Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


ГЛОССАРИЙ  АКТ-құзыреттілік



Pdf көрінісі
бет29/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
ГЛОССАРИЙ 
АКТ-құзыреттілік жұмыс орнында, бос уақытында және қарым-қатынас жасау үшін 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды икемді және 
шығармашылықпен қолдану құзыреттілігі, АКТ саласындағы 
базалық дағдыларға негізделеді. 
Ақпарат 
Ақпараттық жүйелер (тірі ағзалар, басқарушы машиналар және 
т.б.) өмірі мен жұмысы барысында қабылдайтын қоршаған 
ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың өлшемдері
қасиеттері мен күйлері туралы мәліметтер. Компьютерде дерек 
өңдеуге қатысты – мағыналық жүктемесі бар таңбалар реті. 
Ақпараттық және 
коммуникациялық 
технологиялар 
(АКТ) 
ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату үдерістері, 
әдістері.енді екеуін бір салыстырып шығуым керек-ау, қалып кет 
Ақпараттық 
сауаттылық 
Көптеген сандық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты 
тиімді және сыни іріктеп, талдап және құра білу, сонымен қатар 
сол технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын 
білу. 
Ақпараттық-іздеу 
жүйесі 
Үлкен ауқымды ақпаратты сақтау, талап етілетін ақпаратты 
жылдам іздеу, сақталатын ақпаратты жою және өзгерту, оны 
адамға қолайлы түрде шығару функцияларын орындайтын жүйе. 
Алгоритмдік ойлау Тапсырмаларды орындауға бағытталған ойлау әрекеттері мен 
тәсілдері жиынтығы, оның нәтижесінде адам іс-әрекетінің ерекше 
өнімі болып табылатын алгоритмдер құрылады. Ойлаудың бұндай 
тәсілі ресмилігімен, қисындылығымен, анықтылығымен, кез-
келген абстарктілі идеяны бірізді нұсқауға айналдыра 
алатындығымен ерекшеленеді, осы нұсқауларды қадамдап 
орындау бұл идеяны іске асыруға жол ашады. 
Бағамдау 
Білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму 
үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-
әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және 
қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық 
жинақтау және талдау негізінде, белгіленген мақсаттармен, 
критерийлермен және құндылықтармен жүйелі түрде салыстыру 
негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау және 
жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы 
сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән 
ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі, 
жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» емес, 
оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет