Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет32/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74
Қысқа 
мерзімді 
жоспар 
мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ 
жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай 
көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға 
болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. 
Метатану 
«таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау 
қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға 
оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу 
стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология 
ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H. 
Flavell, 1976). Автордың айтуынша метатанудың маңызды 
қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері 
туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін 
реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық 
бақылау болып табылады. 
Метатану 
стратегиялары 
білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған 
басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше 
жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның 
мониторингін жүргізу қабілеті). 


51 
Модельдеу 
нысандарды олардың модельдері арқылы зерттеу, шынайы заттар 
мен құбылыстардың (ағзалардың, инженерлік құрылыстардың, 
әлеуметтік жүйелердің және әртүрлі үдерістердің) модельдерін 
құру. 
Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен 
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың 
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген 
құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім 
беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді. 
Оқу жоспары 
белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап 
әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән 
бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және 
онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға 
болатыны ұсынылады. 
Оқу мақсаты 
оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу 
барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша 
күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет