75
Дарбаза
Жуалы ауданының солтүстік – шығыс жағындағы «Үлкен
Бурыл», «Кіші Бурыл» - аталатын тау сілемдерінің солтүстігінде
орналасқан шағын елдімекен «Дарбаза» - аталады. Бұрын бұл жер
«
№1 Ферма» аталып келген. Ол елдімекен Қарабастау ауылынан
оңтүстік – шығысқа қарай 7 шақырым жерде, жанында
Дарбаза
су қоймасы бар. Қарабастау ауылынан оңтүстік –
шығысқа
қарай шыққан жол осы Дарбаза ауылына, онан әрі қарай
Дарбаза
шатқалына апарады. Елдімекеннің «Дарбаза» - аталуы негізінен
осы шатқалға байланысты. Бұл шатқалдың кіре беріс аузы бір
кӛлік сиятындай ӛте тар дарбазаға (қақпаға) ұқсайды.
Кіре беріс шатқалдың екі қапталы жақпарлы жартас болып келеді
де арй қарай ӛткен соң аңғар кеңейіп жоғары ӛрлеп кетеді.
Осы Дарбаза ауылына жақын жерде, Дарбаза су қоймасынан
оңтүстікке қарай 0,5
шақырым жердегі Ақсу ӛзенінің сол жақ
терассасында мустье заманының
шеберханасы болғандығы
туралы археологиялық айғақ бар.
Елдімекеннің, су қоймасының шатқалдың «Дарбаза» аталуы
ӛзбек, иран тілдерінің «дарбаза» сӛзінің баламасы қақпа сӛзінен
шыққан. Оңтүстік қазақтарына әсіресе ӛзбек халқынан енген
«дарбаза» сӛзі әлі күнге «қақпа» сӛзін алмастыра береді.
Достарыңызбен бөлісу: