Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет80/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
3. Шақпақ қалашығы. Шақпақ (Кременевка) елдімекенінің 
оңтүстігіне қарай 500 метр жерде орналасқан VIII – X ғасырлар 
аралығында болған қалашық. Теңіз деңгейінен 1123 метр 
биіктікте орналасқан. Қалашық Шақпақ белінің үстінде Алматы – 
Ташкент автомобиль жолының дәл іргесінде. Қалашықтың орнын 
В.А.Каллаур, 
Г.И. 
Пацевич, 
К.М.Байпақовтар 
зерттеу 
жұмыстарын жүргізгенімен онда қазба жұмыстары әлі 
жүргізілмеген.
Шақпақ қалашығының орнын жергілікті жұрт «Қалмақтӛбе» 
- деп те атайды. Ол жерде ескі қорым бар. 
4. Шақпақ әулие. Шақпақ ата елдімекенінің 600 метрдей 
оңтүстігінде, Шақпақ қалашығының шығыс беткейінде, шоғыр 
тау жыныстарындағы үңгір. 
Оның тереңдігі 5,5 – 6 метрдей де биіктігі 2,5 метрдей 
болады. Осы аймақтағы жұрт оны «Шақпақ әулие» - атап, ол 
жерге барып зиярат етеді. Шақпақ әулие үңгірінің маңындағы 
тастарда шақпақ тасты жыныстар кӛп. Шақпақ әулиеге 
байланысты әртүрлі аңыз әңгімелер айтылады. 
Тарихшы Әділбек Байбатша: «Б.д.д заманның соңында ӛмір 
сүрген Шақпақ әулие мекендеген жер Шақпақ ата болды» - деп 
кӛрсетеді. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. 
Алматы: Санат, 2002, 170 бет). 
5. Шақпақ тауы. Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас 
ауданына ӛтер жердегі Құлан тауының бітер жеріндегі Жабағылы 
сілемімен жапсарласып жатқан тау жотасы. Мұны кейде 


135 
«Шақпақ белі» - деп те атайды. 
Бұл жерден Құлантаудың шығыс бӛктері арқылы жүріп 
Шақпақ белінен асып, Арыс ӛзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының 
желісі ӛткен. 
Ұлы Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен жер 
бедерін арнайы зерттеген Араб – Иран саяхатшыларының 
жазбаларында: «Мыңбұлақ пен Арыс алабын бӛліп тұрған 
Шақпақ асуы б.д. басында, Түрік хандығы кемелденген VI – VIII 
ғасырларға дейін қазіргідей биік емес, аласа бел еді» - деп 
сипаттаған. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. 
Алматы: Санат 2002, 177 бет).
Шақпақ асуының айналасын бұталы ағаш ӛскен жерлер, 
егістік алқаптар, бұлақтар мен ӛзендер қоршап жатыр. Осы 
асудан Жуалы мен Түлкібас аудандарының кӛз жетер аймағы 
алақандағыдай айқын кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет