132
Үндемес бастау
Оңтүстіктен солтүстікке қарай
созылған Құлан тауының
шығыс бӛктерінен кӛптеген бұлақтар басталып Шақпақ және
Теріс ӛзендеріне құяды. Сондай бұлақтардың бірі Шақпақ
ауылының батыс жағындағы «
Кӛксарай» - аталатын
жерден
(баздың шатыры кӛк шатырмен жабылғандықтан солай аталып
кеткен) 400 метр оңтүстігіндегі бұлақ «Үндемес бастау» -
аталады. Бұл бұлақ қалың қара долана мен шеттік ӛскен
аңғардың жоғарғы жағындағы
жартастан басталады. Бір құлақ бұлақ
суы жартастың қуысынан
үн шығармай қайнап шығып жатады. Бұлақтың «Үндемес
бастау»- аталуына осы құбылыс себеп болған, яғни бұлақ
ешқандай дыбыс шығармай тас қуысынан лықсып кӛтеріліп
тастардың арасымен тӛмен қарай ағады.
Бұлақ суын жаз кезінде тӛменгі
жақтағы егісті алқаптарды
суғаруға пайдаланады. Бұлақ бірнеше бастау суларымен қосылып
Шақпақ ауылының шығыс жағындағы Шақпақ ӛзеніне барып
қосылады.
Үшқоспа
Қазіргі Ақтасты (бұрынғы Некрасовка) ауылының шығыс
жағындағы Қошқарата ӛңірінің
ең шұрайлы жері бұрынырақта
«Үшқоспа жайлауы» немесе «Үшқоспа» деп аталады. Бұл жер
кезінде ұлы жүздің ханы Жолбарыстың да жайлауы болған. Ол
қайтыс болған соң Үшқоспаны жоңғардың қонтайшысы Қалдан
Серен де иеленген.
Бақтияр Әбілдаұлының дерегінде Үшқоспа жайлауы туралы:
«Шіркін Үшқоспа Қаратаудың ең құйқалы жайлауы ғой.
Жоңғарлар лайлау болғандықтан Боралдай атап кеткен ӛзенге
қоса
Қошқарата суы, тағы бір бұлақ түйіскен соң осылай
Үшқоспа аталған. Шыжыған қырық күн шілдеде суы сап –
салқын, ішсең балдай, тамағыңнан тас тӛбеңе бір – ақ шығады.
Жаз бойы ызыңдаған шыбын – шіркей ұшып, малды да, жанды да
мазаламайды. Кӛктемде шыққан балауса шӛп, жеміс –
жидек
қоңыр күз түскенше қалпын ӛзгертпей тұнып тұрады». (Рысбек
батыр. Алматы, 1994, 70 бет).
133
Бұл жердің «Үшқоспа» - аталуы Боралдай, Қошқарата
ӛзендерімен Ұзынбұлақтың қосылуына байланысты «үш ӛзеннің
қосылған жері» - деген мағынаны беретін атау.
Достарыңызбен бөлісу: