Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет41/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
 
Жалпақ саз 
Шақпақата ауылдық округіне қарасты Шақпақ ауылынан 
солтүстік – батысқа қарай 2 шақырым жерде Қоңыртӛбенің 
солтүстік – шығыс баурайындағы жасыл ӛлке – «Жалпақ саз» - 
аталады. Саздың кӛлемі 18 – 20 шаршы шақырымдай жерді алып 
жатыр. Ол солтүстік жағы Қызылдаламен, ал оңтүстігі 
Қоңыртӛбемен шектеседі.
Жалпақ саз ӛткен замандарда сол маңда тұратын 
Шаңышқылы руының жаз жайлауы болған. Бұл жер сазды 
болғандықтан ешуақытта егіншілік мақсатқа жыртылған емес. 
Тек 1975 жылы тау етегіндегі бес гектардай бӛлігі жыртылған 
кезде ол алқапты арам шӛп, тікен және қурай басып кеткен, сонан 
кейін ол қателік қайталанған жоқ.
Жалпақ саз бұрынғы К.Маркс атындағы совхоздың (Қарасаз) 
ең негізгі малға шӛп дайындайтын жері болған. Жер атауы 
сырт 
кӛрінісіне (жалпақтығына) қарай «Жалпақ саз» - аталған. Бұл 
атаудың кӛне дуплеті «чалпақ» немесе «шалпақ» түрлерінде 
келеді. 
 
Жетімтау 
Бұл шағын тау Бӛкей тауының шығыс жағындағы кішкене 
бір сілемі. Кеңес елдімекенінің батыс тұсында 5 шақырым жерде 
орналасқан. Кӛлемі мен биіктігі жағынан онша үлкен емес, Бӛкей 
тауынан оқшаулау орналасқандықтан оны жергілікті жұрт 


79 
«Жетімтау» - деп атайды. Жетімтау аталу себебі таудың оқшау, 
жеке орналасқандығына байланысты қойылған атау болып 
табылады. 
Жетімтаудың шығыс жағындағы қия беткей «Жидебай» - 
деп аталады. Бұл жердің «Жидебай» - деп аталуына негіз болатын 
жиде ағашы мүлдем ӛспейді. Не себептен бұлай аталатындығы 
туралы сұрастырғанмен ешқандай мәлімет ұшырастыра алмадық. 
Соған қарағанда бұл жердің атауы Жидебай есімді кісінің атымен 
байланысты ма? - деген жорамалға тоқтаймыз. 
Жетітӛбе 
Б.Момышұлы - Қошқарата автомобиль жолының 19 – 20 - 
шы шақырымының батыс жағында Құлан тауының етегіне дейін 
қаз - қатар орналасқан тӛбелер осылай «Жетітӛбе» - аталады. Бұл 
тӛбелердің саны негізінен тоғыз. Бірақ соның жетеуінің шоқтығы 
биік, кӛзге айқын кӛрінеді. Бұл тӛбелер табиғи тӛбелер емес, 
қолдан үйіліп жасалғандығы айқын байқалады, биіктіктері 7 - 9 
метрдің шамасында да, диеметрі 25 - 35 метрді құрайды. 
Орналасуы жағынан бір түзудің бойында болғандығына қарай 
бұл тӛбелер жаугершілік кезеңде қорғаныс үшін қолдан үйілген 
тӛбелер екендігін дәлелдейді.
Осы ауылдың байырғы тұрғыны Әшен Айманбетұлының 
айтуына қарағанда, бұл тӛбелер Құлан тау мен Теріс ӛзеніне 
дейін созылып жатқан жотаға жаудан қорғану үшін үйілген екен, 
мұның ұзын саны тоғыздан да кӛп - деп баяндайды. 
«Тӛле би мен Қойгелді батыр» кітабында Жетітӛбе туралы 
қысқаша мынандай мәлімет берілген. 
«Шежіре қарттардың айтуы бойынша жоңғарлардың 
қарауыл тӛбесі Бӛкей тауының етегінде болған. Қалмақтар 
қарауыл қарап, жау келгенде түнде от жағып белгі беру үшін 
үйген жеті тӛбе әлі күнге дейін тұр» - делінген. (Бақтияр 
Әбілдаұлы Тӛле би мен Қойгелді батыр. Алматы: Қазақстан, 
1992, 107 бет). 
Жетітӛбе орналасқан жота Ұлы Жуалы мен Орта Жуалының 
шекарасы, бұл арадан табиғат та күрт ӛзгеріске ұшырайды. 
Жетітӛбе атауына байланысты осы кездегі Кәріқорған 


80 
елдімекенінде осы аттас орта мектеп және шаруа қожалығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет