Байдалиев Д. Д


Жуалы жеріндегі петроглифтер



Pdf көрінісі
бет5/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
 
2. Жуалы жеріндегі петроглифтер 
 
Жуалы ӛңірінде қазақ халқының шығармашылық ӛнерін, 
тұрмыстық мәдениетін, тарихын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін 
кӛптеген ежелгі тарихи - мәдени мұралар сақталған. Олар кӛне 
замандағы ата - бабаларымыздың бүкіләлемдік мәдениетке 
қомақты үлес қосқан ӛркениетті жұрт болғандығын растайды. 
Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейін жүргізілген археологиялық 
қазба жұмысынан табылған деректер осыны дәлелдеп отыр. 
Солардың бірі - сонау қола, Сақ, Үйсін, Қаңлы одан бергі Түркі 
дәуірлерінің санқилы сырынан мол дерек беретін ежелгі 
жарқабақ тастардың бетіндегі таңбалар сыры. Олар әсіресе 
Хантау, Қаратау, Жуалы жерінде Ақсу - Жабағылының тау 
шатқалдарында, Қошқаратаның Шаянмен шектесер аймағында 
кездеседі. 
Кӛне заманнан бізге жеткен археологиялық ескерткіштердің 
ең үлкен тобы - тас бетіне салынған суреттер, яғни ғылыми 
тілмен айтқанда петроглифтер деп аталады. Олар - әр дәуірде 
ӛмір сүрген тайпалар мен халықтардың, тарихынан бізге құнды 
деректер беретін кӛненің кӛзі. Жалпы ғалымдардың зерттеуі 
бойынша бұл ескерткіштің тӛркіні сонау қола дәуірінен 
басталып, оның жалғасы тіпті кейбір жерлерде біздің 
заманымыздың соңғы дәуірлерін де қамтыған. 
1970 жылы белгілі ғалымдар Қадырбаев пен
Марьяшев Тараз қаласының, батысынан 5 0 - 6 0 шақырым 
қашықтықтағы Қойбағар деген жердің тарихын зерттей келе 
тұңғыш рет тасқа салынған ат пен түйе жегілген күймелі арбалар 
суретін кӛргенін айтады. Осы уақытқа дейін қос ӛркешті 
түйелер 
Қазақстанның 
Оңтүстік 
аудандарында 
біздің, 
заманымыздың VIII - IX ғасырларында ислам дінінің енуімен 
қатар пайда болды деп есептеліп келді. Қаратау маңындағы
және Қазақстанның басқа жерлеріндегі археологиялық


12 
ғылыми - зерттеу барысында табылған деректер бұл 
байламды мүлдем жоққа шығарып, кос ӛркешті түйелер қазақ 
даласында бұдан үш мың жыл бұрын, яғни қола дәуіріне тән 
екендігін анықтады.
Сандық тастағы бұл суреттер ӛзінің салыну ерекшеліктеріне 
қарай кейде мифологиялық немесе тарихи сюжетке құрылған 
болып келеді. Бірақ ықылам заманнан бізге жеткен бұл тарихи 
куәларды тек есепке алып, суретке түсірумен ғана шектелгенбіз, 
олардың шығуы, дәуірлерге бӛлуі туралы салиқалы ой айтуға 
ешкімнің, батылы бармады. 
Ғасырлар бойы сан қилы сырын құпия сақтаған таңбалы 
тастарды зерттеу үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясьшың 
археологы Зейнолла Самашев бастаған ғылыми - экспедиция 
облыс территориясында еңбек етті. Бұл экспедициясының 
кұрамында Ленинград қаласынын, кӛрнекті ғалымы, археолог, 
тарих ғылымдарыньң докторы А.Я.Шер және Комарово 
қаласынан Б.Н.Пяткин бастаған бір топ ғалымдар болды. 
Экспедицияның негізгі зерттеу обьектісі етіп Маймақ 
станциясының солтүстік - батыс жағындағы сурет галереясы 
алынған еді. Ұзыннан - ұзақ, ат шаптырым жерге дейінгі үлкен 
жарқабақ тастардың бетінде жас ғалым Зейнолланның есептеуі 
бойынша мыңға жуық суреттер бейнеленген. Мұнша кӛп суреттің 
бейнелеуіне қарағанда осы ӛңірдегі мекедеген тайпалардың ӛмір 
сүруіне Аса, Теріс және Күркіреусу ӛзендері бойларының 
колайлылығы септігін тигізген сыңайлы. Талай заманның куәсі 
болған бұл бейнелердің түп - нұсқасын сақтау үшін бетіне 
арнаулы материалдарды қолдану арқылы суреттері кӛшіріліп 
алынды. Арнайы жүргізілген ғылыми жұмыс, сӛз иелері бір 
дәуірдің, ішінде дүниеге келмеген, не болмаса белгілі бір 
халықтың қолынан шықпаған оның сабағы әріден үзілмей келе 
жатқан ұзақ уақыттың жемісі екендігін анықтады. Бізге жеткен 
кӛне бейнелеу ӛнерінің тағы бір түрі - ежелгі заманда осы ӛңірді 
мекен етіп, ұрпақ ӛрбіткен тайпалардың ӛмірінен азды - кӛпті 
хабар беретін билеп жүрген адамдардың суреттері.


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет