Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет39/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
 
 Датқаның сазы 
Күреңбел елдімекенінен батысқа қарай 6 шақырымдай 
жердегі Б.Момышұлы – Қошқарата асфальт жолының 
шығысында «Датқаның сазы» - аталатын жалпақ саз бар. Бұл 
жердің «Датқаның сазы» - аталу себебі сиқым руынан шыққан 
Рысбек батырдың тұңғыш ұлы Батырбек датқамен байланысты. 
Жуалы жеріндегі XIX - ғасырдағы билік тұтқасын ұстаған 
ардақты азаматтардың бірі Батырбек датқа болған. Датқа сӛзі 
ӛзбектердің «дотһа» деген сӛзінен шығады, мағынасы генерал 
дәрежесіндегі ел билеуші дегенді білдіреді. 
Бірқатар тарихи деректерде және ол ел аузында сақталып 
қалған естеліктерге сүйенсек, Батырбек датқа кезінде Жуалы 
ауданының, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сайрам 
аудандарының аумағына сондай-ақ Шымкент қаласының 


76 
тӛңірегіне билік жүргізген. 1863 жылы Шоқан Уәлихановпен 
кездесіп, онымен Оңтүстік ӛңірді отаршылырдан азат ету 
жӛнінде пікірлескен деген де деректер бар. (Ә.Жылқышиев 
«Дауылдан кейінгі жарық» кітабы). Халықтың құрметіне 
бӛленген датқаны кезінде Майлықожа, Мәделі , Шӛже сынды 
ақындар жырға қосқан. Ташкенттегі мұрағаттан табылған 
мәліметтерде 1874 жылы Батырбек, Қасымбек датқалар 
Құнанбай, Аңдамас сынды билер ӛздері қаржы шығарып 
Меккеден үш қонақ үй салдырғаны туралы айтылады. 
1971 жылы Жуалыдағы (Бұрынғы Чапаев атындағы колхоз) 
Күреңбел ауылының іргесіндегі Датқа сазының маңынан «Бұл 
ӛлке қасиетті адам жерленген қасиетті ӛлке» - деп Дінмұхамед 
Қонаевтың киіз үй тіктіріп түнеп шыққанын бүгінде осы ӛңірдегі 
екінің бірі біледі. 
Кешегі Кеңестік дәуірде Батырбек датқаның күмбезі 
құлатылып, жанындағы мешіті қиратылған болатын, оның орны 
қазіргі кезде шағын тӛбешік болып жатыр. Батырбек датқа 
туралы М.Қалдыбаев, Т.Талапұлылар кӛлемді еңбектер жазған. 
Қорыта айтқанда «Датқаның сазы» елдің елдігін танытып ӛз
жерінің жалпыға ортақ етіп кӛрсеткен, қайран елі үшін «елім-
айлап» ӛткен, ел басқарып ел ақылшысына айналған тарихи тұлға 
Батырбек датқаға байланысты қойылған атау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет