128
Сайдың екі қапталы ӛте
тік болып келеді, сондықтан
сайға түскен адамның одан қайтып шығуы ӛте қиын. Сай
тереңдігі кӛрген адамға тіліп ӛткендей, (тесіп ӛткендей) әсер
қалдырады. Сол себептен бұл терең сайдың атауы «Теспе» -
болып аталған.
Тесіктас
Біздің ата - бабамыз жер - суға, ауылға атау беруде ол жердің
табиғи –географиялық ерекшеліктерін бет - бедерін әр кезде еске
алып отырған. Сондай атаудың бірі «Тесіктас» -аталады. Бұл атау
тура ауылдың жанындағы үлкен жал таста табиғаттың әсерінен
болған адам сиып кетердей тесік бар.
Осы тастағы тесікке
байланысты ауыл «Тесіктас» - аталады.
Тобшақты
«Тобшақты» - алқап атауы. Талас Алатауының үлкен
шатқалынан басталатын ол жер Тәттібай ауылының шығыс
жағында жатыр. Тобшақты алқабының («жайлау» деп те аталады)
жоғарғы оңтүстік жағы Ақсу – Жабағылы қорығымен шектеседі.
Тобшақтының әсіресе жоғарғы шатқал жағында ну жынысты
тобылғы ӛседі. Осы екі таудың арасындағы қалың тобылғылы
шатқалы алыстан жасыл тоғай сияқты болып кӛрінеді. Бұл
жердегі тобылғы
жынысының қалыңдығы сонша, ұжымдастыру
кезінде осы жерді паналағандарға суық ӛткізбейтін жылы пана
болғандығы айтылады.
Ақсу – Жабағылы қорығының
шығыс жағындағы тау
қарауылы осы Тобшақты шатқалының аузында тұрады. Бұл маң
аң – құсқа ӛте бай. Қамшыға тобылғы іздегендер осы
Тобышақтыға келеді.
Бұл алқаптың Тобшақты
аталуы біздің ойымызша осы
тобылғыға байланысты. Алқаптың етек жағында тобылғы әр
жерде топ – топ болып ӛседі. Былайынша «шоқ – шоқ болып
тобылғы ӛскен жер» - деген сӛзден тобшақты аталған. Қысқартып
айтқанда, тобылғы шоғы сӛзінен «Тобшақты»
-атауы
қалыптасқан.
129
Тоғызтарау
Жуалы ауданының Билікӛл аумағындағы елдімекен осылай
«Тоғызтарау» - аталады. Бұл елдімекен Билікӛлдің шығыс
жағынан орын тепкен. Аса ӛзенінің Билікӛлге
құятын аймағы
тарамданып кӛп салаларға бӛлініп кетеді. Сол сияқты ол маңда
Аса жақтан, Жуалының үстіртінен құмға қарай апаратын тарау –
тарау жолдар түскен, сондықтан бұл аймақ «Тоғызтарау» -
аталып кеткен. Тоғызтарау жері Керімбай Бұралқыұлының ата
қонысы болған. Сол жерде оның күмбезі бар.
Достарыңызбен бөлісу: