Байдалиев Д. Д


Торлан және Қараш асулары



Pdf көрінісі
бет76/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
 
 Торлан және Қараш асулары
Жуалы ауданының батыс жағындағы Шаянмен шекаралас 
Қаратаудың теріскей бетінде «Торлан» - аталатын биік асу бар. 
Бұл асу бала Торлан (кіші Торлан мағынасында) және үлкен 
Торлан деп екіге бӛлінеді.
Жоңғар шапқыншылығынан туған ӛлкені қорғауда осы Бала 
Торлан, Үлкен Торлан, Біресек, Қараш, Шоқытас және Қанымжан 
асуларында қазақ жасақтары тастан қамал жасап жауға күйрете 
соққы берген. Осы тарихи деректер Сәуірбек Бақбергеновтың 
«Қазығұрттың басында кеме қалған» - кітабында жан – жақты 
суреттелген. Бұл атаулардың бірқатары Оңтүстік Қазақстан 
облысының жерінде болғанымен оқиғасы ортақ.
«Жау Түркістан жаққа ӛтуге күш жинайды. Қанымжан деген 
әйел бастап Шоқытас пен Бала Торлан асуының екі ортасынан
тас қамал жасауға кіріседі. Садақ оғы жетпейтін, бүркіт ұя 
салатын қия жартастарға орналасқан қамалдарға жете алмай, 
қатты тосқауылға кездеседі. Жоғарыдан құлаған, лақтырған, 
домалаған тастардан, алаулаған оттан, садақ оғынан жау кӛп 
шығынға ұшырайды. Ақыры жау Торлан Қараш асуларынан ӛте 
алмайды». (Мәтін қысқартылып алынды) (С.Бақбергенов 
Қазығұрттың басында кеме қалған. Алматы: Жалын, 1984, 52 – 53 
беттер). 
Сол күндердің белгісі және құрметі ретінде Қаратауда осы 
күнге дейін «Қатынқамал», (әйелдер соққан қамал дегенді 
білдіреді) «Қанымсай» - деген жерлер бар. Ал боздақтар құрбан 
болған шеңгел тӛбе «Қанжуған» - аталады.


130 
Ал енді Торлан асуының аталу тарихына тоқталатын болсақ, 
«Атауға оғыз қыпшақтарының торо немесе торғо сӛзі негіз 
болған, қазақ тілінде тору сӛзіне мәндес атау. Күзет асу
мағынасын білдіреді» - деп түсініктеме береді Еркебай 
Қойшыбаев. (Қазақстанның жер – су аттары сӛздігі Алматы: 
Мектеп, 1985, 223 бет). Қараш сӛзінің шығуына байланысты 
ұғым да Торлан асуының этимлогиясына ұқсас. «Қараш» - сӛзі 
қарашы деген сӛзден шыққан деп жорамалдаймыз. (қарауыл 
сӛзімен мағыналас) Қариялардың айтуынша үлкен асуларда, биік 
тӛбелерге қарауылдар (қарашылар) тұрған. «Олар қара ат мініп 
тұрса «жау келеді!» деген белгі, ал ақ мініп тұрса «бейбітшілік» 
деген белгі болатын» - деп айтады. 
Жоғарыдағы тарихи деректер де, атаудың шығуына негіз 
болған сӛздің тӛркіні де жоңғар шапқыншылығымен байланысты 
екендігін айқындап тұр. Жауды торуға немесе күзетуге қойылған 
асу екендігін кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет