Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Тарихи теориялық мағлұматтар



Pdf көрінісі
бет15/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Композицияның маңызын ашатын амалдар: 
1.Ырғақ. 
2.Композицияның сюжеттік ортасы. 
3.Симметрия және ассиметрия. 
4.Басты тұлғаның екінші орынға орналасуы. 
1.Ырғақ-композициядағы жобалау объектісінің кезектесіп орналасуының, олардың нақтылы 
реттілігінің көрсетілуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар ондағы бейнеленетін адамдар мен 
жануарлар тұлғаларының қимыл үстінде берілуіне жағдай жасайды. 
2.Өзіне ерекше назар аудартатын, композицияның идеялық мазмұнын ашатын басты бөлігі- 
композицияның сюжеттік ортасына жатады. 


16 
3.Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының, пішінінің,түсі мен 
реңінің тепе-теңдігіне, ондағы бар элементтердің өзара үйлесімділігіне, сұңғақтығына тұжырым 
жасайды.композициядағы бейнелердің ассиметриялы орналасуы-кескіндемені салмағы, пішіні, 
өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы бейнелеу тынымсыз, 
бір-бірімен араласып, тепе-теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ сәулет өнеріндегі жалпы 
тепе-теңдік композициялық ырғақтылықтың айқын көрсетілуі нәтижесінде сақталады. 
4.Композицияны түйсінудегі психологиялық көңіл-күйдіңтуындауына себеп болатын айқын 
орталықбола алғанда ғана ондағы басты тұлғаны екінші орынға орналастыруға болады.
Метр ырғақтың жеке жағдайы – бұл форманың қандай да болмасын қасиеттерінің заңдылығы 
және тұрақты қайталануы. Метрлік ырғақтық заңдылықтар сәулетте арнайы орын алады, мұны 
көне заманнан бастап көп мысалдар арқылы дәлелдеуге болады. 
Сәулетте метрлік-ырғақтық заңдылықтардың ең көп қолданылатын түрі – қатар. Қатар деп 
форманың бір маңызды қасиеттерінің қайталануының немесе өзгеруінің мерзімді заңдылығына 
элементтер жүйесін айтады. Математика арқылы былай көрсетуге болады. 
Қатар мерзімі деп заңды қайталанатын элемент пен интервалды айтады. Метрлік қатардағы 
элементтер мен олардың арасындағы интервалдар тұрақты болады.
Ырғақты және метрлік-ырғақты қатарлар қарапайым және күрделі болады. Пропорциялау 
немесе сәйкестендіру деп форманың элементтерін тұтас құрылымға біріктіру үшін сәйкестікті 
пайдалануды айтады.
Пропорция (лат. Proportia) немесе – бұл салыстырмалы сандық өлшемдерінің теңдігі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет