, Тараз – 
Қаратау автомобиль жолының жанында ерте темір дәуіріне 
жататын Саясу обасы бар. 
Билікӛл 
аймағындағы 
археологиялық 
қорымдар 
нысандарының да шоғырланған жері осы Жосалы жері. Ол 
Қарабастау елдімекенінен 9,5 – 10,8 шақырымдар аралығындағы 
тау аралық ойпатта орналасқан Жосалы қорымдары ерте темір 
дәуіріне, қола дәуіріне, түркі дәуірлеріне жататын 8 қорымнан 
тұрады. 
Қарабастау 
ауылынан 
батысқа 
қарай 

– 

шақырымдарының арасында ерте темір дәуірі заманына 
жататын 5 тӛбешіктен тұратын Саясу қорымдары орналасқан.
Обалар шоғыры Бауыржан Момышұлы ауылының 
оңтүстігінен 1,5 шақырым жерде Ақсай сайының шыға берісінде 
және ауыл жанындағы жолдың іргесінде қатарынан орналасқан 
б.з.д ІV – ІІ ғасырларға жататын 6 оба бар. Мұндай обалар 
Кәріқорған ауылының 5 шақырым батысында да б.з.д ІІ – б.з ІІ 


19 
ғасырларына 
жататын 
12 
оба, 
Шыңбұлақ 
ауылының 
шығысындағы Қосмұрат сайының маңында 2 оба және 4 обалы 
қорым, Кеңес ауылының маңында 2 оба, 8 обалы қорымдар бар. 
Жеке – жеке обалар мен қорымдар Кӛлтоған ауылының 
батысында 1 обалы қорым, Шақпақата ауылының шығысында 
және батысында 2 обалы қорым бар. 
Бұл обалар мен қорымдардың биіктігі онша биік емес 2,5 – 
5 метрдің шамасын құрайды, диаметрі әртүрлі 12 – 25 мердің 
арасында. Олардың орналасқан жерлеріне темір қадалар 
орнатылып, оған «Бұл жер мемлекеттің қорғауында» - деп 
жазылған. Обалар мен қорымдар микротопонимдер санатына 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет