82
Жыланды сай
«Жыланды» - аталатын
терең сай Тәттібай ауылының
солтүстік жағында, Түрксіб темір жолының үстінде. Жыланды
сай аталатын жерлер Қазақстан жерінде кӛптеп кездеседі, соның
ішінде Жуалы ауданының жерінде де осы аттас бірнеше сай бар.
Бұл жердің «Жыланды» - аталуының себебі бұрын ордалы
жыландар мекендеген. Соғыс жылдарында осы сайда шӛп шауып
жүрген әйелді жылан шағып ӛлтірген
- деп еске алады сол
маңдағы Тәттібай ауылының тұрғындары. Жыланы кӛп
болғандықтан «Жыланды» аталуы ономалық нормаға сияды.
Жылбұлақ
Билікӛл ауылдық округіне қарасты «Жылбұлақ» - аталатын
шағын елдімекен Қарбастау елдімекенінен оңтүстік шығысқа
қарай 9 шақырым жерде орналасқан. Бұрын бұл ауыл «
№2
Ферма» аталатын.
Ауыл маңындағы ойпаң жерге кӛктемдегі тау суы мен бұлақ
сулары кӛп жиналады. Сол себепті су
арнасынан асып Дарбаза
ауылына қауіп тӛндірмес үшін арнайы канал салынған.
Кӛктем айларының ӛзінде сол Билікӛл аймағындағы
бұлақтардың жылы болатын ерекшелігі бар,
балалар шомылып
балық аулай береді.
Ауылдың және бұлақтың «Жылбұлақ» - аталуы қазақ тілінде
«жылы бұлақ» тіркесі айтыла келе жылы сӛзінің аяққы дыбысы
түсіп, жылбұлақ түрінде қалыптасып кеткен гидронимдік атау.
Ирекасу
«Ирекасу» - аталатын асу Тәттібай ауылының жоғарғы
жағында Алатаудың Жуалыға қараған белінен Кӛксалаға
асатын
асуы. Аты айтып тұрғандай асудан асатын осы жол аңғарды
бойлай ирек – ирек жоғары кӛтерілетін сүрлеу жол. Ирекасудың
сұлабасы әлі күнге жақсы сақталып қалған.
«Аңғармен бойлап жоғары кӛтерілген соң жота – жотаны
қиялап аттан түспей – ақ Кӛксаладағы
Байдалы атамыздың
жайлауына талай асқанбыз» - деп менің әкемнің әкесі Жамалбек
атамыз айтып отырушы еді.
83
Сол ирек асумен 1932 – 1934 жылдарғы ашаршылыққа дейін
жазда жайлау асып, күзге қарай қайта түсетін жол болған.
Соғыстан кейінгі жылдары бұрынғы Кременевка совхозының
жылқыларын Кӛксалаға
осы Ирекасумен айдап барып, айдап
келіп отырған. Жазы ӛте салқын әрі шӛбі шүйгін болғандықтан
жылқыларды сол Кӛксаланың жайлауында ұстаған. Жердің кӛк
шалғынды болуына байланысты «Кӛксала» - аталған.
Достарыңызбен бөлісу: