Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет40/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
 
Дӛңгелек саз 
Қазіргі Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты Ынтымақ 
елдімекенінің батыс іргесіндегі Қыстаубай кӛлінен солтүстікке 
қарай тӛрт шақырым жердегі теңге жапырағы мен пішені 
ұйысқан, аумағы 6 – 7 шаршы шақырым болатын жасыл мекен 
«Дӛңгелек саз» - аталады. Бұл жердің сазды болатын себебі 
Құлантаудың етегінен андыздап аққан бұлақтар мен Дӛңгелек саз 
ӛзінің айналасына қарағанда ойпаңдау жерге орналасқандығынан. 
Жерінің сазды болғандығынан оның тӛңірегінде алқаптарда 
диқандар егін егу жұмысын кештеу, мамыр айының басында 
жүргізеді. 
Осы Дӛңгелек саздың «Байсейіт құлаған» деген де атауы 
болған екен. Бұл жердегі болған бір тарихи оқиға туралы жер мен 


77 
елдің шежіресін жетік білетін тарихшы – ұстаз Райыс 
Дүйсебайұлының пікірше, ХХ ғасырдың соңында Қоңыртӛбенің 
жанындағы Кӛкшебұлақты мекендейтін Шегір руы мен Құлан 
асуының аузындағы Шаңышқылы (Қатаған) руы арасында 
барымта мен жер дауына қатысты екі елдің арасындағы жағдай 
ушығып тұрған кез болса керек. Рулар арасындағы осындай бір 
жанжал Дӛңгелек сазға байланысты болады. Екі жақ та бұл жерді 
ӛздерінікі екендігіне таласып ақыр аяғы үлкен дауға айналады. 
Бітімге келе алмаған екі жақтың жігіттері соғысуға тас – түйін 
бекініп Дӛңгелек саздың басына жиналады. Осы дүрбелеңді сезіп 
біліп, тӛсек тартып жатқан сексен жастағы Байсейіт есімді кӛпті 
кӛрген әулие кісі мән – жайды шоқпар, сойыл сайлап жүрген 
жігіттерден сұрайды. 
Жігіттер: Ақсақал, екі жақтың жанжалы соғыссыз тынар түрі 
жоқ, бір сойқан болайын деп тұр – дейді. Сол кезде Байсейіт 
қария: 
- Олай болса Дӛңгелек сазға мені де ала барыңдар. Дау - 
жанжалдың қантӛгіссіз, адам шығынысыз шешілу жолын мен ӛз 
мойныма алайын – дейді. 
Сӛйтіп Шегір руының жігіттері Дӛңгелек саздағы ұрыс 
болатын жерге атқа қондырып Байсейіт қарияны да жеткізеді. 
Асарын асап, жасарын жасап болған сырқат қария Дӛңгелек сазға 
жеткен соң алдын – ала уәде байланысқандай екі жақтың 
жасақтарының кӛз алдында аттан ауып түсіп, үзіліп кетеді. Сол 
кезде Шегір жақтың жігіттері «Бауырым – ай!», «Атам – ай!» - 
деп соғыс жайын ұмытып Байсейітті жоқтап ӛздерімен ӛздері 
болып кетеді. Шаңышқылының жігіттері қатты сасады, Шегір 
жағынан болған кісі шығынына ӛздерін кінәлі сезінеді. 
Шаңышқылдар жағы қарияға құн тӛлеп екі жақ соғыссыз бітімге 
келген екен. 
Дӛңгелек саз сол майсалы теңге жапырағы мен жасыл желегі 
жайқалған қалпын бүгін де сақтап қалған. Жергілікті жұрт жазғы 
маусымда осы жерден тӛрт түлік малға мая – мая табиғи 
пішендеме дайындайды. Бұл жердің «Дӛңгелек саз» -аталуы 
алқапты алып жатқан саздың пішініне байланысты қойылған жер 
атауы.


78 
 Еңке 
Жуалы ауданындағы Кӛсегенің кӛк жоны аталатын жердегі 
ӛзеннің бойында «Еңке» - аталатын жер бар. Бұл жер ӛзен, су, 
бұлақ атауы емес бұрынғы қоныс атауы. 
1870 жылдары Оңтүстік Қазақстан аймағынан осындағы 
Шымырлардың жеріне Қаңлы руының Еңке атасынан тараған 
ұрпағы келіп қоныс тепкен. Сӛйтіп олар Ұлы Отан соғысына 
дейін сол аймақты мекендеп тұрып қалған. 
Жер атауы осы Еңке қаңлының атымен байланысты «Еңке» 
аталған антротопоним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет