127
желкесіне
шығып талай құлжаны, текені аңғарға қамап шиті
мылтықпен
атып алатынбыз, үңгірлерде жануарлардың қиы
шашылып жататын» - деп әңгімелейді.
Соған байланысты аңғардың аты «Теке қамалған»
- аталып
кеткен.
Теріс ӛзені
Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік – шығыс баурайынан
алып оңтүстік – шығысқа қарай бұрыла ағатын ӛзен. Жалпы
ұзындығы 52 шақырым құрап Терісащыбұлақ бӛгеніне құяды.
Теріс ӛзені туралы алғашқы деректер Араб жиһангері
Убейдаллах ибн Хордадбектің 846 жылы, Х
ғасырдың басында
Мыңбұлақ ӛлкесінде болған Кудама ибн Жафар жазған
күнделіктерінде кездеседі: «Мыңбұлақта
мыңдаған бұлақтар ағып
шығады да қосылып бір ӛзен құрайды. Ӛзен шығысқа қарай
ағады, сондықтан оның аты Баркуаб; бұл сӛздің аудармасы (кері
бағытта ағытын ӛзен) Теріс. Баркуабтың (Теріс ӛзені) екі
жағасындағы тұтасқан орман –
тоғайлары мен қалың құрақты
шалшықтарынан қырғауылдарды аулайды» -
деген. ( Kitab al-
Kharadj. Ed.M.J. de Goeje. Lugduni Batvorum. 1889, 262 c).
Теріс ӛзенінің оң жағасында «Баркуаб» - атты орта ғасырлық
Жібек жолының бойындағы қалажұрттары болған Бұл жер Тараз
Жамбыл облысының энциклопелиясында шартты түрде
«Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары»
(311 бет) деп берілген.
Достарыңызбен бөлісу: