Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет14/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
 
Баркуаб 
Баркуаб ортағасырлық қалашығы. Бұл қалашық Жуалы 
ауданындағы Теріс ӛзенінің оң жағында шамамен 500 - 600 


33 
метрдей жерде орналасқан. Бұл қалашықты XIX ғасырда 
В.В.Бартольд және В.А.Каллаурлар зерттеу жұмыстарын 
жүргізген, алайда қазба жұмыстары әлі күнге дейін 
жүргізілмеген. 
Бұл 
қалашық 
бірқатар 
тарихшылардың 
және 
саяхатшылардың еңбектерінде аталған. Ә.Байбатша, Түркібасы 
ӛлкесімен Теріс ӛзенінің бойына орналасқан қалалар мен 
бекеттер, Мыңбұлақ (Абарджадж) қорған - қаласы арқылы жүріп, 
Шақпақ белінен асып, Арыс ӛзенін жағалап, Ұлы Жібек 
жолының негізгі желісі ӛткен деп жазады. 
Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан қалалар 
мен керуен бекеттері туралы алғашқы толық деректі Араб 
географы Убейдаллах ибн Абдаллах ибн Хордадбек 846 - 847 
жылдары жазған шығармасында деректер келтіреді. 
Осы 
деректерден үзінді келтірейік: «Тамтадждан (Түлкібасы) шыққан 
керуен Абарджаджға (Мыңбұлақ) дейін 4 фарсах жол жүрген, 
одан Баркуаб (Теріс) бойындағы қалашыққа дейін 6 фарсах» - деп 
кӛрсетілген. Осы деректерді X ғасырдың басында Бағдад 
халифінің сарай қызметкері Кудама ибн Жафар да кайталайды. 
Баркуаб қалашығының жобасы 
Бірінші қала орнының жобасы


34 
Аль - Макдисидің 985 жылы жазған шығармасында, Ұлы 
Жібек жолының негізгі арнасынан басқа жаңа тарауларындағы 
қалалар да аталады. «Тамтадждан Абарджаджға дейін екі пошта 
бекеті, одан Теріс ӛзеніндегі бекетке дейін күндік жол, одан 
Шауғарға дейін жарты күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті» 
деп жазады. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. 
Алматы, 2002, 182б) 
Бұл ортағасырлық қала жұрттары қатар жатқан үш 
тӛбешіктерден тұрады.
Бірінші тӛбешіктің жалпы ауданы 160х100м шамасында, 
қабырғалары құбылаға қараған, бұрыштары доғал тік тӛртбұрыш 
болып келген. Тӛбешіктің үстінде биіктігі әр түрлі 4 алаң бар. 
Олардың ең тапалы оңтүстік алаң, биіктігі 2 метр шамасында 
аумағы солтүстіктен оңтүстікке карай 27 метр, батыстан шығысқа 
қарай 55 метрді құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет