Сын тұрғысынан ойлау қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың
мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық
тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі
қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.
Нақты қоғамда сыни ойлау бағытындағы қадам қоғамның
өркениетті дамуына бастау үшін қажет деген болжам бар. Тар
мағынасында сын тұрғысынан ойлауға «ойлау туралы ойлау»
ретінде анықтама беруге болады. Психолог Диана Ф. Халперн сын
тұрғысынан ойлауды күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін
арттыратын танымдық тәсілдер мен стратегиялар ретінде
қарастырады.
Сындарлылық теориясы лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық
(философия) – таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің
интерпретациясын
(моделін)
белсенді
құруы
ретінде
қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер
арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын
түсіністік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен
басталады, адамның бұдан қандай білім алып шығатыны осыған
байланысты болады.
Сыныптағы ахуалбірқатар аффектілік, әлеуметтік, танымдық факторлардың,
олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен
оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне тарту негізінде қалыптасатын
сыныптағы ахуал. Талант ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық
мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер
жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән,
олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның
еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен,
бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.