Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет44/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Кәріқорған 
 «Кәріқорған» – аудан орталығы Бауыржан Момышұла 
ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде 
орналасқан. Ауыл Жетітӛбе ауылдық округіне қарасты, ол бұрын 
«Казанка» - аталып келген ал, 1993 жылдан кейін ӛзінің байырғы 
Кәріқорған атауын қайта иемденді. 
Бұл жердің «Кәріқорған» - деп аталуына Құлан тауының 
қойнауындағы кӛне қорған себеп болған. Орта ғасырларда тастан 
соғылған бұл ескі қорған Түркісіб аталатын алма бағының үстіңгі 
батыс жағында 4 шақырым жерде. 
Кәріқорған ауылынан оңтүстік батысқа қарай 6 шақырым 
жерде Х – ХІІ ғасырларға жататын қарауыл мұнарасы болған 
және сол маңда б.з.д ІІ – б.з ІІ ғасырларына жататын обалар 
кездеседі. 
Қазіргі кезде сол Кәріқорған елдімекенінің жанынан ағып 
ӛтетін шағын ӛзеннің жағасынан кӛне дәуірдің мәдениетінен сыр 
шертетін тұрмыстық бұйымдар әлі де табылып жатады. Жер 
атауы осы қорғанға байланысты қойылған. 
 
Кеңбұлақ 
Боралдай тауынан басталатын Қошқарата ӛзенінің бір 
саласындағы жалпақ сайды жұрт «Кеңбұлақ» - деп атайды. Ол
Талдыбұлақтың солтүстік жағында орналасқан. Ол жер 1960 
жылдарға дейін Сиқым руының Есті атасының мекені болған. 
1954 жылға дейін онда жеті жылдық мектеп және Сталин 
атындағы колхоз болған.
Жер атауының «Кеңбұлақ» - аталуы ӛзен саласының 
кеңдігіне байланысты; «Кең» және «бұлақ» сӛздерінен құралған 
гидронимдік атау.  


84 
 Кӛксай 
 Ақсай ӛзені сияқты Кӛксай ӛзені де Талас Алатауынан 
басталып Теріс ӛзеніне барып құяды. Кӛксай ӛзені Жуалы 
жеріндегі басты ӛзендерінің бірі. Талас Алатауының биік 
шатқалынан басталғандықтан ӛзеннің ағысы қатты. Кӛксай ӛзені 
тӛменгі 
шаруашылықтың 
егінді 
алқаптарын 
суаруға 
пайдаланылады. 
Ӛзеннің «Кӛксай» - аталуына тоқталатын болсақ «кӛк» сӛзі 
түспен байланысты анықтауыш яғни, кӛк сол аңғардың «кӛгеріс, 
ну жынысты» - екендігін айқындап тұр. «Кӛк» және «сай» сӛздері 
қосылып Кӛксай атауын құрап тұр. 
Жазушы Шерхан Мұртаза ӛзінің туған ӛлкесінің келбетін
«Мылтықсыз майдан» атты повесінде Қаратаудың Бурыл, Теріс 
алабы мен Алатау баурайындағы Ақсай, Кӛксай ӛзендерін 
тамаша етіп суреттеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет