4. Қарауыл мұнаралар
Жуалы ауданының жерінде бізге белгілі үш қарауыл
мұнарасы бар. Олардың барлығы да ауданымыздың батыс
жағындағы Құлан және Боралдай тауларының шығыс жақ
беткейіндегі бір – бірінен онша алыс емес. Бұл қарауыл
мұнаралардың пайда болуы VІІІ – ХІІ ғасырлардың аралығы.
Бірінші қарауыл мұнарасы Шақпақ ауылынан оңтүстік –
батысқа қарай 2 шақырым жердегі Құлансай шатқалының шыға
беріс аузына орналасқан. Бұл қарауыл мұнара VІІІ – ХІІ
ғасырларға жататын археологиялық нысан болып табылады.
Екінші қарауыл мұнарасы VІІІ – ХІ ғасырларға жататын
тӛбе. Қоңыртӛбе (бұрынғы Успеновка) ауылынан оңтүстікке
қарай 2 шақырым жердегі Қыстаубай шатқалының шыға
берісінде Боралдай тауының етегінде орналасқан.
Үшінші қарауыл тӛбе Кәріқорған (бұрынғы Казанка)
ауылынан оңтүстік батысқа қарай 6 шақырым жерде
орналасқан. Бұл қарауыл тӛбе Х – ХІІ ғасырларға жататын
археологиялық нысан.
Бұл архитектуралық құрылыстар ерте заманда қорғаныс,
қарауыл немесе белгі беру мақсатында тұрғызылған.
20
5. Жалғыз қорғандар
Жуалы жеріндегі бізге мәлім болған қорған тӛбелердің
ұзын саны сегіз. Олардың пайда болу уақыты сонау ерте темір
дәуірінен бастау алады, содан б.з І – ІІ ғасырларының арасын
қамтиды. Бұл қорған тӛбелердің орналасуы да жеке – жеке, әр
аймақта бірді – екілі, кӛпшілік жұрт біле бермейтін жермен –
жексен тӛбелер. Ал Билікӛл аймағында тӛрт қорған тӛбелерден
тұратын бір аймаққа шоғырланған Жосалы қорған тӛбелері
орналасқан. Енді осы қорған тӛбелерге жеке – жеке тоқталайық:
Біріншісі жалғыз қорған тӛбе, Жуалы ауданының шығыс
жағындағы Жаңаталап ауылынан Бауыржан Момышұлы
ауылына бара жатқан автомобиль жолының сол жағында 1,5
шақырым жерде орналасқан. Бұл жалғыз қорған бізге сонау ерте
темір дәуірінен жеткен ӛте кӛне археологиялық нысан.
Екінші қорған, ол да Жуалы ауданының шығыс жағында,
Октябрьск ауылынан Бауыржан Момышұлы ауылына келе
жатқан автомобиль жолының сол жағынан 2,5 шақырым
қашықтықта орналасқан. Бұл қорған тӛбе де ерте темір дәуірінің
ескерткіші.
Үшінші қорған тӛбенің де пайда болу уақыты ерте темір
дәуіріне жатады. Орналасқан жері Октябрьск ауылынан
Бауыржан Момышұлыға қарай шыққан автомобиль жолының 2
– ші шақырымында, жолдан небәрі 20 – 24 метрдей жерден
орын тепкен.
Тӛртінші жалғыз қорған Жуалы ауданының оңтүстік
шығыс
жағындағы
Қырғызстанмен
шектесер
жерінде.
Октябрьск ауылынан Аманбаев ауылына (бұрынғы Грозное)
бара жатқан жолдың оң жағында 3 шақырым жерде орналасқан.
Ендігі бір осындай қорған тӛбелердің шоғыры Қарабастау
ауылы (бұрынғы Билікӛл совхозы) аймағында. Дәлірек айтқанда
Тасӛткелден Қарабастау ауылына апаратын соқпақ жолдың екі
қапталында орналасқан. Бұл қорған тӛбелердің ұзын саны 6,
олардың барлығы да ерте темір дәуірінің бізге жеткен
ескерткіші.
Б.з.д ІІ – І және б.з І – ІІ ғасырларына жататын бесінші
21
археологиялық нысанның бірі жалғыз қорған Қарасаз ауылының
аймағында. Орналасқан жері Қарасаз ауылынан шығысқа қарай
100 метр жерде орналасқан.
Алтыншы және жетінші жалғыз қорғандар Шыңбұлақ
ауылының маңында. Бұл екі қорған да ерте темір дәуіріне
жатады. Орналасқан жері Шыңбұлақ ауылының оңтүстік
жағында 5 шақырым жерде Теріс ӛзенінің оң және сол
жағалауында.
Сегізінші жалғыз қорған Рысбек батыр ауылы, (бұрынғы
«Путь к коммунизму» колхозы) Ақтасты мекенінің маңында,
Қашауыш аталатын жолдан 40 метр шығыс жағында
орналасқан. Бұл жалғызданған қорған да ерте темір дәуіріне
жатады.
Жосалы қорған тӛбелері
Ертедегі темір дәуірінің ескерткіштері саналатын Жосалы
қорғандары Жуалы ауданы Билікӛл ауылының солтүстігінде бір
- бірінен 200 - 400 метрдей арақашықтықта орналасқан тӛрт
тӛбешіктерден тұрады. Бұл тарихи ескерткіштерді алғаш рет
А.Досымбекованың жетекшілігімен 1987 жылы Қазақстан Ғылым
Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология
және этнология институтының археологиялық экспедициясының
отряды ашқан. Бірінші қорған тӛбе Жосалы – 1. Билікӛл
ауылының солтүстігінде 9,8 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл қорғанның диаметрі 15 метрдей де, ал биіктігі 1,5 метрді
құрайды.
Екінші қорған тебешік Жосалы – 2. Билікӛл ауылының
солтүстік батыс жағында, 10 шақырым кашықтықта салынған.
Бұл корған тӛбенің диаметрі 10 метр шамасында да биіктігі 1
метрді кұрайды. Ол қорған негізінен тас пен құм араластырылып
салынған тӛбешік пішіндес болып келген.
Жосалы - 3 қорған тебешігі. Билікӛл ауылының солтүстік
батысында Тараз - Қаратау автомобиль жолының оң
қапталында, Саясу асуынан басталатын бұлақтың сол
жағалауынан орын тепкен. Бұл қорған тӛбешіктің диаметрі 18
метрді ал биіктігі 1,5 метрді құрайды. Қорған тӛбешік пішіндес
болып келген.
22
Жосалы - 4 қорым қорғаны. Билікӛл ауылының солтүстік -
батыс жағында 10,7 шаршы шақырымдай жерде орналасқан. Бұл
қорым тӛбешіктер 11 қорғаннан тұрады. Олардың диаметрлері
әртүрлі; 3 метрден - 10 метрге дейін ал, биіктіктері 1 метрдей
болады. Олардың кейбіреулері биіктіктері әртүрлі, диаметрі 20
метрден астам жерге қадалған тастар тізбегімен қоршалған.
1987 жылы бұл қорғандардан археологиялық қазба жұмысы
барысында скиф, үйсін, қаңлы тайпаларына тән қолдан жасалған
сақина, сырға сынды зергерлік бұйымдар, құс суреті бар
жапсырмалар, барыстың суреті бейнеленген заттар, садақтың
оғы сияқты кӛптеген заттар табылған.
Тарихшы ғалымдарымыз бұл қорғандарды б.з.д II ғасыр мен
б.з IV ғасырлар аралығына жатқызады.
Аталған тӛрт қорған тӛбелердің барлығының да салынуы
біртекті, тас пен құм араластырып салынған. Бұл ертедегі темір
дәуірінің ескерткіштері саналатын қорған тӛбелерде қазба
жұмыстары жүргізілмеген. Жосалы қорған тӛбелер салынған
аймақтың топырақ құрамы қызыл киыршықты болып келеді де
онда бояу жасалатын жоса ӛсімдігі ӛседі. Сондықтан бұл жерді
жұрт
«Жосалы»
деп
атайды.
Жамбыл
облысының
энциклопедиясында бұл қорған тӛбелердің Жасалы деп кӛрсетілуі
дұрыс емес. (Жамбыл облысының энциклопедиясы. Алматы
2003.)
Достарыңызбен бөлісу: |