Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет23/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56

Кілт  сөздер:  дене  тәрбиесі  және  спорт  маманы,  педагогикалық  шығармашылыққа  даярлық, 
шығармашылық тұлға, шығармашылық ықпал, «даярлық» түсінігі, рефлексифті даярлық. 
 
Біздің  елдегі  жоғары  кәсіби  білім  жүйесін  жетілдірудің  қазіргі  заманауи  кезеңі  баланы 
оқытып  және  тәрбиелеуге  қабілетті  жаңа  типті  мұғалімді  дайындауды  ғана  емес,  сонымен  қатар 
өскелең  ұрпақты  шығармашылыққа,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  және  өздігінен  білім  алуға  баулуды 
бағамдайды. 
Зертеушілердің  пікірі  бойынша болашақ  маманның кәсіби  сапаларын қалыптастыру  процесі 
келесілерден:  
-
 
тұлғаның  белгілі  бір  кәсіби  жағдаяттарда  құнды  бағдарларды  негізге  ала  отырып  өз 
әрекеттерін  динамикалық моделдеуі мен болжауынан; 
-
 
тұлғалық және кәсіби тұжырымдаманың іске асуын талап ететін шынайы жағдаяттағы өзінің 
әрекеттері мен амалдарына басқа адамдардың қарым-қатынасын тұлғаның бағалауынан; 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
144 
-
 
белгілі  бір  жағдаяттардағы  өзінің  жетістіктерін  тұлғаның  іс-әрекетінің  жетекші  мотивтері, 
мақсаттары туралы қорытындысы бар проблемалы (күрделі) талдауынан;  
-
 
рефлексивті қабілеттердің дамуын болжайтын тұлғаның өзін-өзі зерттеуінен; 
-
 
білім беру процесіндегі тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін өзекті етуді қамтамасыз етуші 
педагогикалық жағдайлардан тұрады. 
Зерттеушілер  шығармашылықпен  жұмыстанатын  мұғалімдердің  басым  белгілеріне  идеялардың, 
әдіс-тәсілдердің  жаңалығын;  шығармашылықтың  оқушылармен  бірлесе  жасалу  сипатын;  орнықтылық 
диапазонын  (ауқымын);  білім,  білік,  дағдылар  деңгейін;  шығармашылық  тапқырлықтың  мәнділігін 
жатқызады.  Тұлғалық  белгілерге  келесі  көрсеткіштер:  мотивациялық-мақсаттылық  (әдістемені 
жетілдірудегі  мақсатқа  ұмтылғыштық,  шығармашылыққа,  жаңалыққа,  өзін-өзі  сынауға  бейімділік); 
интеллектуальдық және мінез-құлықтық (қиял, ақылдың шапшаңдығы, орамдылығы және айқындығы); 
білімділік  (пәнді,  әдістемелерді,  жаңашыл  педагогдартың  тәжірибесін  білу  тереңдігі,  жалпы 
эрудициясы);  операционалдық  (оқытудың  мазмұнына,  ұйымдастырылуына  жаңаны  енгізе  білу, 
жұмысты тез қайта өзгерте білу, импровизация) [1; 2; 3; 4] жатқызылады. 
Шығармашылық  тұлғаға  -  ізденуге,  пайда  болған  қарама-қайшылықтарды  анықтауға  және 
шешуге талпыныс тән. Осы қасиеттердің арқасында мұндай тұлға өзін-өзі дамыту мен жетілдірудің 
жолын анықтап табады. 
Өз  іс-әрекетінің  мақсатын  түсіну  оқушы  тұлғасыныңқалыптасуы  мен  дамуына  ықпал  етуге 
мүмкіндік  беретін,  оқу-тәрбие  процесінің  мазмұнын  байыптауға,  басты  мен  екінші  деңгейліні 
екшеуге, оны жоспарлап, жобалауға ықпал етеді. Сондай-ақ байланысы жоқты байланыстыра білу, 
жаңаны ашуға себепші болатын анықтан, қисындыдан бас тартудың да маңызы зор, шығармашылық 
педагогтың диалектикалық сипаты да осында жатыр. Шығармашылық аспектісіндегі педагогикалық 
қызмет  (іс-әрекет)  қиялмен,  интуициямен  (түйсікпен),  әсемдіктің  эстетикасын  сезінумен, 
тапқырлықпен,  әзілдей  білумен,  ұқсастықты  ашу  қабілетімен,  пайымдаудың  батылдығымен, 
дербестігімен және  сонылығымен  және  б. байланысты.  Шығармашылық  тұлғаның  тағы бір негізгі 
қыры – барлық жаңашыл-педагогтарды ерекшелейтін өзбетінділік, дербестік. Мұғалім өз бетінше өз 
педагогикалық  қызметінің  мақсаттары  мен  міндеттерін  қояды,  оларға  қол  жеткізудің  жолдарын, 
әдістерін, формалары мен құралдарын анықтайды. 
Қазіргі заманғы әлеуметтік мәдениет жағдаятты талдау мектепке жаңа типті мұғалім – білім 
беру  процесін  өз  бетімен  құра  білетін,  мақсат  қойып,  оның  іске  асуы  үшін  қажетті  принциптерді 
екшей  білетін,  педагогикалық  міндеттерді  адекватты  мақсаттар  мен  принциптерге  анықтайтын, 
олардың  шешілуіне  гипотеза  құрып,  міндеттерді  шешужәне  гипотезаларды  тексеру  үшін  қажет 
әдістерді  қабылдай  білетін  кәсіби  маман,  жоғары  класты  маман,  әдіснамашы  педагог,  технолог, 
шығармашылық іс-әрекет аппаратын игерген сарапшы-диагност қажеттігін көрсетуде. 
Болашақ дене тәрбиесі және спорт маманының педагогикалық шығармашылыққа даярлығын 
дамытуға  бағытталған  біздің  зерттеуіміздің  проблемасын  шешу  аспектісіндегі  әдіснамалық 
тұрғыдан  маңыздысы  дене  тәрбиесі  ұғымын  нақтылау  болып  табылады.    Біз  үшін  дене  тәрбиесі 
ұғымын анықтауда екі аспект маңызды: біріншісі – дене тәрбиесінің тірек белгісін – «индивидтің өз 
бетімен позитивті шығармашылық қайта құру іс-әрекетін» дене білімінің нәтижесі ретінде көрсету; 
екіншісі  –  осы  іс-әрекеттің  нәтижесінің  тірек  белгісін  -  «ол  (іс-әрекет)  қалыптастырған  нәтижелер 
жүйесін»  көрсету.  Біріншісі  субъектінің  өз  бетімен  қайта  құруын  (өзгертуін),  екіншісі  тәрбие 
процесінің бинарлық белгісін яғни өзін-өзі тәрбиелеуді болжалдайды. 
Дене  тәрбиесі  ұғымы  көптеген  ғалымдар  тарапынан  (Б.А.  Ашмарин,  Н.В.  Барышева,  М.Я. 
Виленский,  П.А.  Виноградов,  Б.В.  Евстафьев,  Ю.М.  Николаев,  Л.П.  Матвеев  және  б.)  белсенді 
зерттелді. 
Л.П. Матвеев көбінесе дене тәрбиесін «қоғам мәдениетінің және адамның өзінің органикалық 
бөлігі»  ретінде  анықтайды.  Оның  пікірінше,  «оның  спецификалық  мазмұнының  негізін  адамның 
қозғалыс  іс-әрекетін  өмір  тәжірибесіне  физикалық  дайындық,  өз  дене  жағдайы  мен  дамуын 
оңтайландыру  факторы  ретінде  тиімді  қолдануы  құрайды.  Оған  осындай  іс-әрекеттің  мақсатқа 
лайықты өңделген формалары, мәдени құндылығы бар нәтижелері, ал кең мағынада өскелең және 
ересек  ұрпақтың  дене  қабілеттілігін  дамытуға  бағытталған  арнайы  құралдарды,  әдістер  мен 
жағдайларды құрудағы қоғам жетістігінің барлық жиынтығы жатады» [5, 28 б.]. Аталмыш анықтама 
бізге  тым  тар  әрі  жалпы  мәдениеттің  негізгі  белгілерін  жеткіліксіз  көрсететіндей  көрінеді.  Біздің 
зерттеуіміз үшін дене тәрбиесі ұғымына Б.К. Бальсевич пен Л.И. Лубышеваның берген анықтамасы 
өзектіболып  келеді.  Олар  «Дене  тәрбиесі  бұл  индивидтің  позитивті  шығармашылық  қайта  құру 
бойынша денелік, интелектуалдық, психологиялық және адамгершілік жоспарының міндеттері және 
онымен құрылатын құндылықтар жүйесі түріндегі осы іс-әрекеттің нәтижесі шешілетін іс-әрекеттер 
жиынтығы» деген анықтама берді [6, 23 б.]. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
145 
Соңғы жылдары зерттеушілер көп жағдайларда дене тәрбиесіне жалпы мәдениеттің қосалқы 
жүйесі  ретінде  қарайды.  Көбінесе,  дене  тәрбиесі  келесілерден:  адамның  дене  қабілеттеріне 
қатынасынан;  білімнен,  қызығушылықтан,  мотивтерден,  осылардың  негізінде  дене  қабілеттері 
белгілі  бір  іс-әрекетте  іске  асады;  құралдардан,  бұлардың  көмегімен  адам  тұлғасының  осы  бүкіл 
қосалқы жүйесі қалыптасады; белгілі бір идеалдардан, нормалардан, мінез-құлық стандарттарынан, 
құнды бағдарлардан, бұлардың негізінде қалыптасу процесі жүзеге асады; дене қабілеттерінің іске 
асу  барысында  қалыптасатын  адамдар  арасындағы  әлеуметтік  қарым-қатынастардан;  дене 
қабілеттерін  қалыптастыру  процесінде  және  іске  асыруда  адамдар  қолданатын  және  аталмыш 
процестерді басқаратын әлеуметтік институттардан тұрады. 
Біздің зерттеуіміздің проблематикасындағы дене тәрбиесі сипатына: 
-
 
қоғамдық өмір процесінде өзгеріп тұратын феномен; 
-
 
адамның өмір сүруінің нақты тәсілі; 
-
 
нәтижесінде  адамның  өзі  жеке  шығармашылық  іс-әрекетінің  объектісі  мен  субъектісі 
ретінде өзгеретін шығармашылық өзгеру тәсілі ретінде ықпал ету толықтай сәйкес келеді.  
Аталмыш ықпалға сәйкес тұлғаның дене тәрбиелеу мәдениеті дегеніміз бұл тұлғаның құнды 
бағдарларының, шығармашылық қабілеттерінің, білім, білік және салауатты өмір салтының тұрақты 
дағдыларының тұтастас бірлігін сипаттайтын интегральды сапасы. 
Біздің  ойымызша,  дене  тәрбиесі  сипатының  бұл  тәсілі,  болашақ  дене  тәрбиесі  және  спорт 
педагогының  педагогикалық  шығармашылық  сипатына  белгілі  бір  мөлшерде  сәйкеседі.  Мұның 
дәлелі  ретінде  көптеген  зерттеушілердің  дене  тәрбиесін  белсенді-шығармашылық  өмір  салтын, 
адамның білімі мен мінез-құлығын ерекше фактор ретінде айқындауын айтуға болады. 
Осылайша,  дене  тәрбиесі  мен  педагогикалық  шығармашылық  –  бұл  болашақ  педагогтың 
тұлғасын қалыптастыратын өзара байланысты екі аспектісі. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінде  дене  тәрбиесі  мәртебесініңөзгерісі  байқалады  –  дене  тәрбиесі 
гуманитарлық  ғылымдар  қатарында  тұлғаның  шығармашылығын  дамытудың  бірден  бір  құралына 
айналуда.  Олар  жинақтала  келе  тұлғаның  өзін  және  айналадағы  әлемін  шығармашылықпен 
өзгертуіне  ықпал  етеді.  Бұл  «дене  тәрбиесі»  оқу  пәнінің  мазмұны  да    -педагогикалық 
шығармашылық мотивациясының маңызды факторы болып табылатындығымен анықталады. 
Біз  болашақ  дене  тәрбиесі  және  спорт  педагогының  педагогикалық  шығармашылығын 
дамытуды ЖОО-дағы педагогикалық дене тәрбиесі білімінің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге 
асырамыз,  сондықтан  бұл  студенттің  педагогикалық  шығармашылығының  оның  дене  тәрбиесімен 
қандай байланыста екенін анықтауға мәжбүрлейді. 
Дене  тәрбиесі  саласында  зерттеушілер  білімнің  келесі  дамушы  компоненттерін  бөліп 
көрсетеді:  
1.
 
Дене дамуы – адам ағзасындағы анатомиялық және физиологиялық өзгерістер процесі.  
2.
 
Психикалық  даму  –  интеллектуальдық,  эмоциональды-сезімдік,  шығармашылық  және 
сенсорлы дамудан құралған психикалық процестер ағымының өзгерісі.  
3.
 
Психикалық  дамудан  басқа  танымдық  саланың  дамуы  шығармашылық  танымға,  өзін-өзі 
бағалауға,  спортпен  белсенді  түрде  айналысатын  студент  тұлғасын  бақылауға  қабілеттіліктің 
қалыптасуынан тұрады.  
4.
 
Әлеуметтік ортадағы мінез-құлық формаларының дамуы – қоғамдық талаптарға бағынуға 
дайын болуды және шығармашылық қабілеттілікті қалыптастыру (Б.Т. Лихачев, Л.И. Божович, И.Ф. 
Харламов және т.б.). 
Көріп  отырғанымыздай,  аталған  компоненттердің  барлығының  болашақ  дене  тәрбиесі 
педагогының шығармашылығына белгілі бір қатысы бар. 
Соңғы  жылдары  жас  маман  тұлғасының  дамуындағы  әлеуметтік-гуманитарлық, 
шығармашылық  аспектлерді  қалыптастыру  идеясы  педагогикада,  кәсіптік  білімнің  теориясы  мен 
әдістемесінде,  дене  тәрбиесінің  теориясы  мен  әдістемесінде,  сауықтыру  және  бейімдеу  дене 
тәрбиесінде жыл өткен сайын белсенді қарастырылуда. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерді талдау 
бізге болашақ дене тәрбиесі және спорт маманынының педагогикалық шығармашылығының келесі 
негізгі аспектілерін екшеуге мүмкіндік береді: 
Интеллектуальды аспект – ойлау дамуының, интеллектінің, кәсіби-педагогикалық қызмет (іс-
әрекет) туралы білімнің ақпарат көзін игерудің жоғары деңгейі. 
Әлеуметтік  аспект  –  тұлғаның  әлеуметтенуі,  өзін  қоғамның  қажет  мүшесі  ретінде  сезіну, 
түсіну, белсенді өмір салтын ұстану. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
146 
Тұлғалық аспект – өзін тұлға ретінде түсіну, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі қалыптастыру. 
«Даярлық» терминінің мағынасын қарастырамыз. Сөздіктерде және анықтамаларда аталмыш 
термин  келісім,  бір  нәрсені  істегісі  келу  ретінде  және  оның  аяқталғанын,  нәтижесін  білдіреді  деп 
түсіндіріледі.  «Даярлық»  түсінігінің  мәні  мен  мазмұнына  жасалған  талдау  -  зерттеу  затына 
байланысты оның түсіндірмелерінің көп мәнді екендігі туралы тұжырымға алып келеді. 
Е.В.Шахторина күштемей өз еркімен өзара әрекеттесу проблемасын зерттей отырып, «белгілі 
бір  ми  құрылымдарының,  жүйке-психикалық  функциясының  жетілуінің  өзараәрекеттесудің 
шарттары мен міндеттеріне сәйкес келуін» даярлық деп түсінеді [7, 10 б.]. 
Ғалымдардың  көп  бөлігінің  даярлыққа  тұлғалық  бастау  түсінігін  жатқызатын  тұжырымы 
біздің  зерттеуіміздің  маңызды  аспектісі.  Жекелеген  зерттеушілер  «даярлық»  түсінігінің  негізіне 
арнайы  білім  мен  біліктерде  көрініс  беретін  қабілеттерді,  белгілі  бір  іс-әрекет  түрлерін  игеруге 
талпынысты жатқызады. 
Даярлық күрделі интегративті білім болып табылады және оның көп компонентті құрылымы 
бар.  Компоненттердің  дефинициясы  (анықтамасы)  зерттеудің  объектісімен  және  пәнімен 
шартталған.  Жүйелі  ықпал  кезіндегі  жұмыстарда  компоненттер  жалпы  даярлықтан  шыға  отырып 
құрылымданады  әрі  әрбір  компоненттің  даярлықтың  детерминдендірілген  болмысы,  кәсіби 
контексті бар құрамы болады. 
Осылайша, дене тәрбиесі және спорт мұғалімінің педагогикалық шығармашылыққа даярлығы 
түсінігін  біз  зерттеп  отырған  проблеманың  контекстіне  енгізе  отырып,  біз  оны  мұғалімнің  кәсіби 
міндеттерді  педагогикалық  шығармашылық  әдістермен  шешуге  теориялық  және  практикалық 
тұрғыдан даярлығы деп түсінеміз. 
Енді  біз зерттеп  отырған феноменнің  компонентті  құрамын  қарастыруға  көшеміз. Аталмыш 
мәселе  бойынша  дерек  көздерін  талдау  -  дене  тәрбиесі  педагогының  педагогикалық 
шығармашылыққа  даярлық  негізін  өзара  байланысты  төрт  компонент  құрайды  деп  болжауға 
мүмкіндік берді, ол компоненттер:  
-
 
мотивациялық даярлық; 
-
 
рефлексивті даярлық; 
-
 
коммуникативті даярлық; 
-
 
технологиялық даярлық. 
Мотивация деп тұлғаның мінез-құлығын анықтайтын факторлар жиынтығы түсініледі. Біздің 
зерттеу  пәнімізге  сәйкес  бұл  көп  аспектілі  түсінік  студенттердің  шығармашылық  іс-әрекетпен 
әуестенгіштігін, ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылушылығын, осыған қажет белсенділігін, 
бастамашылдығын,  табандылығын  көрсетеді.  Мотивацияның  шығармашылық  іс-әрекетінің, 
зерттеушінің  барлық  рухани  күш-жігері  мен  қабілеттерінің,  оның  қызығушылықтарының 
зерттелетін  объектіге  шоғырлануы  нәтижесінде  пайда  болатын  өнімді  нәтижелер  үшін  үлкен 
маңызы бар. Мотивтер іс-әрекетке түрткі болады, оған белгілі бір бағыт береді, оны ойдың басым 
бағыттарының бірі ретінде ерекшелейді. 
Рефлексия  туралы  мәселені  оқу  қызметінің  (іс-әрекетінің)  маңызды  компоненті  ретінде 
қарастыра  отырып  В.В.  Давыдов  шығармашылық  аспектісіндегі  теориялық  ойлаудың  маңызы  зор 
мазмұнды  белгісіне  түсінік  береді:  «рефлексияның  мәнді  белгісі  –  білім  мен  білімсіздіктің  және 
білік пен біліксіздіктің (икемсіздіктің) шекарасын анықтау қабілеті» дейді [8, 79 б.]. 
Адам  психикасының  дамуы  мен  ұйымдастырылуының  түсіндірмелі  принципі  секілді 
рефлексияны  соның  ішінде  оның  жоғары  формасы  –  өзіндік  сананы  зерттеуге  И.М.  Сеченов,  Б.Г. 
Ананьев, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және б. секілді Ресейлік психологтар өз 
зерттеулерін арнады. 
Қазіргі  заманғы  психология  ғылымында  «рефлексия»  түсінігі  ойлауға,  еске,  санаға,  тұлғаға, 
қарым-қатынасқа  және  т.б.  жасалған  экспериментальды  зерттеулерде  алынатын  түрлі  феномендер 
мен  деректердің  психологиялық  мазмұнын  ашуға  арналған  түсіндірмелі  принцип  ретінде 
қолданылады.  Аталмыш  проблема  бойынша  зерттеудіталдау  рефлексия  бағытталуы  мүмкін  заттар 
ретіндегі мазмұнның әр алуандығын белгілеуге мүмкіндік береді. 
Тұлғаның ерекше қасиеті ретіндегі рефлексивті компоненттің дамуын біз шығармашылық іс-
әрекеттің мейлінше маңызды нәтижесі деп санаймыз. Себебі ол рефлексивті процестерді анағұрлым 
нәтижелі әрі адекватты жүзеге асыруға, рефлексивті қабілеттілікті іске асыруға мүмкіндік береді, ал 
бұл  өз  кезегінде  студенттердің  дамуы  мен  өзін-өзі  дамыту  процесін  қамтамасыз  етіп,  білім  алуға 
шығармашылықпен ықпал етуге бейімдейді. 
Болашақ  дене  тәрбиесі  маманының  педагогикалық  шығармашылыққа  даярлығының 
коммуникативті  компоненті  ынтымақтастыққа,  өзара  көмекке,  қарым-қатынастағы  студенттің 
тұлғалық  «акме»-сіне  қол  жеткізуінде  шығармашылық  процестің  күшейткіші  ретінде  көрінетін, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
147 
оқытушы  мен  студенттің  бірлескен  шығармашылық  іс-әрекетін  педагогикалық  қолдауға  дайын 
болуды болжалдайды. 
К.Р.  Роджерс  субъектіні  жасампаз  шығармашылыққа  бейімдейтін  екі  басты  психологиялық 
жағдайды тұжырымдайды, олар: 1) келесілер арқылы қол жеткізілетін психологиялық қауіпсіздік: а) 
индивидтің  құндылығына  сөз  жетпейтінін  мойындау;  б)  оның  еңбегінің  нәтижелерін  сыртқы 
бағалаудың  болмауы;  в)  адамның  ішкі  дүниесін  түсіну  және  бірге  алаңдау  (уайымдау);  2) 
символдардың  көмегімен  ойларды,  сезімдер  мен  қалып-күйлерді  толық  білдіру  арқылы  қол 
жеткізілетін  психологиялық  еркіндік  [4,  419-422  б.].  Мұнымен  қатар  ғалымдар  шығармашылық 
тұлғаны педагогикалық тұрғыдан қолдаудың қажеттігіне баса назар аударуда. 
Болашақ  дене  тәрбиесі  маманының  педагогикалық  шығармашылыққа  даярлығының 
технологиялық  компоненті  студенттердің  шығарашылық  іс-әрекеті  аясындағы  іс-әрекеттің, 
зерттеушілік  бағдарламалардың,  технологияның,  әдістер  мен  формалардың,  механизмдер  мен 
педагогикалық шарттардың жалпы тәсілдерін іздеу мен ашуда іске асады. 
Зерттеушілердің 
пікірінше, 
акмеологиялық 
технология 
нақты 
ғылымдармен 
(психофизиологиямен,  психологиямен,  педагогикамен,  әлеуметтанумен)  жетілдірілген  ішкі  және 
сыртқы  факторларды  есепке  алудың  арқасында  кешенді  сипатқа  ие.  Сондықтан  акмеологиялық 
технологияның  спецификасы,  олардың  тұлғаның  түрлі  құрылымына,  іс-әрекет  сипатына, 
педагогикалық және білім жүйесі моделіне тұтас ықпал етуінде. Бұл тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге 
даярлығын  дамытып,  шығармашылық  қалыптасудағы  сапалы  қайта  жаңғыруға  қол  жеткізуге 
мүмкіндік береді [9]. 
Дене 
шынықтыру 
және 
спорт 
мамандығының 
студенттерінің 
педагогикалық 
шығармашылыққа  даярлығына  жүргізілген  біздің  зерттеуіміз  оның  жекелеген  компоненттерін  өз 
бетімен  ерекшелеген  зерттеушілер  ретінде  емес,  білім  беру  процесінің  аса  қажет  және  шексіз 
нәтижесі  ретінде  қарастыруға,  әрбір  түрінің  спецификасын  және  олардың  ішкі  байланысын 
бірыңғай жүйенің элементтері ретінде тереңірек ұғынуға жол ашады. 
Дене тәрбиесі мұғалімінің қабілеттері арасынан педагогикалық шығармашылыққа студенттер 
келесілерді атады:  
-
 
өзгеріп отыратын нақты жағдаятта әрекет ете білу;  
-
 
оқыту  мен  жаттықтырудың  әдістемелерін  өзгертуге  және  жетілдіруге  қабілетті  болу 
(бейімділік); 
-
 
дене тәрбиесін оқытуда стандартты емес ықпалды қолдана білу; 
-
 
өз білімдерінің көмегімен балаларды салауатты өмір салтына үйрету. 
Педагогикалық  шығармашылыққа  рефлексивті  даярлық  деңгейін  нақтылау  барысында 
студенттерге  өздерінің  шығармашылық  өсуіне  қажет  жағдайды  таңдау  ұсынылды.  Ұсынылған 
жағдайлар арасынан: 
-
 
өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну және сезіну, оларды дамыту ниеті; 
-
 
оқу  процесінде  маңызды  және  сыйлы  оқытушылармен  өзара  әрекеттесу  (қарым-қатынас 
орнату); 
-
 
оқудағы  жетістік,  студенттер  бұлардың  біріншісіне  басымдық  (72%)  берді. 
Осылайша,болашақ мамандар үшін өздерінің рефлексивті даярлығын, яғни өз қабілеттерін түсініп, 
сезіну, дамытудыңмаңызы зор деген біздің болжамымыз дәлелденді.   
Ғылыми-педагогикалық,  философиялық  әдебиеттердің  теориялық  талдануы  педагогтың 
(оқытушының)  педагогикалық  шығармашылығын  бағалаудың  бірыңғай  критерилері  ғылыми 
зерттеулерде  жетілдірілмегенін  көрсетті.  Біздің  зерттеуіміздің  міндеттерінің  бірі  -  зерттелетін 
феноменге педагогикалық әсерлердің нәтижелілігін анықтай алатын критерилер мен көрсеткіштерді 
анықтау болып табылады. Философтар критериді бір нәрсені бағалауға арналған өлшем, қандай да 
бір  пікірлерді,  гипотезаларды,  теориялық  құрылымдарды  тексеруге  арналған  құрал  секілді 
анықтайды [10, 76 б.]. 
Теориялық  талдау  мен  практикалық  іс-әрекет  тәжірибесі  студенттің  педагогикалық 
шығармашылыққа  даярлығының  келесі  критерилерін  айқындауға  көмектесті:  студенттің 
шығармашылық  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетке  қарым-қатынасы  (мотивациялық  критерий);  өз 
қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  түсіну  және  сезіну,  оларды  дамыту  ниеті  (рефлексивті  критерий); 
ынтымақтастыққа,  өзара  көмекке,  қарым-қатынастағы  студенттің  тұлғалық  «акме»-сіне  қол 
жеткізуінде  шығармашылық  процестің  күшейткіші  ретінде  көрінетін,  оқытушы  мен  студенттің 
бірлескен  шығармашылық  іс-әрекетін  педагогикалық  қолдауға  дайын  болу  (коммуникативті 
критерий);  студенттердің  шығармашылық  іс-әрекеті  аясындағы  іс-әрекеттің,  зерттеушілік 
бағдарламалардың,  технологияның,  әдістер  мен  формалардың,  механизмдер  мен  педагогикалық 
жағдайлардың жалпы тәсілдерін іздеу мен ашу (технологиялық критерий). 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
148 
Сөйтіп,  философиялық,  психологиялық  және  педагогикалық  әдебиеттерді  теориялық  талдау 
нәтижесінде,  қарастырылған  феноменнің  анықталған  мазмұны,  функциясы  және  құрылымы 
негізінде  мұғалімнің  кәсіби  міндеттерді  педагогикалық  шығармашылық  әдістермен  шешуге 
теориялық және практикалық тұрғыдан даярлығын болжалдайтын және студенттің шығармашылық 
кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетке  қарым-қатынасы  арқылы  жүйелі  іске  асатын  оқу-танымдық  іс-
әрекеттен  педагогикалық  шығармашылыққа  жүйелі  түрде  көшуі  негізінде(мотивациялық  даярлық) 
дамитын,  кәсіби  іс-әрекеттің  маңызды  құрамы;  өз  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  түсіну  және 
сезіну,  оны  дамыту  ниеті  (рефлексивті  даярлық);  ынтымақтастыққа,  өзара  көмекке,  қарым-
қатынастағы  студенттің  тұлғалық  «акме»-сіне  қол  жеткізуінде  шығармашылық  процестің 
күшейткіші  ретінде  көрінетін,  оқытушы  мен  студенттің  бірлескен  шығармашылық  іс-әрекетін 
педагогикалық  қолдауға  қабілеттілік  (коммуникативтік  даярлық);  студенттердің  шығарашылық  іс-
әрекеті  аясындағы  іс-әрекеттің,  зерттеушілік  бағдарламалардың,  технологияның,  әдістер  мен 
формалардың,  механизмдер  мен  педагогикалық  жағдайлардың  жалпы  тәсілдерін  іздеу  мен  ашу 
(технологиялық даярлық) ретінде біз болашақ дене тәрбиесі және спорт маманының педагогикалық 
шығармашылыққа даярлығының анықтамасын бердік.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Загвязинский В.И. Педагогическое творчество учителя. – М., 1987. – 160 с.  
2.
 
Загвязинский В.И. Учитель как исследователь. – М., 1980. – 321 с.  
3.
 
Ильин Е.Н. Искусство общения. – М.: Педагогика, 1982. – 130 с.  
4.
 
Роджерс К.Р. Взгляд на психотерапию. Становление человека. – М., 1994. – 480 с.  
5.
 
Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Введение в предмет. – СПб.: Лань, 
2003. – 160 с.  
6.
 
Бальсевич  В.К.  Концепция  альтернативных  форм  организации  физического  воспитания 
детей и молодежи. // Физическая культура: воспитание, образование, тренировка. – 1996. – № 1. – С. 
23-25.  
7.
 
Шахторина  Е.В.  Формирование  готовности  младших  школьников  к  ненасильственному 
взаимодействию.  /  Автореферат  дис.  на  сискание  ученой  степени  канд.  пед.  наук.  –  Калининград, 
2000. – 24 с. 
8.
 
Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М., 1996. – 197 с. 
9.
 
Тарасова  В.Н.  Акмеологические  технологии  подготовки  специалиста.    //  Акмеология: 
личностное и профессиональное развитие. – М., 2004. – 586 с.  
10.
 
Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі орысша-қазақша. – 
Алматы, 2009.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет