Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет77/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
 
Тышқансай 
«Тышқансай» - аталатын жер Ақсай аталатын ӛзеннің 
шығыс, Қараүңгірдің үстіңгі жағында. Алатаудың етегіндегі 
терең шатқалдарда әсіресе осы Тышқансайда дала суыры 
аталатын тышқандар кӛп мекендейді.
Бұрынырақта бұл тышқандарды аулап терісінен тымақ, түрлі 
жылы киімдер тіккен. 
Бұл жердің Тышқансай аталуына осы сай аңғарында 
мекендейтін тышқандардың кӛптігі себеп болған, яғни 
«тышқанды сай» сӛзінен ды жалғауы түсіп қалып, «Тышқансай» - 
атауын құрап тұрған ороним. 
 
Түркісіб 
«Түркісіб» - аталатын жер қазіргі Жетітӛбе ауылдық 
округіне қарасты Кәріқорған ауылының оңтүстік батысында 6,5 
шақырым жерде, Құлан тауының шығыс жақ етегінде 
орналасқан. Ол жерде 1960 жылдары аумағы 6 – 7 гектарды 
құрайтын үлкен алма бағы егілген. (Ол алма бағы қазір де бар). 


131 
Социалистік кезеңнің 1965 – 1975 жылдары аралығында 
Түркісібте 
Жуалы 
ауданының 
ауылшаруашылығы 
қызметкерлерінің күні, қойшылар слеті сияқты мәдени іс – 
шаралар осы табиғаты кӛркем тау етегіндегі бақта ӛткізіліп 
тұратын. 
Осы Түркісіб аталатын жерде 1928 жылы ұжымдастыру 
кезінде шағын артель ұйымдастырылған. Ол кез Түркісіб темір 
жолының Жуалы аймағының Бауыржан Момышұлы (Бурное) 
елдімекенінен шығысқа қарай жалғастырылып салынып жатқан 
жылдар болатын. «Түркісіб» - сол салынып жатқан Түркісіб темір 
жолының құрметіне қойылған атау. 
 
Ұзынбұлақ 
Жуалы ӛлкесінде «Ұзынбұлақ» - аталатын екі бұлақ бар. 
Біріншісі, қазіргі Қоңыртӛбе (бұрынғы Успеновка) елдімекенінің 
солтүстік батысынан басталып Теріс ӛзеніне құяды. Екіншісі, 
Қошқарата ӛңіріндегі Боралдай тауының етегінен басталып 
Қостӛбеге қарай созылып жатқан ұзын бұлақ. 
Жазушы Еркінбек Тұрысов ӛзінің «Нұржаудың нұрлы 
түндері» атты повесінде ашаршылық жылдарындағы ел 
басындағы қиын кезеңді осы Ұзынбұлақпен байланысты былай 
жазады: 
«Талдыдағы ауылдың жиырма шақты түтінінің қайраты 
қайтқан кәрі – құртаңы күні ертең кӛш жолы кеткен Боралдайға 
қарап аузын ашып азық күтетін әлжуаз бала – шағадан ӛзге тік 
тұрар барша жаны арқаланып, ұбап – шұбап Ұзынбұлақ 
жотасының жалғыз аяқ соқпағымен жолға шыққан. 
Ұзын бұлақтың тауып қойған атына қарай, оның сонау кӛз 
ұшындағы ӛркештенген Қостӛбеге қарай сұлай созылған құба 
жотаны ӛрлеп ішектей созылған жолы да ұзақ» (138бет). 
Жазушының берген бұл анықтамасына біздің қосарымыз жоқ, 
бұлақ Боралдай ӛзеніне дейін құба жотаны жағалай ұзақ жол 
жүріп барып қосылғандықтан осылай «Ұзынбұлақ» - делінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет